1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (15457) 29 желтоқсан, сейсенбі 2009

Президент Н.Назарбаев: “Жер жағдайын жақсарту үшiн оған инвестиция салу қажет, жер өңдейтiн заманға сай құрал-жаб­дықтар сатып алу керек. Өйткенi, мына заман бәсекелестiктiң заманы. Осыны түсiнбейтiндердiң мәселенiң байыбына бармай айтқан сөздерiнiң халықты дүр­белеңге салғаннан басқа пайдасы жоқ. Мұндай жағдайда жалған сөз үшiн заңдылыққа сүйенiп жауапқа тарту шарасының бол­ғаны жөн. Мен прокуратураға тиiстi команда бердiм”.

Назарбаевтан қытайлықтар жер сұрапты деп жұрт шуласып жатқанда, Атырауда да бiр мәселе қылаң берген едi. Қытай ұлттық Sinopec Engineering компаниясы қаланың iшiнде орналасқан Атырау мұнай өңдеу зауыты негiзiнде жағымды иiстi көмiрсутектер өндiретiн химиялық жоба құрылысын салатындығы да жергiлiктi тұрғындардың қатты наразылығын тудырды. Өз қарсылықтарын президент пен премьерге ашық хат жазып баяндаған атыруалық экологтар мен қала жұртшылығы зауытты қаладан аулақ жерде салуды сұрап отыр.

ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИК АР-ҰЯТЫНЫҢ ҚҰНЫН ЕНДI «РЕСПУБЛИКА» БАСЫЛЫМЫНАН ДАУЛАМАҚ

ҰҚК-нiң бұрынғы төрағасы, Қорғаныс министрлiгiнiң бұрынғы басшысы — бүгiнгi депутат Сәт Тоқпақбаевтан ұйқы қашқалы бiраз болды. Анығында, депутатқа қатты ұқсайтын әлдебiреудiң (!) жас келiншекпен көңiл көтерiп, «арқа-жарқа» болып жатқаны ғаламторға жарияланып кеткелi берi. Бейнежазбадағы «құтырған шал» кiм деген мәселеге бас ауыртып қажетi жоқ. Бейнежазбаны ғаламторға салғандардың түпкi мақсаты анық. Ол — депутат Сәт Тоқпақбаевты масқаралау.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серiк ПIРӘЛИЕВПЕН сұхбат

– Қазiргi мұғалiмдер жиi-жиi өз бiлiктiлiктерiн жетiлдiрiп, оқып-iзденбесе уақыт көшiне iлесе алмай айдалада қалатыны айдан анық. Бүгiнгi жас балалардың компью­тер­лiк, электрондық техниканы игеру қабiлетi аға ұрпақтан едәуiр жоғары. Сондықтан қазiргi мұғалiм өз шәкiрттерiне тиянақты бiлiм берiп, өзiнiң ұстаздық мiндетiн ойдағыдай атқаруы үшiн қажымай-талмай iзденiп, еңбек етуi керек. Алайда, мектептерiмiзде ескi жұмыс әдiсiнен, үйреншiктi сүрлеу­ден шыға алмай келе жатқан мұғалiмдер әлi де бар. Осы арада айтарым: бүгiнде елiмiздiң мұғалiм­дерiнiң бiлiмдерi мен

“Abai.kz” ақпараттық порталының ұйымдастыруымен, «Жас Алаштың» қолдауымен елiмiзде тұңғыш рет “Қазақ – елдiң де егесi, жердiң де егесi” деген тақырыпта интернет-айтыс өткiзiлдi. Қазылар алқасының шешiмiмен және интернет-айтыстың барысын қадағалап отырған оқырманның дауыс беруiмен белгiлi айтыскер, павлодарлық Оңғар Қабден осы айтыстың жеңiмпазы боп танылды. Жеңiмпаз ақынға “Жас Алаш” газетi ақшалай сыйлық тапсырды.

«ҚЫРЫҚ МЫСАЛДЫҢ» ЖАРЫҚ КӨРГЕНIНЕ 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Әдебиет зерттеушiлерi Ахмет Байтұрсынұлының 1909 жылдың аяғында Санкт-Петерборда басылып шыққан «Қырық мысал» атты жинағын қазақ мысал жанрының алтың дiңгегi деп таниды. «Алтын дiңгек» деп танылған мысал жанрының бiрегей үлгiсiн дамытушы Ахаң туындысына, мiне, биыл 80 жыл толып отыр!

...Кiр жуа алмаймын, екi иықтан, екi тiзеден айырылдым. Жүрсем болды, тұла бойым сырқырайды. Тамырлар бойында зақым бар, қатып қалған қан, суық.. Соғыста көрген бейнет шығып жатыр, шығып жатыр. Бәрiнен де әсер ететiнi – мына жүрек. Жүрек қайсысын көтередi, бiр жапырақ жүрек... 80-нен асса да тiп-тiк қалпымен, бойын кәрiлiкке жеңдiрмей, ешкiмге алақан жаймай, тектi болмысымен өмiрдiң ауыр тауқы­метiн тартып келе жатқан қарт әже. Ол жаңа ғана үйi­нiң сыртына қолындағы екi ешкiсi мен екi қойын өрiске айдап оралған бетi.

ЗАМАНДАСЫМ ӘБIШ КЕКIЛБАЙҰЛЫНА АШЫҚ ХАТ

Әбiш тұрғыласым, сенiң жетпiс жасқа толған ерекше күнiңдi бүгiнгi билiк iрi құбылысқа айналдырып, марапаттаулар мен мадақ сөздердi, жоғары атақтар мен насихаттауларды аямай үйiп-төкенiн ақпарат құралдары арқылы ес­тiп-бiлiп, телдидардан кө­рiп, ойланып қалдым. Тасып кетсең керек, жиналған қа­уым алдында: “Көп ғасырлық тарихымыздағы ең бақытты дәуренге ендi жеттiк...

Бұл — Қытайдың Шә­уе­шек қаласында үйқамақта жатқан қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының «Жас Алаштың» тiлшiсiне берген сұхбатында кемсеңдеп жылап отырып айтқан сөзi һәм Қазақ елiнiң билеушiсiне жеткiзуге табыстаған аманаты. Сексен бес жыл ғұмырының 44 жылын түрмеде өткiзген сүйегi асыл ақсақал кемпiрi екеуi Шәуе­шектiң шетiндегi көпқабатты үйдiң құрқылтайдың ұясындай пәтерiнде тұрады.

Маңғыстау облысындағы «Қаражанбасмұнай» АҚ-на қарасты «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС мекемесiндегi дау-дамай әлi күнге өзiнiң шешiмiн табатын түрi жоқ. 2009 жылдың көктемiнен басталған жұмыс берушi мен жұмыскерлер арасындағы тартыс шиеленiсе келе, ақыры БАҚ-тарға да шығып кеттi. Жұртшылықтың есiнде болса, өткен жаздың шiлде айында «Жас Алаш», «Алтын ғасыр» газеттерiнде «Ереуiлге шығатындығымызды ескертемiз» атты сол «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС-нiң 113 жұмысшысы қол қойған ашық хат жарияланған болатын.

Қалай Кеңес үкiметi құлап, ол билiк жасаған елдер ауқымында экономикалық дағдарыс басталысымен жұртшылық өз бетiнше жан бағудың қара­кетiне көштi. Көзге түсетiн көлденең жатқан дүниеге жауша тиiп, елде қарақшылық басталды. Далада малды үйiрiмен қырып, қалада елеулi-елеулi кешендердi қақыратып сөгiп, аңғал-саңғал жасады. Бүгiнгi сөз еткелi отырған “Ақтау-лифт” сол көп кешен­дердiң бiрi болды. “Ақтау лифтiге” алыстан ұры келген жоқ, оған атсалушылар сөз жоқ өз мамандары

Футболдан Қазақстанның төрт дүркiн жеңiмпазы “Ақтөбе” қаңтардың 16-24 аралығында Мәскеуде Достастық кубогын сарапқа салады. Дәстүрлi турнирдiң былтырғы жылғы күмiс жүлдегерi “Ақтөбе” футболшылары В тобында өнер көрсетедi.

Елiмiздегi “Гол” футбол апталығы жыл сайынғы дәстүр бойынша Қазақстанның ең үздiк футболшысын анықтады.

16-17 желтоқсан қарсаңында халықты дүрлiктiрiп, әртүрлi жалған ақпарат таратып, арандатушылық әрекеттерге шақыратын үнпарақтар таратылғаны жөнiнде жазғанбыз. Мұның астарында әлдебiр топтардың жымысқы тiрлiгi жатқанын да айттық.