1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15470) 11 ақпан, бейсенбі 2010

11 АҚПАН – ҰЛТТЫҚ ҚАСIРЕТ КҮНI

11 ақпан барлық қазақ жұрты үшiн қаралы күн. Себебi, осыдан төрт жыл бұрын дәл осы күнi қазақтың маңдайына бiткен жарық жұлдызы, көрнектi қоғам қайраткерi, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерi қандықол саяси режимнiң құрбанына айналды. Содан берi төрт жыл өткенiмен арыстай азаматтардың өмiрiн қиған басты қылмыскерлер әлi де жазаланған жоқ. Айыпты адамның кiм екенiн бәрiмiз бiлгенiмiзбен, оны жазалау қазiргi режим кезiнде мүмкiн емес. Бiрақ, қол қусырып отыруға болмайды. Алтынбек Сәрсенбайұлы қалдырған мол мұраны насихаттап, ол бастаған iзгi iстi жалғастыруға тиiспiз

Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, белгiлi саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерi Бауыржан Байбосынға, Василий Журавлевке қастандық жасалғанына бүгiн төрт жыл толды. 2006 жылы 11 ақпан күнi «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы А.Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiн ҰҚК «Арыстан» тобының жендеттерi ұрлап әкетiп, оққа байлады. Мiне, осы күн, яғни 11 ақпан, Қазақстан қоғамындағы ең қаралы күнге айналды.

Газетiмiздiң алдыңғы санында «Солтүстiк Капқаздағы террорлық ұйымдарға бара жатқанда ұсталды» деген айып­пен үш ақтөбелiк жас жiгiттiң iсi сотта қаралып жат­қандығы жөнiнде жазғанбыз. Ақпанның 8-iнде Ақтөбе қалалық сотының судьясы Раулия Қустанова Асхатты – 7, Серiк пен Дәулеттi – 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестi. Айыпталушылар мен олардың туыстары, қорғаушыларының қарсылық танытқандарына қарамастан, судья 6-7 жылға абақтыға қамауға ұйғарды.

Белгiлi кәсiпкер, БТА банкiнiң бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтiң елiмiздiң құқық қорғау орындарына, ҚХР жетекшi­лерiне жазған хаты қоғамда үлкен серпiлiс туғызды. Онда М.Әблязов президенттiң ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевты шетелдiктерден аса iрi көлемде пара алды, 2 миллиард долларды қымқырды-мыс деп айыптаған. Сөзiн дәлелдеу үшiн қуғындағы оппозиция жетекшiсi жолдаған хатына тиiстi құжаттарды тiркеп жiбердi.

Сейсенбi күнi “Ақбұлақ” елдiмекенiнiң тұрғындары Алматы қаласы әкiмшiлiгiнде наразылық шарасын ұйымдастырды. Тұрғындардың айтуынша, дүйсенбi күнi Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы әкiмшiлiгi мен iшкi iстер бөлiмiнiң 50 шақты қызметкерi түнгi сағат 9-дар шамасында екi аяғы тiзеден жоқ ақсақалды, бесiкте екi айлық баласы бар келiншектi және оның әпке-сiңiлiлерiн әй-шайға қарамастан далаға сүйреп, “лашығының” есiк-терезесiн бұзған.

Былтырғы жылы “Жеке кәсiпкерлiк туралы” заңға бiрқатар өзгерiс енгiзiлгенi белгiлi. Бұл өзгерiстер орта және шағын бизнеске жоспарлы тексерудi қысқартып, жоспарсыз тексерулердi ретке келтiруi тиiс едi. Мiне, осы өзгерiстерге сәйкес, ақпаннан бастап кәсiпкерлердi жоспарлы тексерудiң тәртiбi өзгердi. Ендi орта және шағын бизнес тәуекелдi басқару жүйесi бойынша тексерiлмек. Тәуекелдi басқару жүйесi деген не сонда? Бұл

“ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫМЫЗДЫ ШЕТЕЛДIК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСI МЕН IРI ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ЖҮРГIЗУДЕ” “ҮКIМЕТ – ТЕК ҚАНА СОЛАРДЫҢ ТАПСЫРЫСЫН ОРЫНДАУШЫ”

“Айтпарктiң” кезектi қонағы экономист ҚАНАТ БЕРЕНТАЕВ болды. Модератор Нұрлан Ерiмбетов алғашқы сұрағын былайша төтесiнен қойды: “Жақында премьер-министр Кәрiм Мәсiмов: “Шетелдiктерi бар, өз iшiмiздегiсi бар, көп сарапшылар бiздi жыл бойы сынап келдi. Құлдырайды, қирайды деп басымызға қара бұлт үйiрдi. Олардың айтқаны келген жоқ. Бiз бәрiне төтеп бердiк. Тiптi күшейiп барамыз”, – дегенге саятын сөз айтты. Оның осы сөзi дұрыс па?”

 Президенттiң алыс-жақындағы аузы, құлағы һәм көзi, үн-түнсiз қыр соңынан қалмайтын көлеңкесi – әкiмдер ел алдында есеп берудi бастап жiбердi. Олар осылай «ойын» өткiзбесе, ел әкiмдердiң бары-жоғын бiлмей де қалар ма едi, кiм бiлсiн-ай. Бiтiрiп жатқан түгi жоқ адамның ел алдында есеп бергенi де бiр қызық. Ауру да ыңқылмен жарасатыны секiлдi, қит етсе қаржының қолбайлау боп отырғанын көлденең тартады.

Бостандық ауданы сотында “Ғибрат” көпбалалы аналар қоғамының былық-шылығына қатысты кезектегi сот отырысы өттi. Бұл жолы судья Шынар Ерғалиева сотталушы М.Бұтабаеваны тыңдады. Естерiңiзге сала кетейiк, өткен аптада сотта айыпталушы Ж.Балқыбекова мен куәгер Ү.Баян сөз сөйледi. Онда Ж.Балқыбекова былай дедi: “2006 жылдың маусым-тамыз айында 10 сотық жер телiмi үшiн 1500 доллардан жинадық. Жалпы көпбалалы аналардан ақша алғаны жөнiнде М.Бұтабаева күнiне 10-15 данадан қолхат бердi. Кiм қанша ақша бергенi жөнiнде арнайы дәптер арнадық.

УКРАИНДЕР «ӨЗ ҮЙIНЕ» ҚАЙТУЫ МҮМКIН. АЛ БIЗ ШЕ?

Украинаның орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, олар әне-мiне президент­тiк сайлаудың алдын ала қорытындысын шығарамыз деп алақанын ысқылап отыр. Олардың айтуынша, сайлаудың логикалық нүктесiн қоюға бiр нәрсе ғана кедергi. Ол — Қырымдағы бiр сайлау учаскесi мәлiметтерi­нiң жеткiлiксiздiгi. Күнi бүгiнге дейiн Орталық сайлау комиссиясы электронды сайлау хаттамаларының 99,99 пайызын қарап шығып, Аймақтық парияның жетекшiсi Виктор Януко­вичтiң 48,95 пайыз дауыс жинағанын, ал премьер-министр Юлия Тимошенконың 45,47 па­йыз қолдауға ие болғанын айтты.

Әкем айтқан тағы бiр әңгiме (аңыз емес, болған оқиға) есiме түсiп отыр.
Ертеректе, өткен ғасырдың 20 жылдарының басында болуы керек, бiздiң елден шыққан төрт-бес жас жiгiт сонау алыстағы Бұқарай-Шәрiп шаһарына сапар шеккен көрiнедi. Мақсаттары – сондағы ең танымал Баһауаддин Нағышпанди iлiмiн үйрететiн мектепте оқуға түспекшi екен. Бұлардың баршасы Қарнақтағы мұсылмандық медреседе дәрiс алған, әжептеуiр бiлiмдi, талапты тәлiптер­дiң санатында жүрсе керек-тi. Iштерiнде

Бұл бұдан бiрнеше жыл болған оқиға едi. Талас бойында Бiрлiк ауылының тұсында Жыл­қыбай атты үлкен көл бар. Сол көлге Ақтас ауылынан 4 жiгiт балық аулауға бардық. Көл жағасы қалың. Күн суық. Қамыс-қоға, жыңғыл, шеңгел тұтасқан қалың қырау. Бейне күмiс сырға тағып алғандай, күн сәулесiмен жылт-жылт етедi. Биiк жыңғылдағы қырау шалған атан секiлдi.

«Жас Алаш» газетiнде («Мектепке қоңырау керек пе?», №8, 28 қаңтар, 2010 жыл) 8-сынып оқушысы Қуаныш Жәнiбекұлы мектеп қоңырауы жөнiнде әңгiме қозғапты. Бұл мәселенiң екi жағы бар. Бiрiншiден, қо­ңырау­ды, немесе электр қоңырауын қазақ күйлерiмен, басқа да жағымды музыкамен алмастыруға келер болсақ, бұл техниканың дамуынан, мәдениеттiң өркендеуi­нен туындаған заман талабы.

Осы аптаның дүйсенбiсiнде Алматыда бокстан жасөсiпiрiмдер арасында Қазақстан бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Елiмiздiң он төрт облысы және Астана мен Алматы қалаларының балғын боксшылары бас қосқан дода төрт күнге созылды. Он төрт салмақ дәрежесi бо­йынша өткен ел бiрiншiлiгi тартысқа толы болды. Әсiресе, ширек және жартылай финалдық кездесулерде жасөспiрiм боксшылар жан алысып, жан берiстi. 44 келi салмақта жұдырықтасқан боксшылардың арасынан

Бүкiләлемдiк әуес­қой бокс қауымдастығының басшылары осыдан бiраз күн бұрын әлемдегi былғары қолғап шеберлерiнiң рейтингiсiн жариялады. Он бiр салмақ бойынша түзiлген тiзiмде қазақстандық боксшылардың арасынан 69 келi салмақтағы Серiк Сәпиев қана ең жоғары ұпай жинап, өз салмағында бiрiншi орында тұр.