Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
М.Шаханов бастаған ұлт жанашырларымен бiрге (алдағы 17 желтоқсаннан бастап) бiз де аштық жариялайтын боламыз. Ұлтының жойылуын қаламайтын басқа азаматтарды да осындай қадам жасауға шақырамыз. Тұрсынбек КӘКIШЕВ, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұрғали НҮСIПЖАНОВ, Қазақстанның халық әртiсi, ҚР Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, Әшiрбек СЫҒАЙ, сыншы, ҚР Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, “Дарабоз” журналының бас редакторы, Бекжан ТҰРЫС, Мемлекеттiк “Дарын” сыйлығының иегерi, Аманхан ӘЛIМ, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Зәкiр АСАБАЕВ, жазушы.
«Ел бiрлiгi» доктринасының жобасы бiр елде өмiр сүрiп жатқан қилы тектi жұрттың қазаққа құрмет сезiмiмен қарауын қамтамасыз етпейдi, қайта, қазақты өз жерiнде диаспора дәрежесiне түсiрiп, турасын айтқанда, кемсiтедi. Егер «ел бiрлiгi» доктринасы мiндеттi түрде қабылдануы керек болса, онда ол осындай алтын өзектi арқау етуi тиiс. Қазiргi мазмұны оған мүлдем кереғар болғандықтан, жобаны керi қайтарған жөн. Сонда ұлт қайраткерлерiнiң аштық акциясы басталмайды. Сонда күллi елiн сүйген азамат ел бiрлiгiн нығайтудың басқа да адастырмас жолдарын табуға жабылып атсалысатын болады.
ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРIНIҢ САРБАЗЫ АЙДЫҢ-КҮННIҢ АМАНЫНДА МҮГЕДЕК БОП ҚАЛДЫ. ЖАУАПТЫЛАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛҒАН ЖОҚ ӘЛI
“Генерал болғысы келмейтiн сарбаз жоқ” деген қанатты сөз бар әскерилердiң арасында. Үшаралдық Жандос Боранбаев та “әскери қызметте өрлесем, халқыма пайдам тисе” деп 2004 жылы Шығыс әскер округi №40398 әскери бөлiмiне келiсiмшарт бойынша қызметке келiптi. Қызығы мен шыжығы мол әскери қызметке қабылдау туралы келiсiмшартқа қол қойып жатқанда сарбаз өз тағдырының таразысы осы бiр жапырақ қағаз екенiн бiлген де жоқ...
Жақында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев былай деп мәлiмдедi: «Қазақстандық мектептердiң 56,6 пайызы немесе 4288-i – шағын жинақы мектептер. Бұл мектептердiң көбi, анықтап айтсақ, 96,5 пайызы ауылдық елдiмекендерде орналасқан. Бұларда 405 мың бала оқиды. Шағын жинақы мектептердiң 18 пайызы күрделi жөндеу жұмыстарын талап етедi. Ал екi пайызы, тiптi апатты жағдайда... Соңғы үш жылда шағын жинақы мектептер 143-ке немесе 3,3 пайызға, ал оқушылар саны 27 мыңнан астамға немесе 6,3 пайызға азайды». «Қуырдақтың көкесi түйе сойғанда». Мәселе өзектi, күйiп тұр. Қалайша?
Каспий теңiзiнде он жылдан берi қырғын болып тұр. Мамандардың айтуынша, бүгiнде теңiз тiршiлiгiнiң елу пайызы жойылды. Ақпарат құралдары бұл шындықты жазуға әлсiз. Билiктен қорқады. Ендi мiне, теңiздiң болашағына қауiп төндi. Мәселен, сазан, көксерке, алабұға секiлдi қара балықтардың үстiне жара қаптады. Итбалық қырғынынан басталған сұмдық әлi жалғасуда. Балықтардың қырылу себебiн анықтауға жыл сайын арнайы алқа құрылады. Жыл соңында шешiм шығарады. Алайда, орындалып жатқан оң жұмыс жоқ. Керiсiнше, келесi жылы қырғын қайта басталады. Өйткенi
Көптен берi үнсiз жүрген «БТА Банкiнiң» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов елдi елең еткiзердей мәлiмдеме жасады. Ол аса беделдi «Нью‑Йорк таймс» газетiне берген сұхбатында түптiң түбiнде елге оралатынын және оның басты мақсаты — президент Н.Назарбаевты тақтан тайдыру екенiн мәлiмдеген. Американдық газет әңгiме ауанын тағдыры қыл үстiнде тұрған БТА‑дан бастапты. Шын мәнiнде, басылым Әблязовтi сөзге тартпағаны болмаса, ешқандай тосын жайттың басын ашпаған, тек бұрыннан белгiлi оқиғаны тiзiп берген.
Ештеңе ойламаңыз. Ойласаңыз, өзiңiзге қиын болады. Құдайым-ау, саясатта неңiз бар, отпен ойнамаңыз… Аяғыңыз аспанға, мұрныңыз жерге қарап қалады! Аузыңыз құлыптаулы есiк болады, жүрегiңiз шұрқ-тесiк болады. Бiр күнi “Жұмыс iстегiм келедi, жұрт қатарлы жал-жая тiстегiм келедi!” деп, ұнжырғам түсiп, көшеде көлеңкемдi тегiн сүйретiп келе жатқанмын. Бiр кезде екi полиция инспекторы екi жағымнан келдi де, аяғымды жерге тигiзбестен көтерiп ала жөнелiп, машиналарына ыңқ еткiзе салды.
– Қадiрлi Әшiрғали Көшiрғалиұлы мырза, сiздiң әдебиет сыншысы, әдебиетшi-ғалым екенiңiздi бiздiң газеттiң оқырмандары да жақсы бiледi. Осы ретте сiзге қояр бiр сұрағымыз бар. Жазушы Әбжан Алпысбаевтың жақында 70-ке келгенiнен де, сiздiң осы жазушы туралы зерттеу еңбегiңiздiң кiтап болып жарық көргенiнен де бiз жақсы хабардармыз. Мiне, осы жазушыны сiз өз кiтабыңызда, баспасөзде жарияланып жатқан мақалаларыңызда, зерттеу еңбектерiңiзде «көреген», «көсем», «абыз», «данышпан», «әулие», «кемеңгер», «дана» деп әспеттейсiз.
Егер арам ақшадан иiс шығатын болса, онда бiздiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмiз бен алпауыттарымыздың жанына жан баласы бара алмас едi. Мүңкiген иiстен.
***
«Жетiм көрсең жебей жүр» деген мәтел қазiргi күнi ескiрiп кеттi. Бүгiн модада: «Жетiм көрсең, ұстап алып, шетелге сат!»
P.S: Шетелге сатылған қазақтың жетiм балаларының саны 5 мыңнан асыпты.
«Қазақстан Республикасының әлеуметтiк, гуманитарлық дамуындағы аса үздiк жетiстiктерi, белсендi қоғамдық қызметтерi, мәдениет пен әдебиеттi дамытудағы айрықша үлесi үшiн ҚР Парламентi Сенатының депутаты Әбiш Кекiлбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ерi атағы» берiлсiн!» Мiне, желтоқсанның 5-i күнi ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды. Әбiш Кекiлбаев – тек қазақ әдебиетiнiң ғана емес, қазiргi әлем әдебиетiндегi үздiк жазушылардың бiрi. Мақтан тұтуға лайықты осындай көрнектi жазушымыздың «Қазақстанның Еңбек Ерi» деген мәртебелi де биiк атақты иеленгенiне оның оқырмандары да шын жүректен қуанады.
Жас ұрпақтың «бас тәрбиешiсiне» айналған «көгiлдiр жәшiктен» бүгiнде не көрсетiлмей жүр? Адамдық қасиеттен айыратын шетелдiк киноөнiмдерi аз болғандай, ендi қазақ фильмдерiн де отбасыңмен көруге ұялатын жағдайға жеттiк. Қазақы тәрбиеге тұнып тұрған фильмдердiң қазiрде сағымға айналып бара жатқаны өзегiңдi өртейдi екен.Қазақ фильмдерiнiң алтын қоры бұл күнде «Әке қорлығы», «Қараой», «Келiн» сынды мәнсiз де мазмұнсыз, қазақ мәдениетi мен менталитетiне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жиiркенiштi фильмдермен толыға түсуде.
«Аллажар» фильмi арқылы қалың көпшiлiкке танымал белгiлi режиссер Қалдыбай Әбенов Темiрбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын сотқа бермекшi. 1 желтоқсан күнi оны еш түсiнiктемесiз академия ректоры Арыстанбек Әлиевтiң бұйрығымен жұмыстан шығарыпты. Режиссердiң айтуынша, оны жұмыстан босатуға еш негiз жоқ. Сондықтан, ол өзiнiң қызметтен шеттетiлуiн 17 желтоқсан күнi ұлт жанашырларымен бiрге аштық жариялайтынын мәлiмдегенiмен
Өткен жұма күнi Оңтүстiк Африка Республикасының астанасы Кейптаун қаласында футболдан 2010 жылғы әлем бiрiншiлiгiнiң жеребесi тартылды. Iрiктеу ойындарынан үздiк шыққан отыз екi ұжым төрт-төрттен сегiз топқа бөлiндi. Келесi жылдың 11 маусымында жалауын көтеретiн әлемдiк жарыс тура бiр айға созылады. Жарыстың тұсаукесер ойыны Оңтүстiк Африка Республикасы мен Мексика арасында өтедi. Әлем бiрiншiлiгiнiң бас жүлдесi қай командаға бұйыруы мүмкiн деген сауалға келер болсақ, әлемдiк футбол мамандары Испания мен Англия және Бразилия құрамаларына көбiрек бүйрек бұрады. Десек те,
Келесi аптаның сәрсенбiсi мен бейсенбiсiнде футболдан Еуропа лигасына қатысып жатқан командалар топтық ойындарын аяқтайды. Он екi топқа бөлiнiп күш сынасып жатқан командалардың арасынан он бес команда 1/16 финалының жолдамасын күнi бұрын иеленiп қойды. Ендi келесi аптада қалған тоғыз команда белгiлi болады.
Желтоқсанның 5-6-сы күндерi Қызылордада қазақша күрестен Азия бiрiншiлiгi өттi. Екi күнге созылған байрақты бәсекеде қазақ елiнiң палуандары 3 алтын, 1 күмiс, 6 қола медаль жеңiп алды. Құрлық бiрiншiлiгiнiң Сыр елiнде өткiзiлуiнiң де сыры бар. 2005 жылдан берi өткiзiлiп келе жатқан Азия бiрiншiлiгi биыл Қытайдың Үрiмшi қаласында өтуi тиiс едi. Алайда, Үрiмшiдегi қандастарымыз биылша Азия бiрiншiлiгiн өткiзуден бас тартыпты.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқына, қазақ жастарына ауыр тидi. Қанша азамат жұмыстан қуылды, үйдiң кезегiнен алынып тасталды, қаншама студенттер оқудан шығарылды. 99 адам сотталды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова құрбан болды.
Менiң аты-жөнiм – Қалман Қочигит. Ұлтым – қазақ. Түркияда туып-өстiм. Қазiр Алматыда, қазақ-түрiк бизнес орталығында қызмет iстеймiн. Тарихшы Әлiмғазы Дәулетханның «Жас Алаш» газетiнен «Жалған тарих жасау –жалған ақша жасағанмен бiрдей сорақы қылмыс» деген сұхбатын оқып шығып, Мұхтархан Оразбай туралы өз бiлетiнiмдi ортаға салайын деп шештiм.
Қазақ үшiн ең киелi мерекелердiң бiрi – Тәуелсiздiк күнi. Отарлық езгiден кейiнгi Одаққа тәуелдiлiктi тәрк еткен Желтоқсан көтерiлiсiне биыл 23 жыл толады. Қазақстанның егемендiгi, қазақ халқының намысы, әлеуметтiк теңдiгi үшiн Мәскеудiң өктемдiгiне ашық қарсы шыққан жалынды жастардың бүгiнгi жағдайы мәз емес.