1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15455) 22 желтоқсан, сейсенбі 2009

АҚОРДА СӨЗIНДЕ ТҰРМАСА, ХАЛЫҚ НАРАЗЫЛЫҚ ШАРАСЫН ТОҚТАТПАЙТЫНЫН МӘЛIМДЕДI

Желтоқсанның 16-17 күндерi дүйiм жұрт дүрлiгiп, дүбiрлi додаға дайындалғандай күйге түстi. Ақорда саясатына наразы топтар Республика алаңына шығып, қарсылық акцияларын ұйымдастыру тiрлiгiне кiрiстi. Осы екi күнi билiктiң де дегбiрi қашып, “наразылық акциялары халықтық толқуға ұласып кетпей ме?” деген күдiк-күмән бойын биледi. Бұған негiз де жоқ емес. Өткен аптада орын алған қарсылық шаралары жұртшылықтың бүгiнгi билiкке қатты наразы екенiн аңғартты.

Қазақстан тәуелсiз мемлекет атанғалы берi ұлттық мүдде, ұлттық мақсат-мұрат аяқасты етiлiп, бүгiнгi билiк қазақ мәселесiне мойын бұрмай келдi. 18 жылдан берi “Мемлекеттiк тiл туралы” заңның қажеттiгi жайында талай айтылды. Ақорда бұл мәселеге де бет бұрмады. Мемлекеттiк тiл проблемасы, қазақ ұлтының мәселесi айтылған жерiнде қалып отырды. Қазақтың жер асты байлығы шетелдiктердiң, жоғары лауазымды шенеунiктердiң еншiсiнде кеттi. И.Тасмағамбетов бастаған үкiмет “Жер туралы” кодектi күштеп қабылдатып, қазақтың ата-бабасы ғасырлар бойы қорғап келген жердi де оңды-солды таратуға мүмкiндiк жасады.

“ЖЕР – МЕМЛЕКЕТТIҢ ТIРЕУI ӘРI БАСТЫ ӨЗЕГI. БIР ТҰТАМ ЖЕРДI ДЕ ҚЫТАЙҒА БЕРМЕЙМIЗ!” Ғұн патшасының бұл өсиетiн ұмытуға бiздiң хақымыз жоқ

III ғасырда билiк басына келген ғұн қолбасшысы Мөденiң ақыл- парасаты, көреген саясаты арқасында қазақ жерiн мекен еткен түрiк тайпалары күш-қуаты мол құдiреттi елге айналды. Ұлан-ғайыр даланы мекен еткен үш жүз мыңға жетер-жетпес ғұн тайпалары үшiн ең басты қауiп – 50 миллион халқы бар Қытай империясы болатын. Бiр күнi қытайлық дун-ху тайпасы ғұндардан олардың асыл тұқымды тұлпарларын талап етедi.

Таяуда Астанаға Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао Орталық Азиялық жоба – «Түркiменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» газ құбырының қазақстандық учаскесiн ашуға өзi келдi. Салтанатты шараға қатысқан екi елдiң мемлекет басшылары бұл екi елдiң экономикалық қарым-қатынасындағы iрi жобалардың тек басы ғана деп мәлiмдедi.

“Ракурс” экономикалық талдау орталығы Қазақстан мен Ресейдегi ЖIӨ-нiң соңғы көрсеткiштерiн талдап, қай елде рецессияның терең екенiн анықтапты. Осы салыстырмалы статистика мен сараптамаға сүйенсек, Ресейдiң экономикасы 2009 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанмен салыстырғанда қаттырақ төмендеген. Ресми деректер бойынша Ресейдiң көрсеткiштерi 10 пайызға, ал Қазақстандiкi 2,4 пайызға құлдыраған. “Ракурстың” пайымдауына қарағанда, бұл айырмашылық екi ел экономикасының әртүрлi екенiне байланысты.

– Жеңiл өнеркәсiп – экономика үшiн өте маңызды саланың бiрi. Шетелдiк тәжiри­беге көз жүгiртейiк. Айталық, Түркияда жалпы iшкi өнiмнiң 10 пайызы және бюджеттiң 40 пайызы жеңiл өнеркәсiп есе­бiнен құралады. Ал Қытайда бұл сала жалпы iшкi өнiмнiң 12 пайызын, бюджет­тiң 25 пайызын қамтамасыз етедi. АҚШ, Франция, Германия тәрiздi дамыған елдерде де жеңiл өнеркәсiп жолға қойыл­ған. Бiр қарағанда, мұндай алпауыт елдерге жеңiл өнер­кәсiптi дамытудың қажетi қанша деген сұрақ туындайды. Бiрақ, көптеген сарапшылар ел экономикасын жеңiл өнеркәсiптiң жай-күйiне қа­рап бағалайды

Осы бiр «2030» деген сиқырлы сан шыққан бетте арзан сөзге әуелден бай бiз шiркiн не демедiк?!. Экономикамыз арамшөптен бетер қаулап жөнелетiнiн, мәдениетiмiз май жаққан қоныштай құлпыратынын, бiлiмiмiз бiлектiге мыңды жығып бере салатынын, ғылымымыз ғарыштың төбесiне ту тiгетiнiн, демократиямыз ұзатылатын қыздай көркемделетiнiн, төрт түлiк малымыз даламызға симай жататынын, шөбiмiз шабылмай шiритiнiн, астығымыз жинап алуға бой бермей қар астында қалатынын... не керек, сол 2030 жылы Қазақстан әнеу әлгi Никита Хрущев уәде еткен коммунизмнiң төрiне жайғасатынын жарыса айттық та, жағаласа жаздық та.

«Ел бiрлiгi» доктринасы үкiмет үшiн қызмет жасай ма, әлде халық үшiн бе? Халықты бiрiктiре ме, жоқ әлде елдi ашындырғысы келе ме? Белгiсiз. Себебi, дәл қазiр сыңар езу, бiржақты дәл осындай заң көп. Ұлттық намысқа тырысудан қалдық. Әрбiр заңнын артында кiм тұр, не үшiн жасалып жатыр, бiлмеймiз.

2009 жылдың 15 қазанында «Жас Алаш» газетiнде (№83) журналист Ерiк Рахымның «Тарбағатайлықтар Астана жаққа емес, Өскемен жаққа елеңдейдi...» атты мақаласы жарияланды. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы осы мақала бойынша тексеру жүргiздi. Тексеру барысында мақалада көрсетiл­ген заң бұзушылықтар анықталды.

Бүгiнгi таңда жұмыс iстеп жүргендердiң әрқайсысы дәулеттi зейнеткер бола алады. Ол үшiн қазiр­ден бастап саналы түрде шешiм қабылдап, қаржы­лық деректемелердi бар ықыласымен зерттеп отырса болғаны. Бiрден айтайық, әңгiме зейнетақы капиталы жайында болмақшы. Бiртүрлi тосын естiледi, солай ма? Бiз «зейнетақы ақшалары» деген анықтамаға көбi­рек үйренiп қалғанбыз. Бұл да дұрыс. Бiрақ, толығымен емес. Өйткенi, бiздiң ЖЗҚ зейнетақы есепшоттарында жатқан ақшалар, қалай болғанда да, болашаққа салған инвестицияларымыз болып табылады

МҰНЫ ӘЛЕМДIК ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ДӘЛЕЛДЕП БЕРДI

Өткен жылы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры құрылған кезде қоғамдық пiкiр екiге бөлiнгенi рас. Алғашқылары: «Дағдарыс кезiнде екi үлкен даму институтының басы бiрiктiрiлгенi дұрыс, жөн болды. Елiмiзде тоқырауға қарсы тұратын қауқарлы күштiң қажеттiлiгi байқалған едi», – десе, екiншiлерi: «Бюджеттiң iшiнен тағы бiр бюджет құрылды. Бiр мемлекетке екi әмиян­ның керегi не?» – дегенi рас. Ел iшiнде мұндай әңгiме болмады емес, болды. Дейтұрғанмен, «Самұрық-Қазына» мемлекет басшысының, үкiметтiң үдесiнен шықты деп ауыз толтырып айтуға негiз бар. Бұған бiздiң арада бiр жыл уақыт өткенде көзiмiз анық жеттi.

“Депутаттық – атақ емес, аманат, аманатты жүрегi таза азамат қана көтере алады. Мен соған сенемiн”. Иә, бұл Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Өмен Байшығашевтiң депутаттықа түсер алдында өз сайлаушыларына ағынан жарылып айт­қан сөзi. Тауып айтылған сөз. Тiптi, оқып отырып “алда, азамат-ай, ел үшiн, халықтың қамы үшiн туған ер екен ғой” деп ет-жүрегiңнiң езiлетiнi анық. Жалпы алғанда, “мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық” деген қағиданың қазығы болып тұрған жергiлiктi мәслихаттарға халық үлкен үмiтпен, құрметпен қарайды.

Президенттiң айтқаны қаншалықты шындыққа жанасады? Жалпы қазақ киносының қазiргi ахуалы қандай? Шетелдiк фестивальдердiң жүлдегерi атанып жүрген “Қазақфильм” туындылары қарапайым қазақ көрерменiне неге жақпайды? “Рух пен Тiл” клубында өзiн “Қазақфильмге” оппозиция санайтын, қазақ көрерменiне “Жаралы сезiм”, “Жетiмдер”, “Астанаға көктем кеш келедi” сынды туындыларымен танылып үлгерген әуесқой режиссер Еркiн Рақышевпен болған әңгiмемiз осы сауалдар төңiрегiнде өрбiдi.

Өткен сейсенбiде “Айтпарк” пiкiр-сайыс клубының кезектi қонағы киносценарист, режиссер Ермек Тұрсынов болды. Қонақтың өмiрбаянына қысқаша тоқталып кетсек, ол “Избиратель” атты тәуелсiз газеттiң алғаш­қы редакторы болып қызмет атқарды. Бiр кездердегi “Невада-Семей” қозғалысының белсендi мүшесi. “Қазақстан” телерадиокомпаниясын президент ретiнде басқарды. Сол кезде жалалы болып, ҰҚК абақтысында бiрнеше күн отырды. Күдiк сейiлген соң, ол АҚШ-қа кетiп, мұхиттың ар жағында бiрнеше жыл өмiр сүрдi. Елге қайтып оралған соң 2004-06 жылдары “31 арна” телерадиокомпаниясында атқарушы директор қызметiн атқарды. Соңғы жылдары киносценарист және драматург ретiнде көрiнiп жүр. Қоғамның бiр бөлiгi өре түрегелiп қарсы болғанымен, алғашқы түсiрген “Келiн” фильмi Қазақстан атынан Оскар сыйлығына ұсынылды. Ермек Тұрсыновтың “Айтпаркте” айтқан пiкiрлерi төмендегiдей.

Үлкен Аралдың экожүйесi көз алдымызда өзгерiп жатыр. Қазiрге дейiн құрып бiтпеген жәндiктер жанталасып, артына ұрпақ қалдыру үшiн мутацияға түсуде. Бұл –тiршiлiк үшiн күрестiң нақты мысалы. Аралдың кеуiп қалған бөлiгiнен қазiр мұнай iздестiрiлуде. Infox.ru сайтының тiлшiсiне сол маңдағы орыс ғалымдары Аралдың қазiргi ахуалы жайында мынадай жайттарды баяндап берген.

Қазақстан климаты әлемдегi орта көрсеткiшпен салыстырғанда екi есе жылдам жылып келедi. “2010-20 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы” атты мемлекеттiк бағдарламада осындай мәлiмет келтiрiлген. “Климаттың жылынуы мәселесi Қазақстан үшiн де өте өзектi. Елiмiздiң аумағындағы орта температура деңгейi 100 жыл iшiнде 1,8 С-ге өскенi байқалды. Бұл әлемдiк көрсеткiштен екi есеге артық”, – деп көрсетiлген бағдарламада.

Дағыстанда 9 айлық Али Якубов деген нәресте бүкiл әлемнiң ақпарат құралдарын назарын өзiне аударды. Оған себеп – баланың денесiне хадистердiң жазылып шығатыны. Қасиеттi жазулар адамды тәубеге келiп, Аллаға мойынсұнуға шақырады. Ғажайып бала Дағыстанның Кизляр ауданының Краснооктябрь ауылында туған. Алидi көру үшiн бұл ауылға Солтүстiк Қап өңiрiнен күн сайын 300-400 адам келедi екен. Ингушетия мен Қабардин-Балқариядан, тiптi Сауд Арабиясынан да делегация­лар келген.

АЮЛАР БАЛДЫ ҰНАТПАЙДЫ!

ВВС “Аюлармен серуен” атты деректi фильм түсiрдi. Онда америкалық биолог Линна Роджерстiң аюлар туралы кең таралған аңыздарды жоққа шығарып, аю мiнез-құлықтарының беймәлiм қырларын аша түскенi көрсетiледi. Ғылымда айтылып жүрген кейбiр жаңсақ жайттарды ысырып тастап Роджерс мынадай батыл қадам жасайды. Миннесота орманында өмiр сүретiн аю тобының сенiмiне кiредi, оларға тамақ бередi.

Алматыда таэквондодан 14-17 жас аралығындағы жеткiншектер арасында қазақтың бiртуар батыры Мұстафа Өзтүрiктiң рухына бағышталған халықаралық турнир аяқталды. Елiмiздiң тәуелсiздiк күнiне орай ұйымдастырылған дүбiрлi жарысқа Қазақстан спортшыларымен қатар, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерiнен 300-ге тарта жас таэквондошылар қатысты.

Астанаға Куба боксшылары келдi. 16 желтоқсан – Тәуелсiздiк күнiне орай ұйымдастырылған бокстан жолдастық кездесуде Бостандық аралының өкiлдерi Астана құра­ма командасының боксшыларымен шаршы алаңға шықты. Дәлiрек айтсақ, Кубаның Гавана қаласының боксшылары мен Астана қаласының был­ғары қолғап шеберлерi әр салмақ бойынша күш сынасты. Жерлестерiнiң жiгерiн қайрауға келген жанкүйерлердiң көптiгi соншалықты “Дәулет” спорт кешенiнде ине шаншар жер болмады.