1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №07 (15465) 26 қаңтар, сейсенбі 2010

ШОҚЫНҒАН ҚАЗАҚҚА ҰЛТТЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫН

Көпшiлiктiң айтуынша қазiргi таңда шоқынған қазақтың саны жарты миллионнан асады. Бөгде елден келген миссио­нерлердi былай қойып, қазақты қазақ шоқындыра бастаған. Мектептегi оқушылар мемле­кеттiк әнұранды орындамай, бозбалалар әскери борышын орындаудан бас тартады. Ата-аналар болса туған баласы жан тапсырып жатса да оған қан беруден үзiлдi-кесiлдi қашып, басқа адамның қанын құюға мүм­кiндiк бермейдi. Мемлекет, заң, шекара, ұлт атаулыны мүлде мойындамайды. Яғни, оларға тiл мен ұлттың құны көк тиын. Мұны оқыған ұлтжанды ағайын: «Ұлттан безген бұл қандай көксоққандар?» дерi анық.

Жоғары билiк тарапынан қоғамға ұсынылған «ел бiрлiгi» доктринасы зиялы қауым өкiлдерiнiң, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыс жетекшiлерiнiң, мерзiмдi басылым басшыларының қарсылығына тап болып, оған балама құжат – «Қазақстан Республикасының Ұлттық саясат тұжырымдамасы» дайындалды. Билiк пен қоғамдық күштердiң келiсiмi бойынша, бұл екi құжат қатар талқылануы тиiс. «Жас Алаштың» өткен санында жарық көрген Тұжырымдамаға қатысты белгiлi ғалым, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкiшев, Халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов және саясаткер Серiкболсын Әбдiлдин өз пiкiрлерiн бiлдiрдi.

 

Қоғамды дүрлiктiрген, жалпақ жұртшылықтың қарсылығын тудырған екi мәселенiң бiрi – «қазақстандық ұлт» идеясына негiзделген «Ел бiрлiгi» доктринасы болса, екiншiсi – Қытайдың соя мен рапс өсiру үшiн Қазақстаннан 1 миллион гектар жердi сұрағандығы болды. Бiрiншi мәселе бойынша бәрi анық. Американдық ұлттың үлгiсiнде жасалмақ болған «қазақстандық ұлт» идеясына наразылық әу бастан күштi едi. Қазақты ұлт ретiнде жоюға бағытталған идеяның негiзiнде жазылған «ел бiрлiгi» доктринасына халықтың жапатармағай қарсылық бiлдiргенi де сондықтан. Ал Қытайға жер беру туралы мәселе күтпеген жерден пайда болды.

Қытайдың Қазақстаннан жер сұрауына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы ми­нистрi Ақылбек Күрiшбаев пен ҚР Индустрия және сауда вице-министрi Ерхат Есқалиев мырзаларға ресми түрде және газет арқылы («Жас Алаш». №103, 29 желтоқсан, 2009 жыл) төмен­дегi­дей сұрақтар қойған едiк. Сұрақтарға жауап келдi

Тендер деген “тентек”. Кiм күштi, кiм мықты соның қасында жүредi. Соған қызмет етедi. Тентек шоқпармен дос, тендер “шоталмен” дос. Сосын бұл “тентектiң” жүрмейтiн жерi жоқ. Құрылыс, мектеп, аурухана... селтең-селтең етiп, елдiң бәрiн бәсекелестiрiп, ақырында ұрыстырып қоятынын қайтерсiз. Ал, бiз Жамбыл облысы тендерлерiнiң “тентектiгiн” ендi бiлiп жатырмыз.

“Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры “БТА Банкiн” Сбербанкке сату жөнiндегi келiссөз­дердi биылғы жылдың II тоқсанында бастамақ. “Көп нәрсе кредиторлардың келiсiмiне байланысты... Бiз Сбербанктен кез келген ұсынысты күтемiз”, – дейдi “Самұрық-Қазына” қорының төрағасы Қайрат Келiмбетов. Оның айтуынша, “Самұрық-Қазына” Сбербанкке “БТА Банктiң” 85 пайыз акциясын сатуға дайын.

НЕМЕСЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЕСЕПШОТЫН ТАЛДАУ НЕЛIКТЕН ӘРКIМНIҢ ДАҒДЫСЫНА АЙНАЛУЫ ҚАЖЕТ

Естерiңiзде шығар, бұрындары “Көңiлдi мәрелер” атты спорттық құмар ойыны болатын. Өз басым мұны бала кезiмнен бiлемiн. Кейiннен балабақша мен мектепте өз балаларыммен әртүрлi конкурстарға ықыласпен қатыстым. Бiр кездерi бұл дәуреннiң өтiп кеткенiн, әлдебiр өмiрлiк құштарлықтың жетiспейтiнiн шамалағандай болдым

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты “Қошмамбет-2” ауылы Алматы қаласынан небәрi 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда дәл қазiр шамамен 150 отбасы күнелтуде. Бұлардың басым көпшiлiгi көршi Өзбекстаннан көшiп келген қазақтар. Әрбiр отбасында орташа есеппен алты жан бар. Яғни, дәл осы елдiмекенде бүгiнгi күнi тоғыз жүзге жуық адам түтiн түтетiп, тiршiлiк жасауда. Әйткенмен, алғашқы шаңырақтың қазығы қағылғанына бес жыл толса да, қатқыл жол төселмеген, ауызсу жоқ, көгiлдiр отын тартылмаған, қоғамдық көлiк жүрмейдi.

«Сананы тұрмыс билейдi» деген қанатты сөздiң бары да рас. Иә, көп мәселе тұрмысқа, бiздiң тұрмысымызға байланысты. Бiз қалай күнелтiп жүрмiз? Тұрмысымыз қай деңгейде? Осы сауалдарға жауап iздеп, бiрнеше адамды әңгiмеге тартқан едiк.

Әлi есiнде... 1989 жылы “ПМК” деген құрылыс мекемесiнде жұмыс iстеп жүрген кезi. Жамбыл ауданының бiр ауылынан үлкен мектеп салды. Ғимараты биiк, еңселi, әп-әдемi болып шықты. Бiр қауым елге үлкен қуаныш сыйлап, ауыл ақсақалдарынан бата алып қайтқан-ды сол жолы... Арада төрт-бес жыл өттi ме, жоқ па... бұған бiр құрылысқа қызыл кiрпiш керек боп қалғаны... Жасыратыны жоқ, ол кезде көптеген кiрпiш зауыттары тоқтап қалғандықтан кәсiпкерлер ескi ғимараттарды бұзып алатын. “Пәлен жерде кiрпiш бар” дегендi естiп барса

“Үш балам бар. Күйеуiм жалданып, қара жұмыс iстейдi. Малымыз жоқ. Диқаншылықпен айналысайық десек, егiндiк жерiмiз тағы жоқ. Әлеуметтiк жәрдемақы алмаймыз. Күнкөрiсiмiз мүшкiл болып тұр. Сiздерден сұрайтыным, күнкөрiсi қиын отбасыға мемлекет тарапынан қандай көмек қарастырылған? Көмек болса, қандай құжаттар керек екенiн бiлiп берсеңiздер екен”.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың айтуынша, өткен жыл Қазақстанның еңбек нарығында күрделi кезең болыпты. “2008 жылдың күзiнен бастап елде жұмыссыздар саны артты. Жұмысшыларының жалпы саны 135 мың адамды құрайтын 264 кәсiпорын өндiрiсiн толықтай және жарым-жартылай тоқтатты. 25 мың адам жартылай жұмыс күнiмен қамтылса, 15 мың 600 адам еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шықты”,

ОСЫЛАЙ ДЕП МАҚТАНУҒА, МАСАЙРАУҒА БОЛА МА? БОЛМАСА, ОНДА БIЗДIКI НЕ?

Әлi есiмнен кетпейдi, «есiмнен кетпейдi» деп жұмсақтап айтып жат­қан түрiм ғой, шын мәнiнде осы бiр қорқынышты әрi аса қорлықты көрiнiс күнi бүгiнге дейiн жүйкемдi жаншып, еңсемдi езедi де тұрады... 1987 жылдың ерте көктемi, егер жаңылыспасам, наурыз айының аяқ шенi ғой деймiн. Алматыдағы қазiргi күнгi Республика сарайында Қазақстан мұғалiмдерiнiң кезектi съезi өттi. Мен бұл кезде «Қазақ әдебиетi» газетiнде тiлшi боп қызмет iстеушi едiм. Газет басшылығы съезге менi жiбердi. Делегат етiп емес, әрине. «Мұғалiмдер съезiнен материал алып кел» деп.

Астанада сегiз күнге созылған бокстан Қазақстан бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Елiмiздiң он төрт облысының және Алматы мен Астана қалаларының боксшылары бас қосқан жарыстың бейресми жалпыкомандалық есебiнде Шығыс Қазақстан облысының былғары қолғап шеберлерi 4 алтын, 2 күмiс, 1 қола медаль еншiлеп, бас жүлдеге ие болды. Биылғы бокс бiрiншiлiгi қызыққа толы болды. Астанаға ат арытып келген былғары қолғап шеберлерi арасындағы додада есiмi елге бей­мәлiм жастардың

АЛ ҮРЖАР АУДАНДЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТI МҰНЫ ЕҢ АЛҒАШ БIЗДЕН ЕСТIДI

Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Б.Сапарбаевтың назарына. Шығыс Қазақстан облысының Бақты ауылынан Райхан Әмiрбекқызы телефон соғып, былай дедi: “Қаңтардың 19-ы күнi Қытайдан Бақты бекетi арқылы отыз шақты адам Қазақстанға өткенбiз. Шекарадан өткен соң көлiгiмiз бұзылып қалды. Көлiгiмiздi жасап едiк, боран соғып кетiп, жол жабылып қалды. Мiне, содан берi Бақты ауылында Жiбек деген апаның үйiнде “құдайы қонақ” болып жатырмыз. Ол кiсiге де рахмет...

Мәскеуде футболдан “Достастық” кубогы мәресiне жеттi. Осымен он сегiзiншi рет жалауы көтерiлген жарыстың бас жүлдесi биыл да қазақстандық командаға бұйырмады.Посткеңестiк елдердiң командалары арасында жыл сайын өтiп жүрген дәстүрлi жарыстың беделi соңғы жылдары төмендеп кеткенiн екiнiң бiрi айтады. Баяғы Киевтiң “Динамосы” мен Мәскеудiң “Спартагы” арасындағы тартыстың бүгiнде дәуiрi өткен.

Қазақстан құрамасының допты хоккей шеберлерi Мәскеуде өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгi алғашқы ойынын жеңiлiспен бастады. Александр Ионкин баптайтын елiмiздiң хоккейшi­лерi тұсаукесер кездесуiнде Ресей құрамасынан 2:14 есебiмен жеңiлiп қал­ды.