1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15445) 12 қараша, бейсенбі 2009

Заманбекпiн, ешкiм де жоя алмайтын.
Мен де қазақ,әзiрше оянбайтын
Бұл елде нақұрыстар көбейгенi,
Бәрiн сатып, алтынға тоя алмайтын.

Неге бұлар қаулайды тақырдан да,
Қайдан пайда болады ақырғандар?
Неге керең болдық бiз кереңнен де,
Соқырмыз, түк көрмейтiн соқырдан да?!

БҰЛ БАСТЫ СҰРАҚҚА ӘЛI ЖАУАП ЖОҚ

Зәкең, Заманбек Нұрқадiлов оққа ұшқалы берi де, мiне, тұп-тура төрт жыл болды. Бiр қарағанда, қас-қағым сәт сияқты. Зер салсаң, бүтiн бiр мемлекеттiң даму бағытын басқа арнаға салып жiберуге жететiндей-ақ уақыт. Саясат сахнасында маң-маң басып Зәкең жүргенде бүгiнгi жағдай қалай болар едi деп ойлайсың кейде. Зәкеңнiң жан жары Мақпал Жүнiсова бiр сұхбатында былай деп едi: «Мен өз өмiрiмнiң кезеңдерiн Зәкеңмен бiрге және Зәкең қайтқаннан кейiн деп екiге бөлемiн. Зәкеңмен бiрге болған 15 жылда саясат дегеннiң қандай қатыгез болатынын көргем.

МҰНДАЙ САЯСАТТЫҢ ҚАРҚЫН АЛЫП БАРА ЖАТҚАНЫ ҚАТТЫ АЛАҢДАТАДЫ

Қазақстанда бiрiн-бiрi менсiнбейтiн, мойындамайтын, дұрысы мойындағысы келмейтiн екi қауым бар. Олар – қазақ және орыс ұлтшылдары. Орыс ұлтшылдары этникалық жағынан бiртектi емес. Олардың арасында қазақтыққа қырын қарайтын ұлты қазақ әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар да көп. Қазақтiлдi баспасөз қазақтың, орыстiлдi баспасөз орыс ұлтшылдарының монолог-мақалаларын жиi басып тұрады.

ЕВГЕНИЙ ЖОВТИС АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМҒА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

Ұлттық баспасөз клубында құқық қорғаушы Евгений Жов­тистiң жақтаушылары баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Онда Жовтистi қорғау штабының жетекшiсi Сергей Дуванов сөз сөйлеп, Өскемендегi ОВ 156/13 қоныстандыру колониясында жазасын өтеп жатқан Евгений Жовтистiң азаматтық қоғамға үндеуiн жеткiздi. Сондай-ақ, қорғаушы Виталий Воронов және қоғамдық қорғаушы Вера Ткаченко өз пiкiрiн айтты. Олар Евгений Жовтис iсiне Жоғары соттың баға бергенiне қарамастан, қадағалау алқасына шағым түсiретiндерiн мәлiмдедi.

“ЖЕТI МИЛЛИОН ТОННА БИДАЙ ДАЛАДА ҚАЛДЫ”

Қазақ үкiметiнiң биылғы берекелi астықты дер кезiнде жинап, сақтауға да әл-қуаты жетпедi. Жетi миллион тонна астық далада қалды. “Үкiмет тығырыққа тiрелдi. Қазақстанның “астық мәселесiн” Қытай шеше ме?” деген тақырыпта сөз қозғаған болатынбыз. (“Жас Алаш”, №86, 27 қазан, 2009 ж.) Жазымен қара терге түсiп, еңбектенген диқандардың бидайды сақтауға қойма, сатуға тұтынушы таба алмай жүргенiн, миллиондаған тонна дән далада шiрiп кетуi мүмкiндiгiн тiлге тиек еттiк. Сол кезде үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов “астық мәселесiн Қытай шешедi” дегенге келтiрдi.

«Жас Алаштың» осы жыл­ғы 3 қарашадағы нөмiрiнен «30-дан астам зиялыларымыз» қол қойған үндеу-хаттың ықшамдалған нұсқасын оқып, қатты ойланып қалдым. Дәл осы хаттың тұсында, осы бетте «Абайлап сөйлейiк» дейтiн оқырман пiкiрiн жариялап отырған «Жас Алаш», тап соның қасына «Кенесары ханның басы мен денесi қосылмайынша, қазақтың да басы қосылмайды!» деген тақырыппен қалайша материал бергенiне таңданбасқа амалым қалмады.

«Екi жұлдыз» бағдарламасына халықтың сүйiктi әншiлерi таңдалып алыныпты. Алайда, бағдарламаның жүргiзiлуi, ән­шiлердiң өнерiн бағалаудағы әдiлқазылардың өз ойларын жеткiзуi көңiлге қонбай-ақ қой­ды. Неге дейсiз ғой? Прези­дент: «Екi қазақ бiр-бiрiмен-бiрi қазақша сөйлес­сiн», – деп бағыт бердi емес пе? Ал жүр­гiзу­шiлер көбiне орыс тiлiнде сайраса, әдiлқа­зылар алқасында отырған Алтынбек Қоразбаев пен Ескен­дiр Хасанғалиевтен басқалары (өздерi қазақ бола тұра) республикалық

Биыл қараша айының 3-i күнi «Жас Алаш» газетiнiң №88 (15442) санында зерттеушi Бақыт Садықованың «Абайлап сөйлейiк...» деген мақаласы жарық көрдi. Онда қазан айының 21-i күнi Қазақ радиосының әуе толқынына шыққан «Алаш рухы» хабарында «бiлдей бiр ақынымыздың» («өзi ойлансын» деген ниетпен аты-жөнiн әдейi айтпай отырмын дейдi Бақыт Садықова) «Мұстафа Шоқай Түркiстан легионын құрды» дегенге саятын пiкiр бiлдiрдi деп жазады

2010 жылы Шу ауданының құрылғанына 80 жыл толады. Шу қаласының қала мәрте­бесiн ие­ленгенiне 50 жыл толатынына орай кең көлемде атап өтуге комиссия құрылды. Мемлекет тарапынан, яғни аудан бюджетiнен қаржы дағдарысына қатысты қаражат бөлiнбейтiндiктен, де­меушiлердiң көмегiне сүйену мақсатымен арнайы қор ашылды. Комиссияның алғашқы отырысында «Қазақ хандығының киелi Шу өңiрiндегi Қозыбасыда құрылғанының 555 жылдығына орай (1456 ж) Керей мен Жәнiбек хандарға ескерткiш орнату керек» дедiм.

Қыр ассаң Қытай тұр. Тарихта қытайлардың қазақтарға көрсетпегенi жоқ. Батыста орыспен, шығыста қытаймен көршi болу қазақтардың маңда­йына бұйырған «бақ» болса керек. Екi алып ел екi жағымызда тұрғанда ел еңсесi әрдайым биiк, шекарасы мығым тұрғаны абзал. Шекара дегеннен шығады, бiздiң елiмiздегi шекара күзетi сақадай сай деуге аузымыз бармайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi – халқымыздың мақтанышына айналған жоғарғы оқу орны. Демек, оны қалай дәрiптесек те жарасымды. Мәселен, ҚазҰУ-дың 75 жылдығы туралы биыл талай мақалалар жарық көрдi. ҚазҰУ-дың бұрын­ғы шәкiрттерi бiрiнен-бiрi асырып, университетте оқыған жылдарын жылы лебiзбен еске алды. Сөйте тұра олар жеме-жемге келгенде...

Альянс Банк несие алушыларына жәрдемдесу бағдарламасын бастады. Бұл бағдарлама банктен несие алған жеке тұлғаларға арнал­ған. Несие алушыларды қолдау бағдарламасы бойынша борышкерлер қарыздық ауыртпалығын айтарлықтай жеңiлдете алады.

Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко биыл белгiленген валюта бағамы 2010 жылы да сақталатынын мәлiмдедi. Десек те, Марченко “орта мерзiмде бұл дәлiз кеңеюi мүмкiн” екенiн де жасырмады. Бiрақ, бас банкир валюта бағамы саясатын әзiрге өзгертпейтiнiн айтып өттi. Орта мерзiмге арналған валюта бағамы есеп‑қисапты толық жүргiзiп бiткен соң анықталатын көрiнедi. “

Үкiметтiң сейсенбiлiк отырысында “Самұрық‑­Қа­зына” ұлттық әл‑ауқат қорының жетекшiсi Қайрат Келiмбетов бiрқатар тосын ұсыныс айтты. Соның бiрi — екiншi деңгейлi банктiң ең төменгi жеке капиталын 15 миллиард теңгеге жеткiзу. “1 шiлдеден бастап банктердiң жеке капиталын 10 миллиард теңгеге жеткiзудi қарастырып жатырмыз.

Маңғыстау облысында банктерге несиелерiн төлей алмай жүрген азаматтардың жинақталған борыш-қарыздарын “Альянс банк” және т.б. банктер басқа бiр “Қарызгерлермен жұмыс жөнiндегi бюро” деген мекемеге аударып жiберген. Сол арқылы олар (банктер) бiреулердiң қолымен “от көсеп”, берген несие­лерiн қайтартудың жаңаша бiр әдiсiн ойлап тапқан сыңайлы.

Көршiммен анда-санда кездесiп қауқылдасатынымыз бар. Өзi дөй жерде, үкi­метте қызмет iстейдi. Көп кө­рiне де бермейдi. Ал кейде ауласына шашлық пiсiрiп шала бүлiнген кезде ымдап менi де шақырып алады.Бiрде пiсiргенiнен ауыз тиiп отырып: «Жаңа үкiмет басшысы қалай екен?» – деп қалдым.
– Ойбай, футбол десе iшер асын жерге қояды екен. Қолы қалт етсе болды, футбол алаңынан табылады.

Әдеби-мәдени әлем жаңалықтары

Жақында Мәскеудiң телеарнасынан Тина Канделаки жүргiзген «Самый умный» бағдарламасының кезектi ойыны көрсетiлдi. Осы ойынға Алматыдан да бiр бозбала қатысты. Егер жаңылыспасам, аты-жөнi – Сергей Чистяков Алматыдағы орыс мектебiнiң 11-сынып оқушысы екен. Обалы не керек, Сергей барлық сұрақтарға мүдiрмей жауап берiп, өз әрiптестерiнен озып, ұпай санымен алға шықты.