Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Ендi бiр айдан соң Қазақстан, Ресей және Белоруссия кедендiк одаққа бiрiгедi. Сөйтiп, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей және Белоруссиямен арадағы кедендiк шекарамыз ашылып, тауар мен қызметтiң емiн‑еркiн ағылуы басталады. Бiр қарағанда, үш мемлекеттiң кедендiк одаққа бiрiгуi, ортақ экономикалық кеңiстiктiң қалыптасуы тиiмдi болып көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, iс жүзiнде бұл кедендiк одақтан ұтатынымыздан гөрi ұтыларымыз көп.
Республикалық телеарналардан “тiкелей байланысқа” шыққан президент Н.Назарбаевтың халықпен сұхбаты қалың көпшiлiктiң көңiлiне қонды ма? Мемлекет басшысының атына түскен сауалдардың алдын ала iрiктелiп, сұрыпталып, оның “қажеттiсiне” ғана күнi бұрын жауап дайындалғаны анық аңғарылды. Мұндайға әбден үйренген жұртшылық уақытын сарп етiп, президентпен “тiкелей байланысты” көрмедi де. Құрғақ жауаптар мен тәттi уәденi үйiп-төккен президент сөздерiнiң iшiнен көңiлге қонып, жүрекке жаққаны да болмады. Н.Назарбаевтың өзiнiң де, мұны көрген жұрттың да, телеарналар мен сұхбатты ұйымдастырып әлек болғандардың да уақыты текке өткендей әсер қалдырды.
Алматыда «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының мүшелерi баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Олар: «Президент Н.Назарбаев билiктен кетсiн», – деп мәлiмдеме жасады.
Естерiңiзге сала кетейiк, президент тiкелей эфирде «үлескерлер мәселесiн шешудiң қазақстандық тәжiрибесi – еш жерде кездеспейтiн жағдай» деп сөзiн былай жалғаған-ды:
17 қараша – халықаралық студенттер күнi Мұхтар Шаханов атындағы «Рух пен Тiл» жастар клубының қолдауымен алматылық бiр топ студент «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы кеңсесiнiң алдына жиналды. Партия төрағасының бiрiншi орынбасары Дархан Қалетаевтың сөздерi мен iс-әрекеттерi жастарға ұнамапты. Соны ашық бiлдiру үшiн олар «Дарханның «даналық» сөздерiнiң» көрмесiн өткiздi.
Қазақ Ордасының негiзiн қалаған Керей мен Жәнiбек хандар және қазақ батырлары ескерткiштерiнiң күресiн арасында жатқаны бiр ай бойы билiктi селт еткiзбесе де, қоғамды дүрлiктiрдi. Ендi төрт апталық үнсiздiктен кейiн, дат айтатын зиялы қауым қоқыста жатқан “қара тастарды” айыптауға көштi. Хандар ескерткiштерiне қарсы акция Алматы мен Астанада басталып та кеткен. Ендi бiр топ тарихшы қосылды. Олар құдды бiр XV ғасырда Керей мен Жәнiбек заманында өмiр сүрiп келгендей уәж айтады.
Қарашаның 15-iнен бастап Жаңаөзен қаласында әртүрлi мекемелерден 35 мұнайшы аштық жариялау акциясын бастаған болатын. Себебi, жаңаөзендiктер осыған дейiн өздерiнiң жоғарыдағы басшыларына және жергiлiктi құзырлы орындарға бiрнеше рет көкейкестi талаптарын қойған едi. Бiрақ оларды орындауға билiктегiлер онша құлық танытпаған болатын. Мұнайшылардың талаптары мынадай едi:
Өткен аптада “Жас Алаш” газетiнiң журналистерi Атырау мен Ақтау халқымен кездестi. “Азат” ЖСДП бас хатшысы Әмiржан Қосанов партияның аймақтағы облыстық бөлiмшелерiнiң жиналыстарына қатысты. Осындай екi шара қатар өттi. Парламент пен президенттiк сайлауда демократиялық күштердi барынша қолдап, бүгiнгi билiктi тұқыртатын батыс жұртшылығы оппозицияның одақтас аймағына айналғаны ақиқат. Исатай мен Махамбет ұрпақтарының өр кеудесiн билiкке таптатпауы, асқақ рухы мен азаматтық мiнезiн сақтай бiлуi бiздi де қуантады.
“Тасжарған” — «Общественная позиция» басылымының жаңа нөмiрi шықты
Күнi кеше билiктiң тепкiсiнен жабылып қалған “Тасжарған” газетi кеше қайтадан қолымызға тидi. Тас жаратын, тас жармаса, “бас жаратын” тентек басылымның жаңа нөмiрi. Жо-жоқ, “Тасжарғанның” Бас оқырманы Ермұрат Бапи заң бұзған жоқ. Сот “жап” деген “Тасжарғанды” жауып тастаған баяғыда. Мынасы — басқа “Тасжарған”. Бұл басылымның ресми атауы — “Общественная позиция”. Маңдайында сол баяғы DAT деген брендi тұр. Ақыл-ойы азат оқырман үшiн бұл ДАТ — датым бар
Әдеби-мәдени әлем. Кезiнде «Мұқағали» журналы шыға бастапты дегенде елең етпеген қазақ болмаған шығар, сiрә...
Не iстемекпiн алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды iздеп өткiзбеспiн уақытты.
Мен бақытсыз бола қойман сiрә да,
Менiң саясаттағы белсендi тiрлiгiм (жазған-сызғаным, құрған жоспарым, бағдарым, бағытым, сөйлегенiм, күлгенiм, тiптi тiрi жүргенiм) елдiң ертеңiн ойламайтын әлдебiр пысықайларға ұнамай қалыпты... Бiр күнi бұлардың қоғам қайраткерi Заманбек секiлдi басымнан үш рет атып кетiп, «өзiн-өзi үш жарым рет атып өлтiрдi...» демесiне кiм кепiл? Соңғы кезде ұялы телефоныма да тыныштық жоқ. «Тауға қашан шығасыз?» – дейдi мысықтай мияулаған дауыс... «Аң аулап жүрiп, өзiн-өзi байқамай атып алды» деп айдалада ата салмақшы ғой.
Сейсенбай Тәлiпов ақсақалдың жасы 87-де. Бiрақ, ақсақалдың жүрiс-тұрысына қарап, оны 87-де деп айтпайсың. Ширақ, елгезек, тың. Ерiксiз «осы кiсi жасын асырып айтып отырған жоқ па?» деп ойлағандайсың.Сейсенбай Тәлiпов 85 жасында үлкен ерлiк жасады. Алматыдағы өзi отырған үйдi сатып, осы қаржыға ата-бабасына ескерткiш орнатты. Неге? Ер Шабай, Сүгiр, Есен, Бердәулет, Жоламан батырлар – ел iшiндегi аңыздарда ғана айтылатын батырлар емес, бұл батырлар жөнiнде Халел Досмұхамедұлынан бастап бүгiнгi тарихшылар, зерттеушiлер де көптеген еңбектер жазған.
Қалай айтсақ та, қазақ бауыр етi баласына ат қойғанда он ойланып, жүз толғанып барып, әр есiмнiң түбiне терең бойлап, зердесiнен өткiзiп қойған. АБАЙ – байқағыш, зерек, байыпты, АБЗАЛ – құрметтi, ардақты, АЙБАРША – ай сәулесiмен кестеленген сұлулық, АЙБИКЕ– ай падишасы, ханымы, т.б. осылай жалғасып кете бередi. Көрiп отырсыздар, бұл есiмдерден қазақ ұлтының рухы анадайдан андыздап тұр. Бiрақ кейiнiректе, әсiресе, Кеңес Одағы тұсында жерiмiз, онан соң елдiмекендерiмiздiң атаулары орысшалана бастады.
Елiмiздiң болашағы жарқын, келешегi кемел болуы үшiн жас ұрпақ тәрбиесiне ерекше мән бергенiмiз абзал. Қазiргi таңда бұл турасында оң шешiм таппай отырған мәселелер өте көп. Мектеп қабырғасындағы балалардың қатарында нашақорлықпен, арақ-шарап, темекiмен әуестенушiлердiң саны жыл санап артып келедi. Жеңiл жүрiске салынып, ұрлық-қарлықпен айналысып жүрген ұл-қыздарымыз да бой көрсетiп қалып жүр.
Меңiреу кең дала. Тып-тыныш. Кейде меңiреу тыныштықтың да үрей туғызатыны бар. Бiрақ, менiң қорқып тұрғаным шамалы. Кең далаға бiреу менi әдейi әкелiп тастағандай. Ешкiм жоқ, тiптi шегiртке де шырылдамайды. Маса, шыбын да ызыңдамайды. Меңiреу қараңғылықтан көз алдымдағыны да көре алар емеспiн. Қызық болғанда «кеше соғыс болып, елiмдi, жерiмдi көшiрiп әкеткен бе?» деп ойладым
ҚР Дiни басқармасының бас мүфтиi Әбсаттар қажы Дербiсәлi мырзаның назарына!
Алла тiлегiн бергiр, бiздiң Тастөбе ауылының перзентi, елiмiзге белгiлi кәсiпкер Арқабек Қырықбаев туған ауылына 2007 жылы үлкен мешiт салып бердi. Сөйтiп, дауыс беру нәтижесiнде көпшiлiк жиынға қатысқан 128 адамның 90 пайызы менi жақтап, 4 үмiткердiң iшiнен топ жарып, мешiтке имам болып сайландым. Кейiннен аудан мешiтiнде арнайы сынақтан да сүрiнбей өттiм. Бiрақ, сол кезде ауылдың кейбiр ақсақалдары «ауылдағы жалғыз қожаға мешiттi билетiп қоймаймыз» деп наразылық бiлдiрген-дi.
Жалғызбасты ана дегендi естiп жүрген елге «жалғызбасты әке» деген сөз тiркесi құлаққа тосын естiледi. Тағдырдың жазуы шығар, өмiрде өте сирек кездесетiн бұл жайтқа душар болу менiң пешенеме жазылған екен. 2004 жылдан берi 5 баламен пәтерден-пәтерге көшiп жүрiп жатқан жалғысбасты әкемiн. Өзiм Мақтаарал ауданында туып-өскенмiн. Әйелiммен заңды түрде ажырасуға мәжбүр болдым.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМI Н.НЫҒМАТУЛЛИН МЫРЗАҒА ХАТ!
Қадiрмендi Нұрлан Зайроллаұлы! Сiзге ел ағасы деп үмiт артып, қиналғанда көмек қолын созады ғой деген оймен Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейiтқазы Матаев бастаған (барлығы 29 адам) бiр топ адам хат жолдадық. Бұл «Талантты қаламгер Мартбек Тоқмырзаға көмек керек!» деген хат «Алашорда» республикалық апталығында (№22, 29.05.2009 жылы) жарияланды да. Мiне, бұл хаттың жарыққа шыққанына да 6 айдың жүзi өттi. Селт еткен бiр адам болған жоқ. Тек баспасөз хатшыңыз Жанар Бекпанова ханым «сарт мезiрет» жасап, хат шыққан соң iле-шала телефон шалыпты.
Өткен аптаның соңында УЕФА президентi Мишель Платинидiң Астанаға ат басын бұрғанын газетiмiздiң өткен санында жазғанбыз. “Шахтер” мен “Атырау” клубтары арасындағы Қазақстан кубогының финалдық кезеңiн тамашалаған президент ойыннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Бүгiн оқырмандар назарына М.Платинидiң Қазақстан футболы жайлы айтқан пiкiрлерiн ұсынып отырмыз. Сонымен, Платини елiмiздiң аяқдопшылары жайлы не дейдi?
Футболдан Бразилия құрамасының бас бапкерi Дунганың мәлiмдеуiнше, Оңтүстiк Африка Республикасында өтетiн дүниежүзiлiк додаға әлемнiң үздiк футболшылары Рональдиньо мен Роналдоның бабы келiссе ғана барады. Өткен аптада осындай мәлiмдеме жасаған Дунга екi футболшыдан да үмiтiн үзбейтiнiн жария еттi. Рональдиньо мен Роналдо дәл қазiр өз клубтарында жақсы ойындарымен көзге түсiп жүр.
Қытайдың Гуанжоу қаласында бес күнге созылған Азия бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қазақстан құрамасының жеңiл атлетшiлерi бұл сында 2 алтын, 1 күмiс және 4 қола медальға ие болды. Елiмiздiң жеңiл атлетшiлерi Вьетнамда жабық ғимаратта өткенАзия ойындарынан кейiн iле-шала аспанасты елiн бетке алған. Сарықұрлықтың беткеұстар спортшылары жиналған додада жерлестерiмiз жетi медальмен командалық есепте бесiншi орынға тұрақтады.
(жапон аңызы) Минабэ мен Акитаның ортасында шағын ауыл бар. Бұл ерте кезден таудың аң-құсын атуды кәсiп еткен аңшылардың ауылы едi. Бiрақ, таудан түскен жолаушыны қондырмайтын пейiлi тар тұрғындар көп едi бұл ауылда. Бiрде таң ата жауған қардың аяғы боранға ұласқан қыстың бiр кешiнде осы ауылға қызын ерткен джюкурэй (Құдайға құлшылық етушi, дiн жолындағы адам) бiр әйел келедi. Әр үйдiң есiгiн қағып, боранды түнде түнеп шығуды өтiнсе де, қатыгез аңшылар мiз бақпайды. «Ең болмаса балама пана болар қуыс бар ма?» деп жалына үн қатқан анаға ешкiм назар салмапты.