1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №06 (15464) 21 қаңтар, бейсенбі 2010

ШЕКАРАНЫ ДЕЛИМИТАЦИЯЛАУ КЕЗIНДЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИIС ДЕП ШЕШIЛГЕН БЕС АУЫЛДЫҢ ЕКЕУI ҒАНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Оңтүстiк Қазақстан облысының бiр топ тұрғыны бес мың азаматтың аманатын арқалап «Жас Алаш» редакциясының есiгiн қақты. Өзбекстан мен Қазақстанның шекара сызығында туындаған даулы мәселенiң түйiнiн тарату үшiн. Ата-бабамыз бiлектiң күшiмен, найзаның ұшымен көздiң қарашығындай сақтаған туған жерге араша түсу үшiн. Қазақ-өзбек шекарасын делимитациялау кезiнде Қазақстан жағында қалады деп келiсiлген 5 елдiмекендi жоқтап, дәл осы ауылдардың кейбiрi ала тақиялы ағайындарға өтiп кеткенiн өкiметтегi­лерге ескерту үшiн.

Қайта-қайта кейiнге шегерiле берген «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының президентi Мұхтар Жәкiшев iсiне қатысты алғашқы сот процесi үлкен жанжалмен аяқталды. Жәкiшевке жаңадан тағайындаған Болат Исатаев Жәмиланың қолын қайырып, оның жүргiзушi­сiне қол жұмсады. Сот ғимаратында тұрған азаматтар Жәмиланы адуын адвокаттан арашалап алды. Еске сала кетейiк, қаң­тардың 5-iнде бас­талуы керек болған сот отырысы Мұхтар Жәкiшев­тiң адвокаты  Нұрлан  Бейсе­ке­евтiң науқастанып қалуы себептi үш рет кейiнге ше­герiл­ген болатын.

Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында жоғары билiк ұсынған «қазақстандық ұлт» негiзiнде жасалған «ел бiрлiгi» доктринасын бұқара жұртшылық та, елiмiздiң беделдi қоғамдық күштерi де қабылдамады. Қазақты ұлт ретiнде жоюға бастайтын құжат керi қайтарылмаса, М.Шаханов, А.Әшiмов, Д.Исабеков, С.Сматаев, Т.Кәкiшев бастаған ұлт зиялылары, саясаи партия жетекшiлерi мен қоғамдық ұйым белсендiлерi 17 желтоқсаннан бастап мерзiмсiз аштық жария­лайтынын мәлiмдеген едi. Халықтық наразылықтан сескенген Ақорда ұлт тұлғаларының бұл талабын орындауға амалсыз мәжбүр болды. М.Әшiмбаев бастаған жоғары лауазымды шенеунiктер «ел бiрлiгi» доктринасына қарсы үн қатқан топ­қа 20 қаңтарға дейiн балама құжат дайындауға мүмкiндiк бердi. Келiсiмге сәйкес

(2015 ЖЫЛҒА ДЕЙIН IСКЕ АСЫРЫЛАТЫН МIНДЕТТЕР)

«Тәуелсіздікті қорғау» халықтық қозғалысының ұйымдастыру кеңесі 18-қаңтар күні Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының Жобасын қабылдады

 

ҚАНАТ САУДАБАЕВ ПЕН РАХАТ ӘЛИЕВ КЕЛIСЕ АЛМАДЫ МА?

«Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев Венада Рахат Әлиевпен құпия кездесуi мүмкiн бе?» деген мәселеге әлi нүкте қойылған жоқ. Венада Қанат Саудабаевтың маңдайын тершi­ткен сұрақтың мән-жайын «Жас Алаштың» өткен нөмiрiнде (19 қаңтар, №5, «Күйеу — жүз жылдық, ал әуресi — мың жылдық») жазғанбыз. Қазақстандық саясаткерлер мен саясаттанушылардың көпшiлiгi Саудабаевтың Әлиевпен құпия кездескенiне сенiмдi. «Республика» ақпараттық порталына берген түсiнiктемесiнде Қазақстан Коммунистiк партиясының жетекшiсi Серiкболсын Әбдiлдин былай дептi:

“Н.Назарбаев Софы Сматаевпен не үшiн кездестi?” деген сауалды “Жас Алаштың” редакциясына да қойғандар тiптi көп. Интернетте де бұл мәселеге қатысты гу-гу әңгiме өрбуде. Осы және басқа да сауалдардың жауабын бiлмек болып, Софы ағамыздың өзiмен хабарластық. – Кеше президентпен кездесiпсiз, осының мән-жайын бiлейiк деп едiк. Ұсыныс қай тараптан болды? Сiз “қабылдаңыз” деп өтiнiш айттыңыз ба?

“Жас Алаш” газетiнiң 12.01­.2010 жылғы №3 санында Оралхан Дәуiттiң “Хоум Кредиттен” Нұрсұлтан Назарбаев та несие ала алмайды” атты мақала жарық көрген-дi. Онда Тараз қаласының тұрғыны Ерсұлтан Әмiрбектiң “Хоум кредит” АҚ-ының Тараз қаласындағы бөлiмшесiнен құжаттары қазақша толтырылғаны үшiн несие ала алмағаны жазыл­ған едi. Бiр айта кетерлiгi, мақалада Е.Әмiрбекке құжаттарының қазақша толтырылғаны үшiн несие берiлмейтiнiн сол жерде несие құжаттарын дайындайтын оператор Рахан Бекбергенов айтып, бұған дейiн Е. Әмiрбек еш кедер­гiсiз “Хоум кредиттен” екi мәрте несие алғаны ашық айтылды.

2008 жылдың басында ауданның бұрынғы әкiмi А.Кәрiмов Ақжар ауылының тұрғындарына есеп беру жиналысын өткiздi. Сол жиында менiмен бiрге ауылдың бес-алты тұрғыны А.Кәрiмовтiң кемшiлiктерiн сынға алған едiк. Ақыры, оның әкiреңдеген қылығына төзе алмаған тұрғындардың көпшiлiгi қарсылық бiлдiрiп мәдениет үйiнен шығып кеттi. Бұл масқара оқиғаны бүкiл облыстағы құзырлы орындар түгел естiп, бiраз уақыт өткенде әкiм билiктен кетiп тынды.

Айтыс – ата-бабамыздан келе жатқан өнер. Жас ке­зiмiзде “пәленше мен тү­геншенiң айтысы болды, сөз­дерi ғажап екен” дегендi естiсек, қайдан болса да та­уып алып, әке-шешемiзге оқып берiп, құлақтарының құры­шын қандыратынбыз. Өйткенi, ол кездегi айтыстардың қазiргi айтыстардан өзгеше ерекшелiктерi болатын. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн айтысты телеарнадан көр­се­те бастады. Бұған бел­гi­лi азамат, тележүргi­зу­шi Жүрсiн Ерманов басшылық жасады.

Әке-шешем де, өзiм де ешкiмнiң ала жiбiн аттаған жан емеспiз. Осы алпыс жылдық өмiрiмде талай қулық-сұмдықты көрсем де, балаларға қиянат жасап отырған ақ желеңдi абзал дәрiгерлердi көрген жоқ едiм. Бiр қария: “Әкесiн сабағанды көрдiм, бiрақ арбаға байлап қойып сабағанды көрген емеспiн”, – деген екен ашынғанда. Қазiр менiң басыма да дәп соның керi келiп отыр.

Ауылдан жырақ кетiп, қалада еңбек еткенiме он жылдай болды. Осы уақыт iшiнде көптеген адамдармен танысып, қызметтес болдым. Бiр жерден нан жеп, бiрге күлiп-ойнаған ұжымымды әлi күнге дейiн мақтан етумен келемiн. Ол ұжым бiрыңғай жастар болатын. Бiздiң әр күнiмiз ойын-күлкiмен өтетiн

Каникул басталса болды, өз басым ауылға, атам мен әжеме жетуге асығамын. Атам мен апам келгенiме қуанып, барын дастар­хан­ға жайып, мен кеткенше айналшықтап жанымнан шықпайды. Мен атамның жирен бестiсiн ерттеп мiнiп, кезектiң алдынан шығып, ұсақ малдары мен екi-үш сиырды айдап әкелемiн. Күндегi жұмысым осы. Кешке бәрiмiз апамның дайындаған тамағын улап-шулап iшемiз. Атам маған арнап көршi үйден қымыз да әкеп бередi. Әңгiменiң де неше атасы айтылады. Осындай кештердiң бiрiнде атам бие байлап отырған көршi үйдегi оқиғаны айтты:

Мен ауылда туып-өскен жанмын. 50 жылдай ұстаздық еттiм. Ауылмен байланысым әлi үзiлген емес. Бiр байқағаным, ауыл балалары көбiнесе ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, заң институттарында оқыды. Мәскеу мен Ленинградта да бiлiм алғандары болды. Олар негiзiнен қостiлдi болып қалыптасты. Қазiр билiк төңiрегiне, парламентке қарап отырып, “қазақ тiлдiлер қайда кеттi?” деп таңғаламын. Олардың бәрiнiң бiрдей тұғырдан түсетiн уақыты болған жоқ едi ғой.

Осыдан алты жыл бұрын Афины төрiнде атой сал­ған Серiк Елеуов былғары қолғабын шегеге iлгенiне бiраз болды. Аргентинада өткен жастар арасындағы әлем бiрiншiлiгiнде көк байрағымызды желбiретiп, әнұранымызды асқақтатқан шеберiмiз сол кезде он сегiз жаста едi. Жастар арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған қазақ боксшысы қазiр қайда жүр? Немен айналысады? Олимпиада жүлдегерiнiң қазiргi хал-жағдайы қалай?..

Қаңтардың 16-сы күнi Астанада бокстан Қазақстан бiрiншiлiгi басталды. Елiмiздiң он төрт облысымен Алматы және Астана қалаларының боксшыларының басын қосқан бәйге 23 қаңтар күнi мәресiне жетедi. Биылғы жыл – қазақ боксшылары үшiн маңызды жыл. Олай дейтiн себебiмiз, осы жылдың қараша айында Қытайдың Гуанжоу қаласында Азия ойындары өтедi. Ел бiрiншiлiгiн барыс жылының басында өткiзiлуiнiң себебi осында жатыр.

Өткен аптаның соңында Ресейдiң Түмен қаласында орыстың аты аңызға айналған палуаны Иван Поддубныйды еске алуға арналған халықаралық жарыс өттi. Бұл сынға қатысқан қазақстандық палуандар 1 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль жеңiп алды. Ұлттық құраманың бас бапкерлiгiне жаңадан таға­йындалған Мұратбек Қасымханов үшiн бұл алғашқы сын болды. Ресей жерiнде өткен турнирге он төрт палуанды ертiп апарған М.Қасымхановтың қоржыны табысқа толы болды десек те болады.

Қазақстанның Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетов сейсенбi күнi Астанада Қазақстан Республикасының Үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмовке 2009 жылдың қорытынды есебiн бердi. Елiмiздегi спорт басшыларының қатысуымен өткен жиынға бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi де қатысты. Өткен жылды қорытындылаған елiмiздiң Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетов былтырғы жыл спортшыларымыз үшiн табысты жыл болғанын баса айтып өттi.