1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15454) 15 желтоқсан, сейсенбі 2009

16 желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi. Қазақ үшiн Тәуелсiздiк күнiнен артық, Тәуелсiздiк күнiнен қымбат мейрам болмақ емес және болмайды да! Бiрақ... Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялағанына да дәл 18 жыл толыпты. Осы 18 жылдың iшiнде бiз Тәуелсiздiктi тек қағаз жүзiнде ғана «iске асырдық». Ал iс жүзiнде бiз әлi тәуелдiмiз. Қазақтың тiлi, рухы, санасы тәуелсiздiк алмайынша, Қазақстанда ешуақытта мемлекеттiк тәуелсiздiк орнықпайды! Бұл – екi жердегi екiнiң төрт болатыны сияқты айдай ақиқат.

Ертең, яғни 16 желтоқсан күнi қазақ елi мемлекеттiк тәуелсiздiгiн атап өтедi. Бұл күн – қазақ ұлты үшiн ерекше қастерлi күн. Қазақстан өзiнiң мемлекеттiк егемендiгiн жа­рия­лаған күн ретiнде ғана емес, қазақ халқының тоталитарлы режимге бас көтерiп, Желтоқсан көтерiлiсi болған күн ретiнде ел бұл датаға айрықша мән-мазмұнмен қарайды. Себебi, 1986 жылы Алматыдағы Республика алаңында бас­тал­ған Желтоқсан оқиғалары қазақ тарихында Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет, Сырым Дат­ұлы тәрiздi ұлт тұлғаларының бiр кездегi бас көтеруiнен бiрде-бiр кем болған жоқ. Қайта 1986 жылғы көтерiлiс ол кездегi толқулар мен бас көтерулерден әлдеқайда қауiптi әрi қатерлi болды.

ДЕП ҰРАНДАТҚАН ҰЛТ ЖАНАШЫРЛАРЫ ҚЫТАЙ КОНСУЛДЫҒЫНА ХАТ ЖОЛДАДЫ

И.Тасмағамбетовтiң премьер-министр болған тұсында қабылданған “Жер кодексi” бойынша жердi сатуға рұқсат берудiң арты үлкен қауiпке апарып соқтырары жайында көп айтылды. “Ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында” кеткен қазақтың жерi шетелдiктерге де оңды-солды таратылуда. Оған Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың соя мен рапс өсiру үшiн Қытайдың 1 миллион гектар жер сұрап отырғанын шетелдiк инвесторлардың мәжiлiсiнде айтқан сөзi зиялы қауым өкiлдерiнiң, ұлт жанашырларының, оппозиция жетекшiлерi мен қарапайым халықтың ашу-ызасын тудырды.

Қарапайым адамды сыртта қалдырған жиынды Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов және президент әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi ұйымдастырды. Оған ақын Мұхтар Шаханов, жазушы-драматург Дулат Исабеков, танымал актер әрi режиссер Асанәлi Әшiмов, зиялы қауым өкiлдерiнен Смағұл Елубай, Бейбiт Қойшыбаев, Мұрат Әуезов, Болат Атабаев, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай, “Ұлт тағдыры” қозғалысының жетекшiсi Дос Көшiм, саясаттанушы Айдос Сарым және тағы басқалар қатысты. Бұл жерде де “ел бiрлiгi” доктринасының шикiлiгi, оның қажетсiздiгi жан-жақты дәлелдендi. Мiне, осы дөңгелек үстел әңгiмесiн оқырман назарына ұсынып отырмыз.
 

«Егемен Қазақстан» (11 желтоқсан, 2009 жыл) және «Айқын» (12 желтоқсан, 2009 жыл) газетiнде КСРО халық әртiсi Асанәлi Әшiмовтiң «Айқаймен ақиқат айтылмайды» деген мақаласы жарыққа шықты. Мұндағы пiкiрлер «ел бiрлiгi» доктринасына қарсы шығып, ұлт жанашырларының қатарынан табылған Асанәлi Әшiмовтiң пiкiрiне мүлде ұқсамайды. Дәл осы сөздi А.Әшiмов өз аузымен айтты ма, әлде... Анық-қанығын бiлiп, ақ-қарасын айыру үшiн Асанәлi Әшiмовке қоңырау шалдық. А.Әшiмов былай дедi:

БҰЛ – КҮРЕСПЕН КЕЛГЕН ЖЕҢIС!

Дүйiм жұртты дүрлiктiрген, қоғамның салауатты, ұлтжанды тобы қабылдамаған «ел бiрлiгi» доктринасын талқылауды тоқтату жөнiндегi көпшiлiк талабы орындалды. «Мемлекеттiк тiл» қоғамдық қозғалысы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мұхтар Шахановтың атынан жолданған, аштық жариялауға дейiн баруға бел буған қалың қауымның хатына жауап келдi. Қойылған талаптарға байланысты Президент әкiмшiлiгi басшысының орынбасары М.Әшiмбаев төмендегiдей жауап берiптi:

Мiне, бүгiнгi Қорқыт ата атындағы университеттiң жағдайы осылай. Өткен айдағы ҚР Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев Ауғанстанға барып, 50 миллион доллар бөлiп, ауған жастарын оқытатынын естiп едiк. Бұл қай мақтан­ғанымыз? Сонда Қ.Саудабаев мырза өз елiнде ақысын төлей алмай жатқан жастарды бiлмегенi ме?

Желтоқсаншылар ағаларына дәл осылай айтқан-ды

1986 жылдың 17 қыркүйегi. Таң­ертеңгi уақыт. Жатақханадамын. Жiгiттер: “Алаңда митинг болайын деп жатыр. Қонаевты орнынан алып тастапты”, – дедi. Елмұрат, Нұрлан, үшеумiз сабаққа дейiн алаңға барып қайтуға келiстiк. Алаңға да жеттiк. Жиырма шақты қыз-жiгiттi көзiмiз шалды. Тiл­дестiк. Мәскеу 16 минуттың iшiнде Қонаевты алып, орнына Колбинды қойыпты. Лезде институтқа оралдық. Бiздердi топ старостасы қарсы алды. Рашид: “Қайда жүрсiңдер? Сендердi куратор iздедi. Сабақта болмаған студенттердiң тiзiмiн алып, деканға тапсырды.

Ресейдiң ғарыш саласы мамандарының Талғат Мұсабаевқа деген өкпесi қара қазандай. Орыс баспасөзi Қазақтың Ұлттық ғарыш агенттiгi Ресейдiң “Байқоңыр” ғарыш айлағына жеке-дара қожалық етуге жол бермеуге ұмтылуда деп хабар таратты. Әйтеуiр, орыс БАҚ-тарының байбаламына сенсек, осы агенттiктiң төрағасы жалға алу мерзiмiне қарамастан, яғни 2050 жылды күтпей-ақ бiрқатар жаңа әрiптес iздей бастапты. Олардың қатарында Израиль, Үндiстан, Украина және басқа да елдер бар.

ЖӘКIШЕВ IСIН АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ СОТЫ ҚАРАЙДЫ

“Қазатомөнеркәсiп” акционерлiк қоғамы ұлттық компаниясының бұрынғы пре­зидентi Мұхтар Жәкiшев пен оның оққағары Талғат Қыстаубаевтың iсi Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотына берiлдi. Бұл жөнiнде желтоқсанның 10-ы күнi Астанада Қазақстан Бас прокуратурасының ресми өкiлi Нұрдәулет Сүйiндiков мәлiмдедi. Жәкiшевке ұйым­дас­қан топ құрып, мемлекетке iрi көлемде материалдық залал келтiрдi және мердiгер кәсiпорын басшыларынан iрi көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Қазақ бiрiнен-бiрi амандық-саулық сұрасқанда: «Мал-жаның аман ба?» – дейдi. Осыда үлкен мән бар. Малың аман болса, жаның да аман. Халықтың байырғы кәсiбiн құрметте­ге­нiнен де шығар, Сыр өңiрi де мал шаруашылығынсыз тұрмысын елестете алмайды. «Алаштың анасы» — Сыр өңiрi бағзыдан ауыл шаруашылығына арқа сүйейдi. Тоқсаныншы жылдардың басындағы аласапыран кезеңде Сыр бойында ғана емес, бүкiл қазақ жерiнде мал шаруашылығы кенжелеп қалды. Ес жиғанымыз ендi-ендi ғана.

Украиналық кәсiпқой боксшы Виталий Кличко WBC тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын сәттi қорғап шықты. Американдық Кевин Джонсонмен қолғап түйiстiрген В.Кличко он екi раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласын ұпай санымен ұтты.

Әзiрбайжанның астанасы Бакуде бокстан АИБА президентiнiң кубогы сарапқа салынды. Бұл сында ел намысын қорғаған қазақ елiнiң боксшылары елiмiзге 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола медальмен оралды.

Өткен аптаның сәрсенбiсiнде футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасына қатысып жатқан командалар топтық ойындарды қорытындылады.