1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15450) 1 желтоқсан, сейсенбі 2009

Билiктiң ұлт­сыздандыру саясатын жүзеге асыруға бағыттал­ған тұжырымдамаға ха­лық наразылы­ғы күн­нен-күнге күше­йiп келедi. «Ел бiрлiгi­не» қарсы шыққан ұлт тұлғаларына Дулат Исабеков, Софы Сматаев тәрiздi танымал ақын-жазушылар, Асан­әлi Әшiмов, Досхан Жол­жақсынов, Бауыржан Ибрагимов, Мақпал Жүнi­сова, Еркiн Рақышев пен Болат Атабаев секiлдi өнер қайраткер­лерi мен Оңтүстiк өңiрiнiң 300-ге тарта студент жастары қо­сылатынын мәлiмдедi. Олар да аштық жариялап, өз қарсылығын бiлдiруге әзiр. Редакцияға елi­мiз­дiң түкпiр-түкпiрiнен хабарласып жатқан азаматтар да аштыққа қосылуға дайын екенiн айтып жатыр. Газетi­мiздiң сайтында пiкiр бiлдiрген оқырмандар қа­уымы да ұлт патриоттарын қолдайды. Онда мынадай пiкiр­лер жазылған: «Ешкiм де қарап қалмайды. Өзге­рiс керек. Қазақ ұлты үшiн неге де болсын әзiр­мiз!!!», «Иә, осылай сiл­кiнбесе болмайды. Қайрат көрсетуiмiз керек».

Егер билiк 2009 жылғы 17 желтоқсанға дейiн, құрылымы да, заңдылығы да күмәндi, екiншi Парламент рөлiндегi, әлемнiң бiрде-бiр елiнде жоқ Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы ұсынылып отырған, өзiнiң түпкi негiзiн “американдық ұлттан” алатын, ұлтты жоятын “ел бiрлiгi” доктринасына тоқтау салмайтын болса, М.Шаханов бастаған ұлт жанашырларымен бiрге, (алдағы 17 желтоқсаннан бастап) бiз де аштық жариялайтын боламыз. Ұлтының жойылуын қаламайтын басқа азаматтарды да осындай қадам жасауға шақырамыз.

МӘСIМОВ ПЕН ШКОЛЬНИК НЕГЕ ЖАУАПКЕРШIЛIККЕ ТАРТЫЛМАЙДЫ? ТӘЖИН НЕГЕ ҮНСIЗ?

«Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының төңiрегiндегi дау-дамайға қатысты «Жас Алаш» бұған дейiн де жазған. Егер мұндағы былық-шылығымыз бәрiне әшкере болса, онда «Қазақгейт» пен «Рахатгейтiңiз» «Урангейттiң» жанында әдiрем қалатынын айтқанбыз бiр сөзiмiзде. Сол болжамымыз расқа айналып келе жатқандай... Онсыз да өзегi алынбаған сыздауықша талаурап тұрған шетiн мәселе қамауда жатқан М.Жәкiшевке қатысты бейнежазба интернетте жарияланып кеткеннен кейiн тiптi ас­қына түстi. Жәкiшевтiң айтуынша, оның қамалуына мүдделi — орыстар, яғни Ресей. Егер Жәкiшевтiң айтқаны рас болса, «тәуелсiздiк алдық!» деп осы уақытқа дейiн бөркiмiздi аспанға атқанымыздың бәрi бекершi­лiк.

ОРТАНШЫ КҮЙЕУБАЛАНЫ ЖҰРТ ПРЕМЬЕРДIҢ ОРЫНТАҒЫНА «ОТЫРҒЫЗЫП» ҚОЙДЫ, АЛ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРДIҢ ОРНЫ ӘЛI БОС...

Ауыс-түйiс туралы әңгiме Дархан Қалетаевтың «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары қызметi­нен кетуiнен басталды. Кейде өзiн президент Назарбаевтың партиядағы бiрiншi орынбасары емес, дәп өзi санайтын Қалетаев өткен аптада «Самұрық-Қа­зына» әл-ауқат қорының басқарушы директоры және прези­денттiң штаттан тыс ке­ңесшiсi болып тағайындалды. «Жартылай кәсiп­қой» саясаттанушының «ұлт көшбасшысы» туралы бастамасы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа iштей ұнағанына дау жоқ. Бiрақ, Қалетаевтың бұл мәселенi әдейi немесе бiл­местiкпен әжуаға айналдырып жiбергенiн президент жақтырмаса керек, сi­рә.

ӨЗ ҰРПАҒЫН ӨЗЕККЕ ТЕПКЕННЕН ҚАЙЫР КҮТПЕ

Қазiргi таңда АҚШ сыртқы саясатының ең күрделi де ауыр проблемасына айналған бiрнеше ел бар. Соның iшiн­дегi әйдiгi – Ауғанстан мәселесi. Қара нәсiлдi Обаманың жұлдызын жандырып, оны президенттiк сайлауда жеңiске жеткiзген үш мәселе болса, соның бiрi – Ауғанстан проблемасы екенi айқын.

САУДАГЕРЛЕРДIҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ ОСЫ

Алматыдағы халықаралық «Жiбек жолы» автобөлшек сауда орталығында дүрбелең жалғасуда. Өткен бейсенбi күнi базар әкiмшiлiгi алдында үш жүзден астам саудагер және бiр рет наразылық шарасын өткiздi. Сонымен, күштiк құрылымдардың қызметкерлерi, әкiмқаралар күн шыққаннан «Жiбек жолынан» табылды. Iз-түзсiз кеткен базар басшысы Құрбанжан Әдiлбеков те орынтағында екен. Абыр-сабыр. Базарға бас сұға сала естiгенiмiз, мемлекетшiл мырзалар: «Шараны саудагер Ержан Жаңабаев ұйымдастырды», – деп түйiп, сұрақтың астына алыпты. Осылайша, ашынған жұртты жасытпақ болды-ау, шамасы. Дегенмен, саудагерлер айтқанынан қайтпады. Үш жүзден астам адам базар әкiмшiлiгiнiң ауласына жиналды.

Сонымен, ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыру бағдарламасы аяқталды. Бағдарламаға қатысқан 11 банк өз есептерiн жария еттi. Үкiмет бөлген 120 миллиард теңге 31304 борышкерге тиген. Алайда, қайта қаржыландыруға қол жеткiзе алмаған жұрт көп. Өткен аптада «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде қайта қаржыландыруға енбей қалған борышкерлер мәселесi талқыланды. Жиынға «Самұрық-Қазына» қоры мен «Лайықты баспана үшiн», «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi және бағдарламаға қатысушы серiктес банктер қатысты.

 

Елiмiздегi тағы бiр банктiң дефолтқа ұшырағаны банк секторындағы ахуалдың таяу арада жақсара қоюы екiталай екенiн көрсеттi. «Темiрбанк» дефолт жариялап, қайта құрылымдау процесiне кiрiстi. Сол‑ақ екен, Fitch рейтингтiк агенттiгi банктiң ұзақмерзiмдi дефолт эмитетiнiң рейтингiсiн «СС»‑дан «RD»‑ға дейiн түсiрдi. Ал Standard&Poor,s агенттiгi «Темiрбанктiң» ұзақмерзiмдi және қысқамерзiмдi несиелiк рейтингiсiн «СС/С»‑дан бiрден «D/D»‑ға төмендеттi.

Шiркiн, Храпунов. Сенi де сағынатын күн бар екен-ау. Жеп қойғаның үшiн шетелде бұқпантайлап жүрген бұйра бас сықпытыңды емес, әр жиында “Сәлемитсиздер ме, ардағты агайын” деп аңқау қазақты мәз қылып қоятын қылығыңды аңсадық. “Күйеубала, маладес!” дескен қазекең екi ауыз сөзiң үшiн сенi құшағында тұншықтырып тастауға әзiр едi. “Шаңырақтың” тас-талқанын шығарған тас мiнездi Тасмағамбетовтiң ерекшелiгi қазақылығында едi, сондықтан “күйеубаланы” көп жоқтата қойған жоқ.

Мен тақуа әкемнiң адам тануда қателескен кезiн көрген емеспiн. Бiздiң елде Ыбырай Жақай баласы деген даңқ­ты диқан өмiр сүрдi. Сол замандағы ең жоғарғы Социалистiк Еңбек Ерiнiң екi алтын жұлдызын омырауына таққан ең абыройлы, қадiрлi қария қатарында жүрдi. Кеңес дәуiрiнде бiр ғана Шиелi ауданынан қырықтың үстiнде Еңбек Ерлерi шығып, бақ қонса, солардың iшiнде шын мәнiсiнде елдiң ықыласын аударып, бас изетiп мақұлдатқан бiрегей бiреуi осы Ыбырай ақсақал едi.

Оңтүстiк Кореяның Гоянг қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем бiрiншiлiгiнде Қазақстан құрамасының ауыр атлетшiлерi толағай табысқа кенелдi. Өткен аптаның басында 53 келi салмақ дәрежесiнде ел намысын қорғаған жерлесiмiз, он алты жасар Зүльфия Шиншанло алтыннан алқа тағынып, Гиннестiң рекордтар кiтабына енсе, артынша 63 келi салмақта күш сынаған Майя Манеза да Қазақстан құрамасының қоржынын алтынмен толықтырды. Ерлер арасындағы сайыс­қа келер болсақ,

Сенбi күнi Алматының мемлекеттiк циркiнiң аренасында кәсiпқой бокстан PABA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағы сарапқа салынды. “Жерсу” корпорациясы мен Марат Мәзiмбаевтың промоутерлiк компаниясы ұйымдастырған бокс кешiне Ресей, Өзбекстан, Тайланд, Грузия және Қырғызстан елiнiң боксшылары қазақстандық боксшыларға қарсылас атанды. Жетi бiрдей дәреже көтеру жекпе-жегi өткен бокс кешiнде отандасымыз Мейiржан Жақсылықов тайландтық боксшымен Азия чемпиондығы атағына таласты.

Волейболдан келесi жылы Жапонияда өтетiн әлем бiрiншiлiгiне қатысатын Қазқстан әйелдер құрамасының қарсыластары белгiлi болды. Қазанның 29-ы мен қарашаның 14-i аралығында өтетiн әлемдiк жарыста жерлес­терiмiз С тобына түстi. Нелли Щербакова баптайтын елiмiздiң бойжеткендерi Куба, АҚШ, Германия сынды елдердiң волейболшыларымен қатар, Тайланд пен Хорватия волейболшыларымен бiр топта ойнайтын болды.

Футболдан Чемпиондар лигасына қатысып жатқан командалар бесiншi тур ойындарын өткiздi.
Бесiншi турдың шымылдығын Қазанда “Рубин” мен Киевтiң “Динамо” футболшылары ашып, 0:0 есебiмен тең ойнады. Бұл екi команданың басты қарсыластары Испанияның “Барселонасы” мен Италияның “Интер” командалары арасындағы ойын 2:0 есебiмен испан футболшыларының пайдасына шешiлдi.