1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15442) 3 қараша, сейсенбі 2009
коллаж

«Қазақ елi» монументi төңiрегiндегi дау өршiп тұр. Қазақ хандығының негiзiн қалаған Керей мен Жәнiбек хандардың айдалада қараусыз қалып, монументтiң қақ ортасынан президент Н.Назарбаевтың қола мүсiнiнiң орын алуы қоғамның, оның iшiнде жастардың ерекше наразылығын туғызды. Қазiргi күннiң өзiнде бұл мәселеге байланысты бiрнеше ашық хат жарияланып, оған жүздеген жастар қол қойып үлгердi. Осы аптаның iшiнде солардың басын бiрiктiретiн қоғамдық комиссия құрылып, тарихи әдiлетсiздiктi жою мәселелерi талқыланбақ. Жастардың айтуынша, билiк 1986 жылдың қайталануын қаламаса, олардың сөзiне құлақ асуға тиiс. Өзiн Жәнiбек пен Керей хандардан биiк қойған президентке де қалыптасқан жағдай төңiрегiнде ойланған артық болмас...

Жақында Нұрсұлтан Назарбаев The Washington Times басылымына Қазақстандағы ортатап­қа қатысты бiр мақаласын жарияе тiптi. «Демократиялық құндылықтарды, заңның үстемдiк етуiн, транспаренттiлiктi, толеранттылық пен еркiн сауда жолын берiк ұстанғандықтан, тұрақты мемлекет пен мығым әрi бiлiм-бiлiгi жетiк орта тап құра алдық», – деп жазыпты онда президент. Бiрақ, әлеуметтанушылардың орта тап туралы пiкiрi президенттiң пiкiрiне мүлде кереғар: Қазақстандағы орта тап он пайыздан аспайды. Және орта тапқа шенеунiктер мен олардың туған-туыстары ғана жатады.

Өткен аптаның сәрсенбi­сiн­де Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жем­қорлықпен күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясы) ресми өкiлi Мұрат Жұманбай «Альянс банк» АҚ-ның басты акцио­нерлерi Марғұлан Сейсембаев пен оның туған бауыры Ерлан Сейсембаевқа «банк қаржысын жымқырды» деген айып тағылғанын мәлiмдедi. «16 миллиард 919 миллион теңге банк ақшасын жымқырғаны үшiн М.Сейсембаев пен оның туған бауыры Ерланға және банктiң несие комитетiнiң төрағасы Сапа­ров­қа агенттiк сырттай айып тақты.

Сан алуан бағдарламалардан пирамида тұрғызған үкiмет экономика саласында тағы бiр бағдарлама қабылдамақшы. Билiк осы жолы ойлап тапқан бағдарлама — Қазақстанның жедел индустриалды‑инновациялық дамуы. Бұл бағдарлама осы аптада экономиканы модернизациялау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияда қаралуы тиiс. Ал 2010 жылы елiмiзде жедел индустриалды‑инновациялық дамудың бесжылдығы басталады.

Өткен аптаның соңында “Жас Алаштың” журналистерi ақтөбелiк оқырмандарымен жүздесiп қайтты. Облыс орталығында зиялы қауыммен, студенттермен, жоғары оқу орындары оқытушыларымен, жергiлiктi ұлт жанашырларымен кездестi. Қобда ауданының бiрнеше елдiмекендерiн аралап, ауыл адамдарымен дидарласты. Ең бастысы – қазақтың ХХ ғасырдағы батыр қызы Әлия Молда­ғұлова өмiрге келген Әлия ауылында болып, Алтын Орда мемлекетiнiң ыдырау кезеңiнiң куәсiндей Қобда жерiнде сақталған Абат-Байтақ кесенесiне тәу етiп, Жиренқопа жерiндегi Қобыланды батыр кесенесiне арнайы барды

Редакциямызға арнайы хат түстi. Әдетте, мұндай хаттар ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың не болмаса ҚР премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтiң атына бағытталатын. Ал бұл хат қазақ зиялыларына бағытталыпты. Үндеу ретiнде. Үндеу-хаттың астына 30-дан астам зиялыларымыз (Тоқтар Әубәкiров, Сапабек Әсiпов, Ғаббас Қабышұлы және тағы басқалар) қол қойыпты. Хаттың көлемi өте үлкен. Ендi бiз осы хатты қысқартып, ықшамдап, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдiк:

“Кiм қалай десе де, бұл бiреуге жақсын-жақпасын, 20-30 жылдан кейiн Қазақстанда билiк те, басқалары да қазақша сөйлейтiн болады. Себебi, мемлекетқұраушы халықтың өсiмiне ешкiм шектеу қоя алмайды. Демек, бүгiнгi күнгi қазақ баспасөзi осындай өзгерiстерге дайын ба? Бүгiнгi күнгi кем-кетiгiмiз қандай? Оны қалай түзетемiз? Мiне, осындай мәселелер алғашқы халықаралық қазақ баспасөзiнiң форумында талқыланбақ”, – дедi Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшiсi Айдос Сарым.

Бiр кездерi елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде талай бiлiм бұлақтарын қолдан бiтеп, рухани ошақтардың отын өшiрiп тастадық. «Оңтайландырамыз» деп жүрiп, ойран-асырын шығардық. Ендi қалпына келтiрген болып, митың тiрлiкпен әуремiз...Бiрақ, рухани дүниеден безген сол кезең аз ғана уақыт iшiнде улы жемiсiн берiп үлгердi. Қоғамның бiр бөлiгi тек материалдық байлықты, бас пайдасы мен ақшаны ғана ойлайтын ашкөз жалмауызға айналып шыға келдi. Ең қауiптiсi – рухани кедей, иманнан жұрдай сол ашкөз жалмауыздар айла мен ақшаның күшiмен мемлекеттiң тiзгiнiне жармасып, миллиондаған момақан адамдардың тағдырын шешкiсi келедi! Олар өздерiн соған құқылы санайды!..

Мұстафа Шоқай және оның саяси қызметi жөнiндегi мақалалар сан алуан басылымдарда жарық көрiп жатыр. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Бiрақ, кейбiр авторлар оқырмандардың онсыз да кеңес билiгi кезiнде нұқсанға ұшыраған санасын одан әрi адастырып, терiс бағытқа итермелеп жүр. Нақты мысал. 21 қазан күнi Қазақ радиосынан бiлдей бiр ақынымыз («өзi ойлансын» деген оймен аты-жөнiн әдейi айтпай отырмын) «Мұстафа Шоқай Түркiстан легионын құрды» дегенге саятын пiкiр бiлдiрдi.

Бүгiнде елдiң бiразын елеңдетiп, екiұдай пiкiр тудырып үлгерген «Екi жұлдыз» жобасы туралы айтылып та, жазылып та жатыр. «Өте керемет жоба!» деп алақанын ұрып, алақайға басқандар да, «бұл не сұмдық?!» деп наразы боп, налып жүргендер де жетерлiк. «Ырғақтың» бұрынғы редакторы, қазiр «Жұл¬дыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары боп қызмет iстейтiн белгiлi журналист Сәкен Сыбанбай – осы кейiнгi топтың көшiн бастап жүрген азамат. Оның «Екi жұлдыздың» бағыт-бағдары, мән-маз¬мұны қазақы мүддемен еш қабыспайтынын сынап жазған мақалалары баспасөз бетiнде де, ғаламтор жүйесiнде де едәуiр қолдауға ие болып жатыр. Бiз аталған қаламгерден осы тақырып төңiрегiндегi ойларын өзi үшiн де ыстық саналатын «Ырғақпен» бөлiсуiн өтiнген едiк.

Нұрлан Әлiмжан кiм? Ол — әншi, сазгер, жүргiзушi һәм актер. Нұрланың әншi екенiн, сазгер екенiн бұрыннан бiлемiз. Ал қалың жұртшылық оны «Ағайынды» телехикаясындағы Қуаныштың рөлi арқылы кино әртiсi ретiнде де жақынырақ таныды деуге әбден болады. Естуiмiзше, ендi оған шетел кинорежиссерлерi де қолқа сала бастапты. Н.Әлiмжан қазiр «31-арнадағы» ауқымды жоба — «Бiлгiрлер бәйгесiн» жүргiзедi. Бүгiнгi сұхбатымызда Нұрланның «сегiз қыры мен бiр сырын» түгендеуге тырыстық.

Жақында «Еларнадан» «Сағыныш» концертiн көрсеттi. Биылғысы болса керек, сiрә. Сонда кон­церттiң жүргiзушiлерi Нұрлан мен Мархабат «Жас қалам» деген әндi «Қорабай Есеновтiң әнi» деп жариялады. Ал халық жазушысы Қабдеш Жұмадi­ловтiң «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында жазушының досы Төлеубек Жақыпбайұлының ақындық қабiлетi болғанын, орыстың халық әнi «Сорвала я цветок полевойдың» мақамына салып, осы әндi шығарғанын жазады

Forbes журналының тiзiмiнде Майкл Джексон үшiншi орында. Америкалық атақты журналдың жазуынша, кейбiр танымал адамдардың көзi кетсе де, артында қалдырған мұрасы оның үрiм-бұтағына жететiн байлық жиып берiп жатыр. Жақында журнал 13 адамнан тұратын тiзiм жасапты. Әрине, әзiрше бұл он үштiң жиғаны миллиард долларға жете қойған жоқ. Десе де, бұлардың қоржыны толық.

Қыркүйек айының соңғы аптасында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның онжылдығына және «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» заңның қабылданғанына 20 жыл толуына орай мүшәйра өткiзiлдi. Үш бiрiншi дәрежелi дипломның бiреуi Қуат Қайранбаевтың «Нұр Отан» деген тақпағына (өлең деуге аузымыз бармай отыр) берiлдi.

Райымбек аудандық бiлiм беру бөлiмi республикалық “Жас Алаш” газетiнiң 27 қазан 2009 жылғы №86 нөмiрiнде жариялан­ған Ерiк Рахымның “Мәсiмов мықты ма, Мәсiмғазиева мықты ма?” атты мақаласына орай төмендегiнi хабарлайды.
Сарыбастау ауылындағы С.Сауранбаев атындағы орта мектебiнiң директоры Мәсiм­ғазиева Жұмагүл Советқызы жайлы жазылған шағымдар аудандық бiлiм беру бөлiмi тарапынан тексерiлiп, Ж.Мәсiм­ғазиеваға ескерту, қатаң сөгiс сияқты тәртiптiк шаралар қолданылып келген.

Бүгiн және ертең Еуропаның үздiк командалары Чемпиондар лигасының төртiншi тур ойындарын өткiзедi. Осыдан екi апта бұрын бiрiншi айналымның ойындарын қорытындылаған командалардың арасынан плей-офф бәсекесiне жолдама алатын кейбiр командалардың есiмi бүгiнгi және ертеңгi ойындарда белгiлi болып қалуы да әбден мүмкiн. Мәселен...В тобының көш тiзгiнiн өз қолдарына алған ағылшынның “Манчестер Юнайтед” клубы өткен турда Ресейдiң ЦСКА клубын сырт алаңда ұтып, ұпай қорын молайта түскен едi.

Сергей Юран, “Локомотив” клубының бас бапкерi: – Шынымды айтсам, “Локомотив” басшыларының берген уәделерiне әбден тойып бiттiм. Шiлде айынан берi әлi жалақы алғаным жоқ. Команданың басшысы Данияр Хасенов жалақы мен сыйақыны әне беремiз, мiне беремiз деп уақыт өткiзуде. Қанша уақытқа дейiн шыдауға болады? Бiз өзiмiзге берiлген тапсырманы орындадық. Егер бұлай жалғаса беретiн болса, керек құжаттарды жинап, УЕФА-ға шағымдану ғана қалды. Жалғыз мен емес, Егор Титов пен Андрей Тихонов та өзiне тиесiлi қаржысын ала алмай жүр.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына бiр тур қалғанда жеңiмпаз команда анықталды. Премьер-лиганың 18-турының кейiнге қалдырылған ойынын өткiзген “Ақтөбе” мен “Тобыл” арасындағы кездесу 5:2 есебiмен алаң иелерiнiң пайдасына шешiлдi. Осымен он сегiзiншi рет өткiзiлiп отырған Қазақстаннiң iшкi бiрiншiлiгiнде “Ақтөбенiң” бұл төртiншi рет топ жаруы. Алғаш рет “Ақтөбе” футболшылары 2005 жылы үздiк шыққан едi. Одан кейiн 2007 және 2008 жылдары бас бәйгеге қол жеткiздi. Демек, “Ақ­төбе” Қазақстан бiрiншiлiгiнде қатарынан үш рет бас жүлдеге ие болған жалғыз команда.