1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №05 (15463) 19 қаңтар, сейсенбі 2010

12 қаңтар күнi сағат кешкi бестер шамасында Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласының маңында болған жойқын жер сiлкiнiсiн мамандар «соңғы 500 жылдағы ең iрi апат» деп бағалауда. Соңғы мәлiметтерге сенсек, табиғи апаттан 3 миллион адам зардап шеккен. Әртүрлi дерек көздерiнiң мәлiметiне сай, қаза болғандар саны жүз мыңдап саналады. Құтқару жұмыстары аяқталған кезде олардың саны жарты миллионға жетуi де мүмкiн. БҰҰ өкiлдерiнiң мәлiмдеуiнше, апаттан көптеген ауруханалардың да қирап қалуы­на байланысты 2 миллион адам жедел жәрдем көмегiне зәру.

Қазақстанда тұратын халықтарды этносқа бөлiп, жiлiктеп айтатындардың ұзынды-қысқалы саны әрқилы шығып жүр. Президент өз сөздерiнде «Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкiлдерi бар» десе, Қазақстан халқы ассамблеясының «ел бiрлiгi» доктринасында бұл көрсеткiштi 140-қа бiр-ақ жеткiздi. Таяу уақытта ғана оншақты этнос жұмақ iздеп, жер ауып келгендей әсер қалдырды. Асылы, республикада ресми түрде қанша этнос тiркелген? Әрбiрiнiң сандық көрсеткiшi қандай? Осы және басқа да сұрақтарды талдап көрейiк.

Үстiмiздегi жылы ЕҚЫҰ-ға төраға атанған Қазақстанда сөз бостандығының, адам құқығы мен демократиялық құндылықтардың аяқасты етiлiп жатқаны туралы жиi айтылып жүр. Тәуелсiз газеттердi жауып, оппози­ция­лық саясаткерлердi қуғындау да тоқтайтын емес. Елдегi жағдайға қатысты бiрқатар халықаралық ұйымдар да алаңдаушылық бiлдiрiп, демократияны «тұншықтыруды» қолға алған Ақорданың әрекетiн қатаң сынады. Алайда, бұдан елдегi жағдай түзелген жоқ. Ал Қазақстан билiгi өз әрекетiн «демократияға халық дайын емес» деген сылтаумен ақтап алуға тырысуда.

ОЛАР ОСЫ ҰЙЫМНЫҢ ВЕНАДАҒЫ ҒИМАРАТЫ АЛДЫНДА ПИКЕТ ӨТКIЗДI

«Назарбаев, тоқтат!», «Журналист Есiркеповке бостандық!», «Алға» партиясын тiркеудi талап етемiз!», «Тарт қолыңды «Республика» газетiнен!», «Жәкiшевке әдiлеттi сот өткiзiлсiн!», «Жовтис – саяси астары бар соттың құрбаны!». Пикетшiлер ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасы Қазақстанды Венада осындай талаптармен қарсы алды.

ОЛ ТУРАЛЫ ПРЕЗИДЕНТ ТУҒАН IНIСIМЕН СӨЙЛЕСКЕН

«Свобода Слова» басылымы «Знакомтесь, Эдгар Салдузи» (№1саны, 7 қаңтар), «Брат Назарбаева в курсе про Салдузи» (№2 саны, 14 қаңтар) деген тақырыптармен екi мақала жариялады. Онда Қап тауының баурайындағы республикалардың бiрiнде туылған, жас шамасы отыздан ендi асқан, супермаркеттер торабы түрiнде заңды бизнесi бар, Қазақстандағы ең танымал отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң түрлi тапсырмасын орындаушы «қол бала» Эдгар Салдузидiң iс-әрекеттерi, алаяқтығы мен бопсалау жасап жүргендiгi жайында кеңiнен жазылған. Бұқаралық ақпарат көздерiнде алғашқы материалдар жылт еткенi сол-ақ екен, Эдгар Салдузиден жәбiр көрдiм дегендер басынан өткен оқиғаларын ашық айтуға бекiне бастады.

Қанат Саудабаевтың тiлшiге қайтарған жауабының тым сенiмсiз шыққанын жаза келе, Батыс газеттерi тағы да мынадай қосымша ақпараттарды жариялады: Қ.Саудабаев пен Р.Әлиев Венадағы қонақүйдiң бiрiнде кездескен. Кездесуге қол­қа салған Рахат Әлиев емес, Қазақстанның билiгi екен. Кездесуге Р.Әлиев Лихтенштейннен келген. Қазақстанның билiгi “құ­пия кездесу Венаның аэропортында өтсiн” деп ұсыныс жасапты, бiрақ бұл ұсынысты Р.Әлиев қабылдамаған (аэропорттағы ұшақтардың бiрiне күштеп тығып, Қазақстан­ға алып кетуi әбден мүмкiн ғой!).

БАУЫРДАҚ, ҰНТАҚ ТҮРIНДЕГI ҚЫМЫЗ БЕН ШҰБАТТЫ ДҮКЕН СӨРЕЛЕРIНЕН КӨРЕР КҮН АЛЫС ЕМЕС

Бауырдақ деген атау алғаш тосын, тiптi оғаш болып естiлуi мүмкiн. Бiрақ, бауырдақ қазақтың ұлттық тағамы – кәдуiлгi бауырсақ пен қуырдақтың қосындысы. Яғни, бауырсақ iшiндегi қуырдақ. Бұл таңсық тағамды Қазақ ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ойлап тапты. Бiр қызығы, осы бауырдақты 3 айға дейiн сақтауға болатын көрiнедi. Бұл – институт ғалымдарының жалғыз жаңалығы емес. Олар сондай-ақ ұлттық сусындар – қымыз бен шұбатты ұнтақ, таблетка түрiнде өндiрудi де қолға алмақ. Институттың ет және сүт өнiмдерi технологиясы зертханасының меңгерушiсi, ҰҒА академигi, техника ғылымдарының докторы Өрiсбай Шомановпен әңгiмемiз осы бастамалар төңiрегiнде өрбiдi.

Қазiргi күнi ғылымды серпiндi түрде реформалау жө­нiндегi мәселе­лердiң кеңiнен көтерiлiп жүргенi де рас. Сонымен бiрге «Ғылым туралы» жаңа заң жобасы да талқылану үстiнде. Мiне, осы мәселелерге байланысты белгiлi ғалым, академик Салық Зиманов бастаған бiр топ ғалым (ұзын саны 43 ғалым) ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа үндеу жолдады.«Бiздiң түсiнiгiмiз бойынша, – деп бастайды ғалымдар бұл үндеуде, – қазiргi «Ғылым туралы» заң жобасы ғылымды реформалау жөнiндегi негiзгi идеяларға қайшы келедi». Осылай дей келедi де, ғалымдар өздерiнiң тұжырымдарын ұсынады. Ендi осы үндеудегi ұсыныстарды ықшамдап, қысқартып, оқырмандар назарына ұсына кеткендi жөн көрдiк:

Байғанин ауданы Жарқамыс елдiмекенiнiң 60-ты алқымдаған тұрғыны, газетiмiздiң тұрақты оқырманы Төлемiс Төлеубайұлы жанұшырып «Жас алашқа» хабарласты. 2009 жылдың 6 желтоқсанында 26 жастағы баласы Ержанды белгiсiз бiреулердiң өлтiрiп кеткенiн, әлi күнге дейiн ұлының қанын мойнына жүктегендердiң табылмағанын көзiнiң жасы сорғалай отырып баяндады. Әкенiң жаны ышқынып, не iстерiн бiлмей дал. Байғанин ауданының iшкi iстер қызметкерлерi жайбасарлық танытып отыр дейдi.

24 жастағы iнiм Нұрғали Қырықбаевты 2009 жылы 5 шiлде күнi бұзақылар өлiмшi етiп сабап кеттi. Сол күнi ол сағат он бiр шамасында қалалық аурухананың жансақтау бөлiмiнде есiн жия алмастан қайтыс болды.Нұрғали соққыға жы­ғыл­ған күнi (5.07.2009 ж.) кешкi сағат сегiзде досы Қаби Ықыластың үйлену тойына баратынын айтып, үйден шығып кеткен едi. 6 шiлде күнi таңертең екi полиция қызметкерi үйге келiп, түнде төбелес бол­ғанын, Нұрғалидың қалалық ауруханаға түскенiн хабарлады.

Жамбыл облысында өткен жылы 30 мыңға жуық сәби жарық дүние есiгiн ашыпты. Ресми мәлiметтерге қарағанда, осы сәбилердiң 70 пайызы – өзiмiздiң қаракөздер. Әрине, Жамбыл облысы қазақ ұлты көп қоныстанған аймақ, осының да әсерi бар екенi анық. Ал бiр отбасын­дағы балалар санының көптiгi жағынан келгенде дүнген, ұйғыр, өзбек, түрiк, күрд әйелдерi дес бермей тұр.

Бiз мектеп табалдырығын 1986 жылы аттаған түлектермiз. Дүние астаң-кестең болып, алып империяның алқынып тұрған кезi. Кеңес өкiметiнiң қауқары кете бастағанымен, iргемiзге сүйреп әкелiп тастаған коммунизмнiң шет жағасын бiз де көрiп қалдық. Түске дейiн сабағымызды оқимыз, түстен кейiн бiр уақ ұйықтаймыз, екi уақ берiлетiн тамағы тағы бар. Оның үстiне, сол жылы 11 жылдық оқу тәжiрибесiн енгiзген-дi. Бiзге дейiнгiлер сыныптан-сыныпқа “аттап-пұттап” бiтiре салды. Ал бiз 11 жылды толық оқып шыққан алғашқы буын болдық...

«Менiң әпкемдi күйеуi бес баласымен тастап кеттi. Ол кезде екеуi де 40-та едi. Үлкендердiң ақыл-кеңесiне жездем құлақ асқан жоқ. Екiншi әйелiмен араларында 15 жас айырмашылық бар. Одан да екi бала сүйдi. Алдыңғы балалары қазiр ер жеттi. Оларға жәрдемдесiп тұрады. Тек әпкем ауру болып қалды. Күйеуiнiң сатқындығын көтере алмаған тәрiздi», – дедi Алтынай. Мұны неге айтып отырмыз? Бұл таңсық жайт емес қой. Бүгiн үй болып, ертең екi жаққа кетiсiп жатқандар жайлы айтып та, жазып та ешкiмдi таңғалдыра алмайтын болдық емес пе мына заманда.

– Қызым қазақ мектебiнiң оқушысы. Жасы – 14-те. Кейiнгi кезде сыныптас қызының үйiне қонуға жиi сұранғыштап жүр. Екi рет жiбердiм. Соңғы рет жiбермей қойған едiм, түнiмен жылап, келесi күнi қырсығып, сабаққа да бармай қойды. Әкесi сөйлескеннен соң маған өкпелегенiн қойды. Тағы бiр күнi осы жағдай қайталанса, не iстеуiм керек? Жiбермей қойсам, «қызым менен суып кете ме?» деп қорқамын.

“Адал Азамат” қоғамдық қоры Қазақ елi жұртшылығына “Хабар” телеарнасынан “Ұлы дала ойындары” атты қазақтың ұлттық ат спорты мен дәстүрлi музыкасын дәрiптейтiн тележоба ұсынды. Қордың вице-президентi, тележобаның бас продюссерi Ерлан Сержанұлын әңгiмеге тартып, алғаш­қы қадамдары туралы сұрадық.

АЛДЫМЫЗДАҒЫ СЕНБIДЕ МӘСКЕУДЕ ДОПТЫ ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ БIРIНШIЛIГI ЖАЛАУЫН КӨТЕРЕДI.

Әлемнiң он екi командасының басын қосатын дүниежүзiлiк додада командалар алты-алтыдан екi топқа бөлiнген. А тобындағы әлемнiң үздiк алты командасы бас жүлде үшiн таласса, В тобында мықты шыққан команда келесi жылғы әлем бiрiншiлiгiнiң жоғарғы тобына шығудың қамын ойлайды. Әлем бiрiншiлiгiнiң ережесi бо­йынша, А тобында соңғы орында қалған команда В тобынан қара үзiп шыққан командамен жоғарғы топтың жалғыз жолдамасына таласады.

«Қалаймақан» деген сөздi естiсек, шыны керек, бiр кездерi «Қазақстан» телеарнасында көрсетiлетiн балаларға арналған «Қалаймақан» қысқаметражды (осылай деп атаса да болады) фильмдерi еске түседi. Бұл туралы әр түрлi пiкiрлер айтылса да, бәрiбiр орыстың «Ералашынан» бiрде-бiр кем емес. Кейiннен, Республика атындағы сарайда қойыл­ған әртүрлi концерттерде («Көңiлдi думан», «Бiз сiздермен бiргемiз», т.б.), басқа да әзiл-оспақ театрларының шығармашылық кештерiнде «Қалаймақан» атты әзiл-сықақ театры өз өнерлерiн көрсетiп жүрдi. Ендi осы аттас эстрадалық әзiл ән тобы дүниеге келiптi. Бұл жаңа әзiл ән тобы туралы топтың жетекшiсi Ерболат Әлқожа былай дейдi:

Ей, ағайын! Бiр ақының мен едiм.
Жақпай қапты кейбiрiңе өлеңiм.
Сұр жебенi бездiрiппiн беталды,
Бағыттамай кiрiсiне көбенiң.