1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010

БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ МҰНАЙШЫЛАР ҮШIН ДҮРБЕЛЕҢМЕН БАСТАЛДЫ

Наурыздың алғашқы күнi мұнайшылар “Өзенмұнайгаз” өндi­рiстiк филиалы басшылығының жүргiзiп отырған саясатына қарсы наразылық акциясын өткiздi. Осылайша мұнай-газ өндiру басқармасының бiр жарым мыңдай мұнайшысы жұмысшыларды тасу бекетте­рiне жиналып, кәсiпшiлiкке апаратын автобустарға отырудан бас тартып, жұмысын бiр сағатқа кеш бастады. Бұл кезде “Өзен­мұнайгаздың” кейбiр мұнай­кәсiпшiлiк автокөлiк мекемелерi де жұмысын бiр сағатқа тоқтат­қан-ды. Мұнайшылардың наразылығы келесi күнi де жалғасты. Ал 3 наурыз күнi наразылық акциясы тiптi ушыға түстi. Шамамен 3 мыңдай адам

Қашқын күйеубала Рахат Әлиев-Шораз Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевпен Венада кездескенiн мойындады ақыры. Австриялық «Пресс» басылымына берген сұхбатында ол былай дептi: «СIМ басшысымен кездесуiмiздi жария етпеу туралы келiсiм болған арамызда. Бiздiң әңгiмемiз бұдан әрiде қандай позиция ұстанатынымыз турасында өрбiдi. Соңғы екi жарым жылда маған түрлi кiнә артты, тiптi сыртымнан соттады. Осының бәрi — менiң көп бiлетiндiгiмнен.

БIРАҚ, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР: «ЕКIҰШТЫ ШЕШIММЕН МАЗАҚ ЕТПЕСIН», – ДЕЙДI

Түйенi түгiмен жұтқан «Ғибрат» республикалық көпбалалы аналар қоғамының бұрынғы басшыларына қатысты сот аяқталды. Алматы қаласы, Бостандық аудандық сотының судьясы Шынар Ерғалиева ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бабы, 3-бөлiгiнiң «Б» тармағы бойынша, яғни iрi мөлшерде алаяқтық жасағандары үшiн кiнәлi деп тауып, М.Бұтабаева мен Г.Мамытованы – 8 жылға, Ж.Балқыбекованы 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкiм шығарды.

Атышулы Жәкiшев iсiне қатысты сот процесi аяқталып, тараптардың жарыссөзi басталды. Мемлекеттiк айыптаушы айыпталушылардың орнында отырғандарды «қылмыстары дәлелдендi» деп соттан қатаң жаза беруiн сұрады. Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшев­ке қатаң тәртiптегi 14 жыл, ал оның оққағары Талғат Қыстаубаевқа алты жыл сұрады. Сонымен бiрге Жәкiшевке жазасын өтеп болған соң, жетi жыл көлемiнде мемлекеттiк қызметпен айналысуына, ал Талғат Қыстаубаевқа үш жыл

Кедендiк одақ тәуелсiздiктi тәрк етедi. Үштiк одақ түптiң түбiнде одақтық мемлекет құруға апарып соқтырары анық. Сондықтан мәселе ушықпай тұрғанда, кедендiк одақ туралы келiсiмдi денонсациялап, бұл одақтан бас тартқан жөн. Бiз пiкiр сұраған сарапшылардың барлығы бiр ауыздан осындай тоқтамға келдi. — Кедендiк одақ — бұл экономикалық интеграцияның соңғы сатысы. Яғни, бү­кiл ау­мақ­та бiрыңғай кедендiк баж салығы салынады. Әлемде мұндай интеграциялардың саны некен‑саяқ.

ҚР БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЖАУАП БЕРДI

ҚР Статистика агенттiгiнiң 2010 жылдың қаңтар айында таратқан мәлiметтерi бойынша, Қазақстанда жалпы орта бiлiм беретiн мектеп саны – 7811. Ал ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi, орта бiлiм департаментiнiң директоры Н.Аршабеков мырзаның айтуынша, 2009-10 оқу жылында республикада 7576 мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. Барлап қарасақ, екi мекеме көрсеткен екi ақпараттың айырма саны – 235 мектеп.
 

Астанада пәленбай миллион теңгеге мұз қалашық салып, халықтың маңдай терiн далаға шашқанша, тұлдыр жетiмдерге үй салдырып бермей ме? Президенттiң қолын сүйiп, медаль алған Әбiш Кекiлбаев ағамыз 70 жасқа толғанда әкiм-қаралар тартып алғандай қылып жұрттан жылу жинағанын өз құлағыммен естiдiм. Аман болсаңыз, сiз де жетпiске келерсiз, құлағыңызға алтын сырға, Нұреке.

Мәртөк ауданы Хлебодар елдiмекенiнiң тұрғыны Сәбира Ниетжанованың 21 жастағы жалғыз ұлы Құралбектi өткен жылдың 25 қаңтарында өз үйiнiң жанында айуандықпен өлтiрдi. Түнгi сағат 3-те ауылдың 6 баласы денесiнiң 17 жерiнен пышақ сұғып, өлiмшi күйiнде тастап кеткен. Жақында ғана Ақтөбе қалалық соты Құралбектi қасақана өлтiрген Нұрбек Иманғалиевтi 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сол түнгi қылмысты ұйымдастырушылар Берiк Қожанов, Ербол Құрманиязов, Жанболат Ингербаев, Азат Досов, Ақылбек Әлиев 2-3 жылдан шартты түрде жаза алды.

Судьяға кiру үшiн жолдағы бiрнеше «қамалды» бұзып өту керек. Оның бiрiншiсi – сот приставы мен сақшысы. «Мен пәленше судьяға келiп едiм», — дейсiз қолсағатқа бiр үңiлiп қойып. Пристав «қамалдың» арғы жағына телефон соғады. Ондағылар жауап бермейдi. «Оларда процесс жүрiп жатыр күте тұрыңыз, – деп пристав бөсiп жiбередi кейде. Күтемiз де, күтпей қайтемiз? Сүт пiсiрiм уақыттан соң тағы телефон шалуға тура келедi. Тағы жауап жоқ. Бiр кезде шыдам таусылады. «Менi жiберiңiз! Сот мәжiлiсiнiң уақыты өтiп кеттi», — дейсiз

Шолпан Калингараева 7 баласымен Астана қаласындағы “Ударник” бақ өсiру қоғамы саяжайында қуыстай екi бөлмелi үйдi паналап, өлместiң күнiн кешiп жүр. Балапандары да әлi жап-жас. Тұңғыш қызы – 20, кенжесi – 4 жасқа толды. “Жаз мезгiлiнде екi ай ашық аспан астында жаттық. Қатты аязда пәтерсiз қалдық. 1 жыл толды, үкiмет жәрдемақы да бермей қойды. Жұмыссызбын. Балаларымның киерге киiмi, дастарханға қояр асым жоқ.

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың ресми мәлiметiне сүйенсек, соңғы 10 жылда Қазақстанда 37 450 бала асырап алынған. Оның iшiнде 8 мыңнан астам баланы шетелдiк азаматтар асырап алды. Нақтылап айтсақ, АҚШ-қа – 6406, Испанияға – 600, Бельгияға – 343, Германияға – 173, Канадаға – 167, Ирландияға – 140, Францияға – 131 бала кеткен. Жас шамасын да тiлге тиек етсек: 1-3 жас аралығындағы балалардың саны – 5892, 4-6 жасқа дейiнгiлер – 1278, 7 жастан жоғарғысы – 999. Өкiнiштiсi, 10 жылдың iшiнде қазақ 3752 жетiмiн шетел асырыпты.

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың назарына!  Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалардың ата-аналарына ай сайын 15 мың теңге шамасында жәрдемақы төлеу туралы заңның күшiне енгенiн хабарлады. Дұрыс-ақ. Бiрақ, 18 жастан асқан кемтар балалардың ата-аналары елеусiз қалды. Неге? Жоқ әлде заң шығарушы шенеунiктер мүгедек бала 18 жастан асқаннан кейiн аурудан айығып кетедi деп ойлай ма?

Алматы облысы, Қарасай ауданы әкiмiнiң орынбасары Едiл Қалиев “Жас Алаштың” арнаулы бетi “Тұрмыста” жазылған “Қошмамбет, сенi қайтейiн?!” атты мақалаға (№7, 26 қаңтар, 2010 жыл) ресми түрде мынадай жауап хат жiбердi: “Аудан әкiмдiгiнiң тапсырмасы бойынша, “Қошмамбет – 2” ауылы тұрғындарының шағымы, “Жаңа Шамалған” ауылдық аумақ әкiмдiгiнде қаралды. Аталған ауылдық аумақтың 7 елдi­мекенiнде 1989 жылдан берi Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркiменстаннан көшiп келген оралмандар көптеп қоныстанған.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАДIЛОВ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Тағы да жол апаты... Осы бiр “жол апаты” деген пәледен қаншама қазақ өнерпаздары мезгiлсiз көз жұм­ды десеңiзшi?! Әйгiлi “Дос-Мұқасан” ансам­блiнiң белдi әншiсi, сазгер, белгiлi өнерпаз Бақытжан Жұмадiлов те жол апатынан қаза болды... “Дос-Мұқасан” ансамблi алғаш рет ұйымдасқан кезде, Қазақстанда не көп, ансамбль көп болатын. Кейбiр iрi зауыттар мен фабрикалар қос-қостан ансамбль ашып, кеңшарлар мен ұжымшарлардың әрқайсысы бiр-бiрден ансамбль ұстайтын.

Бүгiн бiз өз оқырмандарымызға Қытайдағы аса тағдырлы қандас жазушымыз Қажығұмар Шабданұлының “Қылмыс“ атты 6 томдық ғұмырнамалық романынан үзiндi ұсынуды жөн көрдiк. Романның бас кейiпкерi Биғабiл (мұны Қажығұмар Шабданұлының өзi деп түсiнiңiз) 1967 жылы Қытайдың атақты Тарым түрмесiнен қашып шағып, өзi туып-өскен өңiрге келiп, ендi Қазақстанға жасырын түрде өтiп кетуге әрекет жасайды. Төмендегi оқиға да – осы жөнiнде.

Қазақстан құрамасының футболшылары өткен аптада Түркияда биылғы жылдың алғашқы жолдастық кездесуiн өткiздi. Молдова құрамасымен жасыл алаңға шыққан Бернд Шторктiң шәкiрттерi қарсыластарынан 0:1 есебiмен жеңiлiс тапты. Немiс маманы Бернд Шторк Қазақстан құрамасын басқарғанына бiр жылдан асты. 2009 жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан құрама командасымен ресми түрде келiсiм­шартқа отырған Бернд Шторк содан берi ел футболшыларын алты рет ресми ойынға бастап шықса, екi мәрте жолдастық кездесуде жетекшiлiк еттi.

Өткен аптада Алматыда биатлоннан Ванкувер олимпидасының күмiс жүлдегерi Елена Хрусталева бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Журналистердiң басын қосқан жиынға елiмiздегi биатлон қауымдастығының президентi Владимир Смирнов та қатысты. Бұған дейiн Ресей мен Беларусь елiнде өнер көрсетiп келген Елена Хрусталеваның Қазақстан азаматтығын алғанына да бiраз жылдың жүзi болды. 2007 жылы Қытайдың Чангчун қаласында өткен Азия ойындарында

“БТА Банкi” акционерлiк қоғамының еншiлес ұйымы – “Темiрбанк” акционерлiк қоғамы (Қазақстан Республикасында №4814-1900-АҚ нөмiрiмен тiркелген) қайта құрылымдау жоспарын бекiту үшiн қайта құрылымдауға қатысушы кредиторлардың жиналысын шақыратыны туралы хабарлайды. Қайта құрылымдауға қатысушы кредиторлар тiзiмi: