1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15443) 5 қараша, бейсенбі 2009

“ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ” САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗАҚТАН БАСҚАСЫНЫҢ БӘРIНЕ ТИIМДI ЕКЕНIН ОЛАР ТҮСIНДI ӘРI ОНЫ ӨЗ МАҚСАТТАРЫНА ПАЙДАЛАНА БАСТАДЫ.
“Қазақстандық ұлт” саясаты түбiмiзге жетедi”. Дәл осы ой әрбiр ұлтжанды азаматтың түн ұйқысын төрт бөлiп, мазасын қашырғандай. Қазақтың есебiнен өзге ұлттардың қамын күйттегiсi келетiн билiктiң бұл саясаты халықтың ашу-ызасын қоздырды. Президенттiң өзi бас болып “орыс тiлiн дамытамыз, орыстың көңiлiн қалдырмаймыз” деп бұрынғы отарлаушыға бәйек қаққан сайын орыс ұлтының өкiлдерi тiптi тайраңдап кеттi. “Қазақстандағы орыс диаспорасының қоғамдық ұйымдары. Қазiргi күйi мен проблемасы” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткiзген елдегi орыс зиялыларының сөзiн тыңдасаңыз, төбе шашыңыз тiк тұрады. “Ау, бұлардың көздегенi не сонда?” деген ойға ерiксiз қаласыз. Ендi жиында оқылған баяндамаға тереңiрек тоқталсақ.

«ҚАЗАҚ ЕЛI». Бұл – республикамыздың астанасы – Астана қаласындағы екiншi рет жаңғыртылған топ ескерткiштiң (монументтiң) аты. Астананың шекарасы ай сайын қосылатын жаңа тұрғын үй, ғимарат атаулымен кеңiп, ұлғайып бара жатқанын да, сол ғимараттардың қатарында көне шығыс сәулетiмен салынғаны жоқтың қасы екенiн де, төбесiне тостаған, шошақ бөрiк сияқты бiрдеңенi қоя сал­ғанымен, ол құрылыстың сүйегi шығыстық бола алмайтынын да бiлемiз. Әйтсе де,

«Жас Алаш» газетiнде (15.09.09 №74) жарияланған «Аңқау елдi алдаған арамзалар» жаңаөзендiк бес жiгiттi қыршынынан қиып, сүйегiн жат жұртта қалдырды» атты мақала (республикалық тәуелсiз «Үш қиян» газетi көшiрiп басты) қалың бұқара арасына қозғау салды. Билiк өкiлдерiмен Өзен мұнайшыларының кездесуiнде де әңгiме болды. «Азат» партиясы басшыларының қала тұрғындарымен кездесуiнде де айтылды.

Алматылық журналистермен кездескен “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Дархан Қалетаев “Табыс және мүлiк декларациясын сiздiң отбасы мүшелерiңiз халыққа жария етпеген. Сiздiң әйелiңiз мұны жариялай ма?” деген сауалға: “Әйелiмдi көндiре алмай жүрмiн. Тағы да тырысып көремiн. Биыл көндiруге күш саламын”, – деп жауап қатты.

АҚШ үкiметi экономикасына жан бiтiру үшiн банк­ноттар басып шығарып, есеп мөлшерлемелерiн нөлге дейiн түсiрiп, долларға девальвация жасауда. Соң­ғы 12 айда АҚШ доллары еуроға қарағанда 18 пайыз­ға, Оңтүстiкафрика рэндi мен Австралия долларына қарағанда 40 пайызға құн­сызданған. Бұдан АҚШ тауарларының бәсекеге қа­бiлеттiлiгi артып, дағдарыс салдары бәсеңдеп, жұмыссыздық азайған. Ал кейбiр сарапшылар доллардың құнсыздануын АҚШ-тың қаржылық ахуалындағы тұрақсыздыққа телидi.

Тамызда Қаржы министрi Болат Жәмiшев халық қаржысын шетелдiк валютада сақтаудың балама жолы — МОАКАМ құнды қағаздарын шығаруды ұсынған‑ды. Сөйтiп, құны 15 миллиард теңгеге тең мемлекеттiк құнды қағаздар шығарылды. Өткен аптада Қазпошта арқылы МОАКАМ‑ға жазылу басталып та кеткен. Бiрақ Қаржы министрлiгiнiң бұл бастамасы халық арасында қолдау таппады. Қаржы министрiнiң “бұл — тәуекелдiлiгi жоқ қағаздар, сондықтан жұрт қызығушылығын тудыруы тиiс” дегенiне қарамастан, мемлекеттiк құнды қағаздарды алуға асыққандар тым аз болды.

Ұлыбритания үкiметi мемлекет меншiгiндегi банктердiң қарызын қайта құрылымдауға кiрiстi. Елдегi ең iрi банк — Royal Bank Of Scotland‑тың 84,4 пайыз акциясы мемлекетке тиесiлi. Ұлыбритания үкiметi бұл банкке 25,5 миллиард фунт стерлингке (41,76 миллиард доллар) тең несие бердi. Ал екiншi банк Lloyds құны 21 миллиард фунт стерлингке тең акция шығаратынын мәлiмдедi. Соған қарағанда, бұл банк мемлекет көмегiн алғысы жоқ. Бiрақ Lloyds мемлекет көмегiнен қашып құтыла алмайды.

Отырар ауданы Қожатоғай ауылдық округi шал­ғайда жатыр. Сондықтан да болар, ауылға шенеунiктердiң келуi сирек, кейбiр әкiмдер жылына бiр-екi рет қана ат басын әрең бұрады екен. Ал, Бейбiт Сыздықов Отырар ауданының тiзгiнiн ұстаған үш айдан астам уақыт iшiнде Қожатоғайға үш рет келдi. Бейбiт Сыздықов алыс ауылдардың мұң-мұқтажына құлақ асты. Соның нәтижесiнде Қожатоғай тұрғындарының өз аузымен айтылған 52 проблеманың 49-ы шешiлiптi. Оның ең үлкенi – Қожатоғай ауылдық округiнiң аумағындағы Дарбаза елдiмекенiнде 18 жылдан кейiн жарық жағылды.

Сонымен бiрге нан пiсiретiн цехтың да есiгiн қақтық. Ондағы он бес қызметкердiң барлығы дерлiк жас қыздар екен. Үш ауысыммен жұмыс iстейдi. Бiр күнде үш мың үш жүзден аса нан дайындап, сатуға шығарады. Бiздi көр­ген қыздар абыржып қалды. “Сол­түстiк Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданынан келдiм. Жоғары оқу орнына түсуге үлгере алмадым, сотталдым. Он үш жыл, алты айға. Қазiр жиырма төрттемiн. Алты жыл өмiрiм түрмеде өттi.

Туған жердiң қар, мұзы,
Аязыңмен жуындыр.
Туған жердiң бал қызы,
Бұрымыңмен буындыр.

Әңгiме Байзақ ауданындағы Н.Ақшабаев атындағы мектептiң директоры Жiбек Сәдiрмекова туралы болып отыр. Бұл кiсiнiң мектепке басшы болып тағайындалғанына көп уақыт өткен жоқ. Бiрақ аз ғана уақыт iшiнде бiраз нәрсенi бүлдiрiп үлгерiптi. Сарыкемер аймағы бойынша қаржы полициясы бөлiмiнiң мiндетiн атқарушы Е.Қораласбаевтың қаулысына сенсек, мектеп директоры Ж.Сәдiрмекова өзiнiң оқу iсi жөнiндегi орынбасары Қ.Жұмабаеваны заңсыз жұмыстан шығарып, еңбек шартын өрескел бұзған.

Денсаулығым дұрыс кезде күйбең тiршiлiкпен жүрiп өткен өмiрiме көз жүгiртпеппiн. Төсекке таңылғалы берi өткен күндерiмдi еске аламын. «Өмiр қайта айналып келсе, былай... өзгертер едiм» дегiм келмейдi. Үш бала тудым. Құдайға тәуба, үшеуi де дiн аман. Үшеуiнен 6 немере сүйiп отырмын. Қазiр барлығы айналып кеп қасымнан шықпайды. Тек 3 жасар Қайрат қана: «Апа, сен дәрi сасисың...» – деп жаныма онша жақындай қоймайды.

Баспасөздегi мәлiметтерге сүйенсек, Қазақстанда есiрткi қолдану соңғы жылдары 20 есеге өскен. Яғни, бiзде мыңдаған нашақор бар деген сөз. Есiрткi тiптi мектепке де жеттi. Азаматтық неке кең етек жайды. Бұның дiндегi үкiмi – зина (ойнас). Зинадан туған бала – арам. Некесiз туылған ұл немесе қыз өз өлiмiмен өлмейдi, ата-анаға шапағаты болмайды. Демографтардың мәлiметiне сүйенсек, Қазақстанда 100 мың тастанды бала бар. Оған некесiз туып, шешесi асырап отырған балаларды қосыңыз. Алматы, Астана, Шымкент және басқа қалалардағы жезөкшелердi бiреу санады ма екен? Қоғамды жайлап алған парақорлық та тый­ы­лар емес.

Олимпиада чемпионы Илья Ильин жалақысыз және үкiмет сыйға берген пәтерсiз қалған. Бұл жөнiнде кеше мәжiлiс депутаты Мұрат Әбенов Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетовтiң атына депутаттық сауал жолдады. Мәжiлiс­кердiң айтуынша, Бейжiңдегi олимпиадада алған ауыр жарақатынан айыға алмай жүрген спортшы қаражаттың жоқтығынан дұрыс емделе де алмай жүр екен.

Дүйсенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасының он сегiзiншi маусымы мәресiне жеттi. Қазақстан чемпионы премьер-лига ойындарының аяқталуына бiр тур қалғанда анықталса, қалған орындардың мәселесi соңғы турда шешiлдi. “Ақтөбе” Қазақстанның төрт дүркiн чемпионы атан­ғанын газетiмiздiң өткен нөмiрiнде жазғанбыз. Ал Қазақстан премьер-лигасының күмiс жүлдесi Астананың “Локомотивiне” бұйырса, қола жүлденi қарағандылық “Шахтер” жеңiп алды.

Сейсенбi күнi түнде футболдан Чемпиондар лигасының ойындары жалғасты. Араға екi апта салып, топтық бәсекенiң ойындарын қайта бастаған командалардың арасынан 1/8 финалына шыққан үш команда белгiлi болды. Олар: “Бордо” (Франция), “Челси” (Англия) және “Порту” (Португалия) командалары.

Елiмiздiң спортшылары 30 қазан күнi Вьетнам астанасы Ханойда жалауын көтерген жабық кешендегi III Азия ойындарына қатысуда. Сары құрлықтың 45 елiн қамтыған дүбiрлi жарысқа үш жарым мыңға жуық спортшы қатысуда. Жарыс спорттың 27 түрiнен өтiп жатыр. Бiздiң елдiң спортшы қыз-жiгiттерi спорттың он бiр түрiнен бақ сынауда. Атап айтсақ, оң жамбасымызға келетiн бокс (әйелдер), кикбокс, кураш сияқты спорт түрлерiмен қатар жеңiл атлетика, суға жүзу сынды спорт түрлерiнен спортшыларымыз медаль теруде. Әзiрге төрт күннiң қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын, 5 күмiс, 6 қола медальмен үшiншi орында келедi.