1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010

Қазiргi таңда Қазақстанда 2970 бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген. Оның iшiндегi 2756 мерзiмдiк басылымның 453-i қазақ тiлiнде, 2303-i орыс тiлiнде. Көршiлес Ресейден келетiн 5248 газет-журнал тағы бар. Есептеп көрсеңiз, елiмiзде тарайтын жалпы саны сегiз мыңға жуық БАҚ-тың 7551-i орыс тiлiнде де, 453-i ғана қазақ тiлiнде. Сонда ел аумағында тарайтын қазақ тiлдi БАҚ-тың үлесi алты пайызға да жетпейдi екен. Мұндай жағдайда қандай ақпараттық қауiпсiздiк жөнiнде айтуға болады?!

Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ

Құрметтi Президент!  Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында Сiз ұсынған «ел бiрлiгi» доктринасы зиялы қауым өкiлдерi, саяси партия жетекшiлерi, қоғамдық ұйымдардың белсендiлерi мен мерзiм­дi басылым басшыларының және оларды қолдаған қалың көпшiлiктiң қарсылығына ұшырады әрi қоғам бұл құжатты қабылдамады. Баста­уын американдық ұлттан алатын «қазақстандық ұлт» саясаты негiзiнде жасалған доктринаны қабылдау елiмiзде тiршiлiк етiп жат­қан барлық ұлттарды жоюға алып баратын бiрден-бiр қадам болары сөзсiз едi. Сонымен қатар, «қазақстандық ұлт», «қазақстандық ел» немесе «ел бiрлiгi» саясаты

Екi сағаттай серуендеп жүрiп сөй­лестiк. Сонда жұмыстың анық-қанығы туралы сұрастырып, сө­зiнiң соңында: «Айдос­­жан, мен мына елшiлiктен кететiн болдым. Әрi кетсе жылдың соңына дейiн бiр жағына шығарам. Ресей­дiң қысымы үдеп ба­рады. Бiздiң шикi, ақша десе анасын сатуға дайын билiктегiлерден үмiт жоқ. Бұлай кете берсе, мыналар елiмiздi Ресейге бiр-ақ қосып жiберуi де мүмкiн. Бас­шыға айта-айта шар­шадық, түсiнбей ме, қаса­қана iстей ме, кiм бiледi? Не болса да елге қайтып, қоғамның ара­­сына енiп, ұлтты ояту керек. Жабық саясатқа қарсы тек ашық саясат­пен күресуге болады.

ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы Ә.Смайлов ұлттық халық санағының қорытынды деректерiн жариялады. Бiр жылда премьер оны – 67, президент – 65, төраға – 63 пайыз деп мәлiмдедi.
Естерiңiзге сала кетейiк, 2009 жылдың сәуiр айында парламент мәжiлiсiнде премьер-министр К.Мәсiмов ұлттық халық санағының алғашқы деректерiн былай деп жариялап, дүйiм жұрттан сүйiншi алған-ды: «Халық санағының алдын ала мәлiметтерi бойынша, республика халқының саны – 16 миллион 402 мың 861 адам. Оның 67 пайыздан астамы – қазақтар». Сонда қазақтың қарасы молайып, саны артқанына ел болып қуанған едiк. Бiрақ, тақиямызды аспанға ерте атыппыз. Өйткенi,

Владимир КОЗЛОВ, тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiсi: ОРЫСТIЛДI ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ БIР АУЫЗ СӨЗ ЖОҚ
- Қазақстан Республикасының атауын “Қазақ Республикасына” өзгерту, қазақ ұлтын мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мойындау, мемлекеттiк тiл проблемасын көтеру сияқты мәселелердi орыстiлдi жұртшылық екiұшты бағалап, қабылдайды. Бiрақ, мен бұлардың бәрiн де қолдаймын. Бұл елдегi қалыптасқан жағдай, ұлт патриоттары мұны тек қағазға түсiрiп, осыны бекiткiсi келедi. Ендi бiз не iстеуiмiз керек? Ең бастысы, қазақ тiлiнде айтыл­ған,

Кеден одағынан ұтыламыз деген пiкiр о баста‑ақ айтылған. Расында да, жұмысын жаңа бастаған кеден одағы қымбатшылық әкелдi. Сөйткен кеден одағының кәсiпкерлерге пайдасы тисе қане? Тәуелсiз кәсiпкерлер қауымдастығының вице‑президентi Тимур Назханов қазақстандық кәсiпкерлер үшiн бұл одақтың пайдасы шамалы дейдi. Түптеп келгенде, одақта көбiне‑көп Ресейдiң мүддесi ескерiлген. Ал Қазақстан бәрiне көнiп, мойынсұнуға мәжбүр. “Мұндай жағдайда отандық кәсiпкерлер не iстеуi керек? Кәсiпорындар бәсекеге төтеп бере ала ма?”. Тимур Назхановпен арадағы әңгiмемiз

Президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың төңiрегiн­дегi жағдай ширығып барады. Ширықтырған — алдымен Медеу ау­дандық сотының судьясы Д.Махмедова, одан кейiн — өз әкесi Асқар Құлыбаев. Қаз ТАГ ақпарат агенттiгiне берген түсiнiк­те­месiнде ол былай дедi: «Ұлым туралы жазып жүргендер­дiң бәрi — сүмелектер (сволочи — ред.). Олар­ды қабыр­ғаға тұрғызып қойып, атып тастау керек».

Сот, адвокатура саласында «көлденең көк атты» емес­пiн. 1953 жылы Алматы мем­ле­кеттiк Заң институтын бi­тiрiп, инситиуттың сол кезде­гi директоры, академик Салық Зимановтың қолынан диплом алып, Семей облыстық прокуратурасының аға тергеушiсi, Семей қалалық сотының судьясы, Қызылорда облыстық IIБ-де жауапты қызметтер атқарып, полковник шенiнде 1990 жылы зейнетке шықтым. Содан берi адвокаттық қызметте жүрмiн. «Көз өзiне сенедi, құлақ өзгенiң сөзiне сенедi» дегендей, адвокат ретiнде өз көзiммен көрген, көңiлiме кiрбiң туғызған жағдайды айтқ­ым келiп отыр.

Жамбылда мұғалiм мен дәрiгер жоғарыдан орын алмақ түгiлi, есiктен де сығалауға жүрексiнетiн сықылды. Қазiр бұл екi саланың айқай-шуы көп. «Бiр қарын майды бiр құмалақ шiрiтедi» деген, бiлiм және медицина саласының абырой-беделiн ең алдымен бiлiксiз басшылар түсiрiп тұр. Ондай басшылар бұл тәрбие, бiлiм беретiн, халықтың денсаулығын емдейтiн, сауықтыратын мекеме деп емес, қызметкерлерге құл сияқты қарап, билiк жүргiзетiн, құдай берiп тұрғанда, опырып жеп кететiн «батпанқұйрық» мекеме көредi.
 

Астана қаласындағы №2 Сарыарқа аудандық сотында «Жәкiшев iсi» өте жылдамдықпен жүрiп жатыр. «Қазатомөнер­кәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы пре­зи­дентi Мұхтар Жәкiшевтiң қан қысымы қайта-қайта көте­рiлiп, жедел жәрдемге мұқтаж болып жатқанына қарамастан. Айтпақшы, соңғы сот отырысы кезiнде судья Жолдасбе­ков­тiң көзiнше айыпталушының денсаулығын тексерген тәуелсiз дәрiгер Боборыгин Жәкiшевтiң расында денсаулығы күрт нашар екенiн,

Көзiңе елестетшi ендi, бiр семiз жамбасты қазанға салып, оған бiлектей бiр қазыны қосып, бiр-екi майлы қабырғаны және салып, екi-үш сағаттай былқытып пi­сiрiп, арасында дәмiн татып, көбiгiн алып... қалай, ә?! Әрi қарай тыңдаңыз, ет пен қазы жұп-жұмсақ болып пiскен кезде, дәу табаққа буын бұрқыратып түсiрiп, сарымсақ пен тұздығын қосып, дәмiн келтiрiп, паһ, шiркiн, қалай, ә? Мұны оқыса, қазақ оқысын...

Тәуелсiздiк күнi жақындаған сайын ауыл әкiмiнiң мазасы кеттi. Жоғарыдан жарлық түсiптi. Мереке күнi әр ауданда, әр ауылда, тiптi әр үйде көпұлттылық пен көп­дiндiлiктi паш ету керек екен. Әкiм ауыл белсендiлерiн түгел шақырып, жиналыс ашты. – Құрметтi мырзалар! Бiз бақытымызға қарай көпұлтты, көпдiндi елмiз. Өздерiңiз де жақсы бiле­сiздер, менiң әйелiм – христиан, балам – мұсылман, қызым – кришна, өзiм – католикпiн. Бiр үйде төртеумiз төрт кiшкентай мем­лекетпiз, – деп әкiм ризашылық сезiммен күлiп алды. – Яғни, дiн мәселесi бiздiң елде шешiлген

Қазақ сатирасының классигi Оспанхан Әубәкiровтiң жары Нұрсұлу Рақымжанқызының айтуынша, Осекеңнiң әлi баспа жүзiн көрмеген бiраз дүниелерi бар екен. “Егер мұның бәрiн жинастырсам, бiр кiтаптың көлемiндей болып қалады” дейдi Нұрсұлу жеңгей. Нұрсұлу Рахымжанқызы Осекеңнiң еш жерде жарияланбаған бiр топ өтiрiк өлеңiн “Сүзеген сөзге” ұсынды. Осекең бұл өлеңдердi кезiнде неге жариялатпаған? Бiздiң ойымызша, өнерге аса зор жауапкершiлiкпен қарайтын Осекең бұл өлеңдердi әлi де пiсiре түсудi, жетiлдiре түсудi ойластырған секiлдi. Бәлкiм, басқалай себептерi де болуы әбден мүмкiн...

Жексенбi күнi Польшаның астанасы Варшавада футболдан 2012 жылғы Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарының жеребесi тартылды. Ендi екi жылдан кейiн Украина мен Польшада жалауын көтеретiн құрлық бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары осы жылдың қыркүйек айында басталады.

Ендi екi күннен кейiн Қазақстан құрамасының хоккейшiлерi Жапонияның Нагано қаласында өтетiн халықаралық турнирге қатысады. Андрей Шаянов баптайтын ұлттық құрамамыз Словения, Дания және Жапония елдерiмен күш сынасады. Күншығыс елiнде дәстүрлi түрде өтiп тұратын жарысқа Қазақстан құрамасының бас бапкерi Андрей Шаянов алыс-жақын шет елдерде ойнап жүрген ойыншылардың барлығын дерлiк шақырыпты.

Осыдан бiр аптадай уақыт бұрын кәсiпқой бокстан орташа ауыр салмақтағы WBA тұжырымының алтын белдiгiн жеңiп алған жерлесiмiз Бейбiт Шүменов испан боксшысы Габриэль Кампильомен қайта жұдырықтасуы әбден мүмкiн. Мұндай мәлiметтi “Allboxing” сайты таратты.

ҚР Туризм және спорт министрлiгiнiң назарына!

Менiң ұлым Жайнақов Дәурен 2009 жылдың 7 қарашасында Грекияның Салоники қаласында самбо күресiнен өткен дүние жүзiнiң 57 мемлекетiнiң палуандары қатыс­қан әлем чемпионатында 1-орын алып, алтын алқа тағып оралды. Бiздердiң, яғни, ата-анасының қуанышында шек болған, жоқ. Ауыл-аймақ, бота-тайлағымызбен Дәурендi шашу шашып күтiп алдық.