1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15471) 16 ақпан, сейсенбі 2010

Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында президент Назарбаев қоғамға ұсынған «Ел бiрлiгi» доктринасында былай делiнген: «Тәуелсiздiк жылдары Қазақстанда дiннiң нақты қайта өркендеуi жүзеге асты. 18 жыл iшiнде дiни бiрлестiктердiң саны 6 есеге өсiп, 1991 жылғы 671-ден 2009 жылы 4200-ге жеттi. Қазiргi уақытта 3200-ге жуық мешiт, шiркеу, ғибадатханалар жұмыс iстейдi. 2003 жылдан бастап бiздiң елiмiзде Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң съезi өткiзiлiп, оларға көрнектi дiни қайраткерлер мен түрлi конфессиялар өкiлдерi қатысады». Яғни,

«2009 ЖЫЛ – ҮЗІЛГЕН ҮМІТТЕР ЖЫЛЫ». «Жас Алаштың» өткен санында осындай тақырыппен дөңгелек үстел өткенін хабарлаған едік. Бүгін соның толық есебін жариялап отырмыз.
– Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның се­рiк­терi Бауыржан Байбосын, Василий Жу­равлевтiң қандықол қарақшылардың қо­лынан қаза тап­қанына биыл төрт жыл толды. Қазақстанның жаңа тарихындағы қоғамды дүр сiлкiндiрген қанды оқиғадан кейiнгi уақыт бiзге көп мәселеге басқаша қарауды үйреттi. 11 ақпанды халық ұлттық трагедия күнi деп бағалады. Қазiр арамызда Алтекең­нiң жоқ екендiгi ерекше сезiледi.

КҮЙЕУБАЛА АВСТРИЯДА, АЛ КЕЛIНБАЛА ҚАЙДА КЕТТI?

«Майра Назарбаева (Құрманғалиева — ред.) президенттiң бауырына күйеуге тимей тұрып-ақ малтапқыш, пысық келiншек болатын» дейдi бiлетiндер. Рас та шығар мұнысы. Малтапқыш, пысық келiншек болмаса, президенттiң бауырына күйеуге тиер ме едi?.. Болат Назарбаев Нарынқол өңiрiне күйеубала болғаннан кейiн (Майра Қақпақ ауылының тумасы — ред.) таулы өңiрге жиi баратын болды. Жайдан-жай бармайды, күйеу­баламын деп салмақ сала барады. Келiншегiнiң туған ауылы Қақпақ­қа мешiт салып бердi де, оның өтеуiне Нарынқол өңiрiндегi атақты жайлаулардың жартысын тау-тасымен қоса өз иелiгiне алды.

Бостандық аудандық сотында «Ғибрат» көпбалалы аналардың жұмысына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Жәбiрленушiлер мен куәгерлер тыңдалды, сотталушылар сөйледi. Ендi судья Шынар Ерғалиева 24 томға жеткен жұмысты сот отырысында егжей-тегжей қайта қарауға көштi.

МҰХТАР ЖӘКIШЕВТIҢ НАҒЫЗ АДВОКАТЫ IСКЕ КIРIССЕ ДЕ, БОЛАТ ИСАТАЕВ ҚАПТАЛДАСЫП ҚАЛЫСАР ЕМЕС

Мұхтар Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеев осымен төртiншi рет судья Нұржан Жолдасбековке сенiмсiздiк танытты. Алайда, судья мырза да түк болмағандай, адвокаттың барлық өтiнiштерiн керi қайтарып, iстi әрмен қарай жалғастыруда. Бұл жайында №2 Сарыарқа аудандық сотында өтiп жатқан Жәкiшев iсiнен шыққан кезде адвокат Нұрлан Бейсекеев үнемi хабарлап отырды. Оның үстiне судья Нұржан Жолдасбеков өткен аптада «Қазатомөнер­кәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Жәкi­шевтiң денсаулығын қарап, «ауруханаға жатқызу керек» деген дәрiгер Владимир Боборыгиннiң тәуелсiз диагнозын есепке алмапты.

Ғылым және бiлiм министрi Жансейiт Түймебаев өткен жұмада бiлiм ошақтарының және қоғам қайраткерлерiнiң басын қосып, үлкен кеңес өткiздi. Онда бiлiм саласындағы қазақ тiлiнiң жай-күйi сөз етiлдi. Ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов, ғалым, сенатор Ғарифолла Есiм, жазушы Смағұл Елубай, “Ұлт тағдыры” қозғалысының басшысы Дос Көшiм, Қазақ қыздар педагогикалық университетiнiң ректоры Шәмша Беркiмбаева және басқа да азаматтар сөз алды. Жиында айтылған деректер жиырма жыл iшiндегi жеткен жетiстiктерiмiз бен кемшiлiктерiмiздi қолмен қойғандай етiп ашып көрсетiп беретiн

«Жас Алаштың» өткен сандарының бiрiнде ұлт жанашырлары бастаған топтың «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық қозғалысын құрғаны туралы жария еткенбiз. Естерiңiзге салсақ, бұл қозғалыстың ұйымдастыру кеңесi бастауын американдық ұлттан алатын «қазақстандық ұлт» негiзiнде жасалған «Ел бiрлiгi» доктринасының орнына «Ұлттық саясат тұжырымдамасын» ұсынған болатын.

Батыр Баукеңнiң, Бауыржан Момышұлының 100 жылдық тойы Мәскеуден басталғаны бiр жағы заңды. Өйткенi Баукең Мәскеу үшiн қан төктi, Волоколамск шоссесiнде Мәскеудi кеудесiмен қорғады. Биыл батырдың 100 жылдығы мен Жеңiстiң 65 жылдығы қатар келiп отыр. Жақында Мәскеуде батырдың өз естелiктерi мен күнделiктерi, тағы басқа дүниелерi iрiктелiп, енгiзiлген “Легендарный батыр” атты кiтабының тұсаукесерi өттi. Бұл iс-шараға

Маңғыстау облысындағы “Азат” партиясының жанынан құрылған ақсақалдар алқасы Алаш азаматтарына арнау хат жолдаған болатын. Ол арнауда “Алаштың ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайраткерi, әдiлеттiлiк жолында шаһит кеткен Алтынбек Сәрсенбайұлының рухына арнап Қазақстандағы барлық мешiттерде 12 ақпан, жұма күнi жамағат болып құран бағыштап, Алладан тiлек тiлеуiмiз керек” деп үндеу тастаған болатын. Осыған байланысты “Азаттың” ақсақалдар алқасы мүшелерi Маңғыстау облыстық Бекет Ата мешiтiнiң

Әлем жұртшылығы үрей үстiнде. Соңғы кезде ақырзаман туралы әңгiме жиi айтылатын болды. Әсiресе бұл тақырып интернет пайдаланушылар үшiн ең өзектi мәселеге айналған. Оған “Ванга айтыпты, Нострадамус болжапты” деген алыпқашпа сөздер мен Америка құрлығындағы ежелгi өркениет – Майя тайпасы жасаған жұмбақ күнтiзбенiң 2012 жылмен тәмамдалуы түрткi болуда. Халық арасында кең тараған аңызға сенсек, 2012 жылдың желтоқсан айында

Елiмiздiң ең iрi қаласы – Алматы әлемдегi ең лас қалалардың тiзiмiне енгелi бiраз жыл. NYC Partnership Consulting агенттiгi жасаған рейтинг бойынша, ластығы жөнiнен биыл оңтүстiк астана 2008 жылмен салыстырғанда үш саты жоғарылап, 25-орында тұр. Сарапшылар ауаның ластану деңгейiн, ауызсудың жарамдылығын, қалдықтарды өңдеуiн, аурухана қызметi мен медициналық жабдықтардың қол жетiмдiлiгiн, жұқпалы аурулардың таралу қаупiн бағалай отырып осындай қорытындыға келген. Business Week журналы болса, Алматы қаласын адамның өмiр сүруiне өте зиянды, аса қолайсыз әлемдегi төрт аймақтың бiрi деп жария еттi.

Бiр күнi түн жарымында аттар үркiп, пысқырып мазасыздана бастады. Қолшамымды жоғары көтерiп қарасам, ортада байлаулы тұрған “Сатымбек торы” атанып кеткен қасқа атымның жанында ұзын бойлы, ақ сақалды бiр кiсi тұр. Қарап тұрмай, атымның жалын тарап, үстiн сипап, жабысқан шөп-шаламдарын терiп жерге тастап жатыр. Жақындаған менi елең қылар емес. Шамымды орнына iле салып, оң жақ қапталдағы есiктi iлгегiнен ашып, қайта жауып, құлып салып, үйге тұра қаштым.

Канаданың Ванкувер қаласында XXI Қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды.

Ұзақтығы 3 сағат 3 минут­қа созылған Олимпиада ойындарының ашылуы Ван­ку­вердегi “Би-Си Плэйс” стадионында өттi. Алпыс мың адамға лайықталған стадиондағы ашылу салтанаты кезiнде ине шаншар орын болған жоқ. Олимпиада алауын тұтату Канаданың төрт бiрдей спортшысына бұйырды. Канаданың атақты хоккейшiсi Уэйн Гретцки, шаңғышы Нэнси Грин, конькишi Катрина Лемэй-Доан және баскетболшы Стив Нэштiң еңбегiн канадалықтар жоғары бағаласа керек.

БҮГIН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ ЕУРОПА АЛАҢДАРЫНДА ФУТБОЛДАН ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ 1/8 ФИНАЛЫНЫҢ ТӨРТ ОЙЫНЫ ӨТЕДI.

Өткен жылы топтық ойындардан озып шыққан алты команда ендi 1/8 финалында өзара кездесiп, ширек финалға шыққан командаларды анықтайды. Бүгiн 1/8 финалының екi кездесуi өтедi. Францияның iшкi бiрiншiлiгiнде өткен жылы қола жүлденi қанағат тұтқан “Лион” футболшылары өз алаңында Мадридтiң “Реалын” қабылдайды. Чемпиондар лигасының финалдық ойыны Мадридте өтетiнiн ескерсек, корольдiк клуб сырт алаңда

Өткен жексенбi күнi Алматыда көрнектi қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске түсiруге арналған волейболдан дәстүрлi турнир өттi. Алтынбек Сәрсенбайұлының сыныптастары ұйымдастыр­ған жарыста биыл сегiз команда бақ сынады. Жыл сайын дәстүрлi түрде өткiзiлiп тұратын жарысқа Нарынқол, Сарыжаз, Сарыбастау, Өтеген батыр, Текес

Кезiнде Нұржан Сманов, Қанатбек Шағатаев, Мұхтархан Дiлдәбеков, Мырзағали Айтжанов, Вячеслав Бурба секiлдi даңқты боксшыларды дайындап шығарған бiлiктi бапкер Нұрғали Сафиуллин соңғы төрт жылын көршiлес Қытайда өткiзгенi баршамызға аян. Бүгiнде ел ағасы Қытай жерiнен Қазақстанға қайта оралып, ұлттық құрама сапында аға бапкер болып қызмет атқарып жүр. Оңтүстiк өңiрдiң боксын өрге сүйреген бапкердi әңгiмеге тарттық.