1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15446) 17 қараша, сейсенбі 2009

ҰҚК-нiң КIРМЕЙТIН «ТЕСIГI» ЖОҚ, ОҒАН ТЕК СЕБЕП БОЛСА ЖЕТКIЛIКТI...

Қарашаның 5-i күнi Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Алматы қалалық департаментi төрағасының орынбасары Айдын Жантелеевтi ҰҚК қызметкерлерi өз үйiнiң жерасты паркингiнде тұтқындады. Ресми мәлiметке сенсек, оның қалтасынан 8, 7 грамм гашиш пен 3 грамм марихуана табылыпты. Алғашқыда «қаржы полициясы қызметкерiнiң көлiгiнен 1 келi героин табылды» деген ақпарды кейбiр интернет сайттардан көзiмiз шалып қалған. Алайда, кейiннен ол ақпарат ресми түрде расталмады.

НЕМЕСЕ ЖАҢАӨЗЕН МӘСЕЛЕСIНIҢ ӨЗЕГI АЛЫНБАЙ ТҰР

Қазiргi кезде Қазақстан халқы Жаңаөзен жөнiнде жаңалық естiсе, ерiксiз елең ете қалатын жағдайға жеттi. Cоңғы жылдары Жаңаөзен қаласының мұнайшылары бiрнеше рет ереуiлге шығып, аштық жариялады. Ереуiл әр кезде қаланың әртүрлi мекемелерiнде болып тұрды. Оқиға шиеленiскен кезде Астанадан, Ақтаудан келген iрi компания басшылары мен жергiлiктi шенеунiктер мәселенi уақытша шешкендей болады. Өкi­нiшке қарай, ереуiл тоқтағанымен, мәселенiң негiзгi себебi анықталмай, шиеленiс-жанжалдың өзегi алынбай қала бередi

“Жас Алаш” оқырмандары премьер-министрдi жақсы бiледi, ол туралы газет кеңiнен жазды да. Ал оның айналасында кiмдер бар? Олардың iскерлiгi қандай деңгейде? Келешекте үкiметтi ғана емес, мемлекеттi де басқаруға лайықты тұлғалар бар ма? Осы және басқа да сауалдарға жауапты бiрге iздесек. Алғашқы әңгiмемiздi үкiметтегi премьер-министрден кейiнгi тұлға – Мәсiмовтiң бiрiншi орынбасары Өмiрзақ Шүкеевтен бастасақ.
 

13 қараша күнi ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды толғандыратын ең өзектi сауалдарға тiкелей эфирде жауап беруге тиiс болатын. Межелеген уақытта ол елiмiздiң бiрнеше арнасының тiкелей эфирiне шықты. Үш сағат бойы көпшiлiкке президентпен ашық сұхбатты емес, алдын ала жоспарланған театрланған қойылымды көрдi (егер шыдамы жетiп тыңдай алса).

Болат Назарбаев

КӘСIПКЕРЛЕР АҚШАСЫН БОЛАТ НАЗАРБАЕВТАН СОТ АРҚЫЛЫ ҚАЙТАРЫП АЛУДА

“Үш қоңыр” фирмасын тоғыз адам сотқа бердi. “Свобода Слова” басылымы таратқан ақпаратқа қарағанда, олар бұдан екi жыл бұрын осы фирмамен аттас автобекет аумағына ондаған дүңгiршек сатып алған болатын. Қазiр автобекет жұмыс iстеп тұрған жоқ, жан адам аяқ баспайды. Дүңгершек иелерi болса, оттай күйiп, ақшаларын қайтарып ала алмай жүр. Кейбiр бейресми деректерге қарағанда, “Үш қоңыр” автобекетi ел президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың iнiсi Болат Назарбаевқа қарасты BN Invest холдингiне тиесiлi.

Мұхтар Шаханов атындағы “Рух пен Тiл” жастар клубының кезектi жиынында қонақта болған белгiлi жазушы, драматург Дулат Исабеков жастармен қазiргi қоғамға, билiкке және қарапайым халыққа қатысты көзқарасымен бөлiстi. Қазақ қоғамының билiктiң сынақ полигонына айналғанын айтқан жазушы, бас көтеруге жарамай отырған зиялы қауым өкiлдерiне де өз наразылығын бiлдiрдi.

Экономика ахуалы. Тiкелей эфирде қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берген президент Н.Назарбаев ендiгәрi теңге девальвациясы болмайтынын мәлiмдедi. Ал ақпандағы девальвация туралы: “...Қиын жағдайда, рецессия кезiнде ұлттық валютаны девальвациялағанымыз дұрыс болды. Осылайша экономикаға, әсiресе, экспортерлерге көмектестiк.

“Абайсызда адам қағып өлтiрдi” деген айыппен 4 жылға бас бостандықтарынан айы­рылып, Өскемендегi қоныстандыру колония­сына түскен танымал құқық қорғау­шы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшiков өткен жұмада қазақстандық БАҚ-қа және халықаралық ұйымдарға қаратып мәлiмдеме жасады. Журналист пен құқық қорғаушы мәлiмдемеде былай дептi: “Ешқандай стандарттарға сай келмейтiн, әдiлетсiз сот пен сот процестерiнен кейiн бiз 4 жылға бас бостандығымыздан айырылып, жазамызды Өскемендегi қоныстандыру колониясында өтеп жатырмыз.

Құрметтi редакция! Көктем айында (айын, күнiн ұмытып қалыппын) “Жас Алашта” қытай келiншегi туралы “адамның табан нүктелерiн басу арқылы ауруды табады және массаж арқылы көмектеседi” деген мақала шығып едi. Тiзем қақсап, жүруiм қиындаған кез­де сол келiншекке барып массаж жасатып едiм. Пенде емеспiз бе, жазылып кеткен соң, ол келiншектiң телефонын да таппай қалдым.

Әдеби-мәдени әлем
Жуырда Сүлеймен Демирел университетiнде Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Өлең, мен сенi аялап өтем» атты әдеби апталық өттi. Фариза Оңғарсынова шығармашылығына арналған апталықтың алғашқы күнiнде ақын өлеңдерiн мәнерлеп оқу мен Фариза Оңғарсыноваға жыр арнаудан сайыс ұйымдастырылды. Апталықтың ке­ле­сi күнiнде «Фаризаның ақын сiңлiлерi» атты айдармен Танакөз Тол­қын­қызы, Назира Бердалы, Ай­нұр Әбдiрасыл­қызы сынды қазақтың танымал жас ақын қыздарымен кездесу өткiзiлдi

Қарақұс бұлт жөңкiледi,
Секiлдi жем тiлеген.
Желпiне алмай ентiгедi,
Бауыры жер тiреген.
Төнiп келiп тастөбеме,
Дым бүркедi денеме.

Өткен аптаның сенбiсiнде футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтетiн әлем бiрiншiлiгiне қатысатын үш команданың есiмi белгiлi болды. Олар: Тынық мұхиты аймағының үздiгi – Жаңа Зеландия және Африка құрлығының топтық бәсекесiнен озып шыққан Камерун мен Нигерия құрама командалары. Африка аймағынан сенбi күнi тағы бiр команданың аты белгiлi болуы керек болатын. Алайда, Египет пен Алжир командаларының қайсысы әлем бiрiншiлiгiне баратыны кейiнге қалдырылды.

Қызылордада еркiн және әйелдер күресiнен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Командалық жарыс бойынша өткен Сыр өңiрiндегi додада Алматы облысының еркiн күрес палуандары бас жүлдеге ие болды.

Құрметтi оқырман қауым! Әлеуметтiк тақырыптарға арналған «Тұрмыс» атты арнайы беттiң беташарын жасап жатқан жайымыз бар. Мақсат – қоғамдық маңызы атан түйеге жүк боларлық өткiр мәселе­лердi тағы бiр қырынан қозғау. Елдiң тыныс-тiршiлiгiн көрсетiп, мұң-мұқтажын айтып, қуанышын жеткiзу.

Үкiметтiң «2010-12 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ма­құл­данды. Әдеттегiдей билiк «халықтың әлеу­меттiк жағдайын жақсарту үшiн жеңiлдiктер жасадық» деп бұлбұлша сайрауда. Ақиқатында бұл жаңалық елдiң ең­сесiн көтердi ме? Тұр­мыс-тiршiлiгiн түзе­дi ме? Таразылап көрелiк.

Жетiмдер жайында ащы шындықты жазып, жарияладыңыздар. («Жас Алаш», №76, 22 қыркүйек, 2009 ж.). Осы мәселеге байланысты мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрiп отырмын. Асылы, жетiмдер үйiндегi жағдай былайғы тiршiлiкте де орын алуда. Мәселен, менiң Лена атты медбике досым дәм-тұзы жараспай бiрiншi күйеуiмен ажырасты. Қолында ұлы болса да. Сөйтiп, үш баласы бар отбасылы еркекпен жүрiп, тағы бiр ұл тапты. Ол досымды тастап, өз отбасымен кеттi. Ал құрбым басқа үш баласы бар жүр­гiзушiге тұрмысқа шықты. Отау құрғанына бiр жылдай уақыт толды.

«Өмiрдiң еш мағынасы қалмады. Пәниде маған орын жоқ. Қош бол, жарық дүние. Қош болыңдар, бәрiң де. Қош...».
Бұл Алла берген ғұмырын өз қолымен қиған пенденiң соңғы сөзi. Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiнше, дүние жүзiнде әр жиырма секунд сайын бiр адам осылайша өмiрмен қоштасады. Жылына әлемде он миллион адам өзiне-өзi қол жұмсауға барады. Ал Қазақстан суицид (өзiне-өзi қол жұмсау) көрсеткiшi бойынша әлемде үшiншi орынға шықты.

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРIНIҢ ҮМIТI ҚАШАН АҚТАЛАДЫ?

Жақында «Жас Алаш» газетiнiң аймақтағы тiлшiсiн iздеп таяққа сүйенген қарт әже келдi. Өз бетiмен жүре алмайтын болған соң, оны сүйемелдеп қызы жүр екен қасында. Кеудесi толған орден-медальға қарап қарт әженiң алдында басымды идiм. Өйткенi, ол онсыз да санаулы қалған Ұлы Отан соғысы ардагер­лерiнiң бiрi едi. Ол өзiн «мерген Мафтуха Рыспаева» деп таныстырды ресми түрде.