1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15474) 25 ақпан, бейсенбі 2010

Ақпанның 18-i күнi «Рух пен тiл» клубы елiмiздегi бiрқатар жастар ұйымдарының жетекшiлерiн, ақындардың, жазушылар мен журналистердiң және Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерiнiң басын қосып, алқалы жиын өткiзген болатын. Дөңгелек үстелге қатысқан жастар өздерiнiң дербес саяси күш екенiн, қоғамдағы күрделi мәселелерге бейжай қарай алмайтынын айтып, билiкке ескертпе хат жолдаған едi. Ескертпе хатта («Бiз өзгерiстi қалаймыз!» – «Жас Алаш», 23 ақпан, №15) жастардың, халықтың шыдамының шегi де, шетi де жеткенi айтылып, 11 сәуiр күнi жастардың жалпы ұлттық ми­тингiсiн өткiзетiнiн мәлiмдедi.

«АЗАТ» ЖСДП КЕДЕНДIК ОДАҚҚА КIРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БИЛIКТЕН ОСЫНЫ ТАЛАП ЕТТI

Кедендiк одақтың құрылғанына небәрi екi‑ақ ай өтсе де, оның терiс нәтижесiне көз жеткiздiк. Үштiк одақтың ауыр салдарын ең алдымен қарапайым халық сезiндi. Тауар бағалары мен коммуналдық тарифтер­дiң күрт көтерiлуi онсыз да қалтасы жұқа халыққа ауыр соққы болып тидi. Осыған орай «Азат» ЖСДП жетекшiлерi арнайы баспасөз мәслихатын өткiзiп, Қазақстанның кедендiк одаққа кiруiне байланысты шұғыл мемлекеттiк шаралар қабылдау қажеттiгiн мәлiмдедi.

МИНИСТР ДОСҚАЛИЕВ ҮШIН ҚАЙСЫСЫ ҚЫМБАТ?

Рахат Әлиев, Өмiрзақ Әмет... Ендi Гаухар Әметқызы Әлиева... Немере ағасы Рахатпен бiр кiндiктен тараған өз ағасы Өмiрзақтан үйренген «өнегесiнiң», «тәлiм-тәрбиесiнiң» түрi ғой, билiгi жүретiн адамдарға аяусыз тiзесiн батыру, әсiресе кәсiпкерлерге кешiрiлмейтiн кегi кеткендей күш көрсету жағынан олардан озбаса да қалыспауды мықтап меңгерген-ақ екен. Әй, бiрақ лауазымдық қызметiн қанша асыра пайдаланса да лайықты жазасын алмай «отқа жанбастан, суға батпастан» «ойнап-күлiп» тiрлiк кеше беру Әлиевтер әулетiне бiткен әдет қой. Әйтпесе мансапқа мастанған Гаухар Әлиеваның шектен шыққан сорақы әрекеттерiн

Таяуда «Парламентаризмдi дамыту қоры» қоғамдық ұйымының жетекшiсi Зәуреш Баталова Атырауға келдi. Аймақтық үкiметтiк емес ұйымдар мен саяси партиялар өкiлдерiмен кездестi. Зәуреш Баталова — қоғамда өзiндiк орыны бар саясаткер. Бұрынғы Семей облысының бiлiм басқармасының басшылығынан сенатор креслосына дейiн жол салған тәжiрибелi қайраткер. Соңғы кезде саяси аренадан көрiнбеуiн өзiнiң жеке ұстанымдарымен түсiндiредi. Бүгiнгi саяси партиялар қызметiне көңiлi толмағандықтан азаматтық секторды мiсе тұтады.

Олардың бәрiмен жылы сөйлесiп, жағдайына көмектеспесең, онсыз да тұрмыс тауқыметiнен қажып жүрген халық шарт кетiп, шаруаңды қиындатып тастайды. Қариясын қадiрлеген халықпыз ғой, қолына қару алып, майданға шықпаса да, домбырасымен “Ленинградтық өрендерiне” дем берген, күш берген Жамбыл атаның туған елiнде қанша соғыс ардагерi бар, олардың жағдайы қалай, Жеңiс мерекесiне деген көңiл-күйлерi қалай ? Осы басқарманың бастығы Қ. Бекболатовпен аз-кем әңгiмемiз сол қарттарымыздың жағдайын сұраудан басталды.
 

Ақпан айының басында, нақтырақ айтсақ, 2 ақпан күнi қазақ әдебиетiнiң классигi Мұхтар Мағауин 70 жасқа толды. Естуiмiзше, Мұхаң өзiнiң 70 жылдық мерейтойын шалғайдағы Прагада (Чехия), бала-шағасының ортасында, бәйбi­шесi жайған шағын дастархан басында қарапайым түрде ғана атап өткен көрiнедi... Мұхтар Мағауиннiң шетел асып кеткенiне де бiраз жылдың жүзi болды. Әзiрге елге қайтатын түрi жоқ. Осы жайт шынымен-ақ жандарына батты ма, жоқ әлде мұның басқалай бiр себебi (саяси себебi!) бар ма, соңғы бiр-екi аптаның көле­мiнде билiкке жақын жүретiн бiраз әдеби-мәдени қайраткерлерi­мiздiң аузынан:

1932 жылғы аштыққа жалғыз Голощекин ғана кiнәлi ме? Неге 1937 жылдың ойранына басқа жұрттан гөрi қазақ көбiрек ұшырады? Бар пәле-жаланы Сталин мен Голещекинге жаба бергенiмiзбен, басқа кiнәлiлер олардың көлеңкесiнде қалып жатқан жоқ па? Неге соларды жария етпеймiз? Қырғыздың ұлы жазушысы Ш.Айтматовтың атақты «Жанпида» романында «Алтау және жетiншi» деген грузин халқының шағын балладасын келтiре кетедi. Шағын дүниенiң оқиғасы да жинақы.

21 қаңтар күнi (№6, 2010 жылы) Төлеген Қалимажановтың «Маған керегi – орынтақ емес, әдiлет!» деген мақаласы жарық көрдi. Онда Т.Қалимажанов өзiнiң мектеп директоры қызметiнен заңсыз шығарылғанын, оның себебi бұрынғы аудан әкiмi А.Кәрiмов пен сол кездегi аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң бастығы болған менiң тарапымнан қудаланғанын тiлге тиек етiптi.

Мұқаш ата 11 бала тәрбиелеп өсiрген, 30 немере мен 12 шөбере сүйген бақытты жан болатын. Ол кiсi 91-ге қараған шағында дүниеден өттi. Мұқаш ата фин және Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысқан. Ол кiсiнiң омырауынан 2,3-дәрежелi Даңқ, Қызыл Жұлдыз және 2-дәрежелi Ұлы Отан соғысы ордендерi мен көптеген медальдарды көрушi едiм. «Соғыстан аман-есен келгенiме тәуба етемiн. Бiрақ, үш өкiнiшiм бар...», – деп едi бiрде ол кiсi.

Қазақстан құрама командасының футболшылары 2012 жылғы Еуропа бiрiншiлiгiнiң алғашқы iрiктеу ойынын 3 қыркүйек күнi Түркия құрамасымен өткiзедi. Бұл туралы Германияның Франкфурт қаласында өткен жиында белгiлi болды. Дүйсенбi күнi Германия футбол қауымдастығының штаб-пәтерiнде болған жиында Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындарында А тобына түскен командалардың басшылары басқосып, ойындардың күнтiзбесiн жасады. Бiздiң елден Қазақстан футбол қауымдастығының бас хатшысы Саян Хамитжанов пен ұлттық құраманың бас бапкерi Бернд Шторк және құраманың ассистентi Григорий Бабаян қатысты.

Ванкуверде өтiп жатқан қысқы олимпиада ойындары бел ортасынан ауды. Он үш күндi артқа тастаған спортшылар ендi санаулы күннен кейiн төрт жылда бiр келетiн дүбiрлi доданы тәмамдайды. Бүкiл әлем көз тiгiп отырған олимпиада ойындарын қазақстандықтар сол баяғы жалғыз күмiс медальмен қорытындылайтын сияқты. Дүйсенбi күнi кешкiсiн аяқтарына шаңғы байлаған жiгiттерiмiз командалық сайысқа түсiп, нәтижесiнде бесiншi орынға тұрақтады. Алғашқы iрiктеуде үздiк ондықтан орын алған жiгiттерiмiз Норвегия, Германия, Ресей және Канада шаңғышыларын алға жiберiп қойды.

Талдықорғанда грек-рим күресiнен жастар арасында Қазақстан бiрiншiлiгi аяқталды. “Өркен” спорт кешенiнде екi күн бойы белдескен палуандар сегiз салмақ дәрежесi бойынша ел чемпиондарын анықтады. Жарысқа елiмiздiң 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларының пал­уандары қатысты. Жалпы елiмiздегi жас палуандар күрес қауымдастығы тарапынан үлкен қамқорлыққа ие болып келедi.