1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №03 (15461) 12 қаңтар, сейсенбі 2010

ОБЛЫСТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ БҰЛТЫ ҚОЮЛАНЫП БАРАДЫ. ОНЫ ОЙЛАЙТЫН ҮКIМЕТ ЖОҚ

Қойнауының байлығы маңдайына сор болған аймақтың бiрi — Атырау. Оның экологиялық жағдайының асқынып бара жатқанын айтпаған ауыз қалмады. Бiрақ, соның бәрi жиындағы әңгiме-дүкеннен ары аспайды. Осы жолы экологиялық қауiпсiздiктi Атырау облыстық прокуратурасы сөз қылды. Облыстағы экологтар мен үкiметтiк емес ұйымдардың, “Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.” (НКОК- Солтүстiк Каспий жобасының Аджиптен кейiнгi жаңа операторы) мен ТШО мұнай компанияларының эколог менеджерлерi және табиғат қорғау прокуратурасы басын қосқан семинар-кеңес өттi.

Банк деген танк сияқты. Өзiнiң қатып қалған тәртiбi, ережесi бар, ешкiмдi тыңдамайды да, көз-жасыңа да қарамайды, таптап өтiп кетедi. Қағазына қол қойып, несие алдың ба, бiттi, қыр соңыңнан қалмайды. Бiрақ «осы жұрт несиенiң несiне қызығады?» деп ешкiмдi жазғыра алмайсың. Қайта қазiр екпiнi басылып қалды ғой, әйтпесе осыдан бiр-екi жыл бұрын аттап басқан сайын алдыңыздан «он бес минөтте несиенiң құжаттарын әзiрлеп, қалаған затыңызды арқалап апарып беремiз» деген жарнамалар жарқ-жұрқ ете қалатын. Ал осыдан кейiн несие алмай көрiңiз?!

Әлем қаржы дағдарысынан қаусырап қалғанда, мұртын балта шаппаған екi ел болса, соның бiрi – Шығыс көршiмiз. Осындай қуатты, алып елмен қоңсы болу жазмыштың iсi болар, әйтеуiр Қазақстан мен Қытайдың шекарасы 1782 шақырымға созылып жатыр. Оның 1215 шақырымы – құрлық, 566 шақырымы су арқылы өтедi. Тауар айналымы жыл сайын өсуде: 2001 жылы – 1,28 мил­лиард доллар, 2002 жылы – 1,95 миллиард, 2003 жылы – 3,3 миллиард доллар болды. Ал 2008 жылы – 12,23 миллиард доллар болса, 2015 жылға қарай 15 миллиард доллардан асады деп күтiлуде.

Ана мен баланы әлеуметтiк қорғау – демографиялық жағдайды жақсартудың бiр жолы. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшiн әлеуметтiк және арнаулы жәрдемақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру көптеген елдердiң тәжiрибесiнде бар дүние. Бiрақ, қазақ билiгi ана мен баланы алақанына салудың орнына жетiм баладай жәутеңдетiп қойғандай. Мемлекет қазынасынан қарастырылған жәрдемақы мөлшерi олардың жыртығын жамап жүр дегенге илану қиын.

Әрине, жеке басқа табынушылық орта ғасырда да, жаңа дәуiрде де болды. Бiрақ олардың жеке адамға табынуын “ақтайтын” нақты бiр дәлелi болатын, бұл – корольдар – құдайдың ұрпағынан, ал императорлар – күннен жаралғанын мойындау, сол себептi де оларды шын мәнiнде басқалардан ерекше деп санау. Ал бiздер адамдар теңдiгi мен еркiндiгiнiң туы тiгiлген қазiргi заманда өмiр сүрiп отырғаннан соң, ондай ертегiлерге сенбейтiн жандармыз. Жеке басқа табынушылық неден басталады? Оның “қайнар көзi” қайсы? Қарапайым пендешiлiктен туған, көзi ашық адамдардың күле қарайтын, көзге iлiп, ауызға алуға да болмайтын кемшiлiк (әлсiздiк) пе, әлде халықтың өмiрi мен салт-санасын, дәстүрi мен әдет-ғұрпын, имандылығы мен адамгершiлiгiне тiкелей керi әсер беретiн iндет ауру ма?

(Соңы. Басы өткен санда)

Бөлмемiзге қайтып келдiк. Мейрамханадан тамақтанған соң, мен бiрден кассаға бардым.
– Бiзге төрт билет берiңiз?
– Бүгiнге ешқандай билет жоқ.
– Ертеңге берiңiз?
– Ертеңге де жоқ.
– Қалайша? Түсiнiңiз, Қонаев Алматыға ұшпақ.
– Ол Бас хатшы емес қой.

«Шетте, әсiресе, Қытайда талай-талай өнерлi қазақтар жүр ғой. Сол қазақтарды елге қайтарсақ дұрыс болар едi. Мәдени саланың қазаны майланып, ошағымыз бұрынғыдан да маздай түсер едi-ау», — деп едi бiр сөзiнде этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы. Дәм тартып, Шәуешекке барғанымызда бiр ауқатты қазақтың отбасылық асханасында сондағы қандастармен арқа-жарқа әңгiмелесiп едiк. Сол кездесуде бiрқатар ақын-жазушылармен тiлдесудiң сәтi түстi. Тұрсынғали деген жiгiтпен таныстым. Өзi әншi, өзi сазгер. Бiрнеше толғаудың авторы

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкерi Тұрсынғали Едiлов 10 қаңтар күнi өзiнiң елу бiр жасқа толған туған күнiн атап өттi. Былтыр ердiң жасы елуге келген атпал азамат бүгiнде Алматы облысы бокс қауымдастығының вице-президентi қызметiн атқарады. Кезiнде ұлттық құраманы өрге сүйреген бапкердi телефон арқылы туған күнiмен құттықтап, көкейiмiзде жүрген сауалдарға жауап iздедiк.

Қытайдағы қазақ әдебиетiнiң негiзiн қалаушылардың бiрi, алты томдық «Қылмыс» романының авторы Қажығұмар Шабданұлының есiмi қазақ оқырмандарына жақсы таныс. Сексеннiң сеңгiрiне шығып, төрiнен көрi жуықтап отырған қарт тарланның туған жерге, азат елге жетсем деген арманы ол кiсiнi әлi жетелеп, демеп келедi. Мен сонау жаугершiлiк заманда Абылайды ата жаудың қолынан аман-есен алып шыққан қаз дауысты Қазыбек бабамыздың ерлiгi мен қазақ елiнiң

Қайран, Ресей...

Егер сен әйелiңдi алдасаң, мұны не деймiз? Опасыздық деймiз. Солай ғой? Солай. Егер сен достарыңды алдасаң ше? Онда мұны ұятсыздық деймiз. Өзiңмен бiрге жұмыс iстеп жүрген әрiптестерiңдi алдасаң ше? Мұны алаяқтық деймiз. Солай емес пе? Дәл солай. Ал ендi сен тұтас халықты алдасаң, мұны не деймiз? Саясат деймiз.

ТАНЫСЫМА НЕСИЕ АЛЫП БЕРГЕНIМ ҮШIН СОРЛАП ҚАЛМАЙМЫН БА?

2006 жылы қараша айында танысым Сүйiмхан Жаппарқызына “Альянс банктен” өз атымнан несие (кредит) алып берген едiм. Алғаны — 350 000 (үш жүз елу мың) теңге. Оны банкке өсiмақысымен қосқанда 490 000 теңге етiп қайтаруы керек едi. Сол уақыттан берi С.Жабағыбаева несиенiң 110 000 теңгесiн ғана банкке құйған. Несие мерзiмi 2009 жылдың 10 қаңтарында аяқталды. Танысым Жабағыбаева “жағдайым болмай жүр” деп менi борышкерлiктен “босатпай” жүр. Қолымда менiң атымнан алғанын және несиенi уақытында төлейтiнiн растап жазып берген қолхаты да бар. Ендi несиенi Жабағыбаеваның өз атына аударып, менi жауапкершiлiктен

«КЕШЬЮ» ТОБЫ ТАРАЙ МА?

Әлемдiк шоу бизнесте нәзiк жандылардан құралған тамаша топтар көп-ақ. Алайда, қанша танымал болса да, солардың көпшiлiгi аз уақыттан кейiн әрқайсысы өз жөндерiн тауып жатады. Бәлкiм, бұл заңды да шығар... Қазақстанда да қыздардан құралған топтар аз емес. Солардың бiрi — «Кешью» тобы. Бұл топ 2006 жылдың сәуiрiнде құрылған. Продюсерлерi — әпкелi-сiңлiiлi Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденова.

«Хит ТВ» телеарнасы Қазақстанның эстрадалық әншi­лерiнiң рейтин­гiн жасады. Рейтинг болғанда да, Батыстық үлгi­дегi рейтинг. Мәселен, «Ең сирақты әншi», «Ең кеуделi әншi», «Ең қымбат бейнебаян иелерi» дегендей. Сонымен, мұндай мәртебеге кiмдер ие болды? Қазақстанда әдемi қыздардан құралған топтар көп. «Индиго», «Гарем», «Шайн», «Мечта», «Кешью», «FМ», «Iң­кәр», айта берсең, толып жатыр. Мұндай топтардың әнiн еркек кiндiктiлердiң ерiксiз тыңдайтыны айтпаса да түсiнiктi. Айталық, «Гарем» тобының қыздары бiршама уақыттан берi жiгiттер­дiң көз жауын алып жүрдi. Әндi жақсы айтады, жақсы билейдi, ең бастысы — бойлары ұзын.

Қарағандының “Тұлпар” спорт кешенiнде қаңтардың 6-10-ы аралығында футзалдан ел бiрiншiлiгiнiң 3-тур ойындары өттi. 2-турдың қорытындысы бойынша көш бастаған Алматының “Қайраты” Қарағандыда алаң иелерi “Тұлпардан” ұтылып, турнир кестесiнiң екiншi сатысына сырғыды.

“Ақтөбе” футбол клубының футболшылары Ұлықбек Асанбаев (суретте) пен Александр Митрофанов биылғы маусымда Шым­кенттiң “Ордабасы” клубында өнер көрсетуi әб­ден мүм­кiн. Екi футболшы да шымкенттiк команданың сапында Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.