Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
М.Шаханов бастаған патриоттар билiк “ел бiрлiгi” (“қазақстандық ұлт”) тұжырымдамасынан бас тартпаса, аштық жариялайтынын мәлiмдедi
Кеше Ұлттық баспасөз клубында “Ел бiрлiгi” (“қазақстандық ұлт”) тұжырымдамасына қарсылық бiлдiрген ұлтжанды тұлғалар журналистер қауымын шақырып, арнайы жиын өткiздi. Зиялы қауым өкiлдерi, демократиялық партия жетекшiлерi, журналистер мен ұлт тұлғалары қол қойған президенттiң атына жолданған үндеу бұған дейiн бiрқатар республикалық басылым беттерiнде жарияланған болатын. Қазiр бұл ашық хатты қолдаушылардың саны 15 мыңға жеттi.
Алматыдағы халықаралық “Жiбек жолы” автобөлшек сауда орталығында дүрбелең туды. “Аталған базар қазақстандық миллиардер Александр Машкевичтiкi-мыс. Оны ресейлiк миллиардер Тельман Исмаилов сатып алған көрiнедi. Ол ол ма, сауда орталығына Ресейдi дүр сiлкiндiрген Черкизон базарындағылар келедi екен” деген сөздi құлағымыз шалды. Жел тұрмаса шөптiң басы қимылдамайды. Мән-жайды зерттеп бiлдiк.
Доктор Ален Палмер — АҚШ-тың Юта штатындағы Прово қаласында орналасқан Бригхам Янг университетiнiң коммуникация департаментiнiң ақпарат құралдары төңiрегiндегi халықаралық зерттеу бағдарламасын басқарған. Соңғы 30 жылдан берi АҚШ-тың түрлi оқу орындарында дәрiс оқиды. Сондай-ақ, академиялық журналдарда оның БАҚ саласындағы мәдениет мәселелерi мен халықаралық коммуникация тақырыбына қатысты мақалалары, кiтаптары жарияланған. Оның зерттеу мақалалары «Газетт Жоурнал Интернэшнл Комьюникейшн», «Коммуникация заңы және саясат», «БАҚ және қоғам», «Коммуникация ғылымы» және тағы басқа да беделдi журналдарда жарық көрдi.
Сарапшылардың пiкiрiнше, Қазақстандағы қаржылық тұрақтылық әлi көңiл жұбатарлықтай күйде емес. Десе де, билiк дағдарыстан кейiнгi кезеңдегi осы саланың дамуы туралы сөз қозғай бастады. Елiмiздiң қаржы саласының дамуы туралы тұжырымдама да жасалды, оны президент қолдады. Әдеттегiдей мемлекет басшысы қаржы саласына қатысты мемлекеттiк органдар атқарған жұмыстың тек қана жақсы қырларына тоқталып өттi:
23-24 қараша аралығында Астанада IV Азаматтық форум өттi. Қатысушылардың көпшiлiгiнiң пiкiрiнше, мұнда айтылғанның көбi жүзеге аспайтын бос сөз. Сондықтан оған кезектi нәтижесiз жиын деген баға беруге болады. Форумның екiншi күнi президенттiң қатысуымен өтедi деп күтiлген. Бiрақ, мемлекет басшысы болған жоқ. Алайда, президенттiң құттықтау сөзiн оқып берген Сыртқы iстер министрi, мемлекеттiк хатшы Қанат Саудабаев оны жоқтата қоймады. Оның баяндамасы президентке тiкелей қатысты ұлт лидерi идеясынан әрiге аспады.
Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданымен шекараласатын Қобданың батысында Сырым, Исатай-Махамбет көтерiлiстерiнiң iзi сайрап жатыр. Бiрнеше жүз жылдық отарлау тарихи естi ұмыттырғанымен де, халық жады қаһарлы күндердiң батырларын есте сақтап, жер-су атауы ретiнде аманаттаған. Қобданың Орал бағыты Сырым батырдың ұлт-азаттық көтерiлiсi ошағы, ал Соль-Илецк бағыты Әбiлқайыр немерелерi – Нұралы мен Айшуақ ұлдарының қонысы. Сөйтiп, Қобда мен Електiң құйылысында ХIХ ғасырдағы отарлық ойындардың бiр парасы өршiдi.
Қымбатты отандастар! Баршаңызды әлем мұсылмандарының ұлық мерекесi – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күндi барша мұсылман бауырларымыз асыға күттi. Себебi, бұл Алла разылығы үшiн мал шалынып, ақ түйенiң қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушiлер қасиеттi Қағбаға жүзiн қаратып, Арафат жазығында күнi бойы құлшылық жасап, Жаратушы Иемiзден iзгi тiлек тiлейдi. Құрбандық шалудың мәнiсiн ұғыну үшiн, ең алдымен, құлшылықтың не үшiн жасалатынын бiлген абзал. Кең-байтақ ғаламды жаратқан құдiреттi Тәңiрiмiз жер бетiндегi саналы пенделерiн тектен-текке жаратпаған.
Ұлы Гомер “Илиада” мен “Одиссея” дастанын қауырсын қаламмен қағазға түсiрсе, көне түркi жырының бастауында тұрған Тоныкөк өз өлеңiн тасқа қашап жазған. Мұнда әр сөз, әр буын өлшеулi. Әрi қысқа, әрi нұсқа. Жарықтай жеңiл, табыттай ауыр. Кеңiстiк кең болғанмен, көйiтуге уақыт болмаған. Қолда қалам емес — қашау, алдында қағаз емес — қара тас. Гомердiң өлеңi мұхит сынды арнасынан асып, төгiлiп жатса, Тоныкөк жыры арғымақтың тұяғындай асау түркi жүрегiнiң нотасын дөп басады. Темiрхан Медетбек ақын да әр өлеңiн Тоныкөк атасындай ақ параққа қаламмен емес, қара тасқа қайламен қашағандай жазады:
Халқымыздың тағдырлы жазушысы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық “Қылмыс” эпопеясы жарыққа шықты. Бұл кiтапты жарыққа шығарған – Дүниежүзi қазақтар қауымдастығының “Атажұрт” баспа орталығы. – Сөз жоқ, Қытайда тұратын қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық “Қылмыс” романының Қазақстанда жарық көруi – үлкен әдеби-мәдени оқиға, – дедi Дүниежүзi қазақтар қауымдастығының басшысы Талғат Мамашев мырза осы кiтаптың жарық көруiне орай ұйымдастырылған баспасөз мәжiлiсiнде.
Футболдан Еуропа бiрiншiлiгi 2012 жылы Украина мен Польшада өтетiнi белгiлi. Осыған байланысты УЕФА келесi жылдың ақпан айында iрiктеу ойындарының жеребесiн өткiзедi. Iрiктеу ойындарына алаң қожайындары ғана қатыспайтынын ескерсек, кәрi құрлықтың қалған елу бiр мемлекетi жеребенiң қалай түсетiнiн асыға күтiп отыр. Қазiрдiң өзiнде Еуропаның футбол басшылары жеребенiң алғашқы жобасын жасап қойды. Яғни, УЕФА-ның рейтингiсiне сәйкес, командалар жiлiктелiп, әр кәрзеңкеге бөлiнiп тасталған.
Менiң Қытай елiнен осынау қазақтың қара шаңырағы – Қазақстанға келгенiме екi жылдың жүзi болып барады. Мұнда да “бармақ басты, көз қысты” жымысқылық пен жылпостықтың өршiп, ұлт пен тiл тағдыры адамды алаңдатарлық екенiн сезiндiк. Осы ретте мен де азаматтық ойымды бiлдiргiм келдi. Бiрiншiден, қазiр мұнда сыбайластық жемқорлыққа қарсы күреске қарамастан, жалаңқаққан жемқорлық оқу-ағарту саласына да енiптi. Маусымның соңында бiз сияқты студенттер сабағын ойдағыдай жабу үшiн ұстазының үңгiрдей қалтасына ақшасын аямай салады.
“Елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүрiп жатыр” дейдi билiкте отырғандар. Шыны керек, жемқорға тағайындалған жаза әрiсi бес жылдан аспайды. Арада бiр-екi жыл өтпей-ақ үкiмет рақымшылық жасап, оларды түрмеден шығаратынына не дерсiң? Бiздегi сот жемқорды 3-4 жылға жазаға кескенмен, артында қалған мал-мүлiктi тәркiлегенiн естiмедiм. Әне, осындайда елден естiген бiр әңгiме есiме түседi.
“Жас Алаш” газетiнiң 81-санында (08.10.2009) “80 жылдық тарихы бар колледждiң жағдайы күрт нашарлап кеттi” деген мақала жарияланған едi. Онда колледждiң директоры М.Өтемұратовтың заңсыздыққа барғаны және осы кiсiге қатысты тағы да басқа жайттар жазылған болатын.