1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15458) 31 желтоқсан, бейсенбі 2009

Жылдың соңы өткен-кеткен саяси оқиғаларға баға берiп, «биыл не бiтiрдiк, алда не болады?» деген сауалға жауап iздейтiн кез. Өкiнiшке қарай, санаулы сағаттардан соң келiп жететiн 2010 жылды да бүгiнгi авторитарлы-тоталитарлы саяси жүйемен қарсы алуға мәжбүрмiз. Барыс жылы Ақордаға оңай жыл болмайды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететiн жыл бұл. Бүгiнгi билiктiң былық-шылығын, оның әдiлетсiз әрi жымысқы саясатын айдай әлемге паш етуге мүмкiндiк туғызатын жыл келе жатыр. Мұндай мүмкiндiктi Ақорда саясатына наразы тұлғалар мүлт жiбермесi айқын.

«Қазатомөнеркәсiптiң» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшев пен оның оққағары Талғат Қыстаубаевтың қылмыстық iсiне қатысты сот алдын ала тыңдауды бастады. Iстi қарау әп дегеннен-ақ өрескел заң бұзушылықтармен басталды. Мұхтар Жәкiшевтiң жұбайы Жәмила Жәкiшева мен Талғат Қыстаубаевтың жары Сара Сағындықова президент әкiмшiлiгiне, Бас прокуратураға, Жоғарғы сотқа және Денсаулық сақтау министрлiгiне хат жолдап, мәлiмдеме жасады.

НЕМЕСЕ ТАС ЖҮРЕК ҰЛДАРЫНЫҢ ТЕПКIСIНДЕ ЗАР ИЛЕГЕН ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ

Мен осы Маңғыстауда туып-өстiм. Осы өлкеде өсiп-өркендеген азамат ретiнде менi қазiргi таңдағы халықтың ауыр хал-ахуалы қатты толғандырады. Маңғыстау елi, оның iшiнде күн сайын көтерiлiп, ұрандап ереуiлге шығып, аштық жариялаған Жаңаөзен халқы неге осындай халге түстi? Халықтың қанын теспей сорып, үрiп iшiп-шайқап төгiп жүрген ат төбелiн­дей атқамiнерлер мен жерден бастап барлығы жекеменшiкке сатылып, халықтың бар байлығы талан-таражға түскенде қазынадан қарпып асап, оңай олжаға кенелiп үлгерген байшыкеш, бай-бағыландар болмаса, «шықпа, жаным, шықпа» деп, шырылдап зорға күнелтiп отырған қарапайым халықтың көңiл-күйi неге төмен? Иiнi неге түсiңкi? Еңсесi неге езiңкi?

ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ДАҚПЫРТТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ IСТЕРI

Қоғам үшiн биылғы жыл жылатып отырып күлдiретiн, күлдiрiп отырып жылататын жыл болды. Президент Н.Назарбаевтың жеке билеп-төстеу тәсiлдерi бұрынғыдан да әккiлене һәм әйгiлене түстi. Баяғы Кеңес өкiметiн басқарған бас хатшылар сияқты «кемелденген» шағы ғой бұл. Мұны өзi де жылдың төрт мезгiлiнде дәлелдеп жүр. Жалпы, биыл Нұрсұлтан Әбiшұлының «iшкi-сыртқы» саясаты баяғы ырғағынан жаңылған жоқ. Тек «қойға қасқыр шаптылап» елдi дүрлiк­тiрiп, артынан қожа­йынының алдында жиi-жиi ұятты болып жүрген кейбiр «қойшылардың» қолапайсыз әрекеттерi болмаса...
 

Соңғы кездерi Қазақстан экономикасындағы Қытай инвестицияларының көлемi күрт артты. Бұрындары елiмiзге тартылатын инвестициялар көлемi жөнiнен Қытай тек 9-орында тұрса, қазiр аспанасты елi алдыңғы орынға шықты. Осылайша таяу арада экономикамыздағы Қытай капиталының үлесi 20 миллиард долларға жетпек. Бiр жағынан инвестицияның жан-жақтан тартылғаны дұрыс. Ал екiншi жағынан алғанда “соншама қаржыны Қытайға қалай қайтарамыз?“ деген сауалдың туындауы заңды.

Қазақстанда күн құрғатпай дәрiптелген бағдарламаның бiрi – “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы. Өкiнiшке қарай, бұл да дер кезiнде iске аспай қайраңдап тұр. Бұған дағдарыс қана емес, мемлекет шенеунiктерiнiң де салғырттығы себепшi бол­ғаны қазiр құпия емес. 2007 жылы басталған бұл “100 мектеп, 100 аурухана” атты мемлекеттiк бағдарламаның белгiленген жүзеге асыру мерзiмi өттi. Президент жаңа нысандарды салуды тоқтатып, құрылысы басталған нысандарды толық аяқтауды тапсырған болатын.

Бiр сөзбен айтқанда, Қазақстан жыл бойы дағдарыспен алысты. Дағдарыстың қарқынынан үрейленген билiк Ұлттық қордың қамбасын ашуға мәжбүр болды. Ақорда “мұнайдың да таусылатын күнi болады, осы қиын-қыстау кезде болашақ ұрпақ осы қордың игiлiгiн көредi” деп сәуегейлiк айтқан-ды. Алайда ол сәуегейлiк орындалмады. Қиын-қыстау кезең мұнайымыздың барында-ақ басымызға туды. Болашақ ұрпақтың несiбесiне қол сұқтық.

Сиыр жылында Қазақстандағы әлеуметтiң жайы ақсақ қойдың кейпiн кидi. Билiк жауырды жаба тоқимын десе де, бiрталай дүниенiң бетi ашылды. Байқамай емес, амалсыздан. Мәселен, үлескерлер күрескерге айналды. Жұмысшылар шындық iздеп шырылдап, көшеге шықты. Оның үстiне соңғы 18 жылда жетi мыңға жуық балабақша, бес жылда 395 мектеп құрдымға кеткенi анықталды. Не керек, шенеунiктер әләуләйлiм айтып әлекке түстi. Ал жұрттың тауықша шөкiмдеп тапқан-тергенi iшкен тамаққа тақ-тұқ әзер жеттi.

Тiлек. Ұсыныс. Арыз. Шағым. Өтiнiш. Сыр бөлiсу. Алғыс... 2009 жылы редакция­мызға келген хаттардың басым көпшiлiгiн шартты түрде осылай топтауға әбден болар едi. Сонымен бiрге бiзде мынадай «қызық» жайттар да болып тұрады. Бiр-ақ мысал келтiрейiк. «Мақа­таев-22»-де Алматы облысының бiр аудан орталығындағы қазақ мек­тебiнiң ұстаздарының хаты жарияланды.

Соны жағалай отырған «Азғантай» ауылының қырық-елу түтi­нiнен өрiп шығатын аталас Тойбек пен Шойбек балалары қанша күннен берi елең-елең. Оқта-текте өзеннiң ар жағындағы еркектер бер жағындағыларының, бұлар аналардың қайсыбiр қалжыңына, ия болмаса сәлемi­нiң немкеттiлiгiне бола терiс қарап түкiрiп, әйелдер жағы қоқыстарын өздерi жақтан қарсы жағалауға қарай құлаштап лақтырып қоятындарын айтпағанда, жалпы, тыныш жұрт. Ендi келiп қай жағы да бiр-бiрiне сырттай баяғы қалып көрсеткендерiмен

Биылғы жылы қазақ спортшылары аз табыс әкелген жоқ. Қазақ елiнiң намысын қорғаған спортшыларымыз әлемдiк деңгейде және Азиялық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғады. Дегенмен, өкiнiш те жоқ емес...
Бiз бүгiн оқырмандар назарына қазақ спортшыларының 2009 жылғы жеткен жетiстiктерi мен кемшiлiктерiнiң бiр парасын ұсынып отырмыз.

Қазiр төменгi сыныпқа сабақ беремiн. Күйеуiм – таксист. Көлiктiң жүргенiнен жүрмегенi көп. Қысқаша айтқанда, айлықтан айлыққа зорға жетемiз. Бiздiң отбасының жұрттарға қарызға ақша берген күнi де болған. Балаларымды ойласам, қалтада ақша бар кездерден – жоқтық, яғни осы күнiм артық.

«Жас алашта» (Б.Сәрсембина, №78, 29 қыркүйек, 2009 жыл) «Ресей азаматынан жемқор жасау «операциясы» деп аталатын мақала жарық көрген едi. Мұнда Орынбор облысының тұрғыны Шағбан Белғараевтың ақтөбелiк құқық қорғаушылар тарапынан қуғынға түскенi жөнiнде жазылған болатын. Ол 2003 жылы Ырғыз ауданының Нұра елдiмекенiне ауыз су құбырын жүргiзiп, прораб мiндетiн атқарған. Құбырдың қондырғылары талан-таражға түсiп, қаржы полицейлерi тексерiс жүргiзiп, Белғараевты 1 миллион теңгенiң iзiн жоқ қылды

Иә, бiздiң мектеп қабырғасынан ұшқанымызға да жарты ғасырдай уақыт болыпты. Кейде жасыңның ұлғайып, егде тартқаныңды да мойындағың келмейдi. Әсiресе, бiр кездегi достарыңмен қауышқанда, жастық шағыңды еске алып, мәре-сәре боп қалғаныңда шашыңа ақ түсiп, ата-әже атанғаның есiңнен шығып кетедi екен. Үлкен кiсiлердiң «көңiл жас» дегендерi осы-ау, шамасы.

Бiздiң жамбылдықтар үшiн Сиыр жылындағы үлкен жаңалық әрине, облыс әкiмiнiң ауысуы болды. Кеткен әкiмдi жамандап, келген әкiмдi мақтайын деп отырғаным жоқ. Тек әкiм ауыс­қан сайын мына бiр әңгiме есiме түседi. Рас болса, осы оқиғаны жұрт Оңтүстiк өңiрiнде болған деседi. Кiм бiлген, бiрақ Құдай мұндай жемқор әкiмдерден сақтасын. Бiр облыстың әкiмi орнынан түсiп, жаңа әкiм тағайындалады. Жаңа әкiмге бұрынғысы келiп, қолын алып құттықтап, қолына аузы желiмделген үш конверт бередi.

«Жас Алаштың» ең қарт оқырманы 90-ға таяса, ең жас оқырманы 12-13-ке ендi аяқ басты. «Жас Алаш» газетi бүгiн өз оқырмандарын Жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға бақыт, денсаулық, береке-бiрлiк тiлейдi. Қадiрлi оқырман! Орыс халқында «Жаман газет оқырманына ақыл үйретедi, жақсы газет оқырманымен сыр бөлiседi» дейтiн қағида бар. «Жас Алаш» газетi Сiздерден ешуақытта сырын да, шынын да жасырған емес. Жасырмайды да! 2010 жылы да үздiксiз ой бөлiсiп, ұдайы сырласып, кеңiнен пiкiр алысып тұралық.