Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Менiңше, ойлау қабiлетiң жақсы болуы үшiн басқа үнемi жұмыс iстету керек. Егер бас ойланбаса, басқа органдар да жұмыс iстемейдi. Физикалық дайындық та аса маңызды. Денсаулықты үнемi күту керек. Еркекке ләззат сыйлайтын жақсы нәрселер бар. Мен оларды атамаймын, сiздер бәрiн түсiнiп отырсыздар.
ҚазҰУ 75 жылдығына орай студенттер алдында сөйлеген сөзінен
Мемлекет басшысы да, елiмiздiң лауазымды шенеунiктерi де бiздiң сұрақ-сауалдарымызға, талап-тiлектерiмiзге жауап қатқан жоқ. Демек, жастардың үнi мемлекет басшыларының құлағына жетпедi деп санаймыз. Осы себептен, жастардың жан айқайын, олардың қордаланған проблемаларын жоғары билiк пен қоғамға жеткiзу үшiн 11 сәуiр, 2010 жылы Алматы қаласында «Жастардың жалпыұлттық митингiсiн» өткiзетiнiмiздi мәлiмдеймiз! Шыдамның да шегi мен шетi бар. Бiздiң шыдамымыз таусылды! Әрекет ететiн, өзiмiз қимылдайтын кез келдi деп санаймыз.
РАХАТ ӘЛИЕВ НЕГЕ ҚҰБЫЛА ҚАЛДЫ? ОЛ «ӨКIЛ ҚАЙЫН АТАСЫМЕН» ҚАЙТА ТАТУЛАСЫП, ЕЛГЕ ҚАЙТУЫ МҮМКIН БЕ?
Африка құрлығының оңтүстiгiнде, Испанияда, Түркияда, Сирияда, Арабияда, Үндiстанда және Шри-Ланкада хамелеон деген хайуан өмiр сүредi. Хамелеон – жағдайға қарай түр-түсiн өзгерте алатын, бұтақтан-бұтаққа көшiп-қонып өмiр сүретiн өзгеше жәндiк. Аяқтары ұзын, өрмелеуге ерекше бейiмделген. Ұзын әрi күштi құйрығы да бұған жақсы көмектеседi. Бақырайған екi көзi бiрiне-бiрi бағынбайды және «құрбандығын» аңдып, үздiксiз алақ-жұлақ етiп тұрады. Бар-жоғы үш секундта тiлiмен төрт жәндiкке дейiн ұстай алады. Аристотель бұл туралы былай дептi: «Хамелеон – бiрде қолтырауынның түсiндей қап-қара болса, ендi бiрде кесiртке сияқты сұр түске енедi, тағы бiрде қабылан секiлдi теңбiл-қара түске боялады».
Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы «Ақбұлақ» елдi мекенiндегi жер дауы бiтер емес. Аталған аудан әкiмшiлiгi мен iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi түн жамылып тұрғындардың баспанасын бұзуды тоқтатпай тұр. Естерiңiзге сала кетейiк, газетiмiздiң бұрынғы санында дәл осы елдiмекеннiң тұрғындары – аяғы жоқ мүгедек қартты, емшектегi екi айлық сәбидi ақ қар, көк мұзда далада қалдырғаны жөнiнде жазған болатынбыз («Жас Алаш», №12, 16 ақпан, 2010 жыл). Ендi мiне, «Ақбұлақта» және бiр үйдiң орны үйiндiге айналды. Бұл жолы шиеттей екi баласы бар отбасы баспанасыз қалды. Сорақысы сол, «үйдi бұзуға келген мемлекеттiк қызметкерлер жүктi әйелдiң iшiне тептi» – дейдi тұрғындар.
КазТАГ ақпараттық агенттiгiнiң мәлiметiне сүйенсек, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрi Сергей Терещенко оншақты күн Израильге сапармен барып, бұл елдiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмен кездескен. Израиль сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Пинхас Авивимен, «Мерхав» корпорациясының президентi Йоси Мейманмен, «Израиль-Қазақстан» парламентаралық ассоциациясының жетекшiсi Фаина Киршенбауммен және «Израиль-Қазақстан» сауда палатасының төрағасы Михаил Роэмен жүздесiп, екi ел арасындағы байланыс мәселесiн талқылаған.
ҚЫЛМЫСТЫ АШАМЫЗ ДЕП ҚЫЛМЫСТЫ БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҮКIМ КҮШIНДЕ ҚАЛДЫ. ЕНДIГI ҮМIТ – ЖОҒАРҒЫ СОТТА
“Жас Алаштың” 4 ақпан күнгi нөмiрiнде “Қызылорда облыстық сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының назарына” деген айдармен “Қолды болған екi сиырдың құны” деп аталатын мақала жарияланды. Онда Қызылорда облысы Шиелi аудандық IIБ қызметкерлерi Дархан Жантерековтiң, Абай Оспанқұловтың, Медетбек Садықовтың және Серiк Дәлкеновтiң қалай iстi болғанын жазғанбыз.
Тәуелсiздiк алған жылдары мемлекет басына келгендер “жекешелендiрудi” желеу етiп халық мүлкiн талан-таражға түсiрсе, “бартердi” сылтау жасап елдiң төрт түлiк малын аз ғана уақытта жоқ қылып едi. Кейiн инвестицияны сылтау етiп, шетел азаматтарымен ауыз жаласып, кен орындарын арзанға сатып жiбердi. Одан түскен өнiмнiң азғана үлесi байырғы халықтiкi болса, 80 пайызы өздерiнiкi. Инвестицияның экономикамыз үшiн маңызы зор екенiн бiлемiз.
“100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында бiр тектес жобамен 14 бөлмелi 7 аурухана салынды. Атап айтқанда, Сазды, Жарма, Басқұдық, Мырзайыр, Қияқты тағы басқа елдiмекендерде. Ашылды деген аты болмаса, Кеңес үкiметi кезiнде салынған ғимараттарды жаңалады. Ашынарлығы, аталған ауылдарда ең көбi – 20, ең азы – 8 отбасы бар.
Мұхтар Әблязовтiң шетелден президент отбасына ұнамсыз сәлем-сауқат жолдағаны естерiңiзде болар. Сәлем-сауқат деп отырғанымыз – Тимур Құлыбаевтың пара алғанын делелдейдi делiнген бiрқатар құжаттар. Әрине, бұлар тәуелсiз басылымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Жарияланды. Тасқа басылды. Қалың көпшiлiкке жеттi. Бұған бұлқан-талқан болған құрығы ұзын Тимур Құлыбаев сот жүйесiн қолбалаға айналдырып, елiмiздiң бұқаралық ақпарат құралдарына қайта цензура енгiзбек болды. Мұнысын жұрт «сезiктi секiредi» дегеннiң керi дескен. Бiрақ, одан да түк шықпады. Сот шешiмiн қайтарып алуға мәжбүр болды.
Әр ұлттың өзiне ғана тән коды жазылған би өнерi болады. Мәселен, Қап тауы халқының «Лизгинкасын» жазбай танисыз. Түрiктердiң «Халайы», еврейлердiң «Фрейлехс», «Хава Нагилуы», өзбектердiң «Кагга уйинi» бар. Ал қазақтарда ше? Қазақ та биге кедей емес. «Қамажай», «Айгөлек», тағысын-тағылар. Қазақтың ұлттық билерiнiң iшiнде бояуы қанық, шоқтығы биiгi — «Қаражорға». «Қаражорға» өнер ұжымының директоры, ұлттық биiмiздiң шеберi Жамали Диқанұлы «Ырғақтың» редакциясына арнайы келiп, ұлттық би өнерiне қатысты ой-пiкiрiмен бөлiскен едi.
12 ақпанда Республика сарайында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күнiне орай өнер жұлдыздарының қатысуымен «Соғады жүрек» атты ән-жыр кешi өттi. Бұл кештi «EL production company» мен М.Мақатаев халықаралық қоры ұйымдастырды. Ән-жыр кешiне Бибiгүл Төлегенова, Нұрғали Нүсiпжанов, Мақпал Жүнiсова, Қарақат Әбдiлдина, Рамазан Стамғазиев және өзге де күмiскөмей әншiлермен бiрге «НұрМұқасан», «Жiгiттер» тобы өнер көрсеттi. Сондай-ақ,
Атақты сазгер Әсет Бейсеуовтiң әндерi халық арасына кең тарағаны сондай, оның әндерiнiң шығу тарихы жайлы баспасөзде әрқилы алыпқашпа пiкiрлер жарияланып жүр. («Алтыным» әнi қалай туған», «Атамекен» газетi, 22.11.2008 жыл. Досан Жанботаев, «Алтыным» әнi қалай туған?» «Жетiсу» газетi, 5 қараша, 2009 жыл, Мұхамбетжан Абдрахманов). Баяғыда Сәбеңнiң «Ботагөз» романы экрандалып жатқан кезiнде фильм түсiрiлiп жатқан Көкшетау өңiрiнде: «Асқар мен Ботагөз алғаш мына жерде кездескен», «Ботагөздiң мына ағашқа арқан байлап, асылып өлмек болғанын «көргендер» көп болған.
Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтарал ауданынан редакцияға хабарласқан оқырманымыз Әбдiнасыр Сүлейменұлы былай дедi: «11 ақпан — қазақ халқы үшiн қасiреттi күн, ұлт көшбасшысы болуға лайық тұлға болған Алтынбек Сәрсенбайұлы қандықол қарақшылардың қолынан оққа ұшқан күн. Саналы адам 11 ақпанның ұлттың болашағына жасалған қастандық күнi екенiн түсiнсе керек едi.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИАТЛОНШЫ ЕЛЕНА ХРУСТАЛЕВА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫНА КҮМIС МЕДАЛЬ САЛДЫ
Ванкуверде өтiп жатқан XXI Қысқы олимпиада ойындарының жетiншi күнi елiмiз үшiн сәттi болды. Он бес шақырымдық қашықтыққа жарысқан биатлоншы қызымыз Елена Хрусталева мәре сызығын екiншi болып кесiп, Қазақстан құрамасының қоржынына көптен күткен жүлденi салды. Елена Хрусталева Ресейдiң Красноярск қаласында туған. 2007 жылғы Қысқы Азия ойындарының алдында Қазақстан азаматтығын алған. 2002 жылы Беларусь елiнiң атынан Қысқы олимпиада ойындарында бақ сынаған Е.Хрусталева Ресей құрамасының сапында Еуропаның үш дүркiн чемпионы атанды.
Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан Гран-при жарысы мәреге жеттi. Әлемнiң елуге тарта елiнен 400-ге жуық дзюдошылар өнер көрсеткен сында Қазақстан құрамасының палуандарына жалғыз медаль бұйырды. 90 келi салмақта татамиге шыққан Тимур Болат жартылай финалда өзбек палуаны Хуршид Набиевтен ұтылып, қола медальдi қанағат тұтты.