1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №09 (15467) 2 ақпан, сейсенбі 2010

Қазақ халқы қашанда «жер дауына» ерекше көңiл бөлiп, мұны күрделi де маңызды мәселе қатарына жат­қызған. «Мәселен, Қытай Халық Республикасы мал азығы үшiн соя мен рапс өсiруге бiзден 1 миллион гектар жер берудi сұрады» деген президенттiң бiр ауыз сөзi дүйiм жұртты дүрлiк­тiргенi де сондықтан. «Қы­тайға беретiн қазақтың жерi жоқ!» деп мәлiмдедi ұлт тұл­ғалары. Мемлекет бас­шы­сының, елiмiздiң Бас про­куратурасының жер мәселесiн көтерудi тоқтатуды талап еткен ескертуiне қарамастан халық тыныш­тал­ған жоқ.

Жұма күнi президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан хал­қына арнаған кезектi жолдауын жылдағыдан ерте жария еттi. Президент сөзiн, әдеттегiдей, оптимистiк сарында бастап, сол сарында аяқтады. Бұл жолғы жолдау бұрынғыларымен салыстырғанда қысқарақ – аз-кемi бiр сағаттың айналасында болды. Ақорданың жарығы өшiп қалмады. Саяси қарсыластарына қатуланбады. Президент сайтында iлiнген жолдау мәтiнде келтiрiлген сандар мен президенттiң аузымен айтылған сандарда айырмашылық

ОНЫҢ МЕКЕНI – АТА-БАБАДАН ҚАЛҒАН ҚАЗАҚ ЖЕРI МЕМЛЕКЕТIНЕ ИЕ БОЛМАҒАН ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР БОЛМАҚ

“Тәуелсiздiктi қорғау” халықтық қозғалысының кеңесi 19 қаңтар күнi “ел бiрлiгi” доктринасының орнына “Қазақстан Республикасының Ұлттық саясат тұжырымдамасын” ұсынғаны белгiлi. Ұлттық мүдденi ту еткен бұл құжат қалың жұртшылықтың қолдауына бiрден ие болды. Бұған редакцияға қо­ңырау соғып, өзiнiң ықыласын бiлдiрiп жатқан азаматтардың көзқарасы мен интернеттегi көптеген пiкiрлер айқын дәлел.

Биылдан бастап бiз Кеден одағына мүше болып кiрдiк. Әрiптестерiмiз – Ресей мен Беларусь. Минскiде бас қосқан үш ел президенттерi арнайы келiсiмге қол қойып, 2010 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап одақтың iшкi шекараларындағы бекеттерде баж салығы алынып тасталды. Керiсiнше, сыртқы шекараларға бақылау күшейтiледi. Келiсiм бойынша, 2011 жылғы шiлденiң 1-iне дейiн барлық құжаттар түгел рәсiмделетiн болды.

ЕҚЫҰ-ға төраға болғанымызбен елдегi демократия iлгерi жылжыған жоқ. Үкiметтiң дағдарысқа қарсы бағдарламасына бiр жыл толса да, оның дағдарысты жеңуге шамасы жетпедi. “Нұр Отан” партиясы өзектi мәселелердi ысырып қойып, президенттiң өмiрлiк билiгiн заңдастыру арқылы өзiнiң таза ойыншық орган екенiн дәлелдедi. Десек те, билiк көзге анық көрiнiп тұрған бұл мәселелердi еш ескермей, халыққа “бiз жұмақ елде тұрамыз” ұранын тықпалауда.

Соңғы уақытта Қазақстанда коммуналдық төлемдердiң бағасы өсiп келедi. Әр аймақта әртүрлi көлемде. Мәселен, 1 қаңтардан бастап электр қуаты Солтүстiк Қазақстан облысында 9 пайызға қымбаттаса, Шығыс Қазақстан облысында 25 пайызға өстi.ҚР Табиғи монополияларды ретте агенттiгiнiң деректерiне сүйенсек, республиканың әр аймағында коммуналдық төлемдердiң бағасы әртүрлi. Мәселен, дәл қазiр 1 текше мерт ыстық су Ақтөбеде 99 теңге 35 тиын тұрады.

САУДА ТӨМЕНДЕДI, ИНФЛЯЦИЯ ЖЕДЕЛ ӨСТI, АЛ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СОЛ ҚАЛПЫНДА

Ұлттық банктiң ақпанда жариялаған Қазақстан экономикасына ақпараттық-талдамалы шолуына көз жүгiртсек, сыртқы сауда айналымы қайта құлдырағанын байқаймыз. Айталық, 2009 жылғы қаңтар-қарашадағы сыртқы сауда айналымы 63 миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде импорттың үлесi – 25,4, ал экспорттiкi – 37,6 миллиард доллар. Жалпы алғанда, қарашада сыртқы сауда айналымы 15,1 пайызға төмендеген.

Жуырда Петропавл қаласындағы гуманитарлы-техникалық университетiнiнен үлкен дау шықты. Бiрқатар БАҚ-тың айтуынша, жоғары оқу орнының басшылығы университеттiң жабылатынын мәлiмдеген. Соған қарамастан студенттерден оқу құнын толық төлеудi талап еткен. Оқу құнын толық төлемеген студенттерге құжаттары қайтарылмай отыр. Артынан барып анықталды, бұл университет осыдан екi жыл бұрын жабылуға тиiс екен. Сол екi жылдан берi бұл оқу орны лицензия­сыз жұмыс iстеп келген.

Бұл күндерi ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптап жүргенiмiз өтiрiк емес. Қарапайым бiр мысал: автобустардың есiгiнде бiр және екi теңгелiктер жапсырылып тұрады. Оны жапсырғандардың ойынша бiр және екi теңгелiктер ақша санатына қосылмайтын да шығар. Бiрақ, ол теңгелерде елтаңбамыз нақышталған емес пе?! Бұлай iстеу мемлекеттiк ремiздердi құрметтемеу емей немене?

Кейiнгi жылдары студенттер арасында дипломдық жұмысты iзденiп, еңбектенiп, өздерi жазып жатқандары некен-саяқ. Бұл ненi көрсетедi? Студенттердiң оқуға, iзденiске деген құштарлығының төмендегенiн бе? Әлде оқытушылардың өз студенттерiнiң шама-шарқын бағамдай алмауын ба? Мүмкiн, бұл шарасыздықтан туған мәжбүрлiк шығар? Бұл құбылыстың белең алуына не себеп?

Студенттердi жатақханамен қамтамасыз ету мәселесi ақсап-ақ тұр. Жаңа оқу жылы науқанында жатақхананың таңдаулы бөлмелерi сатылымға түседi. Қалталы студенттер бiр жылға оны сатып алады. Жоқ, жалға алады десем, дұрысырақ болатын шығар. Ал, қалтасы көтер­мей­тiн студенттер «жоқтан жақсы ғой» деп, бiр бөлмеде сегiз адам болып тұруға мәжбүр.

Жұма. Қыстың суық күнi. Түркiстан сауда кешенiнiң төмен жағынан басталып, Райымбек даңғылына дейiн созылып жатқан гүлзар. Бұл – бақсы-балгер, құмалақшылардың шоғырланған ордасы. Иемденiп алған тұрғылықты орны десеңiз де болады. Олар қысы-жазы, жыл он екi ай осында. Бұл жерде небәрi 10-20 минут iшiнде ашылмай жүрген бағыңызды ашып, жоғалтқан жоғыңызды тауып, ауырған басыңызды, сырқаған аяғыңызды ауруынан жазып, кеше не болғанын, тiптi ертең не боларын да бiлуге болады-мыс.

Қажығұмар Шаб­данұлының бостандықта жүрген санаулы жылдарының бiрiнде, нақтырақ айтсам, 1984 жылы Қытайдағы Iле қазақ автономиялы облысы бойынша айтыс ақындарының кезектi бiр басқосуы Нылқы ауданының Шапқы жайлауында өткiзiлетiн болды. Тарбағатай аймағынан айтысқа қатынасатын ақындар тобын Қажығұмар Шабданұлы бастап келедi екен дегендi естiп қалдық. Аламан айтысты Шапқы жайлауында өткiзген ақындар қайтар жолда облыстың орталығы Құлжа қаласына келiп бiрер күн

Өткен аптаның сенбiсiнде Алматыда “Бейбарыс Профи” кәсiпқой спорт клубының ұйымдастыруымен ережесiз жекпе-жектiң панкратион түрiнен Қазақстан спортшылары мен Үндiстан спортшылары арасында матчтық кездесу өттi.Қазiргi таңда елiмiздегi ережесiз жекпе-жектiң дамуы ағайынды Ардақ пен Бейбiттiң есiмдерiмен тығыз байланысып жатыр десек, артық айтқанымыз емес.

Ресейдiң Красноярск қаласында еркiн күрестен және әйелдер күресiнен Иван Ярыгиндi еске түсiруге арналған халықаралық турнир өттi. Әлемнiң жиырмадан астам елiнiң палуандары белдескен айтулы додада қазақстандық палуандар үш қола медальға ие болды.