1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15444) 10 қараша, сейсенбі 2009

Қазақстан президентi Н.Назарбаев Италияға сапары барысында Ватиканға ат басын тiреп, Рим Папасы Бене­дикт­пен кездестi. Апеннин түбегiндегi мемлекетке барған сайын католик дiнба­сымен кездесу Ақорда сүйе­гiне сiңген әдетке айнал­ғандай. Мемлекет басшысы бұл жолы да осы әдеттен аттап өте алмай, Бенедиктке “сә­лем” берiп шықты. Әлемдегi католиктердiң саны бiр миллиардтан асады. Олардың басым көпшiлiгi Еуропа мен Америка құрлығында тiршiлiк етедi. Рим папасының бұл елдерде ықпалды күшке ие болатыны да сондықтан. Ал Орта Азия мен Қазақстанда католиктердiң саны теңiз түбiндегi бiр тамшы судай. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 200 мыңға жуық католик дiнiнiң өкiлдерi бар. Олардың көпшiлiгi жаппай депортациялау кезiнде елiмiзге табан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI Н.НАЗАРБАЕВҚА, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАМЫЗДАҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКIЛДЕРIНЕ
АШЫҚ ХАТ

 Қазақтың ең жанды жерi не? Ол – тiлi. Ұлттық тiлi. Ұлттық тiл жоқ жерде ұлт та жоқ. Осыны айрықша сезiне бiлген ұлт зиялылары жоғарғы билiкке қаншама рет ашық хат, арнайы хат, үндеу-хат, арыз-хат, тiлек-хат, қолқа-хат, өтiнiш-хат жазды десеңiзшi?! Бiрақ, бұдан ешқандай нәтиже шығар емес...

 «Менiң қамауда отырғаным ресейлiктерге тиiмдi», — дейдi Мұхтар Жәкiшев. Қарашаның 4-i күнi Youtube.com сайтында беймәлiм бейнетаспа пайда болды. Онда «Қазатомөнеркәсiп» ҰҚ-ның бұрынғы басшысы, қазiр ҰҚК-нiң түрмесiнде отырған Мұхтар Жәкiшев сөйлейдi. Мұнысы сұхбат па, әлде түсiнiк пе, ол жағы белгiсiз. Бейнетаспаның өңделгенi, түзелiп-күзелгенi көрiнiп тұр. Үзiк-үзiк. Жәкiшев әңгiмелесiп отырған адамның даусы естiлмейдi, өзi де көрiнбейдi. Мұхтар Жәкiшев онда былай дейдi: «Мен мұның кiмге тиiмдi бол­ғанын (өзiнiң тұтқындалғанын айтып отыр — ред.) ой елегiнен өткiзiп, қорытынды жасауға тырыстым.

Қарағанды облысының төрт мың кеншiсi үкiметке ҚР «Банкроттық туралы» заңның 77-бабына өзгерту енгiзiлмесе, наразылық акциясын ұйымдастыратынын, одан қалса аштық жариялайтынын жеткiздi.
«Банкроттық туралы» заңның 77-бабында былай де­лiнген: «Борышкерлер өмi­рiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа жетпiс жасқа жеткенге дейiн, бiрақ он жылдан кем емес уақытта төленуге тиiстi мер­зiмдi төлемдердi (бо­рышкердi банкрот деп таныған күнгi мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады.

Елiмiздегi «Республика» газетiн басуға келiскен жалғыз баспа «КометаS-тiң» де жағдайы күннен-күнге ауырлап барады. Қаржы полициясы бұл баспаның директоры Юлия Козлованың үстiнен қылмыстық iс қозғады. «КометаS» баспасының жұмыс iстемей тұрғанына бiр жарым айдай уақыт болды. Естерiңiзге сала кетейiк, қыркүйек айында қаржы полициясы баспаға заңсыз басып кiрiп, барлық құжаттарын тәркiлеп, баспаның жұмысын тоқтатқан едi. Ендi, сол қаржы полициясы баспа директоры Юлия Козлованың үстiнен қылмыстық iс қозғап, мекемеге «бюджеттен 3 миллион теңге қаржы жымқырды» деген айып тағуда.

Бiр жылда ЖIӨ 5 пайызға кемiген. Өткен бейсенбiде “Ракурс” экономикалық сараптама орталығы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан экономикасы бес тоқсан бойы қатарынан рецессияға ұрынып келедi. “Ай сайын жарияланып тұратын ресми статистикалық мәлiметтер мен өз па­йымдауымыздың негiзiнде, 2009 жылдың үшiншi тоқсанында ЖIӨ тағы да құлдырап барады деген қорытындыға келдiк. Оның үстiне, ЖIӨ жылдам қарқынмен төмен түсу үстiнде”, –

Өзен мұнайшыларының 23 қыр­күйекте “Қазмұнайгаз” БӨ” ААҚ, облыс және қала басшыларын кездесуге шақырғанын (“Жаңаөзеннен жел ессе, бастықтардың басына бұлт үйiрiледi”, “Жас Алаш”, №82, 13 қазан 2009 ж) айтқанбыз. Онда мұнайшылар құзырлы орындардың басшыларына жазбаша 42 сұрақ қойған. Оған қосымша кездесу кезiнде жүзбе-жүз жүздеген сұрақ бердi. Сұрақ емес-ау, оның негiзгi бөлгi талап. Әрине, талап орындалуы керек

Дөңгеленген дүниенiң 2009 жылы да аяқталып келедi. Күллi әлемдi алқымынан алған қаржылық дағдарыс неше түрлi аузымен құс тiстеген алпауыт компаниялардың сағын сындырып, бағын байлады. Алысқа бармай-ақ, көршi Ресейдегi “ГАЗ” компаниясы дағдарыс басталғалы 30 мың жұмыскерiн қысқартқан, “Северосталь” металлургия концернi 9 мың адамды ауладан шығарса, өзiмiздiң әрiптестерiмiз “Татнефть” 8 мың адамын әкiмшiлiк демалысқа жiберген.

13 қараша күнi жылдағы үйреншiктi әдетi бойынша президент Н.Назарбаев жұртшылықтың сұрақтарына телефон, интернет желiсi және SМS жүйесi арқылы жауап бередi. Биыл да бұрынғыдай жүз мыңдаған сауал қойылып және олар сүзгiден өткiзiлiп, сұрыпталып, ең таңдаулылары ғана президенттiң құлағына құйылары анық. Әйтеуiр, елдiң мұң-мұқтажы мен халықтың жағдайы туралы сұрақтар ол кiсiге жетпейтiнi айдан анық. Көптеген сауалдардың Астана қаласының көркеюi, серпiндi жобалар, қарышты экономика, ұйыған инновациялық қор т.б. таңғажайып қияли қадамдар жайлы болатыны бесенеден белгiлi. Мұның бәрiн билiкке тәуелдi телеарналар бiрiмен-бiрi жарыса көрсетедi.

Жазығым мемлекеттiк тiлдi қолдағаным ба?! Ақ сүтiмен бiрге сiңген бойыма, ана тiлiм – ардақ тұтар алтыным, – деп ұлы ақындар жырлағандай, ана тiлi ананың ақ сүтiмен, ананың әлдиiмен, бесiк жырымен құлаққа сiңiп бойға дариды. Ана тiлi деп аталуы­ның өзi де сондықтан болса керек. Ана тiлi туралы толғанбаған ақын-жазушы да жоқ шығар немесе әйгiлi ақынымыз Ә.Тәжiбаевтың:

ҚР Бас прокуроры Қ.Мәми, ҚР Денсаулық сақтау министрi Ж.Досқалиев мырзалардың назарына.

Бiраз уақыт болды, қайғыдан қан жұтып жүрмiн. Менi осындай жағдайға тап қылған – Жаңа­өзеннiң кiсi өлтiрушi дәрiгерлерi.
Зайыбым Гүлмайра Шалтаеваға 2008 жылдың желтоқсан айында үйлендiм. 2009 жылдың 22 ақпанында Гүлмайраны қалалық перзентханаға өз аяғымен алып бардым. Келесi күнi таңертең сол перзентхананың есiгiнен аттай бергенiмде бiр жеңгем телефон соғып: “Сүйiншi, қызды болдың!” – дедi. Гүлмира есiмдi акушерка: “Гүлмайра аман-есен сағат 9.05-те босанып, қызды болды. Өзiнiң де, баласының да жағдайы жақсы”, – дедi

НЕМЕСЕ КЕЙ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРДЫҢ МӘНI.

Ол кезде сiз бала болатынсыз. Алматыдан әпкеңiз келдi. Ести салып үйге қарай құйын-перен ұшасыз! “Әпкем келдi-i-i-i!!!” деп айғайлап. Әжеңiз алдыңыздан шығып қап: “Тек! Жаман ырым бастағаны несi?! Үйге айғайлап, жүгiрiп келушi ме едi?” – деп тыйып тастайды. “Неге?” – дейсiз төргi үйге ұшып бара жатып, “Жаман болады!” деген жауапты құлағыңыз шалып қалады.
Тағы да бала кезiңiз. Еркелiктiң неше түрiн жасайсыз

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiнше, тұмау жыл сайын 250-500 мың адамның өмiрiн жалмайтын көрiнедi. Бұл ауру, әсiресе, 2 жасқа дейiнгi сәбилер мен жасы 65-тен асқан қариялар үшiн қауiптi. Тұмаудың алдын алудың бiрден-бiр жолы – оған қарсы вакцина ектiру. Тұмауға қарсы вакцина қаншалықты тиiмдi? Оның керi әсерi бар ма? Оны қай уақытқа дейiн ектiрген дұрыс? Осы сұрақтарды вакцина клиникасының меңгерушiсi Татьяна Носковаға қойдық.

Өткен күндi еске алам Ар атымен,
Тағдырымдай тамылжып таң атып ең.
Қалың құмның аспанын аптап ұрса
Қараторғай ұшатын қанатымен.

Алматыдағы орталық мешiттiң маңынан әр өткен сайын қайыр сұрап отырған қазақ келiншекке көзiм түседi. Қасында өрiмдей қаракөз қызы мен ұлы бар. Қайыршылыққа олар да әбден үйренiп алған, қастарынан өте қалсаң болғаны, көздерiн жәудiретiп, қолдарын жая қояды. Ежелден ата кәсiбi саналатын тәжiк келiншектерi жас сәбилерiн емiзе жүрiп қайыр сұрап жүре бередi. Оған ешкiм таңғала да қоймайды. Бiрақ, ұлын ұлықтап, қызын үкiлеп өсiрген қазаққа бұл тiптен жат.

Бүгiнгi сатира

Естiдiңiздер ме? Жозеф қайтыс болыпты! Көп ауырмапты, бiр аптаның iшiнде бетi... әрi қа­рапты. Не iстейсiң ендi, өмiр солай. Бiреу ерте, бi­реу кеш... Бәрi де өледi. Бай да, бар да, байғұс пен бейшара да... Тiптi кей­бiреулер айтады, өтiрiк пе, шын ба бiлмеймiн, сұмдық-ай, миллионерлер де өлетiн көрiнедi. Қайран Жозеф, Жозеф... Оны бiлетiндердiң бәрi мақтайды. Жүрiсi қандай едi! Тұрысы қандай едi! Мiнезi қандай жұмсақ едi! Қандай тектi һәм кел­беттi едi! Бәрiнен де сыпайылығын айтсаңшы! Ал пырылдағаны мен

Жақында интернеттен Ресей президентi Д.Медведевтiң спорт федерациясы басшылығындағы мемлекеттiк шенеунiктер туралы жарлығын оқыдым. Ресей спорт федерацияларын басқарып отырған мемлекеттiк шенеунiктер бiр ай мерзiм iшiнде өз орындарын босатуы тиiс. Өз орындарын сол спорттың нағыз мамандарына беруi керек, ал өздерi мемлекеттiк шаруамен айналысуы тиiс. Мiне, осындай президенттiң жарлығы бiздiң елге де керек. Қазiр қарап отырсақ, елiмiздегi көптеген спорт федерациялар басында мемлекеттiк шенеунiктер отыр.

Жақында ҚР Парламентiнiң депутаты Мұрат Әбенов ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильиннiң жалақысыз қалғаны жайлы ҚР Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетовке депутаттық сауал жолдағаны белгiлi. Осыған байланысты елiмiздiң ауыр атлетика қауымдастығы Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзiп, iстiң мән-жайын анықтады. Күнi бұрын белгiлi болғандай, баспасөз мәслихатына Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов пен ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкерi Александр Ни және Қызыл­орда облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Кенжебайұлы қатысуы керек болатын.

Грекияда самбодан кезектi әлем бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл сында сәттi өнер көрсетiп, 2 алтын, 1 күмiс, 2 қола медальға қол жеткiздi. Әйелдер арасындағы өткен сайыста бойжеткендерiмiз 1 күмiс, 1 қола медаль ұтып алды.