Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Қазақстан уран өндiруден бұрын-соңды болмаған табысқа жеттi. Әйтсе де, ядролық қарудан бас тартқанын бiрден-бiр мақтаныш санайтын Астана жаңа бiр халықаралық дау-дамайға ұрынатындай жағдайда. Әңгiме Қазақстан құпия түрде Иранға уран сатпақ деген ақпаратқа қатысты болып тұр. Иран жағы да, Қазақстан жағы да бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тiптi, бұл даудан Мәскеу де қалыс қалмады. Ресейдiң сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Андрей Нестеренко Иран мен Қазақстан арасында ешқандай құпия келiсiм жоқ деп мәлiмдедi
Жаңа жылдық мерекеден кейiн Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевтiң iсi бойынша сот отырысы басталды. Сот жабық есiк жағдайында өттi. Оған тiптен, Жәкiшевтiң зайыбы Жәмила да жiберiлмедi. Сот отырысы басталатын күнi №2 Сарыарқа аудандық соты күзеттi бiрнеше есеге көбейтiптi. Ғимараттың айналасы толған полиция жасақтары. Кiреберiс есiктi қара қағазбен жапсырып тастаған. Iштегi адамдар көрiнбес үшiн.
МҰХТАР ЖӘКIШЕВ 1937 ЖЫЛЫ АТЫЛДЫ. БҮГIНГI МҰХТАР ЖӘКIШЕВТIҢ ТАҒДЫР-ТӘЛЕЙI ҚАЛАЙ БОЛМАҚ?
Сейсенбi күнi Ұлттық баспасөз клубында жазушы, Хеллман-Хэммет халықаралық сыйлығының иегерi Кәрiшал Асан-Ата, “Жаса, Азаттық!” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Жасарал Қуанышалин, “Азат” ҚАҚ-ының төрағасы Хасен Қожа-Ахмет, кинорежиссер Қалдыбай Әбенов және заңгер Жиынбек Рәбiлұлы Мұхтар Жәкiшевтiң Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында қаралып жатқан iсiне байланысты баспасөз мәслихатын өткiздi.
Бiрқатар БАҚ басшыларымен кездесуде президент Н.Назарбаев: «Өткенде тiкелей эфирде болған сауалдардың бiрiне жауап бергенде Қытайдың ауыл шаруашылық мақсатында жер сұрағанын айттым. Олардың жердi игеруге деген ниетi бар екенiн ескерттiм. Бәрi менiң сөзiмнен шығып отыр. Менен басқа ешкiм айтқан жоқ мұны. Бұл сұраққа жауап берсем, Жер кодексiнiң 23-бабында “шетелдiктерге, Қазақстанның азаматтары емес адамдарға жер сатылмайды” деп анық жазылған. Бұдан артық не деуге болады?
Әңгiменi “қайда бар?” дегеннен бастап көрсем, ол – ассамблея – Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстаннан басқа ешқайда дерлiк жоқ. “Дерлiк” деу себебiм: оны күнi кеше одақтас, ал бүгiн тәуелсiз республикалардың, күнi кеше социализм лагерiндегi, ал бүгiн дербес елдердiң ешбiреуiнен ести де, көре де алмадым. Капиталистiк қоғамға көз жiберсем: Америка Құрама Штаттарында, басқасында да, яғни бiр шатырлы, немесе екi шатырлы парламентi бар елдiң де ешқайсысында жоқ.
Биылғы жылы елiмiзде индустриалды-инновациялық дамудың үдетiлген бесжылдығы бастау алмақ. Билiк «бұл – ел экономикасының алдағы бесжылдық дамуын белгiлейтiн теңдессiз бағдарлама» десе, экономистер мен кәсiпкерлер бұл бағдарлама да бұрынғылардың кебiн киiп, iске аспайды деп есептейдi.Расында да, аты басқа демесеңiз, бұл бағдарламаның алдыңғылардан өзгешелiгi шамалы. Әсiресе,
Анатолий Иванович, зейнеткер Димаш Ахметұлымен қарым-қатынасыңыз қалай болды?
– Бұрынғыдай араласып тұрдым. Уақыт өте келе Колбин ол кiсiге қызмет көрсетудi, аспазшылар мен үй шаруасына көмектесушiлердi, 9-басқармадан бөлiнген машинаны, бәрiн алып тастады. Бұдан хабары жоқ Димекең таңертеңгi тамақтану кезiнде жеке аспазшысына:
– Қарағым, қабағың неге қату? – дедi.
– Димаш Ахметұлы, бiр жайсыз жағдай көңiл-күйiмдi алаңдатып жүр.
Бiздiң билiк, әсiресе, соңғы кезде басқа амалы құрып қалғандай, жұртшылықтың жүйкесiне ши жүгiртудi әдетке айналдырып алды. Атасының сақалымен ойнаған оспадар баланың жұғымсыз қылығы. «Ойыннан от шығарын» ойлаудан қалған бiлем. Ана сайлау, мына сайлаумен бiр ойнады, ана тiлiмiздi тiрiлте алмай жүргенде «үш тiлдiлiкпен» бiр ойнады, «қазақстандық ұлтпен» ұнжырғамызды бiр түсiрдi, домбай-домбаз «доктринасымен» болашағымызды долбарлады, ол аз болғандай, ендi, мiне... «Ел құлағы елу» екенiн ескердi ме, iле-шала Мәсiмов мырза:
Облысқа свежий әкiм келiп, Iшкi iстер департаментiнiң бастығы, генерал-майор Дегенбай Жегенбаев есеп берiп жатыр. Қағаздан бас алмайды, қағаздың өзiн жеп қоятындай… Қылмысты қанша ғасыр өтсе де, iзiн суытпай ашып жатырмыз. Айбарлы ақын Махамбеттiң басын шауып алған жексұрын, тупой, рецидивист Ықыластың немересiнен туған шөбересiн шөп орып жүрген жерiнде тұтқындап, iстi сотқа өткiздiк. Тiрiдей ұстадық!
Ұлттық құраманың бас бапкерлiгiне келгеннен кейiн менiң бiр байқағаным, елiмiзде еркiн күреспен шұғылданатын жастардың шоғыры өсiп келедi екен. Оны мен өткен жылдың соңында Қарағандыда Нүркен Әбдiровты еске түсiруге арналған жарыста анық байқадым. Қазiр ұлттық құраманың палуандарын жинап, Алматының “ТемiрДос” спорт кешенiнде жаттығуымызды пысықтап жатырмыз. Бұған дейiн палуандар Алматының шетiндегi “Тау Самал” шипажайында физикалық дайындықтан өттi. Бiздi биыл үлкен-үлкен жарыстар күтiп тұр.
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың назарына! Кезiнде Аристотель «жанды дене қозғалыста болмаса өледi» деген екен. Шын мәнiнде адам өмiрiнде, әсiресе, жас балалар арасында қозғалыстың мәнi ерекше зор. Бала неғұрлым көп қозғалған сайын денсаулығы да шыңдала түседi. Бiрақ неге екенiн қайдам, соңғы кездерi мектеп директорлары дене тәрбиесiне жүрдiм-бардым қарап жүр. Мысалы, бiздiң ауылдың мектебiнде дене тәрбиесi пәнiне екi сағат қана уақыт бөлiнген.
Мектепте оқушылар мұғалiмдердi «апай», «тәтей», «ағай» демей, мұғалiмнiң атына оның әкесiнiң атын қосып атауы құлаққа түрпiдей тиедi. Мәселен, Сәлiм Иманович, Әлия Байпақовна және тағы тағылар. Немесе «Мәкенұлы», «пәленшеқызы» дегендi қосып айтып жүр. Үлкендердiң аты-жөнiн оқушылардың бадырайтып атауы бiлiм, тәрбие беретiн жерде үлгi-өнеге көрсетудiң белгiсi емес. Бiрақ бұған мән берiп жатқан тағы ешкiм жоқ.
Бiздiң телеарналарымызда болашақ жастарды патриоттыққа, тiлiн, дiнiн құрметтеуге арналған бағдарламалар баршылық. Мәселен, «Сөз – мерген», «Тапқыр достар», «Сегiз қырлы», «Азамат», «Кеш қалмаңыз» сынды қызықты сайыстар, пiкiрталастар елiмiздiң әр түкпiрiнен өз көрерменiн тапты деп бiлемiн. Бiрақ...
Бәрiмiзге белгiлi, Ш.Қалдаяқов пен Н.Тiлендиев сынды өнерiмiздiң жарық жұлдыздарына атақ-дәреженi «келместiң кемесiне» аяғын салып тұрғанда зорға бердi. Ал қазiр ше?
Асанәлi ағамыздың: «Егер ұлтыма қатер төнгенде бұғып қалсам, менiң құным не? Халқым үшiн өлуге де бармын!» деген ащы дауысы бойында мысқалдай да болса қазақтың қаны бар жанды бейжай қалдыра алмас...
Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлос Түркияның “Фенербахче” командасынан Бразилияның “Коринтианс” клубына ауысты. 2002 жылы Бразилия құрамасының сапында әлем чемпионы атанған бразилиялық футболшының айтуынша, “Коринтианс” оның футболдық ғұмырындағы ең соңғы клубы болмақ.
Канадада өткен хоккейден жастар арасындағы әлем бiрiншiлiгiнде АҚШ құрамасының жастары топ жарды. Финалда айдын иелерiн қосымша уақытта жеңген американдықтар өз тарихында екiншi рет әлемдiк жарыстың бас жүлдесiне қол жеткiзiп отыр.
Қаңтардың 10-31 аралығында Анголада футболдан Африка елдерiнiң кубогы жалауын көтередi. Қара құрлықтың он алты командасы қатысатын дода биыл жиырма жетiншi рет өткелi отыр.
Қырғызстандағы оппозициялық “Ата-Мекен” партиясы өткен жылдың соңында Алматыда қаза тапқан журналист Геннадий Павлюктiң атындағы жүлде тағайындады. Сыйлық Қырғызстанның адам құқықтары мен баспасөз бостандығы, демократия жолындағы күресте белсендiлiк пен табандылық көрсеткен азаматтарға берiлмек.