1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15479) 16 наурыз, сейсенбі 2010

ҚЫЗЫЛАҒАШ АУЫЛЫНДА 11 НАУРЫЗДЫҢ ТҮНIНДЕ ОЙРАН САЛҒАН СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ ҮШ ЖҮЗ АДАМҒА ЖЕТУI МҮМКIН

Наурыздың 11-iнен 12-сiне қараған түнi сағат екiде ұялы телефонымыз бебеу қақты. Суыт хабар болмаса, мұндай уақытта жақын туысқанның хабарласпайтыны түсiнiктi. Осыны сезiп, жүрегiмiз су ете қалды. «Қызылағаштағы су бөгенi жарылып, ауылды топан су басты. Адам шығындары бар, аман қалған үйлер аз» дегендi естiгенде зәремiз ұшты. «Апыр-ай, тып-тыныш жатқан ауылға не болды? Қызылағашты топан су басатындай айналасында iрi өзен-көлдер жоқ. Су бөгенiне қараушылар бар емес пе, оның жарылып-атылуына не себеп болды?

БҰЛ ЖОЛЫ АҚПАРАТҚА «ТЕХНАРЬ», ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯҒА «ПРОКУРОРДЫҢ КӨМЕКШIСI» ЖАУАПТЫ БОЛДЫ

Көктем шыға жан-жануар түлей бастайды. Түлейiн деп түлемейдi, табиғаттың заңдылығы бұл. Бойынан қоңы кеткенде қыс бойы «көтерген» тоны ауыр тартады. Қыстан көтерем боп шыққан мал «тоны» түгiлi, арқасынан өткен күн сәулесiн де көтере алмайды... Мұндай түлеу билiкке де тән нәрсе. Билiк те түлейiн деп түлемейдi, бұған қоғам мәжбүрлейдi. Мұны президент Н.Назарбаев та түсiнсе керек, көктем шыға «жүген-шылбырын» сылдырлатып, үкiметтiң қосынына кiрдi де, қыстан көтерем боп шыққан кейбiр мүшелерiн сарт-сұрт ауыстыруға кiрiстi. Ең болмаса, сақтық үшiн...

Жуырда бiр топ жастар ұйымдарының жетекшiлерi дөңгелек үстел өткiзiп, жастардың саяси күш екенiн дәлелдейтiн уақыт жеткенiн, қоғамға бейжай қарай алмайтындарын, сол үшiн барлық жастардың басын бiрiктiрудiң қазiргi таңда қаншалықты маңызды екенiн айтқан болатын. Жастар жиынның қорытындысы ретiнде билiкке ескертпе хат жолдап, 11 сәуiр күнi алғашқы жалпыұлттық жастар митингiсiн өткiзетiндерiн мәлiмдедi. Митингiнi Алматы қаласындағы Астана алаңында өткiзуге рұқсат берулерiн сұрап Алматы қаласы әкiмiнiң атына өтiнiш хат та тапсырған-ды.

Астанада тағы бiр атышулы сот iсiне нүкте қойылды. Өткен жұмада №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков асығыс түрде Мұхтар Жәкiшев iсiнiң үкiмiн оқыды. “Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшев мемлекеттiк айыптаушы сұрағанындай 14 жылға бас бостандығынан айырылса, оның оққағары Талғат Қыстаубаев 5 жылға қатаң режимдегi абақтыға кесiлдi. Оның үстiне судья Жәкiшевтiң президент өзi сыйлаған “Құрмет” орденiнен, Талғат Қыстаубаевтың полиция майоры атағынан айыру жөнiнде

АСТАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 12 МИЛЛИАРД 500 МИЛЛИОН ДОЛЛАР КЕТКЕН

Мемлекеттiк бюджет қалай құралады? Сiз бен бiздiң төлеп отырған салығымыздан. Президент, үкiмет, министрлер халықтың қаражатымен күнелтедi. Ал олардың шығыны қанша? Мәселен, жалақысы қанша, мiнген көлiгi қандай, кадрлық аппаратында неше адам жұмыс iстейдi? “Қазақстанда 89 925 мем­лекет­тiк қызметкер бар” деген деректi көзiм шалды. Яғни, 1 қызметкер 165 қазақстандықтың қамын ойлайды.

ЖЫРТЫҒЫН МҰНАЙМЕН ЖАМАҒАН ЕЛГЕ ОЛ АУЫР ТИМЕК

Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры, экономист Олжас Құдайбергеновтiң айтуына қарағанда, дағдарыстың көкесi әлi алда. Өйткенi бұл дағдарыс толқын тәрiздес. Олжас Құдайбергеновпен арадағы әңгiмемiз елдегi экономикалық ахуал, макроэкономикалық көрсеткiштер жайында өрбiдi.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЕРТКЕН СЫР

Баукең амандық-есендiк сұрас­қан соң:
– Сен сөйлейсiң бе, мен сөй­лей­мiн бе? – дедi отты жанарымен жүзiме барлай қарап.
– Сiз сөйлеңiз. Өткен жолы Ораз Жандосов аға туралы айтып берем деген едiңiз, – дедiм мен оңтайлы сәттi пайдаланып.
– Есiме дұрыс салдың. Ораз аға Алматы ауыл шаруашылық институтының директоры боп тұрған кезде мен қарамағында алты айдай хатшылық қызмет ат­қар­дым.

Iрi өзбек кәсiпкерлерiнiң басына бұлт үйiрiлдi. Олар билiк тарапынан қуғын-сүргiнге ұшырады. Өзбек билiгi тұтқындарды қаржылық қылмыс жасады деп айыптауда. Қазақстан мен Өзбекстанда болып жатқан соңғы оқиғалар бiр-бiрiне егiз қозыдай ұқсас тәрiздi. Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев та, Өзбекстан президентi Ислам Каримов та «олигархтармен» аяусыз күресе бастады. Бiр ғана айырмашылығы сол, өзбек басшысы елдегi бай кәсiпкерлерге қарсы науқан бастайтынын алдын ала айтса, қазақ президентi «олигархтар­ға» қарсы «күресiп жатқанын»

ТАЛҒАТТЫҢ ҚАТЕЛIГIН ҚАЙТАЛАМАҢДАР!

Өзбек халқының аса талантты киноактерi Талғат Нығматуллиндi қазақ көрермендерi де жақсы бiлетiн-дi. «ХХ ғасырдың қарақшылары» және өзге де фильмдерi арқылы. Талғат Нығматуллин осыдан 25 жыл бұрын қайтыс болды. Нақтырақ айтсақ, оны ұрып өлтiрдi. Кiмдер? Өзiнiң дiндестерi. 1983 жы­лы Талғат Нығматуллин бiр дiни сектаға мүше боп ене­дi. Бұл секта Үндiстан­дағы бiр дiн мен христиан дiнiнiң қосындысынан шыққан аса қатерлi секта едi. Дiни басшының айтқанына көнбегенi үшiн бұлар Т.Нығ­ма­туллиндi ұрып өлтiредi.

Алатау батыр қырғыз, өзбек, түрiкмен жасақтарының арасында да кеңiнен танымал болды. Самарқан шаһарына «қала- мемлекет» мәртебесiн әперiп, оған Жалаңтөс баһадүрдi әмiр етiп қоюда Алатау батырдың Бұқара, Хиуа хандары алдындағы беделiнiң көмегi тиген. Алатау батыр есiмi қоңырат руының, бүкiл Орта жүздiң ұранына айналған». Мiне, осы жолдардың өзiнен- ақ , оның қазақ елiнiң бостандығы мен тұтастығына өлшеусiз үлес қосқанын бағамдау қиын емес. Бүгiн Темiрхан Медетбектiң «Алатау батыр» атты топтама өлеңдерiн оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.

Жексенбi күнi Алматыда гандболдан халықаралық турнир басталды. Дүниежүзiлiк гандбол қа­уым­дастығының ауыспалы кубогын сарапқа салатын командалар ай­мақ-аймаққа бөлiнiп күш сынасуда. Қазақстан құрамасының жас ойыншылары Орта Азия командаларымен бiрге бiр топты құрады. Халықаралық гандбол қауым­дас­тығының ауыспалы кубогы үш кезеңнен тұрады. Алдымен командалар аймақтық iрiктеуден өтедi. Одан жеңiп шыққан командалар құрлықтық жарыста бақ сынаса, соңында финалдық турнирде күш сынасады.

Қазақcтан құрамасының боксшы қыз-жiгiттерi Чехияның Прага қаласында өткен Гран-при жарысынан олжалы қайтты. Мырзағали Айтжанов пен Вадим Присяжнюк баптайтын елiмiздiң былғары қолғап шеберлерiне 1 алтын, 2 күмiс, 2 қола медаль бұйырды. 60 келi салмақта шаршы алаңға шыққан Қазақстан бiрiн­шiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Самат Бәшенов чех жерiнде өзiне тең келер қарсылас таппай, алтыннан алқа тағынса, 75 келiдегi Данабек Сужанов күмiс ме­дальдi қанағат тұтты. 60 келiдегi С.Бәшенов алғашқы жекпе-жегiн