1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15475) 2 наурыз, сейсенбі 2010

ОСЫНЫ ТҮСIНЕТIН ӘРI ТҮЙСIНЕТIН КЕЗ ЖЕТТI

Тәуелсiздiкке қатер төндi. Бұл көзқарас бүгiнгi жұртшылықты қатты мазалайды. Неге олай дейсiз ғой? Бiр қарағанда, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз заң жүзiнде бекiтiлген, Қазақстан барлық халықаралық ұйымдардың дербес мүшесi ретiнде қабылданды, елiмiздiң астанасы орнында тұр, билiктiң барлық тармақтары өзгеде емес, өзiмiздiң қолымызда, әнұранымыз, елтаңбамыз, егемендiктiң барлық символдары сақталған. Ендеше, қара бұлтты төбемiзге үйiрiп, «тәуелсiздiкке қатер төндi» деп дабыл қағудың ретi бар ма? Жоғарыда келiтiрген мәселелерден басқа

«Жас Алаштың» өткен сандарында «Рух пен тiл» клубының бастамасымен, елiмiздегi бiрқатар жастар ұйымдарының жетекшiлерi, ақын, жазушылар мен журналистер және Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерi билiкке ескертпе хат жолдағаны, жас белсендi­лердiң 11 сәуiр күнi жастардың алғашқы жалпыұлттық митингiсiн өткiзуге бел байлағаны туралы кеңiнен жазылды. Өткен бейсенбi күнi жастар қайта бас қосып, митингiнi

ӘБЛЯЗОВТIҢ АЙТУЫНША, ҚҰЛЫБАЕВ МЕМЛЕКЕТКЕ 1,8 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР САЛЫҚ ТӨЛЕМЕГЕН

Елде жүргенде қатарластары «шахматист» деп ат қойып, айдар таққан Мұхтар Әблязов президенттiң ортаншы күйеубаласының жағасына бекер жармас­қан жоқ. Шахмат ойынында «вилка» деген термин бар. Кезектi жүрiстен кейiн қарсыластың екi немесе одан да көп фигураларының шабуыл өтiнде қа­луын «вилка» деп атайды.
Әблязов пен Құлыбаевтың арасында қандай бас араздығы барын бiз бiлмеймiз. Бiрақ, ол Құлыбаевты әшкерелеу арқылы оның қайын атасын да талдыра соғатынын түсiнетiндей. Және солай болды да...

Өткен аптада “Сталинизм: репрессияланған Қазақстан” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өттi. Оған Б.Қойшыбаев, М.Қойгелдi, А.Жандосов, А.Қапаева, Г.Кан, А.Гинзбург, тағы да басқа бiр топ тарихшы-ғалымдармен қатар, қоғам қайраткерлерi Сейдахмет Құттықадам, Айдос Сарым, сол бiр зұлмат заманның куәгерлерi, жапа шеккендер – Саят Iлиясұлы Жансүгiров, Аман Жәмилұлы Нұрмақов және басқалар қатысты. Айта кетерлiгi, Қазақстанда сталинизм жайында қоғамдық талқылау алғашқы рет өтiп отыр.

АЛ IСТI ҚАРАУШЫ СУДЬЯ Н.ЖОЛДАСБЕКОВ ҚОРҒАУШЫ Н.БЕЙСЕКЕЕВТI АБАҚТЫҒА ЖАПТЫРМАҚШЫ

Өткен аптада “Қазатомөнер­кәсiп” ұлттық компаниясының экс-президентi Мұхтар Жәкiшевтiң iсi қаралып жатқан №2 Сарыарқа аудандық сотында елдiң iрi бизнесмендерi мен саясаткерлерi болды. Атап айтқанда, “Азат” партиясының тең төрағасы Болат Әбiлев, “Райымбек тобы” компаниясының президентi Райымбек Баталов, “Астана тобы” компаниясының президентi Нұрлан Смағұлов және “Нұрмедиа” теле-радио корпорациясының экс-төрағасы Арманжан Байтасов. Бұлардың бәрi – Мұхтар Жәкiшевтiң үзеңгiлес жолдастары. Олар сотқа Мұхтар Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бей­секеевтiң өтiнiшiмен куәгер ретiнде қатыс­ты.

2013 жылы жалпыға бiрдей табысты жариялау жүйесi ендiрiлмек. Осылайша ендi үш жылдан соң бүкiл қазақстандықтар табысын жария етуге мiндеттеледi. Үкiмет жетекшiсi Кәрiм Мәсiмов те, Салық комитетiнiң басшысы Дәулет Ерғожин де бұл жүйе тиiмдi әрi нәтижелi болатынына нық сенiмдi. К.Мәсiмовтiң айтуына қарағанда, шетелдерде салықтың 60 пайызы жеке тұлғалардан жиналатын көрiнедi. Ал Қазақстандағы бұл көрсеткiш небәрi он пайыз ғана. Сондай-ақ Мәсiмовке сенсек,

ҚАЗАҚ КӨШIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛЫП БАРАДЫ?

Ел үкiметi тәуелсiздiктiң қарсаңында-ақ қазақ көшiнiң құқықтық жағдайын реттеуге ерекше ден қойды. “Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерге жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрушi байырғы ұлт адамдарын КСР-ына қоныстандыру тәртiбi мен шарттары туралы” Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы министрлер кабинетiнiң 1991 жылы 18 қарашада қабылданған қаулысы сыртқы көшi-қонның алғашқы құқықтық актiсi болды.

Өткен сейсенбi күнi түс ауа Республика алаңында «тентек» суретшi Қанат Ибрагимов наразылық акциясының ерекше түрiн өткiздi. Ол алаңға жуандығы бiлектей сазан балық алып келдi де ...балтамен басын шапты. Бұл шараны суретшiнiң өзi «перформанс сериясының басы немесе қазақ хал­қының ежелгi салт-дәстүрiнiң жалғасы» деп бағалады.

БҰТАБАЕВА, МАМЫТОВА, БАЛҚЫБЕКОВА СОТТАЛҒАН СОҢ, 10 СОТЫҚ ЖЕРГЕ ИЕ БОЛА МА, ЖОҚ ПА?

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында республикалық «Ғибрат» көпбалалы аналар қоғамдық бiрлестiгiне қатысты сот тергеуi аяқталып, жарыссөз өттi. Мемлекеттiк айыптаушы прокурор Еркiн Машимов: «ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бабы, 3-бөлiгiнiң «Б» тармағы бойынша, яғни iрi мөлшерде алаяқтық жасағандары үшiн кiнәлi деп тауып, бар мүлiктерiн тәркiлеп М.Бұтабаеваны – 9 жылға, Г.Мамытова мен Ж.Балқыбекованы 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы түзеу мекемесiнде өткiзудi сұраймын», – дедi.

Бомж. Қаңғыбас-кезбелер. Бүгiнде қоғамның бiр бөлшегiне айналған топ. Жалпы, көше кезiп, даланың адамына айналған кезбелер жайында не бiлемiз? Баспанасыз, қолына iлiккен асты қорек ететiн, қоқыс шұқылап нанын табатын, iшкiлiкке салынып қара жердi төсек ететiн қаңғыбастардың күнкөрiсi қандай? Тағдыры тәлкеке түскен жандарға мемлекет қандай көмек бередi? Қаңғыбас-кезбелердiң өмiрiмен танысып, өткенi мен бүгiнiн сарапқа салып көрейiк.

ЖЕТI ТОМНЫҢ ҮШ ТОМЫ ЖАРЫҚ КӨРДI

«Тiрi болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар едi, қазаққа қызмет етуге ғұмырымды арнаймын!» деп серт берген «Алаш» ұлттық қозғалысының көсемi, Алашорда Ұлттық Кеңесiнiң төрағасы болған, мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым, публицист, ұлттық мұрат жолында шаһит кеткен Әлихан Бөкейханның (Ә.Бөкейхан – ханның тұқымы) 7 томдық шығармалар жинағының үш томы жарық көрдi. «Сарыарқа

 ЕЛ БОЛЫП ЖҰМЫЛҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ЖҰЛЫМ-ЖҰЛЫМЫ ШЫҚҚАНЫ ӨКIНIШТI-АҚ

Ауа райының бiрден жылынуынан күрт ерiген қардан және толассыз жауған жаңбырдан пайда болған қарғын су Сарыағаш, Ордабасы аудандарының және Арыс қаласының көптеген елдi мекендерiн басып қалды. Су тасқыны 106 мың тұрғыны бар 49 ауылды басып, табиғи апат орасан зардап әкелдi. 3246 тұрғын үй, 9 мектептi су басты, 59 көпiр iстен шықты, 103 шақырым облыстық және жергiлiктi автожол, 170 гектардан астам егiстiк алқабы шайылды, 12 шақырым газ құбыры, 106 шақырым электр тарату желiсi, 269,7 шақырым суландыру құрылыстары қирады.

Башқұртстан – Ресей Федерациясының құрамындағы ең iрi автономиялы республиканың бiрi. Бұл елде төрт миллионға жуық халық тұрады. Өндiрiс ошақтары көп шоғырланбағанымен, башқұрт мемлекетi мұнай мен газға, басқа да пайдалы қазбаларға бай. Табиғаты қатал, бiрақ, өте көркем. Башқұрт елiнде өзен-көлдер де көп. Башқұрт хал­қы республика астанасы Уфаны «өзендер қаласы» деп те атайды. Себебi, ел аумағындағы өзендер мен көлдердiң басым көпшiлiгi Уфа қаласында тоғысады.

«Жас Алаш» газетiнiң 9 ақпанындағы санында «Бiлiксiз басшылар бiлiм мен медицинаны былықтырып жатыр» деген мақала жарық көргелi берi Жамбыл облыстық бiлiм басқармасы жанталасып, бiлгенiн iстеп жатыр. Бұл тақырыпқа қолымызға қайта қалам алуға осы бас­қарманың ақылға сыймайтын тiрлiктерi себеп болды. Мақалада Тараз қаласындағы ақыл-ойы кем балалар мектеп-интернаты ұжымының арызы жарық көрiп, мектеп директоры Райхан Абсаттарқызы Исманованың шектен шыққан әре­кет­терi баяндалған едi. Директордың тым дөрекi,

Имам Жәдiгер атындағы халықаралық турнир мәресiне жеттi. Бұл додада ел намысын қорғаған елiмiздiң грек-рим күресiнiң палуандары 1 күмiс, 2 қола медальға ие болды. Иранның Кум қаласында өткен халықаралық жарыста әлемнiң алты елiнiң палуандары бақ сынады. Қазақстан құрамасының палуандарынан басқа кiлем қожайындары Иран, Армения, Түркия, Ирак және Әзiрбайжан елiнiң палуандары өз бақтарын сынады. Кум қаласына барлығы 131 палуан келiптi.

Канаданың Ванкувер қаласында XXI қысқы Олимпиада ойындары мәресiне жеттi. Екi апта бойы төрткүл дүниенi баурап алған айтулы дода тарих қойна­уына жол тартты. Әлемнiң сексеннен астам елiнiң спортшылары бақ сынған жарыста Қазақстан спортшыларына бұйырғаны – жалғыз медаль. Олимпиада ойындарының соңғы күнiне дейiн қазақ елiнiң жанкүйерлерi Елена Хрусталеваның ер­лiгiн қайталайтын спортшыны iздегенi рас.

Өткен аптаның бейсенбiсiнде футболдан Еуропа лигасының 1/8 финалына шыққан командалар белгiлi болды. УЕФА кубогының соңғы жеңiмпазы атан­ған украиналық “Шахтердiң” Еуропа лигасындағы алғашқы қадамы сәтсiз болды. Топтық ойындарда ұпай шашпаған “Шахтер” футболшылары Англияның “Фулхэм” футболшыларымен болған ойында жеңiлiс тауып, жарыстан шығып қалды. Сырт алаңда 1:2 есебiмен ұтылған “кеншiлер” қарымта кездесуде 1:1 есебiмен тең ойнады.