1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 01 (15459) 5 қаңтар, сейсенбі 2010

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЖЫҒҰМАРЫ ЕЛДI АҢСАЙДЫ. АЛ ОНЫ ТУҒАН ЖЕРIНЕ ОРАЛТУҒА ЕЛI НЕГЕ ДӘРМЕНСIЗ?

«Қажығұмар Шабданұлы! Осы бiр есiмдi естiп бiлмеген қазақ баласы, әй, жоқ шығар-ау. Оны қазақ әдебиетiнiң классигi, Шыңжаңдағы жаңа әдебиеттiң негiзiн салушылардың бiрi ретiнде танымаса да, дүниежүзiлiк рекорд­тар кiтабына енген адам ретiнде жақсы бiледi. Рекордтар кiтабы... Қай саладан қара үзiп шықты дейсiз ғой? Абақтыда ең ұзақ отыру жағынан. Шабданұлы қазiр 84 жаста. Арадағы үзiлiстердi есепке алмағанда, ол осы жылдардың тең жарымын түрмеде өткiзiптi. Осылай боларын сезгендей, тағдыр оған бiршама ұзақ ғұмыр сыйлады. Сексен төрт жыл жазуға да, қапаста отыруға да молынан жетiп тұр...».

Көршiң соқыр болса, бiр көзiңдi қысып жүр» деген... Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың қазақ тiлiне шорқақ екенiн бiлген кейбiр азаматтар жиналыста орысша сөйлеудi шығарды. Қайбiр күнi өткен облыстық мәслихат сессиясында бiр азаматтар баяндамасының жартысын орысша жасады, ал бiр азаматтар сұрағын орысша қойды. Шынын айту керек, соңғы жылдары жамбылдық шенеунiктер орысша баяндама жасау дегендi ұмытқан едi. Бәлкiм, айтып жатқан мәселесiн облыс басшысы түсiнсе екен, соған тереңiрек мән берсе екен дейтiн шығар. Бiрақ,

ӘЗIРБАЙЖАН ЕЛШIСI ОСЫНДАЙ ҰСЫНЫС АЙТСА, ОНЫ ӨЗ ЕЛIНДЕ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАР ЕДI?

Бiр адамға, яғни жеке басқа табыну, билiк басында отырған шенеунiкке құлдық ұру, жағымпазданып, жантыққа айналу бүгiнгi қоғамның қатерлi әрi жұқпалы дертiне айналды. Қазақстандық шенеунiктердiң президенттiң «көңiлiнен» шыққысы келiп, оған «Астананы Нұрсұлтан деп атайық», «әуежайға Назарбаев есiмiн берейiк» немесе «Қазақстанның тұңғыш еңбек ерi атағын алыңыз» деген ұсыныстары күнделiктi тiршiлiктiң бiрден-бiр көрiнiсiне айналды. Билiк басындағылардың мұндай ұсыныстарына былайғы жұрт таңданбайтын болды да. Жағымпаздық пен жантықтық iндетi күннен-күнге асқынып, одан құтылу қиындап барады.

БҰЛ ЖЫЛ НЕСIМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДI?

Қазақтың жыл санауы бойынша биыл – барыс жылы. Барыс – жырт­қыш аң. Жалғыздықты сүйедi, жемтiгiн де жалғыз аулайды. Барыс – жемтiгiне аяғының дыбысын бiлдiр­мей жақындап, көз iлеспес жылдамдықпен шапшитын әккi жыртқыш. Ақорда барысты Қазақстанның символы етiп алды. Алматы қаласының таңбасында да барыс бейнеленген. Қытай жыл санауы бойынша, жолбарыс жылы. Барыс та, жолбарыс та мысық тұқымдасқа жатады.

“МЕДВЕДЕВТIҢ ЖОЛЫ АШЫҚ, НАЗАРБАЕВТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАУIП БАР” ДЕЙДI СӘУЕГЕЙЛЕР...

Саяси жұлызжорамал. Жылдың аяғы — “жау­ы­рын­ға қарап бал ашатын” жұлдызшылардың дәуiрi жүр­е­тiн кез. Жұрттың бәрi келер жылдың қандай болатынын бiлгiсi келедi. Сенбей тұрса да, әлгiндей жұлдызшылардың сәуегейсiген жорамалына бiр көз жүгiртiп шығатын әдетi. Биыл да солай болды. Бiрақ, биыл “жеке меншiк” жұлдызшымыз Назарбек Қо­жам­сейiттiң даусын естi­медiк. Өткен жылы Мәсiмовке қыстан мәсi киiп шығуға кеңес берген Назекең тұмау-сұмаудан аман болса бiр “әу” дер едi. Әлде өкiметке өкпелi ме екен ол кiсi?
 

Өткен жылы Қазақстанның саяси ахуалында аз өзгерiс болған жоқ. Авторитарлы билiкке деген халық наразылығы күшейiп, билiк халықтан сескене бастады. Десек те, ЕҚЫҰ-ға төрағалық қарсаңында сөз бостандығының деңдейi күрт нашарлап, билiктiң азаматтық қоғамға деген қысымы арта түстi. “Ел бiрлiгi” доктринасы, Қытайға 1 млн гектар жердi соя, рапс өсiруге беру сынды ұлттық мүддеге қайшы келетiн бастамалар көтерiлдi. Оған деген халық наразылығы да күштi болды. Ал жаңа 2010 жылы саяси жағдай қандай болмақ?

Биылғы жыл қызықты, тосын оқиғаларға толы болмақ. Менiңше, саяси жүйеде бiрталай өзгерiс болады. Экономика шатқаяқтап, аман қалар, әйтеуiр. Менiңше, күрт төмендеу байқалмайды. Десек те, 2010 жыл әрi қызықты, әрi күрделi болады.
Бiрақ девальвация тiкелей болмаса да, инфляция есебiнен жасырын түрде өтуi мүмкiн.  Жалпы, I тоқсанның көрсет­кiш­терiне қарап-ақ, Ресей, Қазақстан, Беларусь елдерi экономикасының бейiмдiлiгiн айқын аңғарамыз. Рас, ұқсастықтар, ортақ тұстарымыз бар. Дегенмен

Бұған дейiн елiмiзде iшкi жалпы өнiмнiң еселеп өсiп, экономиканың қа­рыш­тап дамып бара жатқаны, әлеуметтiк-тұрмыстық игiлiктер, “қазақстандық кереметтер” туралы жиi айтылып келдi. Әйтсе де, дағдарыс мұндай саяси эйфория мен әлеуметтiк романтизмнен арылып, әлеуметтiк-экономикалық ахуалға басқаша қарауға мәжбүрлеп отыр. Тәуелсiздiк алғанға дейiнгi 1990 жыл мен 2006 жылғы статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан әлеуметтiк-экономикалық жағдайды сипаттайтын 30-ға тарта көрсеткiштiң тек екеуiнде ғана өскен.

“Поколение” қоғамдық қозғалысының жетекшiсi Ирина Савостинаның айтуынша, 2009 жылдың ең басты оқиғасы үкiметтiң базалық зейнетақыға 99 теңге қосқаны болды. Қалайша? Президент 2009 жылы “зейнетақы көлемi 30 пайызға өседi” деп уәде еттi емес пе. 1 қаңтардан қазақ үкiметi тағы зейнеткерлерге зейнетақы мөлшерi 25 пайызға артады деп арнайы қаулы қабылдады. Бiрақ, бұл жылы да 99 теңгенiң жыры қайталанбайтынына кепiл бар ма?

Назарбек Қанафияұлы

ЗАМАНДАСЫМ ӘБIШ КЕКIЛБАЙҰЛЫНА АШЫҚ ХАТ

Әбiш тұрғыласым, сенiң жетпiс жасқа толған ерекше күнiңдi бүгiнгi билiк iрi құбылысқа айналдырып, марапаттаулар мен мадақ сөздер­дi, жоғары атақтар мен насихаттауларды аямай үйiп-төкенiн ақпарат құралдары арқылы естiп-бiлiп, телдидардан көрiп, ойланып қалдым. Тасып кетсең керек, жиналған қауым алдында: «Көп ғасырлық тарихымыздағы ең бақытты дәуренге ендi жеттiк...

Таяуда “Каспий” әлеуметтiк-кә­сiпкерлiк корпорациясының Атыраудағы өкiлдiгi өз жұмыстары жайлы есеп бер­дi. Журналистермен кездескен басқарма төрағасы Әдiлбек Көшеровтiң айтуынша корпорация Атырауда 28 жобаны жүзеге асырады деп жоспарлаған. Олардың арасындағы аса iрiлерi – ас және техникалық тұздар өндiретiн за­уыт, көкөнiс сақтайтын қойма, Береке селосынан бөлiн­ген 70 га жердi инженерлiк жүйелермен жабдықтау. Бiр қарағанда журналистерге жария етiлген жоспар жүзеге асса, қазақтардың мұртын балта шаппайтын болады. Яғни,

Мұхтар ШАХАНОВ

...Тамырсыз бiрде-бiр өсiмдiк болмайтыны сияқты адам баласы да ата-тегiмен, оның рухани құндылықтарымен көрiнбейтiн тамырлар арқылы жалғасқан. «Қазақстандық ұлт» идеясы бiрте-бiрте бiздiң сан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды мүлде жойып, жаңа космополиттiк болашақ қалыптастыратыны ешкiмге құпия сыр емес.

Ендi үш айдан кейiн футболдан Қазақстан премьер-лигасының он тоғызыншы маусымы жалауын көтередi. Ел бiрiншiлiгiне қатысатын елiмiздiң он екi үздiгi аламан бәйгеге қатысуға дайындықтарын бастап та кеттi. Жаңа жылға дейiн демалыс алған командалар ендi ақпан айының соңына дейiн оқу-жаттығу жиындарын пысықтайды. Жыл құсы сияқты жылы жаққа сапар шегетiн командалар қазiрдiң өзiнде Қара теңiздiң жағалауына “ұшуға” даяр отыр. Кейбiрi маусым аралық үзiлiстi пайдаланып төрт бiрдей оқу-жаттығу жиындарын жоспарласа, кейбiрi қаржылық шамаларына қарай кем дегенде үш рет Түркияға барып,

24 САҒАТ БОЙЫ ҚАЗАҚША КӨРСЕТЕТIН ТЕЛЕАРНАЛАР ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

ҚР Мемлекеттiк хатшысы әрi Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев жақында «24 сағат бойы тек қазақша көрсететiн үш телеарна ашылатынын» айтқан едi. Ал ендi осы телеарналар қашан ашылады? 2030 жылы ма? Жоқ әлде қазақ тiлi жойылғаннан кейiн ашылмақ па? «Қазақ тiлi жойылғаннан кейiн...» деуiмiздiң де мәнiсi бар. Жаңа жылда, нақтырақ айтсақ, 2009 жылдың 31 желтоқсаны, 2010 жылдың 1-i мен 2-i күнi жарытып қазақша хабар көре алмадық. Тек орысша! Жер де, көк те – бәрi орысша.

Хоккейден Канадада жастар арасында (U-20) өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнде айдын иелерiнiң хоккейшiлерi финалға жолдама алды. Жартылай финалда Швейцария хоккейшiлерiн 6:1 есебiмен ойсырата жеңген канадалықтар қатарынан тоғызыншы рет әлемдiк доданың финалына шықты.

Бәрiбiр қайтпадық. Жеңiске жеттiк”, – дейдi тұрғындар, Алматы қаласындағы №1 автопарк жатақханасынан шыққан дауға нүкте қойылды. Билiктiң бетiн берi қаратқан тұрғындар жаңа жылды “Шаңырақ” шағынауданындағы жаңа қоныстарында тойлады. – Дау-дамайдың түп тамырын қаузайтын болсақ, Алматы қаласының бұрынғы басшысы Виктор Храпунов мырзадан бастау алады. Кезiнде 375 миллионға бағаланған үш жатақхана бұрынғы әкiмнiң туыстарына небәрi 23 миллион теңгеге пұлданғаны бар, – дейдi қоғамдық қорғаушы Ризада Жақыпбек.