Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
«Столичная недвижимость» АҚ компаниясының өкiлдерi Эдгар Салдузи мен Ғалым Сәдiбеков басқаратын топтың заңсыз әрекеттерiнен жапа шеккендерiн айтып газеттерге шағымдануда. Осы компанияның атынан Р.Ахметов өз мәлiмдемесiн жолдапты. Эдгар Салдузи туралы көзi қарақты оқырман жақсы бiледi («Салдузидiң сойқаны», «Жас Алаш» газетi, 19 қаңтар, №5 санын қараңыз). Ал Ғалым Сәдiбеков, мәлiмдеушiнiң айтуына қарағанда, билiк партиясы – «Нұр Отанның» мүшесi.
ОРТАНШЫ КҮЙЕУБАЛАНЫҢ IС-ӘРЕКЕТI «ӨКIЛ ҚАЙЫН АТАНЫ» ЕСКЕ ТҮСIРДI
Президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаев 28 қаңтарда «Республика», «Голос Республики», «Взгляд» және «Курсивъ» басылымдарын сотқа берген. «Шындыққа сай келмейтiн мәлiметтi жариялады, ар-ожданыма нұқсан келтiрдi» деп. Әрине, Т.Құлыбаевтың өзi сотта төбе көрсеткен жоқ. Арызды Медеу аудандық соты оның өкiлдерi Б.Ахметов пен Е.Насымбаев әкеп тапсырған. Қол қойған да солар.
Президенттiң 30 қаңтар күнi жасаған 14-жолдауы – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың елiмiздегi авторитарлық саяси режимдi сақтап қалуға деген басты бағытын бекiтетiн құжат. Кеше Ұлттық баспасөз клубында арнайы баспасөз мәжiлiсiн өткiзген «Халық билiгi» саяси блогының жетекшiлерi дәл осылай деп мәлiмдедi.
Сынаптай сырғыған уақытты кiм тоқтата алған? Күнi кеше ғана арамызда жүрiп пәтуасыз билiктiң өз халқын алдап «Егемендiкке қол жеткiздiк, сан ғасырлар халқымыз армандаған асыл мұратын жүзеге асырдық. Елiмiзде қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған заман орнаттық» деген арсыз өтiрiгiн айдай әлемге ақмаңдай етiп әшкерелеген Алаштың ардақты азаматы Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екi серiгiнен қапияда айырылып қалғанымызға да мiне 4 жылдың жүзi болып отыр.
«Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттiгiне берген сұхбатында Олжас Сүлейменов былай деген: «Бүлiкшiл интеллигенцияны, яғни зиялыларды алаңға аттандатып шығаруға дайын тұрған проблема қазақ тiл бiлiмiнiң кенжелеп қалғанынан және белгiлi халықаралық терминдердiң мағынасын халыққа түсiндiрiп беруге өресi жетпейтiн политологиядан ғана туындайды... 1991 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы құрылды, оның негiзгi бөлiгiн қазақ халқы құрайтын «қазақстандық ұлт» пайда болды». Бұдан кейiн Олжекеңдi қазақтың ақыны деп қалай айтасыз
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI ЖАНТЕРЕКОВ, ОСПАНҚҰЛОВ, САДЫҚОВ ЖӘНЕ ДӘЛКЕНОВ ҚАЛАЙ СОТТАЛДЫ?
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының назарына
«Жас Алаштың» 2009 жылдың 14 қазан күнгi нөмiрiнде «Тоғыз айда бiр үйден жетi мал ұрланған» деген мақала жарияланды. Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан қаласы, Шорнақ ауылына қарасты Қарсақты елдiмекенiнiң тұрғыны Орынбай Оспановтың редакцияға жолдаған арызы бойынша. Ол бас-аяғы тоғыз айдың iшiнде жетi малынан қалай айырылғанын жазыпты.
«Жас Алаш» редакциясының қоржынына Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында тұратын тоғыз отбасынан хат түстi. Қысқа қайырғанда хатта былай делiнген: “Зайсан қаласы, Шаймардан көшесi 59-үйдiң қазығы қағылғанына 60-70 жыл толды. Қабырғасы қамыстан соғылған, төбесi жұқа тақтаймен шегеленген. Бұрын аурухана, артынан жатақхана болған. Онда тоғыз отбасы тұратын едiк. Көбiнiң балалары кәмелет жасқа толмаған.
Биыл Табиғат-Ана Әулиеата жерiне қарасып-ақ тұр. Осы ақпан айында ақырып, боран-аязы қыспаса, әзiрге Жамбылда қыс жайлы. Әйтсе де, Әулиеатаның кейбiр әкiмдерi “осы не айтар екен, жақтыра ма, жоқ, ренжiп кете ме?” дегендей облыс басшысы Қанат Бозымбаевтың бетiне жалтақтай-жалтақтай, алдындағы тiрлiгiн қожыратып алған сықылды. Ойпырмай, Таразда төрт күн қыс болып едi, бүкiл қала шала бүлiндi.
Жақында бiрнеше айға созылған Маңғыстау облысындағы “Қаражанбасмұнай” АҚ-ға қарасты “Арғымақ ТрансСервис” (“АТС”) ЖШС басшылары мен осы мекеменiң жүргiзушiлерi арасындағы соңы соттасуға ұласқан даулы iс өз шешiмiн тапқандай болды. Естерiңiзге сала кетсек, сол “АТС” ЖШС-де болған еңбек заңдылықтарының бұзылуына наразылық танытқан жұмысшылар басшылары тарапынан ешқандай көңiл бөлiнбегенiнен 2009 жылдың шiлде айында 113 адам болып баспасөз беттерi арқылы ҚР президентi мен облыс әкiмiне ашық хат жазған болатын.
Форт-Шевченко қаласындағы тарихи ескерткiштер мұражайында адай қыздың қызыл былғарыдан жасалған сәукелесi бар болатын. Сол Форт-Шевченкоға жол түсiп барғанда осы сәукеленi де көру үшiн мұражайға арнайы соғатынбыз. Соңғы 4-5 жылдықта барғанымда, сәукеле орнында болмай шықты және көшiрмесi де жоқ. Мұражай қызметкерлерiнен сұрағанымда, сәукеленi сол кезде Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов сұратып алдырғанын, өздерi қайтаруды талап ете алмай отырғанын естiдiм.
Былтырғы жылдың ортасында «Жас Отанның» «Қазақша сөйлесейiк!» атты акциясының тұсауын кескенiн жұртшылық ұмытпаған шығар. Ұмытуға тиiс емес. Жарнама жағын қатырған. БАҚ-та көлдей-көлдей мақалалар шықты. Бәрi жазған. Қуана жазған. Қуаттап, көпшiк қоя жазған. Үмiттенiп жазған. Содан не шықты? Алғашында «Жас Отанның» екпiнi тау жыққандай едi. Кәдiмгiдей, сауда орталықтарын аралап, қазақ тiлiне шекесiнен қарағандардың шаңын қағып едi-ау.
Тұрар Рысқұловтың досы, башқұрт халқының ұлы қайраткерi Ахметзәки Уәлидидiң биыл 120 жылдық мерейтойы тойланады.
Жақында Ресейдiң Мемлекеттiк думасының депутаты А.Г.Назаров Ресейдiң құқық қорғау органдарына арнайы хат жазып, «Ахметзәки Уәлиди кезiнде фашистiк Германияға қызмет еттi» деген ақпаратты анықтап берiңiздер» деп сұрау салды.
Құрметтi министр мырза! Сiзге айтар тiлегiмiз мынадай: Керей мен Жәнiбек хандардың жаңадан жасалынған, бiрақ Астана қаласына қойылмаған ескерткiшiнiң киелi Шу өңiрiне орнатылуына көмек көрсетуiңiздi, тұрғылықты халықтың талап-тiлегiн ескеруiңiздi сұраймыз.
ҚР Әдiлет министрi Рашид Түсiпбеков мырзаның назарына! Мен 1979 жылдың 25 қаңтарында Алматы облысы, Ұйғыр ауданында дүниеге келдiм. 1996 жылдың маусым айында төлқұжат алу үшiн Ұйғыр АIIБ-ге туу туралы куәлiгiмдi өткiзген болатынмын. Себебi, сол кезде бүкiл мектеп бiтiрушi түлектердi IIБ-ден адамдар (паспорт үстелi қызметкерлерi) келiп, бiздi суретке түсiрiп, туу туралы куәлiктерiмiздi жинап алған болатын. Қолымызға ұстатып кеткен түбiртекпен үш айдан соң төлқұжатымды алдым. Алайда,
Мектеп мұғалiмдерi қазақ әдебиетiн оқытқанда абай болуы керек. Ал ҰБТ-да мiндеттi пәннiң қатарына тiлдi емес, әдебиеттi қосқан жөн секiлдi. Себебi, әр адам өз тарихымен қоса, туған халқының әдебиетiн де жетiк бiлуi тиiс. Күнделiктi өмiрде бастауыш пен баяндауыштың, қиысу мен матасудың не қажетi бар? Мен бұл жерде ана тiлiн бiлмесiн деп тұрған жоқпын.
Бүгiндерi демалу, емделу мәселесi қалтасы жұқа қарапайым адамдарға қиын соғып тұрғаны көпшiлiкке аян. Кеңес өкiметi тұсында бұл шаралардың бәрi тегiн немесе кәсiподақ ұйымының есебiнен болатын. Қазiрде мұның бәрi түсiңде көргендей болып қалғаны жасырын емес.
«Жас Алаш» газетiнде жарияланған «Хоум кредиттен» Нұрсұлтан Назарбаев та несие ала алмайды» деген тақырыптағы («Жас Алаш», №3, 12 қаңтар, 2010 жыл) мақаланы оқып отырып, туындаған кейбiр ойларымды ортаға салуды жөн көрдiм. Қазақстанда жыл өткен сайын қазақтiлдiлердiң саны артып келе жатқаны шындық. Әсiресе, кiсi аты-жөндерiне байланысты реформа өте қажет. Мәселен, менiң аты-жөнiмде орыс әлiпбиiнде жоқ «ә», «i» деген әрiптер бар.
Қаз-қалпында. Адлер. Түстен кейiн Қара теңiз жағасына бардым. Ығы-жығы көп халықтың арасымен жүрiп отырып, бiр бос орындыққа келiп отырдым. Күндегi әдетiм осы. Жал-жал болып бұйраланған толқындар күн көзiне шағылысып, бiрiн-бiрi қуалай дөңбекшiп, жағаны сабалап ұрып, кейiн теуiп, ақ көбiк шашады. Көк айдынның көз ұшында кемелер баяу қалқиды. Теңiз жиегiнде ине шаншыр орын жоқ. Демалып жатқан халықтан көзiң сүрiнедi. Осы бiр көрiнiстердi тамашалап отырғам.
Сейсенбi күнi Қазақстан футбол федерациясының кезектi отырысы өтiп, онда биылғы маусымның ойындар кестесi бекiтiлдi. Бұл жиында премьер-лига ойындарынан шығып қалған Өскеменнiң “Восток” командасының да мәселесi қаралды.
Жақында Канаданың Канмор қаласында қысқы олимпиада алауының эстафетасы болып өттi. Бұл эстафетаға Қазкоммерцбанктiң карточкалар саудасы бөлiмiнiң басшысы Нелли Азаева қатысты. Ол қысқы олимпиада алауын ұстап 400 метр қашықтықты жүгiрiп өттi.