Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
МИНИСТР БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСIН БIР АПТАДА ҚАЛАЙ ШЕШТI?
Бiлiм және ғылым министрлiгi президент пен премьер-министрдiң сынына iлiктi. Балабақша тапшы, мәселе шаш-етектен. Мәселен, он сегiз жылда Қазақстанда жетi мыңға жуық балабақша құрыған. Себебi неде? Өткен жұмада үкiмет екi рет селекторлық кеңес ұйымдастырды. Екеуi де күн тәртiбiнде күйiп тұрған күрмеуi көп күрделi мәселелерге арналды. Айырмашылығы сонда, бiрiншiсiнде – тапсырма берiлдi, екiншiсiнде – оның шешiмi айтылды. Анықтап айтсақ, бiрiншi кеңесте үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов министрлерге қырғидай тидi. Әсiресе, Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың жағасынан алды. Неге өйттi?
Жоғары билiктегi кадр тапшылығы жайында жиi айтылып жүр. Ескi “гвардия” өкiлдерiн бiр қызметтен екiншi лауазымды орынға қонжита салу – дәстүрге айналды. “Тiкелей” желiде халықпен “тiлдескен” президент Н.Назарбаевтың өзi де командасын шенеунiктердiң бiр ғана “қасиетi” бойынша, яғни, оған деген “адалдығына” сәйкес жасақтайтынын бiлдiрдi. Мемлекет басшысының көңiлiн тауып, оның сенiмiнен шыққан адамның ғана жоғары лауазымды қызметтен үмiтi болары сөзсiз. Өткен аптада бiрқатар ауыс-түйiстер жасаған президенттiң әрекетi осы пiкiрдi құптай түседi.
Болат Әбiлев президенттiң бәрiнен хабардар екенiн айтады. «Жәкiшевтiң деңгейiндегi топ-менеджер басындағы жағдайды, «Қазатомөнеркәсiп, секiлдi стратегиялық маңызы бар компанияның басында қазiр Жәкiшев емес, басқа бiреудiң отырғанын президенттiң бiлмеуi мүмкiн емес. Сондықтан жауапкершiлiк – президенттiң мойнында. Бiз одан жауап күтемiз», – дейдi .
Кеше Ұлттық баспасөз клубында ЖСДП «Азат» партиясының тең төрағалары Болат Әбiлев пен Жармахан Тұяқбай баспасөз мәслихатын өткiзiп, ұлттық құндылықтарға қатысты мәлiмдеме жасады. Мәлiмдемеде былай делiнген: «Елiмiз тәуелсiздiкке ие болған алғашқы сәттерден бастап-ақ, Қазақстанның тарихына қатысты мәселелерде бiле тұра айтпау немесе бұрмалау секiлдi кеңестiк дәстүрдi одан әрi жалғастыруға және оны одан әрi дамыта түсуге деген жымысқы ниет анық байқалды.
«ЖАС АЛАШ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
«Жас Алаш» газетi соңғы бiр-екi айда аймақтарға жиi шығып, елдiң тыныс-тiршiлiгiмен жақынырақ танысып, халықты толғандырған мәселелердi тереңiрек зерттеп жүр. Бұған дейiн «Жас Алаш» Оңтүстiк Қазақстан облысында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында болып, елдiң әлеуметтiк жағдайын, экология мәселесiн ортаға салса, өткен аптада Жамбыл жерiне аяқ басты. Денсаулық сақтау мәселесiне ден қойды. Екi күн бойы «Жас Алаш» журналистерi Тараз қаласында болып, Жамбыл, Т.Рысқұлов және Шу аудандарының тұрғындарымен жүздестi.
Әңгiме «Адам үш күннен кейiн көрге де үйренедi», – дейдi қазақ. Тақ бiр өлiп көрген, көрiп келген кiсi сияқты. Оны азырқансаң, «тозаққа түскендер үш күннен соң бiр-бiрiне шоқ шашып ойнайды» дейтiнiн қайтерсiң! Бейне, тозақ отына күйiп келген кiсi секiлдi. Бiр қызығы, қараңғы көр мен жалын атқан тозаққа ой жүгiрткен қазақең түрме туралы мәнерлi ештеңе айтпапты. Жәй ғана «ат жақсысын кермеде, ер жақсысын түрмеде көр» деп сипай қамшылаған. Сiрә, одан ары тереңдеуге батылы бармаған сияқты. Өйткенi түрменiң қожасы – өкiмет қой. «Құрысын, бәлесiнен аулақ» деген болар.
Ресей құрамасының футболшылары ОАР-да өтетiн әлем бiрiншiлiгiнен тыс қалды
Келесi жылы жазда қара құрлықта тұңғыш рет өткiзiлгелi отырған әлемдiк доданың iрiктеу ойыны бiраз дауға ұласқаны жасырын емес. Әсiресе, Франция мен Ирландия футболшыларының арасындағы кездесу iрiктеу ойындарындағы ең әдiлетсiз ойын ретiнде тарихқа жазылатыны анық. Еуропа командалары арасындағы iрiктеу ойындарында өз топтарында екiншi орын алған Франция футболшылары әлем бiрiншiлiгiне берiлетiн жалғыз жолдаманы Ирландиямен сарапқа салғаны белгiлi.
Футзалдан былтырғы жылғы УЕФА кубогының қола жүлдегерi Алматының «Қайраты» келесi жылдың сәуiр айында өтетiн УЕФА-ның жартылай финалына жолдама ала алмады. Әзiрбайжанның астанасы Бакуде «төрттiк финалдың» жолдамасын сарапқа салған алматылықтар шешушi ойында алаң иелерi «Араз» командасынан 3:4 есебiмен ұтылып қалды. Бразилиялық бапкер Барбоза баптайтын «Қайрат» биылғы маусымда команда құрамына бiраз өзгерiстер енгiздi. Команданың жетпiс пайызға жуығы жаңа ойыншылармен жасақталды.
Оңтүстiк Кореяның Гоянг қаласында ауыр атлетикадан өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнен қуанышты хабар келдi. 53 келi салмақта ел намысын қорғаған Зүльфия Шиншанло Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медалдi салды. Зүльфия Шиншанлоның Қытайдан Қазақстанға қоныс аударып келгенiне бiр-екi жыл болды. Ұлты – дүнген. Осы жылдың мамыр айында Тайландта жасөспiрiмдер арасында өткен әлем бiрiншiлiгiнде Зүльфия 58 келi салмақта өнер көрсетiп, қола медалға қол жеткiзген-дi.
Ресейде жас та, кәрi де қызыға қарайтын, 45 жылдан астам тарихы бар “КВН” ойыны әлемдегi теңдесi жоқ жобалардың бiрi. Орыс елiнде бұл клуб жоба ретiнде ғана емес, ұлттық ойын ретiнде де танылды. Осы жоба Қазақстанда да өзiнiң қанатын жайды. Продюсер Есен Елеукен “нар тәуекел – ер iсi” деп, “қазақша КВН”-дi өмiрге әкелдi. Аталған жобаны құрған кезде алдымен, жастар арасында “КВН”-дi қазақша сөйлету болғанымен, кейiнгi кезде әйгiлi
“Есiк, Ават, Алексеевка!!!”. Айдардың әр жұмыс күнi осы сөздермен басталады. Осы сөздермен аяқталады. Ол көк базардың төмен жағындағы Есiк – Алматы бағытындағы маршруттарға адам “жинайды”. Бұл – оның кәсiбi. Иә, бүгiнгi күннiң бiр кәсiбi – бұл. Ал Айдар осы кәсiптiң иесi және осы iске әбден икемденiп алған. ЖМУ-ды бiтiрiп, заңгер мамандығын алып шыққанымен, дипломы бойынша жұмыс таппағандықтан осыны нәсiп қылып отыр. Таңнан қара кешке дейiн күн ұзақ “айқайлау” да оңай емес.
“Рух пен Тiл” клубында белгiлi қоғам қайраткерлерi жастармен кездесiп, пiкiр алмасу дәстүрi қалыптасқан. Клубтың жаңа маусымы басталғалы да осындай мағынаға толы, тәрбиелiк мәнi мол бiрнеше кездесу өттi. Кездесудiң алғашқысы белгiлi қоғам қайраткерi, Әзiрбайжан мәдени орталығының облыстық жетекшiсi Асылы Османмен болды. Қашанда қазақ ұлты мен тiлiне деген сүйiспеншiлiгiмен ерекшеленетiн Асылы ханым
Қазiргi жастардың көкейiнде жүрген мәселе көп. Жастар мен студенттер қауымы қоғамдағы ахуалға разы емес. Бiрақ, қоғамға белсене араласып, өзгерiс жасағысы келетiндерi аз. Неге ұлтына, тiлiне төнген қауiптi көре тұра қазақ жастарының көпшiлiгi бас көтерiп, үн қосуға жарамайды? Жалпы, қазiргi қазақ жастары неге жiгерсiз?
Халқымызда “ауруын жасырған өледi” деген жақсы нақыл сөзi бар. Мұны айтып отырған себебiм, қазақ қоғамы әлi де тәуелсiз мемлекетке тән принциптердi ұстанудан қашқақтайды. Қазақ қашанда төзiмдi, қонақжай халық. Бұл қасиет қазақ халқына тумысынан берiлген ғой. Қой аузынан шөп алмас момын қазақтың бойына бiткен көреалмаушылық, жағымпаздық қасиеттi қалайда жойғысы келген талай хандар, батырлар, жыраулар мен билер, ақын-жазушылар мен ғұламалар арманда кеттi.
Қазақ өнерi тағлымы мол ұстаздан, талантты театр режиссерiнен айрылды. 78-ге қараған шағында КСРО Халық әртiсi, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, Қазақстанның Халық Қаһарманы Әзiрбайжан Мәмбетов дүние салды. Қарашаның 19-ы күнi Әзiрбайжан Мәмбетовпен қоштасу үшiн Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрына ағылып келiп жатқан қаралы нөпiрде шек болмады. Осы күнi Мәмбетов мәйiтi Алматыға жөнелтiлдi. Әзағаң көзi тiрiсiнде Алматыдағы Кеңсай зиратынан, жан жары, марқұм Ғазиза Жұбанованың жанынан өзiне орын әзiрлеп қойған едi...