1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15472) 18 ақпан, бейсенбі 2010

АЛ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТI ТӘРТIБIНЕ ҚАРАЙДЫ

Кедендiк одақтан ұтылатынымызды отандық кәсiпкерлер көптен берi айтып жүр. Тәуелсiз кәсiпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақстанды кедендiк одақта не күтiп тұр? Кедендiк одаққа мүшелiктен қазақ бизнесi ұта ма, әлде ұтыла ма?» атты дөңгелек үстелде осы мәселенiң мән-жайы талқыланды. Бұл жиынға кәсiпкерлер, қауымдастық жетекшiлерi және мемлекеттiк органдар қызметкерлерi қатысты. Сондай-ақ кейбiр партия өкiлдерi мен Ресейдiң сауда-өнеркәсiп палатасының Қазақстандағы өкiлi К.Артюшкин де жиында төбе көрсеттi. Кәсiпкерлердiң мемлекеттiк органдарға айтары да, тағар айыбы да көп болып шықты.

Алматы-Бiшкек тас жолының 29-шақырымында орналасқан «Ұшқоңыр» автобекетiне қатысты дау-дамай өршiп келедi. Оның иесi, құрылтайшысы – ел президентiнiң iнiсi Болат Назарбаев. Алпыс шақты кәсiпкерлер әлi күнге дейiн қайырсыз iске жұмсаған ақшасын қайтарып ала алмай жүр. Сотқа шағынғанымен, одан нәтиже жоқ. Амалы таусыл­ғандықтан, олар дүйсенбi күнi наразылық шарасы ретiнде тас жолды жауып тастайтынын, халықаралық ұйымдарға шағымданатынын айтып қоғамға жүгiндi.

«Ұлт көшбасшысы» идеясын қолдаған әрi мұны заң жүзiнде бекiтудiң түрлi амал-айлаларын қоғамға ұсынған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы бiрiншi орынбасары Дархан Қалетаевты жұртшылық ұмыта бастаған едi. Жоғары билiктiң бiр сәттiк керегiне жараған «баланың» қызметi көп ұзамай төмендеп, ол «Самұрық-Қазынадағы» көп атқарушы директордың бiрi болып тағайындалған едi. Оның мұнша төмендеуiнiң себеп-салдары жайында «Жас Алашта» бұрын да жазғанбыз.

Қайбiр жылы Меркiнiң бiр ауылында аудан әкiмi есеп бердi. Негiзi “есеп беру” сценарий бойынша жүредi ғой. Алдымен аудан әкiмi ұзақ-сонар баяндамасын оқиды, одан алдын-ала дайындап қойған екi-үш адам сөз сөйлейдi. Сосын барып бiрдi-екiлi адамдар сұрақ берiп, мәселесiн айтады. Баяндама жасалып, жарыссөз аяқталып, ауылдың үлкендерi бiр-екi мәселе көтерiп, жиын ендi аяқталайын деп жатқан.

Шалқар ауданы Шiлiктi елдiмекенiндегi су жаңа мектеп құрылысына байланысты дау туын­дады. Еңбекақыға қол жетпей алданған құрылысшылар жарты жылдан берi сандалып жүр. Құрылыс қожайыны “ҚазДосК” серiк­тестiгi басшыларын табу мүмкiн емес, олар жалақы сұрағандардан қашып жүр. Қашқын серiктестiк басшылығын Шалқар ауданы тұрғыны Құрманбай Досыбеков,

“Жас Алашта” жарияланған “Ұлтыңызды, тiлiңiздi ардақтаңыз!” атты ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған жастардың ашық хатына лебiз бiлдiрiп жат­қандар аз емес. (№11, 9 ақпан, 2010 жыл) Жас журналистер, ақын, жазушылар және жетi мыңға тарта студент жастар қолдаған бұл бастаманы жастардың саяси белсендiлiгiнiң артқандығына балап жатқандар да бар. Жастардың бастамасына байланысты дуалы ауыздардың айтқандарын және “Жас Алаш” сайтында

Құйындары жосылған қырда ағылып,
Қарау қоғам әлi де тұр қағынып.
Елi үмiт еткен асыл ер Алтынбектi
Қарақшылар кеттi атып түн жамылып.

Тiркелмеген «Алға» партиясы мен «Республика. Деловое обозрение» газетi екi соттың екеуiнде де жеңiске жеттi. Сейсенбi күнi Алматы қаласының Медеу аудандық сотында «Республика» газетiнiң шағымы қаралған едi. Естерiңiзге салсақ, 2009 жылдың қыркүйек айында Медеу соты «Республика» газетi БТА банкiне моральдық өтемақы ретiнде 60 миллион теңге төлеуi керек деген шешiм шығарған.

«ЖАЛБАҚАЙ АҚСАҚАЛДАР» ДЕГЕНI КIМДЕР?

«Жас Алаш» газетiнiң №104 (15456) санында маңғыстаулық Аманқос Ұзақбаев деген азамат «Зобалаң немесе тас жүрек ұлдарының тепкiсiнде зар илеген қарапайым қазақ» атты мақала жариялаған екен. Ақиқатты ғана халыққа жеткiзуi тиiс басылымның дәлелсiз ақпарларға сүйенген автордың облыс басшысына таққан кiнәсiн, жаққан күйесiн жариялауы, қолымызға қалам алуға мәжбүрледi.

«Ымырттағы махаббаттың» 100-iншi қойылымы

19 ақпан күнi Қазақтың Мем­лекеттiк М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында Г.Гауптманның «Ымырт­тағы махаббат» спектаклi­нiң 100-iншi қойылымы болады (Қоюшы режиссер Р.Андриясян, Т.Аралбай). Бұл спектакльде басты рөлдi КСРО халық әртiсi, ҚР Мемле­кеттiк сыйлықтың лауреаты, дарынды актер Асанәлi Әшiмов ойнайды.

Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының тарихына үңiлсек, бұл қаланың негiзiн қалаушылар кеншiлер мен бүгiнгi кен өндiрушi «Қазфосфат» ЖШС-iне қарасты «Шолақтау тау-кен өндiру кешенi» екенi мәлiм бола түседi. Қала түбiндегi осы кәсiпорын қазiргi күнi қосымша цемент өндiрiп жатыр.

Жыл сайын 22 наурыз мейрамында Қыдыр атаның, Қызыр атаның түрiне ұқсатып ақ шапан, ақ бөрiк киген, сақал-мұрт жапсырған, асатаяқ ұстаған әртiстер елдiң алдына шығып спектакль iспеттi көрiнiстер көрсетедi.

Осы мәселенi жазу маған өткен ғасырдың 80-жылдары кезектi еңбек демалысымды алып, Алматыға отбасыммен қыдырып барғанда ойыма келген едi. Кiшкентай баламды ертiп, Мемлекеттiк мұражайды аралап жүргенiмде мұражай қызметкерiмен алпысты алқымдап қалған бiр ағамыздың әңгiмелесiп тұрғанын байқадым. Ағамыздың жанында бiр жас қыз бар. Ол кiсi қазақ мектептерi үшiн оқулық жазғанын, оның кiтап болып шыққанын мақтана айтып тұрып, жанындағы қызды «немерем» деп

Ауылдық жерден, қала сыртындағы ескi үйге көшiп келгенiмiз есiмде. Мен ол кезде бар-жоғы тоғыз жаста болатынмын. Әкемнiң бет-бейнесi тiптi есiмде жоқ. Анам ол кiсiнiң суреттерi өртенiп кеткен дейдi. Көкемнiң үйiнде әкемнiң бiрен-сараң суреттерi бар. Бiрақ долы жеңгем бiздi төргi үйге өткiзбейдi. Мен үш жасқа толғанда әкем қайтыс болыпты. Содан берi анам байғұстың көрмеген бейнетi, тартпаған азабы қалмады.

Менiңше, проза жанрында жаңа буын қалыптаса алмай жатыр. Оқырмандар әлi күнге дейiн Мұхтар Мағауиннiң, Әбдiжәмiл Нұрпейiсовтiң, Әбiш Кекiлбаевтың, Дулат Исабековтiң, Төлен Әбдiковтiң, Кәдiрбек Сегiзбаевтың, Оралхан Бөкеевтiң жазғандарын азық етiп келедi. Қазiр 60-70-жылдардағы көркем әдебиеттiң деңгейiне жететiн дүниелер жоқ. Болса да, сол бұрынғы жазушылардiкi.

Ванкуверде өтiп жатқан XXI Қысқы олимпиада ойындарының бесiншi күнi аяқталды. Әзiрге Қазақстан құрамасы спортшыларының қоржынына жүлде түскен жоқ. Соңғы екi күнде қазақстандық спортшылар спорттың бес түрiнен сайысқа түстi. Андрей Полторанин, Николай Чеботько, Сергей Черепанов және Евгений Величко бастаған шаңғышыларымыз 15 ақ­пан күнi 15 шақырымдық қа­шықтыққа жарысып, ондықтың қатарына да кiре алмады.

ФУТБОЛДАН РЕСЕЙ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРI ГУС ХИДДИНК БИЫЛҒЫ ЖАЗДА ӨЗ ҚЫЗМЕТIНЕН КЕТЕДI

Ресей құрамасын 2006 жылдан берi жаттықтырған голландиялық Гус Хиддинк биылғы маусым айының соңында қызметiнен кетедi. Өткен аптада Ресей футбол одағының басшысы Сергей Фурсенкомен бетпе-бет әңгiмелескен голландиялық бапкер осындай шешiмге тоқтапты.

Австрияның астанасы Венада дзюдодан әлем кубогының кезектi жарысы өттi. Қазақстан құрамасының дзюдошылары бұл сыннан жалғыз қола медальмен оралды. 73 келiде ел намысын қорғаған Рашид Құлбаев ширек финалда жапон палуанынан жеңiлгенiне қарамастан, қола медальға ие болды.

Ақпанның 20-28 аралығында Түрiкмен­станның астанасы Ашхабад қаласында футболдан “Түрiкменбашы” кубогы сарап­қа салынады. Бұл сында елiмiздiң намысын Көкшетаудың “Оқжетпесi” қорғамақ. Көкшетаулықтар В тобында қырғызстандық “Абдыш Ата” мен Литваның “Экранас” және Түрiкменстанның “Небитчи” командаларымен ойнайды. Жеңiмпаз атанған команда 20 мың доллар көлемiнде ақшалай сыйлыққа ие болады.

Үлкен ғалым, көрнектi әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, жазушы, ұстаз, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Рымғали Нұрғалиев дүниеден озды. 70 жасқа қараған шағында. Мұхтар Әуезовтiң шығармашылығын өте терең бiлетiн және оны асқан бiлiмдарлықпен, айрықша бiлiктiлiкпен талдап-тарқатып беретiн әдебиетшi-ғалымдар, жасыратын ештеңесi жоқ, бiзде некен-саяқ. Сол некен-саяқ сиректiң бiрi Рымғали Нұрғалиев едi.