1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (15453) 10 желтоқсан, бейсенбі 2009
коллаж

Қауiпсiздiк кеңесiнiң Астанада өткен отырысы осыны аңғартты.
Ал Шаяхметов ҰҚК-нi қанша уақыт басқарады?

Дүйсенбi күнi ҰҚК-нiң төрағасы Амангелдi Шабдарбаев қызметiнен кетiп, президенттiң кеңесшiсi болып тағайындалды. Анығын айтқанда, кетiрдi оны. «Кiлем астындағы күреске» әбден әккiленген Сарыбай Қалмырзаевтан оңбай ұтыл­ғаннан кейiн-ақ оның бұл қызметте ұзақ отырмайтыны белгiлi болып қалған-ды. Шабдарбаев ҰҚК-ге төраға болып келгелi берi басынан қиқу арылмай-ақ қойды. 2006 жылы мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбай­ұлына жасалған саяси террорлық әрекетке қатыс­қан «Арыстан» арнайы жасағын бiр кездердi оның тiкелей басқарғаны белгiлi...

 ОДАН ЖӘБIР КӨРГЕНДЕР ПРЕЗИДЕНТКЕ АШЫҚ ХАТ ЖОЛДАП, ҚОҒАМДЫҚ КОМИТЕТ ҚҰРМАҚ

Сейсенбi күнi шымкенттiк Алтын Үсенова, Зубукүл Садықова, Жанат Рүстемова және алматылық Оразалы Сақаев «Азат» ЖСДП-ның кеңсесiнде баспасөз мәслихатын өткiзiп, президент Н.Назарбаевтың атына мәлiмдеме жолдады. Арызданушыларды заңгер Талас Сағымбаев бастап келiптi. Президентке жолданған мәлiмдемеде былай делiнген: «Бiз сiзге конституциялық құқығымыздың кепiлi деп мәлiмдеме жолдап отырмыз. Өйткенi, әдiлеттiлiкке жету жолында барлық сатыдан өтсек те, шындыққа жете алмадық. Мұның бәрi «ХАСЕР-КЗ» ЖШС-ның алаяқтық әрекеттерiнiң салдарынан болған жайт.

«ЖIБЕК ЖОЛЫН» МЕМЛЕКЕТТIҢ ӨЗI САТЫП АЛСЫН», – ДЕЙДI САУДАГЕРЛЕР

Алматыдағы халықарлық «Жi­бек жолы» автобөлшек сауда орталығында дүрбелең туғанын бұдан бұрын жазған болатынбыз («Жас Алаш». № 95, № 96). Онда атал­ған базардың жат қолына өтуi мүм­кiндiгiн, саудагерлердiң наразылық шарасын ұйымдастырғанын, олардың басты талаптарын, сондай-ақ мемлекетшiл мырзалардың үйiп-төккен уәделерiн тiлге тиек еткен­бiз. Көп уақыт өтпестен саудагерлер «Отандық базарды қорғаймыз» қоғамдық кампаниясын құрды. Бүгiнде жұдырықтай жұмылып, бiр жеңнен бас, бiр жағадан қол шығаруда.

“Елбiрлiгi” доктринасына қарсылық күннен-күнге күшейiп келедi. Бiр топ ұлт тұлғаларының қатарына зиялы қауым өкiлдерi, саяси партия жетекшiлерi, мерзiмдi басылым басшылары, Желтоқсан көтерiлiсiне қатысушылар мен жас буын өкiлдерi белсендi түрде қосылып жатыр. Аштық жариялаушы топтың атынан келген белгiлi ақын Мұхтар Шаханов, танымал театр режиссерi Асанәлi Әшiмов, жазушы-драматург Дулат Исабеков, филолог, ғалым Тұрсынбек Кәкiшев, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай, саясаттанушы Айдос Сарым мен “Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық бiрлестiгiнiң жетекшiсi Бейсенғазы Сәдуұлы кеше журналистер үшiн баспасөз мәслихатын өткiздi.

«Айқын» газетiнiң 8 желтоқсан күнгi санында Қазақстанның халық әртiсi Досхан Жолжақсыновтың «Менi «қол қойды» деп, сыртымнан тiзiмге енгiзiп жiберiптi» деген сұхбаты жарық көрiптi. Онда халық әртiсi өз ойын былай шегелептi: «Мен саясаттың адамы емеспiн. Жалпы, ұлтқа үлесiн қосқысы келсе, әркiм өз орнында қоссын. Ақынсың ба – өлең жаз, актерсiң бе – ойна, режиссерсiң бе – қой, әншiсiң бе – айт!» дейдi. Дұрыс-ақ. Айналаңның бәрi тып-тыныш, мамыражай шақта осылай етуге болады.

“ХАЛЫҚ ҮНI” ГАЗЕТIНIҢ ҰЖЫМЫ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ» БОЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙДI

“Ел бiрлiгi” доктринасының жобасы бүгiнде қып-қызыл даудың өзегiне айналғанын көрiп отырмыз. Бiз журналистер ретiнде “ел бiрлiгi” доктринасы мен Мұхтар Шаханов мәлiмдемесiне бейтараптық танытуға тиiс екенiмiздi түсiнемiз және солай болады да. Бұл — бiздiң кәсiби қызметiмiздiң талабы. Яғни, газет бетiнен “ел бiрлiгiн” қолдаушыларға да, қарсылық танытушыларға да орын табылады. Бiз әрбiр оқырманымыздың көзқарасымен санасуға ниеттiмiз. Бұл — кәсiби қызметiмiздiң тұрғысынан бiлдiрген ұстанымымыз.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХV сессиясында ұсынған «ел бiрлiгi» доктринасы қоғамда үлкен дүрбелең туғызды. М.Шаханов бастаған ұлт патриоттары билiкке өз уәжiн айтып, «ел бiрлiгi» доктринасын керi қайтаруды талап еттi. Егер Ақорда ұлт тұлғаларының бұл талабына құлақ аспаса, зиялы қауым өкiл­дерi, өнер қайраткерлерi мен жастардың үлкен шоғыры 17 желтоқсаннан бастап аштық жариялайтыны туралы жұртшылыққа мәлiм­дедi. Осындай қиын-қыстау кезеңде әр азаматтың бетпердесi ашыл­ғаны анық. Әншейiнде «ұлт патрио­тымын» деп кеуде қағатын тұлғалар шешушi сәт келгенде сырт айналып шыққаны өкiнiштi-ақ.

Шынында, Жамбыл облысының су жаңа әкiмi Қанат Бозымбаевтың шыдамы бiр аптаға ғана жеттi. Тегiнде жаңа әкiм бұрын көрмеген, бiлмеген ел-жұртпен танысып, содан кейiн ғана кадрлық мәселеде бiр шешiм қабылдаушы едi. Бiрақ, өткен дүйсенбi­де қызметке тағайындалған Қ.Бозымбаев бұл дүйсенбiде бiраз кадрлық өзгерiстер жасап тастады. Қалаға бiр шығып келдi де, Та­раз қаласының әкiмi Iлияс Тортаевты қызметiнен босатты. Далаға әлi бiр мәрте де шыққан жоқ, облыстың ауыл шаруашылығы және құрылыс саласына жетекшiлiк ететiн бiрiншi орынбасары Ермек Үсенбаевты орнынан жұлып түстi.

Қазақстан мұнай көлемi жөнiнен ТМД‑да екiншi орында, ал мұнай тасымалдау бойынша әлемдегi алғашқы ондыққа кiредi. Қазақстанның шикiзат саласын сөз еткенде, әуелi мұнай өндiрудi ауызға алатынымыз содан. Ал елiмiздiң газ өндiру мен тасымалдау саласы онша‑мұнша танымал емес. Қазақстандағы газ қоры 3 триллион текшеметр­ге жететiнiне қарамастан, мұның бiр ұшы тағы мұнайға кеп тiреледi. Мұнайдың газ өндiруден гөрi көптеген артықшылықтары бар. Инвестициялық жағынан да тартымды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ IСКЕ АСЫРУДА КӨШБАСЫНДА

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өткен жұмада шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң отырысында былай дедi: “Бiз Кеңес өкiметi кезiндегiдей немесе орыс патшасы кезiндегiдей бiржақты экономиканың ықпалында қала алмаймыз. Бiз өмiр бойы тек шикiзат өндiретiн мемлекет болып қалуға да хақымыз жоқ. Ондай ел болғымыз келмейдi. Мен мұны сiздерге жауапкершiлiкпен айтып тұрмын”. Тек шикiзат көзi ғана болып қалудың жөнi жоқ екенiн президент Н.Назарбаев алқалы жиындарда жиi айтып жүр. Әсiресе, бұл мәселе өңiрлер үшiн өте маңызды. Мәселен

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ IШКI IСТЕР ДЕПАРТАМЕНТIНIҢ БАСТЫҒЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР МЕЙIРХАН ЖАМАНБАЕВТЫҢ НАЗАРЫНА!

Жақында “Жас Алаш” газетiнiң редакциясына тоғыз жолдың торабында жатқан Шу қаласы маңындағы Алға ауылынан арыз түстi. Арызға осы ауылдың 18 тұрғыны қол қойыпты. Бiз бұл хаттың мән-жайын анықтау үшiн Жамбыл облысындағы тiлшiмiз Оралхан ДӘУIТКЕ жiберген едiк.

Шетелдегi 40 миллиард доллар тұрақтандыру қоры қайда, неге тұрмыс қиындаған кезде ол қаржы барлық сайлауды «ойдағыдай өткiзiп», халықты ұйымдастырып 80-90-100 пайыз дауысты «сыйға тартып» берiп жүрген мұғалiмдерге, дәрiгерлерге, қарапайым қызметкерлерге уәдеге сай берiлмейдi? Әлде олар сайлау кезiнде ғана керек пе? Шераға, неге сiз секiлдi, көзi ашық, көкiрегi ояу, ұлтымыздың беткеұстар зия­лы патриот ақсақалдары мен қарасақалдары осы сұрақтарға жауап iздемейдi. Әлде сiздерге бәрiбiр ме?

Биыл Астананың 11 жылдық тойы үш күн қатарынан тойланды. Бұған қанша қаражат кеттi, қанша қонақ шақырылды? Айналып келгенде, мұның бәрi халықтың қаражаты емес пе? Осы шаралардың қажетi қанша деп ойлаймын кейде.

Чемпиондар лигасына қатысып жатқан еуропалық командалар сейсенбi күнi топтық бәсекенiң соңғы тур ойындарын өткiздi. А, В , С және Д тобында өткен ойындардың барлығы да тартыс­ты өттi.

Желтоқсанның 5-6-сы күндерi Алматының “Достық” спорт кешенiнде самбодан КСРО-ның спорт шеберi Құралхан Аққұловты еске алуға арнал­ған республикалық ашық турнир өттi. Қ.Аққұлов самбо күресiнен талай биiктердi бағындырып, КСРО-ның көлемiнде бiраз табыстарға қол жеткiз­дi. 1989 жылы Алматы-2 темiржол бе­кетiнде тiлсiз жаудың құрбаны болған Құралхан Аққұлов қайтыс болғаннан кейiн “Қызыл Жұлдыз” орденiмен марапатталды. Осыдан тура жиырма жыл бұрын Алматы-2 темiржол бекетiнде болған өрттiң салдарынан тоғыз адамның көз жұмғаны алматылықтардың есiнде. Бұлардың барлығы да өрт сөндiрушiлер. Құралхан Аққұлов ортамызда жүрсе, дәл қазiр 60 жасқа толар едi.

Қазақстан құрамасының гандболшы қыздары Қытайда өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнде өз тобында үш ойын өткiзiп, үшеуiнде де жеңiлiс тапты. Лев Яниев­ баптайтын елiмiздiң бойжеткендерi Д тобындағы алғашқы ойынын Оң­түстiк Корея гандболшыларымен өткiзiп, 21:39 есебiмен жеңiлсе, артынша алаң иелерiмен ойнап, 13:25 есебiмен ұтылып қалды.