Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Ақтөбе қалалық сотында 24-25 жастағы Асхат Түркiмбаев, Серiк Iзтаев және Дәулет Есенбаевтың үстiнен қозғалған қылмыстық iс қаралуда. Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментi ақтөбелiк үш жiгiттi Дағыстандағы террорлық ұйыммен бiрiгiп, қарулы джихадқа қатыспақ болды деп айыптауда. Бұлар өткен жылдың 25 шiлдесiнде РФ Астрахань облысы аумағындағы «Қараөзек» шекара өткiзу бекетiнде ұсталған. Оларды атыраулық әлдебiр азаматтың жеке көлiгiнен түскен бойы РФ Федералды қауiпсiздiк қызметiнiң Астраханнан келген 15 қызметкерi ұстап алған.
Кезiнде Қ.Тоқаев «киндерсюрприз» деп менсiнбеген Мұхтар Әблязов өзiнiң оңай-оспақ емес екенiн елден оп-оңай шығып кеткенiнде-ақ дәлелдеп қойған. Бекер кете салған жоқ ол. Қойын-қонышын ақшаға да, түрлi компроматқа да толтырып кеттi. Ендi көңiлi тоқ сол сабазыңыз нағыз шабуылды бастады. Шабуылдағанда да «анау-мынауға» емес, президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың шалғайына жармасты.
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒЫМПАЗДЫҚҚА БРЕЖНЕВТIҢ ДЕ ҚЫЗҒАНА ҚАРАУЫ МҮМКIН»
14 қаңтар күнi Венада ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесiнiң отырысы болып өттi. Дәл осы күнi ЕҚЫҰ төрағалығына ресми түрде кiрiскен Қазақстан Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевтың мәлiмдемесi мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың теле-үндеуi тыңдалды. «Егемен Қазақстан» газетi бастаған ресми БАҚ өкiлдерi бұл оқиғаны «ғасыр жаңалығына» балап, оған iрi «тарихи» сипат беруге тырысты. Мемлекет басшысы бұрыннан бiлдiрiп жүрген ойын қайталап айтып, ЕҚЫҰ-ны «4 Т» ұранымен басқаратынын мәлiмдедi. Оның мән-мазмұны неде екенi
– Бiз қазiр өзiмiзбен тағдырлас көршi елдерден көш кейiн қалып қойдық. Түркiменстаннан да, Өзбекстаннан да, Тәжiкстаннан да. Менiң «көш кейiн қалып қойдық» дегенiме бiреулердiң мырс етiп күлуi де мүмкiн. Рас, бәлкiм, бiз олардан күнкөрiс жөнiнен, шетелдерден инвестиция тарту жөнiнен озған да шығармыз. Бiрақ, рухани сала жөнiнен, әсiресе, ұлттық руханият жөнiнен әлдеқайда кейiн қалып қойдық. Бұл елдердiң тыныс-тiрлiгi түгелдей бiр тiлге, мемлекеттiк тiлге көшiрiлдi. Дiнi – бiреу-ақ, яғни ислам, оны да негiздеп, нақтылап алды
Баспасөзде қоғамдық ұйымдар бiрлесе әзiрлеген «Ұлт саясатының тұжырымдамасы» жарияланды. Көкiрегi ояу, көзi ашық әрбiр алаш азаматы онымен танысқан болар. Сондықтан мен оны талдап-түсiндiрмей-ақ қояйын. Тек қана осы тұжырымдамаға тiкелей қатысты бiр сұраққа ғана жауап беруге тырысайын. Ол сұрақ төмендегiдей: «Ендiгi жерде осы құжатқа байланысты билiк қандай тактика қолданбақ?».
ДЕДI ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫНЫҢ «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫН ҚР МЕМЛЕКЕТТIК СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНҒАН ЗИЯЛЫЛАР
Кеше Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында арнайы мәжiлiс өттi. Мәдениет саясаты және өнертану институтының директоры Ерлан Сайыров мырза «осы институттың, «Тағлым» интеллектуалды-мәдениеттану клубының, бұдан өзге тағы да бiрсыпыра мәдениет және өнер қайраткерлерiнiң ұйғаруымен Қытайдағы қандасымыз, көрнектi жазушы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романын әдебиет жөнiндегi ҚР Мемлекеттiк сыйлығына ұсынғанын» мәлiмдедi. Ерлан Сайыровтың ұсынысын осы мәжiлiске қатысқан қазақ оқығандары мен зиялылары түгел бiр ауыздан қолдады.
Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаев мырзаға
Құрметтi президент! “Қазатомөндiрiс” АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшовтың бастамасымен “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес бұрынғы аудан әкiмiнiң ұсынысын қарап, жергiлiктi мәслихаттың 13.12.2004 жылғы шешiмдерiнiң негiзiнде, үкiмет қаулысы шығып Ресей-Қырғыз-Қазақстан коммерсанттарының қатысуымен құрылған мемлекетаралық бiрлескен “Заречное” жабық акционерлiк қоғамына (бұрынғы “Табақбұлақ” уран кенiшi)
РЕСМИ СТАТИСТИКА БОЙЫНША, 1,1 ПАЙЫЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСIМГЕ ҚОЛ ЖЕТКIЗДIК
Бiздiң үкiмет көп қателеседi. Бiр ғана мысал – 2009 жылғы ЖIӨ-нiң көрсеткiшi 0,1 пайыз болуы керек деп меже белгiлеген едi. Үкiмет “байқамай” ол межеден де асып түсiптi. Ендi мiне, ресми статистикалық мәлiметтерге сенсек, президент күткендей, елiмiздiң ЖIӨ-сi 1,1 пайызға өсiптi. Және қараша мен желтоқсан айларындағы көрсеткiштер экономикамыздың рецессиядан бiртiндеп шыға бастағанын байқатады-мыс. 2009 жылдың бiрiншi және екiншi тоқсанында көрсеткiштерiмiз “минуста” болды, үшiншi тоқсанда нөлдi көрсеттi.
1998 жылы зейнетақы жүйесi ендiрiлер тұста оған қарсы шыққандардың қарасы көп болған-ды. Бiрақ үкiметтiң “зейнетақы активтерi есебiнен зауыт, фабрикалар, өндiрiс орындары салынады, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады” деген жалғыз уәжi жұрттың күдiк-күмәнiн сейiлттi. Өйткенi өндiрiс салынса, өнiм өндiрiледi, жұмыс орындары ашылады, ең бастысы, зейнетақы қорларының қаржысы тиiмдi жұмсалып қана қоймай, қорларға табыс әкеледi делiнген-дi. Сөйткен қорлар қаржысы инфрақұрылымдық жобаларға бағытталса қане?
Құлыбаева Динара ханымның Женевада бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткiш жасап, Леман өзенiнiң бойынан 74,7 миллион франкке айналасы ат шаптырым вилла сатып алғанын «Жас Алаш» газетiнен бiр емес, екi рет оқып шығып, аң-таң болдым да қалдым...
Жақында «Жас Алаш» газетiнде (№2, №3, 2010 жыл) жарияланған жазушы Мамытбек Қалдыбайдың «Мәскеуге соңғы сапар» деген мақаласы маған үлкен ой салып, қолыма қалам алғызды. Қазақ елiнiң өсiп-өркендеуiне қомақты үлес қосқан iскер басшы, үлкен ғалым, қоғам қайраткерi, КОКП ОК саяси бюросының мүшесi, үш рет Социалистiк Еңбек Ерi, бiртуар ғұлама, жүрегi елiм, жерiм деп соғатын Д.А.Қонаев ақсақалға орнынан түскенде жасалған қиянатты оқығанда, жүрегi сыздамаған оқырман болған жоқ шығар, сiрә.
– Құдай-ай, қазақ әлiмсақтан берi ұлын сүндеттетушi едi ғой. «Пiшпең» не, ей? Бiздiң ауылда қошқар, бұқаны пiшедi. Бiзде «пiшпе» емес, «сүндеттеу» дейдi. «Пiшпе» той емес, «сүндет той» дейдi, – деуiм мұң екен, аузы аңқиған күйi танысым:
– Бiздiң ел әлгi «пiшпе» сөзiн «пiштiру» сөзiнен шығарып айтатын болуы керек, – деп мiңгiрлейдi. Ұялған тек тұрмастың кебi.
Мұны неге жазып отыр дейсiз бе? Сөз өз мәнiнде айтылса, әсерлi естiледi, жаныңды жадыратады. Анау-мынау сөз ел iшiнде айтылып жүр деп, ана тiлiмiздi сақаудың тiлiне айналдырмайық.
Мен – көп оралманның бiрiмiн. Бұл елге алу үшiн емес, беру үшiн келгенiмдi жасырмаймын. Себебi, 2001 жылы баспанамды (квотадан тыс) алып, келешек үшiн, балаларым өз ана тiлiнде, өз Отанында оқысын деп лауазымды қызметiмдi тәрк еткен жанмын. «Кезiнде бұлар өз Отанын тастап кеткендер» дейтiндерге айтарым, бiрiншiден, тастап кеткен жоқпыз. Ата-аналарымыз ұрпағын аман сақтап қалу үшiн кеткен болса, келiп жатқандар аман-сау болсынмен қатар, салауатты ұрпақ тәрбиелеу үшiн келуде.
Мен сегiзiншi сыныпта оқимын. Қоңырау сыңғырын естiп келгенiме тоғыз жылдай уақыт болды. Әрине, мектептi қоңыраусыз көзге елестету мүмкiн емес. Мектепте оқыған кезеңде әрбiр адам қоңыраудың сыңғырын 20 000 (жиырма мыңнан) астам рет естидi екен. Қоңырауға байланысты оқушылардың мәңгi есiнде қалатын екi салтанатты мереке бар. Оның бiрiншiсi – «Алғашқы қоңырау», екiншiсi – мектеп бiтiрерде соғылар «Соңғы қоңырау».
Президент Н.Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетiнiң ұжымын басылымның 90 жылдық мерейтойымен құттықтау сәтiнде журналистерге: «...қазiргi бәсекелестiк жағдайында газеттiң сапасы мен көркемдiгiн жақсарту керек, халықтың ойы мен тiлегiнен шығу керек» дедi. Егер сол газеттер халықтың ойы мен тiлегiнен шығып жатса, президент бұл сөздi айтар ма едi? Халықтың мұңы мен мұқтажын, мақсат-мұратын жазудан гөрi билiктегiлердiң асты-үстiне түсiп мақтап жатсақ та, «бәрi ғажап, керемет» деген
Жақында теледидардан «2010-2020 жылдарға арналған тiлдердiң дамуы мен қолданылуы бағдарламасын дайындау» туралы жұмыс тобы құрылып, оған министр Мұхтар Құл-Мұхаммед басшылық жасайтынын, оның орынбасары болып Мұхтар Шахановтың тағайындалғанын естiп, қуанып жатырмыз. Топтың құрамында Смағұл Елубай, Асылы Осман сияқты тiл жанашырлары бар екенi қам көңiлiмiзге демеу бола түстi.
Ертең Ресейдiң Красноярск қаласында еркiн және әйелдер күресiнен даңқты палуан Иван Ярыгиндi еске түсiруге арналған халықаралық турнир басталады. Әлемнiң жиырмадан астам елiнiң палуандары жиналатын дүбiрлi жарысқа бiздiң де палуандарымыз қатысады.
Достастық кубогының екi дүркiн күмiс жүлдегерi “Ақтөбе” футболшылары он күндiк демалысқа шықты. Ендi Владимир Мухановтың командасы 3 наурыз күнi Түркияға төртiншi оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге барады.
Бұған дейiн Талдықорғанның “Жетiсу” командасында өнер көрсеткен Ерзат Кенбаев Қарағандының “Шахтерiнде” сынақта жүр.
Украиналық кәсiпқой боксшы, Владимир Кличко наурыздың 20 наурыз күнi әлем чемпионы атағын қорғайды. IBF және WBO тұжырымының алтын белдiгiнiң иесi В.Кличконың бұл жолғы қарсыласы американдық Эдди Чемберс (суретте сол жақта) болмақ.Наурыз айында өтетiн қос мықтының арасындағы жекпе-жек Германияның Дюссельдорф қаласында өтедi. “Байер” футбол клубының стадионында болатын жекпе-жектi 51 мың жанкүйер тамашалайды деп күтiлуде.