1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №04 (15462) 14 қаңтар, бейсенбі 2010

СОҢҒЫ КЕЗДЕРI БАТЫСТЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ОСЫНДАЙ ТАҚЫРЫПТЫ ЖИI КӨТЕРIП КЕЛЕДI

Тегеранның ядролық қару жасақтап жатқанына қатты алаңдаушылық бiлдiрiп отырған израильдiк ғалымдар мен сарапшылар да осы мәселе төңiрегiнде әртүрлi ой өрбiтiп жүр. “The Economist” басылымының соңғы санында «Иранға соққы беретiн уақыт жеттi ме?» деген тақырыпта арнайы конференция да ұйымдастырылған. Оған қатысқан белгiлi сарапшы, генерал Чак Уалд «Тегеранға қарсы әскери қимылды тез арада бастау керек» деп пiкiр бiлдiрген.

Қытайға 1 миллион гектар жер беру мәселесi – бүгiнгi қоғамда қызу талқыланып келе жатқан мәселенiң бiрi. Президент Н.Назарбаев бастап, елiмiздiң Бас прокуратурасы ескертсе де, БАҚ өкiлдерi осы тақырып жайында қызу әңгiме өрбiтуде. Қытайға қандай да негiзде жердi беруге болмайтындығы туралы ең алғаш мәлiмдеме жасаған – «Азат» ЖСДП. Күнi кеше бiрiккен оппозициялық партия жетекшiлерi Болат Әбiлев, Жармахан Тұяқбай және Әмiржан Қосанов осы мәселеге қайта оралып, арнайы баспасөз мәслихатын өткiздi.

Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы қарызы күрт өстi. Егер 2005 жылы сыртқы қарыздың көлемi 43 миллиард доллар болса, 2009 жылдың қазанында ол 111 миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде мемлекет кепiлдiк бермеген жеке сектордың қарызы – 108,5 миллиард доллар. Ал мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш – 2,7 миллиард доллар. Қазiр сыртқы қарыз жалпы iшкi өнiмнiң 100,8 пайызынан асты. Cыртқы қарызды айқындайтын бiрден-бiр көрсеткiш – оның тауар және факторлық емес қызмет экспортына қатысы.

Мұхтар Жәкiшевтiң iсi Астанада қалдырылды. Сот үдерiсi бастан-аяқ №2 Сарыарқа аудандық сотында, судья Нұржан Жолдасбековтiң төрағалығымен өтетiн болады. Бiраз күн үзiлiстен кейiн қайта жалғасқан «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевтiң адвокатының бiрде-бiр талап арызы осылайша орындалмады. Естерiңiзге сала кет­сек, адвокат Нұрлан Бейсекеев өзiнiң қорғауындағы Жәкiшев iсiнiң Алматыдағы Алмалы аудандық сотында қара­луын және судья Жолдасбековке наразылық бiлдi­ру жөнiнде өтiнiш түсiрген едi.

КЕДЕН ОДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСЫБАЙЛЫ ЕТУI ЫҚТИМАЛ

Кеден одағы шыр етiп дүниеге келгенiне небәрi он шақты күн болғанда үлкен дау-дамай туды. Ресей мен Беларусь арасында кезектi “мұнай соғысы” бұрқ еттi. Мұндай жанжал Қазақстан мен Ресей арасында да тууы ықтимал. Беларусь Кеден одағынан шығуға бет алған тәрiздi. Сарапшылардың пiкiрiнше, кеден одағының шеңберiнде Қазақстан Ресейге басыбайлы тәуелдi болуы ғажап емес.

Президент Нұрсұл­тан Назар­баев­тың шетелдiк инвесторлармен болған мәжiлiсте: “Қытай Халық Республикасы мал азығы үшiн соя мен рапс өсiруге бiзден 1 млн гектар жердi сұрады” деген сөзi жұртқа жария болған күнi-ақ елiмiз заңынан әлiппелiк сауаты бар адамдардың бәрi де ел үкiметiнiң заңды белден баса отырып, 16 млн халықтың көзiнше 1 млн гектар қазақ жерiн Қытайға басы бүтiн сатып жiбермейтiнiн бiлген болатын. Жұртты дүрлiктiрiп, ұйқысын қашырған мәселе де 1 млн гектар жердiң Қытайға жалға берiлу-берiлмеуiне байланысты болды.

Маңғыстаудың
Өңменiңнен өтетiн
Ақ түтек
Үскiрiк бораны
Соғып тұр.
Алды-артын
Түгел жапырып
Орып тұр...

Факс арқылы жiберген материалдарымның хабарын бiлмек болып, республикалық танымал газеттердiң бiрiне телефон соқ­тым. Тұтқаны көтерген қыз «бәрiн бөлiм меңгерушiсi шешедi» деп бастығымен қосты.
– Алло, сәлеметсiз бе?...
– Иә, не ы-ы-ы... – деген түсiнiксiз жауап алдым.
– Мен бiр-екi мақала жiберiп едiм. Соның жағдайын бiлсем деп едiм, – дедiм.

Дiнмұхаммед Бейсеев аудандық ауруханада небәрi бес-ақ күн жатты. Жиырма жасқа ендi толған студент бесiншi күнi санавиация қызметi арқылы Тараз қаласына ауыстырылғанымен арада екi сағат өткенде о дүниелiк болып жүре бердi. Тараздық дәрiгерлер Дiнмұхаммедтiң өте кеш жеткiзiлгенiн, ешқандай медициналық көмек оның өмiрiне араша тұра алмағанын айтыпты. Кеше ғана тай құлындай жарысып, құрбы-құрдастарымен қалжыңдасып, алысып, арман қуып жүрген зiңгiттей жас жiгiттiң денесi бас-аяғы бiр жұмада қара жер қойнына тапсырылады деп кiм ойлаған?! Әрине, туралап келген ажалдан ешкiм құтылмайды, десек те жас жiгiттiң өлiмiне кiм кiнәлi? Көлiк қаққан жоқ, биiктен құлаған жоқ, бiреу жарақат салған жоқ, өз аяғымен ауруханаға келiп жатқан Дiнмұхаммедтiң аяқ астынан дәм-тұзы таусылуына не себеп?

1984 жылы күйеуiм қайтыс болып, үш сәбимен жесiр қалдым. Құдайдан басқа сенерiм болмаған соң, соларды асырап, әлiмұлыққа жеткiземiн деп, не көрмедiм мен байғұс? Әрi еркек, әрi әйел бола жүрiп, дамыл таппай табылған жұмысты iстеп, балаларымды асырадым. Балаларым ер жетiп, ендi осылардың қызығын көрсем деп жүргенiмде... қатерлi емшек безi ауруына шалдықтым. 2006 жылы Шымкенттiң онкологиялық ауруханасында операция жасады. Ендi мiне, жығылған үстiне жұдырық болып, ұлым бiреулердiң қаскөй, арам пиғылымен сотталып отыр.

Қысырақтың үйiрi жирен ала,
Орыс-қазақ байлары жапты жала.
Туған елге бет алып шыққанымда,
Алдымен көрiнушi ең, Ботақара.
Ботақара жолымда қаласың ба,
Ереймен мен Баянның арасында...

Қауымдастық басшылары 2009 жылдың ең үздiк қақпашыларын зерт­тей келе мынадай тұжырымға келiптi. Өткен жылдың ең үздiк қақпашысы – Икер Касильяс. Әрине, бұған ешкiм дау айта қоймас. Испания құрамасының және мадридтiк “Реалында” өнер көр­сететiн қақпашы 230 ұпаймен үздiк деп танылыпты. И.Касильястың жасы қазiр жиырма сегiзде. Сонау 1990-98 жылдар аралығында “Реалдың” жасөспiрiмдер командасына алынып, содан берi “Реалдың” жейдесiн тастамаған

Ақпанның 12-сi күнi Канаданың Ванкувер қаласында XXI қысқы Олимпиада ойындарының тұсауы кесiледi. Әлемнiң сексеннен астам елiн қамтитын дүбiрлi додаға бес мыңнан аса спортшылар келедi деп күтiлуде.Дәл қазiр Қазақстанның қысқы олимпиадаға қатысатын спортшыларының дайындығы қалай? Қазақстанның Туризм және спорт министрлiгi басшыларының мәлiмдеуiнше, Ақ Олимпиадаға елiмiзден 42-45 жолдама алуды көздеп отыр. Әзiрге қазақстандық спортшылардың қоржынында 37 жолдама бар.

Сейсенбi күнi Қазақстан футбол федерациясының кезектi отырысында Тәртiптiк қадағалау комиссиясы Өскеменнiң “Востогын” премьер-лигада өнер көрсету құқынан шектедi. Себеп: Өскемен клубының басшылары ойыншыларға тиiстi жалақыларын уақытында бермеген.

Әлемдiк рейтингте елу үшiншi боп тұрған ресейлiк теннисшi Евгений Королев (суретте) бұдан былай Қазақстан туы астында өнер көрсететiн болды.Қазақстанның теннис қауымдастығы бұған дейiн де бiрнеше ресейлiк теннисшiлердi қанатының астына алып, “қамқорлық” көрсеткенi белгiлi. Мәселен, жақында “Хопман” турнирiнде жолы болмаған Андрей Голубев пен Ярослава Шведовалардың Ресейден келгенi де мәлiм.