1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15478) 12 наурыз, жұма 2010

ӘЙЕЛДЕРДIҢ ДӘРIПТЕУI БӘРIНЕН ДЕ АСЫП ТҮСТI

Кезiнде бiр ойшыл «әлемдi әдемiлiк құтқарады» дептi. Мұнымен ешкiм таласпайды да. Онысы ақиқат. Адамзаттың ақылы мен ой-санасы өскен соң әйелдерге де теңдiк берiлдi. Олардың да қажыр-қайраты, қарым-қабiлетi ел мүддесi үшiн, мемлекет келешегi үшiн қызмет ете бастады. Қысқа ғана уақыттың iшiнде әйелдердiң арасынан небiр талантты жазушылар, ақындар, ел басшылары шықты. Бұл бiзде ғана емес, бүкiл әлемде орын алып жатқан процесс. Қазiрдiң өзiнде бiрқатар мемлекеттердi нәзiк жандылар басқаруда.

2010 жылдың 1 наурызынан “Қазмұнайгаз” Барлау Өндiру” АҚ (“ҚМГ” БӨ” АҚ) “Өзенмұнайгаз” өндiрiстiк филиалының (“ӨМГ” ӨФ) басшылары мен мұнайшылар арасында дау-жанжал қайта басталды. Мән-жайды бiлу үшiн 6 наурыз күнi Жаңаөзен қаласына ат басын бұрдық. Мұнайшылар жұмысқа аттанатын автобекетке келдiк. 3 мындай адам жиналыпты. Әңгiмеге тарттық. Мұнайшылар мынадай бес талабын айтты: Бiрiншiден, “ҚМГ” БӨ” АҚ-да еңбекақы жүйесiн өзгерту жұмысы қолға алынған. Қазiргi еңбек­ақы жақсы. Өзгерiстiң қажетi жоқ. Жаңа жүйенiң артында әлдебiр қитұрқылық

Бiрнеше күннен берi наразылық шарасын өткiзiп жатқан жаңа­өзендiк мұнайшыларға БТА банктiң бұрынғы басқарма төрағасы Мұхтар Әблязов үндеу жолдады. Үндеуде ол былай дептi: “Құрметтi отандастар, мұнайшылар, Жаңаөзен тұрғындары! Мен сiздердiң наразылық акцияларыңызды жiтi қадағалап жүрмiн және сiздердiң қойған талаптарыңызды толықтай қолдаймын. Қазақстанда әдiлдiктiң жоқтығынан ат төбелiндей топ халыққа тиесiлi жерасты байлығын иемденiп, қалталарын қаржыға толтырып жатыр.

«Жас Қазақ» газетiнде Тимур Тұяқтың «Айқайға қиқу қосқандар» атты мақаласы басылды (26.02.2010 жыл). «Жас Алаш» газетiнiң бетiнде Дархан Қалетаевтың бiрнеше рет орынды сыналғаны да мәлiм. Мiне, ендi Тимур Тұяқ осы Дархан Қалетаевты қорғау мақсатында арнайы мақала жазыпты. Сонымен бiрге Т.Тұяқ тап бiр қызғаныштан жарылардай-ақ «Жас Алаштың» бағытын да, мүддесiн де «iске алғысыз» етiп, арзан әрi татымсыз сөздермен iлiп-шалып, «Жас Алаштың» бұдан былай «қазақтың атынан, халықтың атынан сөйлеуiне» тыйым салыпты...

“Ғибрат” көпбалалы аналар қоғамы алаяқтық жасады. Екi жылдан берi құқық қорғау орындарының табалдырығын тоздырған аналар М.Бұтабаеваның былық-шылығын әшкереледi. Құқық қорғау орындарының дәрменсiздiгi олардың жеңiске жетуiне тосқауыл бола алмады. “Ғибраттың” сотында болған оқиғаларды егжей-тегжей бiлу үшiн көпбалалы аналардың қоғамдық қорғаушысы Улниза Уәлиеваны ашық әңгiмеге тарттық.

БАУЫРЛАС ҰЛТ ЖОЙЫЛУДЫҢ АЗ-АҚ АЛДЫНДА ТҰР

«Жас Алаштың» өткен сандарының бiрiнде Башқұртстанға сапарға барғанымыз туралы жазып, ол елдегi жағдайға қысқаша тоқталған болатынбыз. Бүгiн башқұрт елiнiң қоғамдық – саяси, мәдени, рухани тiршiлiгi, хал - ахуалы жайында кеңiрек әңгiме қозғамақпыз. Белгiлi тарихшылардың мәлiме­тiнше, башқұрт халқы бiздiң заманымызға дейiн 2 мың жыл бұрын Орал аймағында қоныстанған. Олар туралы алғашқы жазба дерек­терi IX ғасырдан бастап белгiлi. Ибн Руст 903 жылы «башқұрттар өз алдына дербес ұлт, олар Едiл, Қама, Тобыл және Жайықтың жоғарғы ағысы аралығындағы

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ КIМГЕ ЕЛIКТЕЙДI ЕКЕН?

Сәннiң (мода) тарихын зерттейтiн орыс ғалымы Александр Васильевтiң ай­туынша, дәл қазiр орыс қыздары Тина Канделаки мен Ксения Собчакқа қатты елiктейдi екен. Әрине, мұны ғалым зерттеп, тексерiп барып айтып отыр. Егер орыс қыздары Тина Канделаки мен Ксения Собчакқа қатты елiктесе, онда орыс қыздарының талғамын шынымен-ақ шаң баса бастаған екен. Ендi осы орайда мынандай сұрақ туындайды: қазақ қыздары қазiр кiмге елiктейдi?

«О дүниенiң» топырақ астындағы ақымынан күңiренген үн естiлгендей болды: «Сен шыдаған қорлыққа мен қалай шыдамадым екен! Өлгенiңнiң рас-өтiрiгiн айырғанша күте тұрсамшы, әттең күйреуiктiк! Кешiр, Құрау, сен тiрi бол! Менiң арманым, сенi ақырғы рет бiр көре алмай кеткенiм ғана ғой!» Осы үннiң ар жағынан, әлдеқайда алыстан тағы да бiр мығымырақ үн жеткендей сезiлдi: «Құлыным, сен ендi босай берме, үгiтiлiп кетерсiң, алдыңда қауiп-қатер әлi бар, жи өзiңдi!» деп қатал ескерткендей болды.

Кеңес қоғамы тұсында эстетика пәнiне мектептерде арнаулы сағаттар бөлiнетiн. Бiр қызығы, бұл пән қазiргi кезде мектептердiң бағдарламасынан мүлдем алынып тасталған. Ал эстетикалық тәрбиенiң ажырмас бөлiгi саналатын сурет пәнi бұрын мектептерде сегiзiншi сыныптарға дейiн жүргiзiлетiн. Қазiр оның өзi қысқартылып, сурет пәнi алтыншы сыныпқа дейiн ғана өткiзiледi. Мен сегiз жыл гимназия­да сурет пәнiнен сабақ бердiм, сондықтан өз тәжiрибемнен бiлемiн, балғын жеткiн­шек кiшкентай кезiнен бастап түрлi-түстi бояуларға құмар келедi.

Бiздiң ауданда «Еларна», «Хабар», «Қазақстан-1» телеарналары ғана көрсетiледi. Бiрақ бұл телеарналар аудан халқының көңiлiнен шыға бермейдi. Сондықтан да жерлесте­рiмiз аталған телеарналардағы ұлттық менталитетiмiзге жат әсiре орысшыл, әсiре еуропашыл хабарлар мен концерттiк бағдарламаларға құр бос уақыт бөлгенше өзбек теледидарын қызыға тамаша­лайды. Туысқан өзбек ағайындардың қай арнасы болсын, ең әуелi өз ұлтының мүддесi үшiн еңбек етедi.

Кезiнде «бiздiң өз тарихи отанымыз бар» деп, өз ерiктерiмен елден ауа көшкендер көп болды. Пәтерсiз жүрген жергiлiктi жұрт және ауылдан қалаға көшкендер солардың пәтерлерiн сатып алды. Үйлерiн сата алмаған кейбiреулер пәтерлердiң есiк, терезесiн, едендерiн, газ плиталарына дейiн 2-3 контейнерге тиеп, көшкен жағына алып кеттi. Солардың қабырғалары ғана қалған пәтерлерiн пәтер сатып алуға ақшасы болмағандар алып, ол пәтерлердi айлап, жылдап жөндедi.

«Жас Алаш» газетiнiң осы жылдың 18 ақпаны күнгi №14 санында «Жағдайың бар ма? Жамбылға кел, жұмыс бар...» деген мақала жарық көрдi. Мен бұл жерде мақаланы жазған тiлшiнi, жағдай жасаймын деп отырған облыс басшысын кiнәлайын деп отырғаным жоқ. Қайта облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтың Жамбылдың жағдайын тез бағамдап, алдына мақсат қойып, қиындықтан шығуға ұмтылыс жасап жатқаны қуантты. Шынында, соңғы жылдары Жамбыл облысының кәсiпкерлiгi басқа облыстардан анағұрлым қалып кеттi.

Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Иранның Тегеран қаласында өткен Азия бiрiншiлiгiнен олжалы оралды. Назар Iлиясов баптайтын елiмiздiң жастары Азияның жиырма елiнiң арасынан жалпыкомандалық есепте бiрiншi орынға ие болды. Былғары қолғап шеберлерiмiздiң қоржынында 4 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль бар. Бас бапкер Н.Iлиясов Иран жерiне елiмiзден он бiр боксшы алып барды. Оның жетеуi жартылай финалға алқынбай жеттi. 60 келi салмақта ел намысын қорғаған Аслан Есенов алғашқы жекпе-жегiнде тайпейлiк қарсыласын

БРАЗИЛИЯДА БIЛIМ АЛУ БАЙШЫКЕШТЕРДIҢ ҒАНА БАЛАЛАРЫНЫҢ МАҢДАЙЫНА ЖАЗЫЛҒАН БА?

2007 жылы президент Н.Назарбаев Бразилияға ресми сапармен барғанда сол елдiң пре­зидентi Луис Инасио Лула да Силвамен кездесiп, қазақстандық жас­өспiрiм футболшыларды Сан-Паулодағы “Ole Brasil F.C.” футбол академиясында үш жыл оқыту туралы келiсiмге келген. Кезiнде бұл туралы спорт басылымдары алаулатып-жалаулатып жазды. “Ендiгi ұрпақ допты түзу тебетiн болды” деп...

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шыққан төрт команда белгiлi болды. Сейсенбi күнi сырт алаңда Италияның “Фиорентинасынан” 2:3 есебiмен ұтылған Германияның “Бавариясы” сырт алаңда соққан добының нәтижесiнде ширек финалға жолдама алса, француздың “Лионы” Мадридте “Реал“ клубымен тең ойнап, үздiк сегiз команданың қатарына кiрдi.

Футболдан Түркия құрамасының жаңа бас бапкерi голландиялық Гус Хиддинктiң Кот Д, Ивуар футболшыларын әлем бiрiншiлiгiне алып баруы әбден мүмкiн. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, голландиялық бапкер Кот Д, Ивуар футбол қауым­дас­тығымен екi айға келiсiмшартқа отырмақ. Келiсiм-шарттың мерзiмi 15 мамырдан 15 шiлдеге дейiн.