1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15456) 24 желтоқсан, бейсенбі 2009
коллаж

КЕДЕН ОДАҒЫНА КIРУ КIРIПТАРЛЫҚҚА ҰРЫНДЫРМАЙ МА?

Жаңа жылдың бiрiншi күнiнен бастап Қазақстан Ресей және Беларусьпен бiрге Кеден одағының кеңiстiгiне енедi. Бұл жаңалықты елiмiздiң жұртшылығы үрейлене қабылдауда. Оған да себеп жоқ емес. Кеден одағы шоқпарын сүйретiп қымбатшылықты қатар әкелмек. Қазақстандықтардың денi Қытай тауарларын тұтынады. Кеден одағына кiрген соң, Қытайдан және басқа да шетелден келетiн тауар түрлерiнiң бағасы өседi. Қарапайым жұртшылықты алаңдатқан осы жайт. Ал мамандар бұл одаққа қатысты алуан түрлi пiкiр бiлдiруде. Әсiресе, «бұл саяси жоба ма, әлде экономикалық жоба ма? Бұл бiзге керек пе? Қазақстанға пайда бере ме, жоқ па?» деген сауалдар төңiрегiнде.

Керей мен Жәнiбек хандардың ескерткiшiн қоқысқа лақтырып, оның орнына президент Н.Назарбаевтың қола мүсiнiн орнатқан билiктiң тiрлiгiне депутаттардың көңiлi толмайды екен. Мұны естiгенде “депутаттардың бо­йында да ұлттық рух, намыс бар, олар да халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, елге пана болып жүр екен ғой” деп бөркiңiздi аспанға атуыңыз да мүмкiн. “Қазақ хандығының негiзiн қалаған Керей мен Жәнiбек мүсiндерiн қоқысқа апарып тастағанда жақ ашпаған, қазақты ұлт ретiнде жоюға бағытталған “қазақстандық ұлт” саясаты негiзiнде “ел бiрлiгi” доктринасы талқыланып, оған ұлт зиялылары өз қарсылығын бiлдiргенде де ауыздарына су толтырып алған депутаттар бұл жолы неге тулады?” деп күдiктенетiн боларсыз.

Ұлт – табиғи, мемлекет – тарихи қоғамдық-саяси категория. Соған қарамай олардың екеуiнiң арасын еш бөле-жара талдап, талқылауға болмайды. Өйткенi, ол тұтас ағза. Ұлт – жан, мемлекет – тән. Ал қазiргi ғаламдас­тыру деген ұғым-түсiнiк оның екеуiн де жоққа шығарып, жалпыхалықтық, жалпыелдiк, яғни, бiр орталыққа бағынған экономикалық-идеологиялық баланс­тағы қаржылық-интернеттiк жүйе қалыптастырғысы келедi. Бiздiң ұлт – жалқы, халық, ел – жалпы есiм деуi­мiздiң сыры сонда.

Досқан Жолжақсынов

«Сонда, – дейдi бiреулер, – Досқан сияқтыларды ұлтымыздың тағдыры толғандырмайтын және ұлтқа шынымен де жаны ашымайтын бол­ғаны ма?!». «Жоқ, – дейдi екiншi бiреулер, – Бұл азаматтың ұлт тағдырына бейжай қарауы мүмкiн емес, мәселе басқада шығар. Алпыс екi айлалы қазiргi билiк бұл адамды да бiр осал жерiнен ұстап отырған шығар». Қайтсе де жұрттың аузына қақпақ қоя алмайсың, осы тақылеттес әңгiмелер ел iшiн шарлап жүр.

МӘЖIЛIСКЕРЛЕРДIҢ МҰНДАЙ ҮНДЕУIНЕ КIМ СЕЛТ ЕТЕР ЕКЕН?

ҚР Парламентiнiң қырық сегiз депутаты бизнесмендер мен кә­сiп­кер­лерге үндеу тастады. Балабақша мәсе­лесiн шешуге қол ұшын берудi сұрады. Кезiнде, үкiмет «қолды» қылған балабақшаларды қайтаруды өтiндi. Қырық сегiз депутаттың үнi бiр жерден түйiп айтқанда, былай шықты. «Бү­гiн­де мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiмен қамтылу 36,5 пайызды құрайды. 240 мың бала орын алу кезегiн күтiп тұр. 820 мың бала үй жағдайында тәрбиеленуде», – деп мәселенiң маңыздылығына тоқталған олар, әлi әрбiрi 280 орындық 800 балабақша салу керектi­гiн, мұның үлкен мiндет екенiн жеткiз­ген. Балабақша мәсе­лесiн үкiмет күшi­мен және бюджет есебiнен шешу мүм­кiн емес екенiн де ашық айтқан.

«Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» дейдi халқымыз. Құдай қылса қайтерсiз, дәл қазiр мемлекеттiк билiкте қазақ халқына, қазақ халқының тағдырына, тiлiне, дiлiне, болашағына жаны ашымайтын лауазымды шенеунiктер тым көбейiп тұр. Төменде бiз қаз-қалпында, бiр әрпiн бұрмаламастан, тұтас күйiнде келтiрiп отырған Қанат Саудабаевтың сөзi – соның айқын дәлелi.

БIРАҚ, БОТАБАЕВАНЫҢ БЫЛЫҚ-ШЫЛЫҒЫН ӘШКЕРЕЛЕУГЕ БҰЛ АЗДЫҚ ЕТУДЕ

Кеше Бостандық ауданы сотында “Ғибрат” көпбалалы аналар қоғамына қатысты кезектегi сот отырысы өттi. Естерiңiзде болса, аталған қоғамның төрайы¬мы М.Ботабаева “жер алып беремiн” деп мыңдаған адамды тақырға отырғызғаны жөнiнде егжей-тегжей жазған болатынбыз(“Жас Алаш”, №60-61, 30 шiлде, 2009 жыл). Бұл сот отырысына жәбiр¬лену¬шiлер көп жиналды. Зал лық толы. Араларында алпыс, жетпiстi алқымдап қалған ақ жаулықты аналар да отыр. Ашу-ызаға булыққан жәбiр¬ленушiлер алданғанын, қанша ақша бергенiн айта бастағаны сол едi, М.Ботабаева оқыстан ауырып қалды. Қан қысымы көтерiлiп кеткен көрiнедi.
 

Таяуда “Республика” порталында “Жас шенеунiктiң өлiмiне кiм жауап бередi?” атты мақала жарияланды. Онда Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қызметкерi Медет Қасенжановтың бесiншi қабаттан секiрiп өлгенi туралы, осылайша өз өмiрiн өзi қиғаны жайында, оның бұлай iстеуiне әлдебiреулер мәжбүрлеуi мүмкiн деген алыпқашты әңгiме айтылды.Жалпы, Бердiбек Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына әкiм болып тағайындалғанына әлi бiр жыл да толған жоқ. Алайда, ғаламтор желiсiнде оның жұмысына орынсыз сын айтқысы келетiн,

Елдiң әлеуметтiк ахуалын, экономикалық жағдайын, демографиялық деңгейiн көрсететiн мемлекеттiк стратегиялық маңызы бар шара – ұлттық халық санағы. Қазақстанның өткенi мен бүгiнiн салмақтайтын таразы да осы. Әрине, санақ жүйелi, әдiл әрi шынайы өтсе нұр үстiне нұр. Ал керiсiнше болса, гәп басқа.

“БТА Банкi” кредиторлары “Қайта құрылымдаудың негiзгi коммерциялық шарттарына” (Principal Commercial Terms Sheet) қол қойды. Сөйтiп, банк кредиторлармен келiссөздердiң негiзгi кезеңiн сәттi аяқтады. “Ендi қайта құрылымдауды заңдық тұрғыдан реттеу керек. Ең бастысы, банк және кредиторлар комитетiнiң мүддесi түйiстi”, – дедi банктiң басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов сейсенбi күнгi баспасөз мәслихатында.

Жақында Жамбыл облысында «Жол картасы» бағдарламасынан шу шықты. Облыстық прокуратураның берген мәлiметiне қарағанда «Жасыл Тараз» мекемесi бұл бағдарламаны iске асыру барысында құрық бойламас қулыққа барған көрiнедi. «Жасыл Тараз» «Жол картасы» бойынша 300 адамды жұмыспен қамтамасыз етудi мойнына алған. Сөйтедi де, 34 еңбеккерiн өз өтiнiштерi бойынша жұмыстан босатады.

Әйелдердiң қоғамда алатын орны бөлек. Бүгiнде олар ел экономикасының дамуына, саясат­қа, бiлiм-ғылымға, медицина саласына өз үлестерiн қосып отыр. Дегенмен, зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жүрген әйелдер де жоқ емес. Санақ агенттiгiнiң мәлiметтерiне жүгiнсек, биылғы жылы Алматы қаласында әйелдерге қатысты 5480 құқыққа қайшы әрекет жасалып, 2455-iне қылмыстық iс қозғалды.

Соғысқа (1941-1945) қатыспасақ та зәулетiн көрдiк. 10-14 жастағы балалар үлкендерше еңбек еттiк. Қазiр, мiне, 75-80-iңдi қусырдық, қарттар болдық. Зейнетақымызға, соғыс кезiндегi еңбегiмiзге, 2000-2500 теңге ғана қосты. Пре­зиденттiк жәрдемдi қосқанда 14-16 – 26 мың теңгеге жеттi. Айтпақшы, президенттiк деп 87 теңге қосыпты (ауылдық зейнеткерлерге). Мазақ па?! Ал базар болса, «аспандап» барады. 45-55 жылдық еңбек өтiлiмiз, Еңбек ардагерi деген атымыз бар.

Қарағандыда желтоқсанның 17-22 аралығында қоғам қайраткерi Ғалым Жарылқаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өттi. Бұл сынға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Қы­тай сынды көршi елдердiң спортшыларымен қатар Куба құрамасының боксшылары да қатысты.

Жақында Бакуде бокстан АИБА президентiнiң жүлдесi үшiн жарыс өттi. Бұл сынға қатысқан Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль еншiледi. Одан кейiн Қазақстан құрамасының боксшылары iле-шала Ресейдiң Ханты-Мансийск қаласында мұнайлы елдердiң арасында өткен әлем кубогына қатысты. Бұл сында да жерлестерiмiз жаман өнер көрсетпедi. Қоржынымыз үш қола медальмен толықты. Ал осы аптаның сейсенбiсiнде былғары қолғап шеберлерiмiз Қарағандыда тағы бiр үлкен халықаралық турнирдi қорытындылады. Бұған

Аргентина құрамасының және каталониялық “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Месси әлемнiң ең үздiк футболшысы деген атақты жеңiп алды. Желтоқсан айының басында Францияның “France Football” апталығының жүр­гiзген сауалнамасының қорытындысы бойынша “Алтын доптың” иегерi атанған аргентиналық шабуылшы ендi, мiне, әлемнiң ең үздiк футболшысы деген атақты жеңiп алды.