1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15476) 4 наурыз, бейсенбі 2010

Соңғы кездерi бiздiң iшкi саясатымыздың күн тәртiбi толайымен тек қана жаһандануға, яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қалай төрағалық етiп жүргенiне, Қазақстанның егiстiк жерлерi мен мұнай кен орындарын Қытайға беру жөнiндегi пiкiрталасқа, Кедендiк одақ туралы айтыс-тартысқа арналып кеткендей. Осы мәселелер төңiрегiнде және өзге де саяси-қоғамдық тенденциялар хақында «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбiлевпен әңгiмелескен едiк.

Халықтың әлеуметтiк жағдайы қандай? Зейнетақы және жәрдемақы төңiрегiнде неге дау-дамай көп? Билiк жұмыссыздықпен күресе алды ма? Көшi-қон мәселесiн реттеуде не тындырды? «Жас Алаштың» осы және басқа да сұрақтарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара ӘБДIХАЛЫҚОВА жауап бердi.
– Гүлшара Наушақызы, Сiздiңше, Қазақстан көшi-қон саясатында ненi ескермей келедi? Қайтсек шетте жүрген қандастарымызды елге қайтарамыз, iшкi көшi-қон мәселесiн қалай реттеймiз?

Дүйсенбiде Ақтөбедегi Дос­тық үйiнде ассамблеяның жергiлiктi бөлiмшесi мен «нұротандықтар» бiр­лесiп, ассамблеяның 15 жыл­дығын атапөттi. Мей­лi, өте берсiн. Бұрынғы пошта бастығы, облыстық мәслихаттың қазiргi хатшысы әрi «Нұр Отанның» жергiлiктi жетекшiсi Балғали Ордабаевтың диаспора­лар­ды жинап, ұлтаралық қатынасқа шоқ салып жiбер­генiн түсiн­бедiк. Осы жиында Ордабаев «бiзде халықтар достығын қамтамасыз етiп отырған – ассамблея ғана» деп мәлiм­дедi. Жылма-жыл мәдени орталықтар санының көбейiп келе жатқанына қуанышын жасырмады. Бастан аяқ орысша сөйлеген Бал­­ғабаев көп қазақтың iшiн­де қамалып отырғандай диаспора өкiлде­рiне мұңын шақты.

Бейсенбi күнi Алматыда тосын оқиға болды. Қала iшiмен жүретiн елуге тарта қоғамдық көлiк жүргiзушiлерi жұмыстарын тоқтатып, наразылық шарасын өткiздi. Олар «Саяхат» автобекетi маңындағы Пушкин көшесiнiң бойына автобустарын қаңтарып қойып, бiр сағатқа таяу уақытқа жолды жапты. Кейiннен басқа да бағыттағы қоғамдық көлiк қызметкерлерiмен бiрлесе Алматыдағы ескi алаңға жиналды. Осылайша жүргiзушiлер жол сақшылары тарапынан тексерулердiң көбейiп кеткенiне қарсылық бiлдiрдi. Олардың автопарк басшыларына да артар кiнәсi бар.

Болатхан Тайжанның ұлы ә дегеннен ашық әрi өткiр әңгiмеге дайын екенiн бiлдiрдi. “Қазiргi кезең тоқырау заманын еске түсiредi. Үлкен-үлкен плакаттар, барлық газетте шыққан, танысқысы келген адам кез келген басылымдардан оқи алатын жолдауды түсiндiруге миллиард теңге бөлiнедi. Бұл ақшаға қаншама пайдалы iстiң басын қайырып тастауға болады”, – дейдi “Айтпарк” қонағы. Мұхтар Тайжан бүгiнгi күн Кеңес дәуiрiнiң ақырғы күндерiн еске түсiредi деп есептейдi.

Өткен сенбiде шымкенттiк шенеунiктердiң шырт ұйқысын бұзып, шыр-пыр күйге түсiрген жиын өттi. Тәуелсiздiктiң тiрегi – ұлттық мүдденi, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың, көздiң қарашығындай сақтаудың орнына оны “жеп, кемiрiп” келе жатқан билiктегiлердiң шектен шыққан зиянкестiгiн сынға алған жиын болды ол. “Дезинфекция” ЖШС-ның мәжiлiс залына жиналғандар сондай “кемiргiштерден” елдi тазартпа­йынша, тәуелсiздiкке төнген қатердi сейiлтудiң мүмкiн еместiгiн ашық айтты.

Жоғарғы билiк тарапынан қоғамның назарын өзiне аударған “Ел бiрлiгi” доктринасы ақын Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялыларының, саяси партия­лар мен қоғамдық қозғалыс жетекшiлерiнiң, тәуелсiз БАҚ редакторларының тегеурiндi қарсылығына тап болды. Оның орнына “Ұлттық саясат тұжырымдамасының” жобасы дайындалып, халықтық талқылауға ұсынылды. Өзгелер сияқты мен де онымен толықтай оқып таныстым. Менiң баса көңiл аударғаным тiл саласы болды. Бұл ендiгi жерде кешеуiлдетудi күтпейтiн басы ашық өзектi мәселе болып тұр.

Мұхтар Жәкiшевке қатысты сот iсi аяқталуға жақындаған кезде, оның үстiнен тағы да үш бiрдей қылмыстық iс қозғалғаны белгiлi болды. Бұл жөнiнде сейсенбi күнi Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген Жәкiшевтiң зайыбы Жәмила мен оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлiмдедi. «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевке бұл жолы «көлеңкелi ақшаны заңдастырған, заңсыз еңбекақы тағайындаған және тағы да мемлекет қаржысын талан-таражға салған» деген айыптар тағылып отыр.

«Поколение» қозғалысының жетекшiсi Ирина Савостина: «Мен — Қазақстандағы ең қыңыр апамын», — деген бiр сөзiнде. Оған «қыңыр» деп ат қойып айдар таққан — бюрократ шенеунiктер. Онда да кемсiткенi емес, Савостинаны мойындағаны бұл. Бiр орында байыз тауып отыра алмайтын, қашан көрсең кембағал қоғамдағы кедей-кепшiктiң жоғын жоқтап жүретiн Ирина Савостинаның әдiлетсiздiкке жаны төзбейдi. Әлдекiм әлсiзге күш көрсетсе, оның «қыңыр ападан» сыбағасын алатынына күмәнданбай-ақ қойыңыз.

Розлана Таукинаны көпшiлiкке таныстырып жатудың өзi артық. Журналист Розлана, қайраткер Розлана, күрескер Розлана... Жiгерi жасымайтын қайратты Розлана. Розлананың тағы бiр ерекшелiгi, ол басы дауға қалып, қиындыққа тап болғандардың бәрiне қол ұшын созуға даяр. Халық та Розлананы журналист пен қоғам қайраткерi ретiнде ғана емес, әдiлетсiздiкке кез болған журналистердiң қорғаны ретiнде таниды. «Журналистер қауiп‑қатерде» қоғамдық қорының жетекшiсi негiзсiз жала жабылып

«Жығылған күреске тоймайды» деген, былтырғы жылы 5 мың гектар жерге қызылша егiп, қып-қызыл шығынға батқан жамбылдық диқандар биыл 10 мың гектар жерге тағы осы дақылды егудi жоспарлады. Әрине, «аузы күйген үрiп iшедi», биыл бұл мәселеге Жамбыл облысының басшылары әжептәуiр дайындықпен кiрiспек. Әр ауданға жiлiктеп бөлiп бергенде, Талас ауданының еншiсiне 400 гектар қызылша егу тиiптi. Аты Талас болғанымен бұл аудан өзi аттас өзеннiң ең төменгi жағында орналасқан.

Анам – он төрт құрсақ көтерген адам. Соның он екiсi, Құдайға тәуба, аман-есен­бiз. Барлығы да жоғары оқу орнын бiтiрген. Қазiр республикамыздың түкпiр-түк­пi­рiн­де жұмыстарын iстеп, немере-шөберелерiнiң қы­зығын көрiп отыр. Мен он үш жасыма дейiн атамның көршi ауылда тұратын Жұмаш деген бауырының қолында тәрбиелендiм. Жұ­маш атам соғыстан оралмады. Ұлы Жаншен балалы-шағалы болған соң, он үш жасымда өз ата-анамның қолына келдiм. «Сенi алып кеткеннен кейiн әкең Мәс­ұ­ғұт күнде атқа мiнiп үйге ке­летiн. «Жай жүрсiң бе?» – деймiн түк бiлмеген­дей. Өзi сонда 21 жаста едi.

Мереке хикаялары

«Қазақта айран көп, орыста мейрам көп» десек те, қазiргi қазақтар ұлы iстердi осындай мерекелерге жоспарлап тастайды ғой. 8 наурыз – екi жасты таныстыруға, қол ұстатуға таптырмайтын мереке. Осы мерекеде танысып, түсiнiсiп, шаңырақ құрған жандар арамызда өте көп. Солардың бiрi – Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Шәуiлдiрде тұратын Төпен Әмiрбек ағамыз. Төпен ағамыздың әскерден келiп, ауданда жұмыс iстеп жүргенiне 2-3 жыл уақыт болып қалған кезi екен. Апамыз Төпендi аяқтандырмақ ниетте Шаяндағы бiр сiңлiсiне телефон шалыпты.  

ӘМИНА НҰҒМАН ЖӘНЕ «ҚАЗАҚТЫҢ ӘНШIЛIК ДӘСТҮРI»

Жақында «Арыс» баспасынан ҚР Мәдениет және ақпарат министр­лiгiнiң «Әдебиет­тiң әлеу­мет­тiк маңыз­ды түрлерiн басып шығару» бағдарламасы аясында белгiлi ғалым, педагог, өнер зерттеушiсi Әмина Нұғманның «Қазақтың әншiлiк дәстүрi» атты монографиясы жарық көрдi.Халық әндерiн өзiне тән нақышпен тамылжыта орындаумен қатар, оны зерттеп, насихаттауда да Әмина Нұғман ұлан-ғайыр еңбек еттi. Ә.Нұғман Қазақтың Қыздар педагогикалық институтында 30 жылға жуық еңбек етiп, «Музыкалық тәрбие әдiстемесi» кафедрасын басқарды.

Соңғы бiрнеше жыл iшiнде ауыр атлетика Қазақстандағы №1 спортқа айналды. Бұған әлi күнге дейiн таңғалып жатқандар көп. Тұңғыш рет олимпиада ойындарындағы жетiстiктерi бойынша зiлтемiршiлерiмiз елiмiздiң былғары қолғап шеберлерiнен асып түстi. Әлемдiк бiрiншiлiкке байланысты жағдай да осындай. Боксшыларымыздың қолы бiр алтынға да жетпей жатқан кезде ауыр атлетшiлерiмiз бiр емес төрт бiрдей алтын медальдi мойындарына iлiп, айды аспанға бiр-ақ шығарды.

Қызылордада әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан бiрiншiлiгi өз мәресiне жеттi. Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен жиналған бұрымды боксшыларымыз Сыр елiнде бес күн бойы шаршы алаңның шаңын қақты. Лондон олимпидасының бағдарламасына кiрген әйелдер боксы бiздiң елде қарыштап дамып келе жатқанын айтуға тиiспiз. Ұлттық құраманың бас бапкерi Вадим Присяжнюктiң айтуынша, бұл жарыста жеңген бойжеткендерiмiз биылғы жылдың мамыр айында Астанада өтетiн Азия бiрiншiлiгiнде бақ сынайды

Наурыздың 6-7-сi күндерi Венгрияның Сомбателли қаласында да грек-рим күресiнен Гран при жарысы өтедi. Әлемнiң ең таңдаулы деген пал­уандары бас қосатын дүбiрлi жарысқа Қазақстанның грек-рим кү­ресi­нiң шеберлерi де өз өнерлерiн ортаға салады.Ұлттық құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов бұл жарысқа елiмiздiң маңдайалды палуандарын апарғалы отыр. Ұлттық құраманың тiзгiнiн ұстағанына көп уақыт өте қоймаған бас бапкер жарыс жайлы өз ойын былай жеткiздi:

Мадридтiң “Реал” футбол клубы әлемдегi ең бай клубтардың көшiн бастап тұр. Мұндай ақпаратты “Deloitte” аудиторлық компаниясы жария­лады. Халықаралық аудиторлық компаниясы әлемдегi футбол клубтарының әмиянын ақтарып жүргенiне он үш жыл болды. Компания басшылары бай клубтардың жылдық кiрiсiн есептей келе Мадридтiң “Реа­лын” биыл алтыншы жыл қатарынан көш басына қойып отыр

Кеше Алматыда Германия Федеративтi Республикасының Қазақстандағы елшiсi Райнер Шлагетер мырза қазақстандық көрнектi жазушымыз Герольд Бельгерге «Германия Федеративтi Республикасына сiңiрген еңбегi үшiн» деп аталатын орден тапсырды. Бұл орден Германияның аса беделдi әрi мәртебелi ордендерiнiң бiрiнен саналады. Герольд Бельгер Едiл бойындағы немiстердiң Орталық Азияға қалай жер ауғаны және олардың тағдыры жөнiнде кiтап жазғаны, одан кейiн «Гете мен Абай» атты