1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15451) 3 желтоқсан, бейсенбі 2009

КҮДIКТI — БЕЙКҮНӘ ЖАНҒА, КУӘГЕР — ҚЫЛМЫСКЕРГЕ АЙНАЛДЫ...

Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттiгiнiң Алматы қалалық департаментi басшысының орынбасары Айдын Жантелеевтiң үстiнен қозғалған қылмыс­тық iс тоқтатылды. Бұл туралы А.Жан­телеевтiң адвокаты Серiк Жуандықов «Время» газетiне мәлiмдептi. Қалай десек те, «құпия соғыс» мұнымен бiтпейтiнi анық. Әзiрге, ҰҚК-нi қаржы полиция­сы талдыра соқты. Бiрақ, мұнысы нокаут емес, жеңiл нокдаун­ға ұқсайды. Бұл аздай, кеше ҰҚК-нiң қамауында отырған М.Жәкiшевке қатысты мәселе бойынша Шабдарбаевқа Жәми­ла Жәкiшева және бiр соққы бердi. (Бұл туралы толық мәлi­меттi осы нөмiрдегi басқа мақаладан оқисыз — ред.)

Кеше Ұлттық баспасөз клубында Мұхтар Жәкiшевтiң жұ­байы Жәмила Жәкiшева шұғыл брифинг өткiзiп, сенсациялық мәлiмдеме жасады. Бұдан бiрнеше күн бұрын бүкiл әлемге танымал YouTube видеопорталында «Қазатомөнер­кәсiп­тiң» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкi­шев­ке қатысты бейнежазба жарияланып, жұртты дүрлiктiр­ген-дi. Онда М.Жәкiшев өзiнiң тұтқындалуының астарында не жатқанын ашық айтқан. «Мұның кiмге тиiмдi болғаны туралы көп ойланып, мынадай шешiмге келдiм: менiң қамауда отырғаным орыстарға, яғни Ресейге тиiмдi. Мен мұнда отырғанда солардың мүддесiн көздейтiн жұ­мыстар сұмдық жылдамдықпен iстелiп жатыр...» — деген ол әлгi бейнежазбада.

“Азат” ЖСДП белсендiлерi де аштық жариялайды

“Ел бiрлiгi” (“қазақстандық ұлт”) тұжырымдамасы 17 желтоқсанға дейiн керi қайтарылмаса, аштық жариялайтынын мәлiмдеген ұлт тұлғаларын “Азат” ЖСДП партиясы да қолдайды. Кеше баспасөз мәслихатын өткiзген оппозиция жетекшiлерi осыны мәлiмдедi. “Азат” ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай “Ел бiрлiгi” тұжырымдамасына өз қарсылығын бiлдiре келе мұның астарында “бiр ұлт жасап, соның “мәңгiлiк” президентi атану идеясы жатқанын” айтты. Бiрiккен оппозициялық партияның төралқа мүшесi Петр Своик те Қазақстан халқы ассамблеясында ұсынылған тұжырымдаманы қолдамайтынын бiлдiрдi. “Менiң ұлтым – орыс, бiрақ қазақ, ұйғыр, өзбек достарым өте көп, – дедi КСРО батыры Николай Кремениш,

«Бiз күрес жолын таңдадық!»

Уалибек Әбдiрайым, «Шаншар» театрының ұжымы атынан (12 адам); Ұлықпан Жолдасов, «Каспий», «Самал» топтарының жетекшiсi (8 адам); Сәкен Майғазиев, «МУЗарт» тобының мүшесi, ҚР Мемлекеттiк «Дарын» жастар сыйлығының иегерi; Ерғали Әбдiрайымов, «Жiгiттер», «Жалын» топтарының жетекшiсi (7 адам); Дiнмұхамед Серiкұлы, «Жебе» тобының жетекшiсi (5 адам); Бекжан Тұрыс, М.Әуезов атындағы академиялық театрдың әртiсi; Әншiлер: Асқар Жүнiсбеков, Бекболат Досыбаев, Қайрат Нұртас, Саят Медеуов, Айқын Төлепберген, Ақылбек Жеменей, Бейбiт Қорған, Нұрлан Қалжан, Жанболат пен Жазира, Ғадiлбек; «Серiлер» тобы (3 адам); «До-Мажор» тобы (3 адам); «Қоңыр» тобы (4 адам); «BR» тобы (2 адам); «Тарлан» тобы (2 адам); «Нұр-Мұқасан» тобы (2 адам); «Меломан» тобы (4 адам); «ДекМузик» тобы (2 адам).

Кеше «Талмас» қоғамдық қоз­ғалысы «үлескерлер мәселесiн қалай шешемiз?» деген сұрақты алға тартып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған «Азат» ЖСДП және Коммунис­тiк партиясының, «Қазақстан – 2012» және «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қоз­ғалысының өкiлдерi, бiрнеше компанияның үлескерлерi қатысып, өз пiкiрiн ортаға салды. – Үлескерлер мәселесiн шешуде әлемдiк дағдарысты алға тарту орынсыз. Бұл дағдарыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ, – деп сөз бастады Коммунистiк партиясының белсендi өкiлi Амантай Ахетов. – Бұл проблеманы шешуге билiк партиясының атсалысуы керек едi. Билiк азаматтарын далаға тастады, – дедi ол.

Атырау облыстық өлкетану мұражайында тұрған “Құрманғазының аңшы мылтығы” деп аталатын жәдiгердiң тарихы сот отырысының арқауына айналды. Оған 73 жасар қарт дәрiгер Төлеген Сағындықовтың Атырау облыстық мұражайына бұл мылтықтың күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының емес, оның арғы бабасы Пыштанай батырдың мылтығы екенiн көлденең тартып, жолдаған талап арызы себеп болған. Төлеген Сағындықовтың айтуынша, облыстық мұражайда тұрған XVII-XVIII ғасырда елiн жаудан қорғаған кiшi жүздiң ержүрек батырларының бiрi, берiш руынан шыққан Пыштанай Ерқосай­ұлының армия мылтығы “Ақбикеш”.

Рас болса, жақында бiр жас жiгiт араға адам салып жүрiп президенттiң алдына кiрiптi дейдi. Президентке кiрген соң “мен пәленше дегеннiң баласы едiм, соңғы кездерi жұмыстың мазасы болмай кеттi, мүмкiн болса, маған бiр қызмет бересiз бе?” деп әңгiменiң тоқетерiн айтыпты. Шынында, президент бұл жiгiт айтып отырған пәленшенi қатты сыйлайтын болуы керек, ойланбастан жiгiтке “осы бiр-екi күнде бiр министрдi жұмыстан босатамын, соның орнына министр боласың ба?” деген ғой. Сөйтсе, әлгi жiгiт президентке: “Басқа бiр... тұрақты жұмыс жоқ па?” – деген көрiнедi.

Жаңа жылдың бiрiнен бастап Қазақстан Беларусь және Ресеймен бiрге кеден одағына кiредi. Елге қымбатшылық әкелетiн бұл одақты қарапайым халық қуанышпен қарсы ала қоймасы анық. Сарапшылардың денi кеден одағын қолдайды. Алаңдататыны – Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлетсiздiгi. Сондықтан бұл одақ Қазақстанның экономикасына, дағдарыстан қиналған тауар өндiрушiлерiмiзге де үлкен сабақ болғалы тұр.

Қаржылық дағдарыс елiмiздегi зейнетақы қорларының әлсiз тұстарын айқындап бердi. Ең алдымен, банктермен еншiлес қорлардың терiс нәтиже­сiне көз жеткiздiк. Кәдуiлгi РЕПО операциясы арқылы зейнетақы қорының активтерiн қаржы көзiне айналдырған банктер болды. Бұл қорлар табысының төмендеуiне әкеп соқтырды. Бұл — бiр. Екiншiден, зейнетақы активтерiн салуға болатын тетiктердiң аздығы. Қорлар портфелiндегi мемлекеттiк, шетелдiк құнды қағаздар мен банк депозиттерi тәрiздi салым көздерiнен түсер табыс шамалы.

Мұхтархан Оразбай деген «оқымысты» ең әуелi «Қытайды қайран қалдырған қандасымыз Елдiбай ақын туралы не бiлемiз?» деген мақала жариялады (2007 жыл). Содан кейiн «Елiмен қауышқан Елдiбай ақын» атты арнайы кiтап («Әдебиет» баспа үйi, 2008 жыл) шығарды. Бұл кiтапқа Елдiбай ақынның өлеңдерiн бастырды. Осыдан бiраз бұрын «Елiбай. Ли Бай. Ли бо» деген кiтап басылып шықты («Қазақпарат», 2009 жыл). Бұл кiтапқа беташар-мақаланы қоғам қайраткерi Өмiрбек Байгелдi жазыпты. Осы кiтапқа енген «Жыр жұлдызы» атты мақаланы Сауытбек Абдрахманов жазған. Елдiбай ақын жөнiнде қытай тiлiн, қытай тарихын жетiк бiлетiн қазақ ғалымдары не дейдi? Солардың пiкiрiн бiлгiмiз келедi...» және т.т.

Футболдан Ресей құрамасының бас бапкерi Гус Хиддинкке әлемнiң ең танымал клубтары құда түсуде. Ресей құрамасына 2008 жылғы Еуропа бiрiншiлiгiнде жүлде әперген бас бапкердiң 2010 жылғы әлем бiрiншiлiгiне ресейлiктердi алып шығуға шамасы жетпедi. Осыдан кейiн-ақ “Гус Хиддинк Ресей құрамасынан кетедi екен” деген сыбыс қаулап қоя бердi.

Қазақстан құрамасының ауыр атлетшiлерi дүйсенбiден сейсенбiге қараған түнi Алматы әуежайына келiп қонды. Оңтүстiк Корея жерiнде өткен әлем бiрiншiлiгiнде 4 алтын, 1 қола медальға ие болған елiмiздiң ауыр атлетшiлерi ертесiнде бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткiздi.Журналистердiң басын қосқан жиын­ға елiмiздiң ауыр атлетика қауымдастығының президентi Қайрат Тұрлыханов пен Қазақстан ауыр атлетикасының бас бапкерi Алексей Ни, бас бапкердiң кеңесшiсi Энвер Түркеллери мен Оңтүстiк Корея жерiнде жүлде алған спортшыларымыз қатысты.

Редакцияға Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас кентiнен жанашыр оқырманымыз Серғазы Әбiлмажанов­тан хат келдi. «Құрметтi «Жас Алаш»! – деп бастапты оқырман өз хатын, – Өмiрден өткен ұлы адамдар артына құнды, маңызды дүниелер қалдырады. Сол дүниелердi кейiнгi ұрпақ көзiнiң қарашығындай сақтап, қастерлеп, содан үлгi алады, жанына шуақ табады. Осы ретте «Жас Алаш» газетi редакциясына бiр ұсынысым бар:

Жақында «Астана» телеарнасынан «Арман қала» телехикаясы басталды. Ә дегеннен А.Әшiмов, Л.Кәденова, Л.Нигматулина сынды кино майталмандарын көрiп қуанғанымыз сол едi, актерлерiмiз орысша сайрап қоя бердi. Бәрiмiз бiр дауыспен «Өө-өй!.. Бұнысы несi-ей!» – деп қалдық.

Шығыс Қазақстан облыстық бiлiм беру департаментiнiң назарына

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Тарбағатай ауылының орта мектебi туралы «Жас Алаш» бұрын да жазған. Өрiмдей оқушы қыздарға «ұятты жерiн» көрсетiп жүрген дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмiне қатыс­ты. Аудандағы ең үлкен ауылдың мектебiнде осындай былық-шылық болып жатқаннан кейiн басқадан не үмiт, не қайыр?!

Соңғы жылдары Алматыда Тәуелсiздiк күнi жақындаған кезде григорьян күнтiзбесiне негiзделген жаңа жылға дайындалу науқаны басталады. Жаңа жылға дайындалу неге 1-1,5 ай бұрын басталады? Мұның мақсаты – 16 желтоқсан Тәуелсiздiк мейрамын жаңа жылдың көлеңкесiнде қалдыру.