1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (15480-81) 18 наурыз, бейсенбі 2010

Биылғы Наурыздың жөнi бөлектеу болғалы тұр. Олай дейтiнiмiз, жақында ғана БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «21 нау­рыз – халықаралық Наурыз мерекесi» деген арнайы қарар қабылдады. Сөйтiп, бiздiң төл Наурызымыздың, күллi Шығыс халықтарының төл мерекесiнiң аясы да кеңiдi, мәртебесi де өстi. Әрине, бұл – үлкен қуаныш. Осы жерде айта кету керек шығар, Наурызды халықаралық мереке деп тану жөнiндегi ұсынысты БҰҰ-ға Әзiрбайжанның Сыртқы iстер министрлiгi түсiрдi.

ТЖ агенттiгiнiң бастығы В.Божконың сөзiн одан басқаша бағалау мүмкiн емес

Билiк органдарының салғырттығы мен әрекетсiз­дiгiнiң салдарынан Қызылағашта ерекше апат болды. Жойқын апатта жақын тума-туыстарынан айырылған қызылағаштықтарға Украина, Армения, Франция президенттерi және Еуропаның бiрқатар мемлекет басшылары көңiл айтып, қайғысына ортақтасты. Елiмiздiң қоғам және саяси партия қайраткерлерi де қарапайым жұртшылыққа өз қолдауын бiлдiруде. Көптеген еңбек ұжымдары өздерiнiң бiр күндiк жалақысын апаттан зардап шеккендердiң қорына аударуда.

Мұхтар Әблязов президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаев­ты тағы да жанды жерден бiр түйреп өткен тәрiздi. Қытайдың мемлекеттiк компаниясынан пара алды, салықтан жалтарып, мемлекетке орасан зор қауiп төндiрдi деген алғашқы айыптау бойынша қозғалған iстiң артын күтпей-ақ және бiр түйеге жүк боларлық Тимур Құлыбаевты әшкерелей түсетiн материалдарды жария еттi. Сөйтсе,Т.Құлыбаев бiр кездерi «Nelson Resources Limited» атты iрi мұнай-газ компаниясы қожайындарының бiрi болған көрiнедi.

САЯСИ МӘСЕЛЕ ТУДЫРАРЫН, ЕЛ ТӘУЕЛСIЗДIГIНЕ ҚАТЕР ТӨНДIРЕРIН Ө.ШҮКЕЕВТIҢ НЕГЕ КӨРГIСI КЕЛМЕЙДI?

Кедендiк одаққа қатысты қызу пiкiрталастар толастар емес. Бiрақ, вице-премьер Ө.Шүкеевтiң ойынша, көп­шiлiк кедендiк одақ тақырыбы арқылы саяси ұпай жинауға тырысып жүр. “Кеден­дiк одаққа кiруге байланысты бүгiнде қоғамда да, парламентте де ел егемендiгi туралы талқылаулар көп. Бұл заңды да. Өйткенi тақырыптың өзi қызық. Алайда, әлдебiреулер бұл тақырыпты басқа арнаға бұрып, саяси ұпай жинауға кiрiскен.

Көз алдымда көрiнiс көп. Бiразы таныс, бiразы бейтаныс. Қазақ дала­сын­дағы тiршi­лiк­тiң “асықпаған арбамен қоян алады” болғандығы-ау, тұңғышымнан төрт жас кiшi Ға­лым­жанның бала кезiнде басынан кеш­кендерiнiң қайсыбiрi “менен қал­ғандар” екен. Мен де отбасының кенжесi болдым. Менiң де шешем сыр­қат жан едi, аға-апайларымның алды Алматыда, соңы Өскеменде, басқа аудандарда тұратын да, мен бастауыш мектептi бiтiрген жылдан бастап үйдегi ұл да, қыз да болып: мал жайлап, тамақ пiсiрiп, кiр жуып, төсек-орынды қағып-сiлкiп, Ғалымжанша жасырып сиыр сауып жүрдiм.

ӘБДIКӘРIМ ТҮЙМЕҚҰЛОВ: “АТАЖҰРТҚА КЕЛГЕНДЕ ҰЛЫМДЫ АЖАЛҒА БАЙЛАП БЕРЕМ ДЕП ОЙЛАППЫН БА?!”

...Наурыздың 11-iнен 12-сiне қараған түнi әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетiнiң механика-математика факультетiне тиесiлi №14 жатақханада (Бөгенбай батыр көшесi, 174-үй) осы факультеттiң 1-курс студентi Тайыр Әбдiкәрiмов қаза болды. Он тоғыз жасқа ендi ғана толған өрiмдей бозбаланың қазасы неден болды? Мұның мән-жайын Тайырдың әкесi Әбдiкәрiм Түймеқұлов тамағына тығылған ащы өксiктi әрең тежеп отырып айтып бердi.

Қызметiне кiрiскен үш айға жуық уақыт iшiнде Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаев 7 ауданның әкiмiн ауыстырып үлгердi. Әрине, “iс тетiгiн жақсы кадр шешедi” демекшi, кадрлық ауыс-түйiстiң тез әрi шапшаң жүргiзiлiп жатқаны Бозымбаевтың “қайтсем, Жамбыл облысының жағдайын көтерiп, маңдайын жарқыратамын” деген ниетiнен туындаған болар. Соңғы ауыс-түйiстер Шу мен Жуалы аудандарын қамтыды. Бұған дейiн екi ауданды басқарып, тәжiрибесi әбден толысқан, жамбылдық әкiмдердiң iшiнде жасы үлкенi, ақсақалы атанып жүрген

Осы зиялы қауым деген кiм? Ақын-жазушылар ма? Оқымысты ғалымдар ма? Болмаса, түрлi деңгейдегi шенеунiк мырзалар ма? Әлде, ұлт келешегi үшiн жаны шындап ауыратын саналы азаматтар ма? Бiр қарағанда, осылардың барлығы да зиялылар тобына жататын сияқты. Сонда, жоғары бiлiмi бар, мойнына галстук тағып жүргендердiң бәрiн зиялы деп атаймыз ба? Кеңес уақытында бұларды орысшалап “интеллигенттер” дейтiнбiз. Бертiн, заман өзгерген соң, бiржола “зиялы” деген сөзге тоқтадық.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЕРТКЕН СЫР

  – Ол кезде КОКП Орталық комите­тiнiң бас хатшысы Н.С.Хрущев едi ғой. Димекең сақтық жасаған шығар. – Сақтық пен қорқақтық аға­йынды! – деп Баукең қайта ашуланды. – Дiнмұ­хамед Мәскеудiң түстi металдар институтында оқып жүргенiнде бiреулер үстiнен байдың баласы деп арыз жазып, институттан, комсомолдан шығартып жiбе­редi. Содан ол Тұрар Рысқұловты iздеп тауып, көмек сұрайды. Тұрар оны институтқа, комсомолға қайта қабылдаттырады. Сөйткен адамды қаралап жатқанда Диме­кең­нiң ара түсе алмауы – кемшiлiк

Бала-шағасынан бұрын бастығының аман-саулығын тiлеп отыратын қазекеме бүгiнде «көсемнiң» де, «көсеудiң» де сөздерi қымбат сияқты ма, қалай... Естуiмше, бiрер апта бұрын Астанада Кәсiпкерлер кеңесiнiң бiрiншi мәжiлiсi өттi. Онда президент Н.Назарбаев мырза сөйлептi. Сөлегенде бүй дептi: – Алла бар, ол бәрiн көрiп-бiледi. Тұрмыстарың табыстарыңа қарай болсын. Табысты екенмiн деп, қарапайым халықтың алдында көзге шыққан сүйелдей болмаңдар!

“Кедейдiң бай болсам дегенi жақсы, ал байдың құдай болсам дегенi қиын” (Шерхан Мұртаза). Ойбай-ау, бай болсам деп кiм армандамайды? Бүгiнде жұрттың баласының бәрi жоғары бiлiм алуға құмар. Жастардың бәрi байлық, нәпақа, мыш-мыш ақшаның бәрi сол қаржыгер, заңгер, экономист, кеденшi секiлдi мамандықтарда жатқандай көре­дi. Қазақтың балалары табақтай дипломмен жұмыссыз жүргенде, өзге ұлттың балалары 6 айлық курсты бiтiрiп алып, бiрi компьютер жөндеп, бiрi әйнек салып, темiр дәнекерлеп, құбыр жөндеп, тамағы тоқ, көйлегi бүтiн жүредi.

Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжi кезiнде Қажымұқан атындағы спорт-интернаты деген атпен елiмiзге кеңiнен танымал болғаны бәрiмiзге мәлiм. Тұрлыханов, Жұмадiлов, Ыбырайымов, Мамыров, Шишигина сынды Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған қырандарымыз осы спорт-интернатында тәлiм алды. А.Құлназаров, С.Кәкiшев, М.Қа­таев, С.Тiлешов, Е.Қырғызбаев сынды бiлiктi мамандар басшылық жасаған колледждi қазiргi таңда елiмiзге белгiлi қайраткер Амалбек Тшанов басқарады.

– Айтыстың жабылуына себеп болған ең басты нәрсе – ақындардың билiктi сынауы. Солай ғой?
– Иә. Айтыстың жабылуына себеп болған да – осы сын. Содан менiң айтысымнан кейiн «Қазақстан» арнасынан, «Хабардан», «Қазақ радиосы» мен «Шалқардан» берiлетiн айтыс та тоқтатылды. Осылайша, барлық жердегi айтыстарға тыйым салынды. Бiрақ, былтырғы жыл, айтыстың эфирде жүрiп жатқанына 25 жыл толған жыл едi. Мен 1984 жылдың наурыз айынан бастап «Айтысты» телеарналардан көрсете бастадым. Былтыр соның 25 жылдық мерейтойын

Ол «белгiнi» қалай ұғынып, қай тұрғыда дәлелдеу әркiмнiң жеке шаруасы десек те кейiнгi кездерi көпшiлiк қауымды алаңдатып жүрген басты мәселе – 2012 жылы болуы мүмкiн табиғи өзгерiс. Ол жайтты әзiрге «табиғи өзгерiс» деп алайық. Ұғынықтылық үшiн айтсақ, күннiң ысуы, сууы, жаңбыр не қардың жаууы, бұл – жай ғана маусымдық өзгерiстер. Сол «өзгерiстердiң» өзi мөлшерден асса апатты жағдайға ұрындырады. Алайда, бiз оны қалыпты жағдай деп бiлемiз. Ал 2012 жылы болуы мүмкiн «табиғи өзгерiс» зардабы оны болжаушылар пiкiрiнше мүлде басқа.

Үкiм шықпай тұрып М.Жәкiшев БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ға хат жолдады

Сот 14 жылға бас бостандығынан айырған М.Жәкiшев Астананың №2 Cарыарқа аудандық сотының судьясы Н.Жолдасбековке, халықаралық ұйымдарға, БҰҰ-ға және ЕҚЫҰ-ға хат жолдады. Хатында Жәкiшев былай дейдi: “Алдын ала тергеу барысында және сот процесi кезiнде маған және Т.Қыстаубаевқа қатысты өрескел заң бұзушылықтар жасалды. Конституция, Қылмыстық iс жүргiзу кодексi

Менiң осы мақаланы жазуыма себеп болған Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының «Соғыс және Еңбек ардагерлер» кеңесi шығарған «Жаныңда жүр жақсы адам» атты шағын кiтап болды. Онда Рейхстагқа ту тiгу операциясына тiкелей қатысқан соғыс және еңбек ардагерi Әсет Кемпiреков туралы жазылған екен. Батыр атаға сәлем бермек болып Алматыдан 600 шақырым қашықтықтағы Қаракемер ауылына жолға шықтым.

Атырауда «көрiсу» 14-iнен басталды. Жердiң  лайсаңына қарамай, бiр-бiрiне қонаққа сабылған жұрт. Атырауда бұл күнi көпшiлiк бiр-бiрiн «бiр жасыңмен» деп құттықтап, көрiсуге асығады. Бұл – Қазақстанның тек Батыс өңiрiнде жайылған дәстүр. Өкiнiшке қарай, 1929 жылы кеңес өкiметi осы бiр ұлық мерекенi тойлауға үзiлдi-кесiлдi тыйым салды. Ол кезде бiздер екi жасар баламыз. Бiрақ, кейiн есейе келе, қарттардан естуiмiзше, Наурыздың қазiргiден бас­қаша тойланатынын бiлдiк. Ауыл адамдары сол күнi бар шаруасын жиып қойып, алты қырдың астында отырған көршiлерiне,

Бiздiң Өзбекстаннан Қызылжарға көшiп келгенiмiзге тура 4 жыл болыпты. Мұнда қыс суық. Алғашқы кезде солтүстiктiң суығына үйрене алмай, бүрсеңдеп жүрушi едiк. Қазiр үлкенiмiз де, кiшiмiз де әбден төселiп алдық. Көктем мұнда кеш түскенiмен, бәрiбiр iшкi түйсiгiңмен көктемнiң келгенiн сезесiң. Әжем: «Оңтүстiкте туылған соң адамның ағзасы әбден сол жақтың ауа райына қалыптасып қалады. Сондықтан да жан-тәнiң наурызды аңсап тұрады...», – дейдi.

Мен 80 жастан асып кеттiм. Осы уақыт iшiнде өмiрдiң қуанышын да, ауыртпалығын да, жақсылығын да көп көрдiм. 12 жасқа толар-толмас шағымда соғыс басталды. Қара жұмысты да iстедiм, сабақтан да қалмадым. Кейде жұ­мыстың көптiгiнен қырманда қонып қалған кездерiмiз де болды. Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатыспадым. Өкiмет менi броньмен алып қалып отырды. 1946 жылы, яғни 18 жа­сымда өкiмет Сталиннiң медалiмен мара­паттады. Менiмен бiрге «Жолдықұлат» колхо­зынан 4 әйел мен 6 ер адамға

Алматы қаласының инфрақұрылымын өзге қалалармен әсте салыстыруға келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да, Алматы көз тартар көркемдiгiмен де, ылғалды ауасымен де ерекшеленiп тұрады. Бiрақ, мұнда басқа қалаларда болмайтын табиғи апаттардың бәрi болуы ықтимал екенiн естен шығармағанымыз абзал. Атап айтар болсақ, тау бөктерлерiне жақын орналасқан аудандарға жауын-шашынның көп түсуiнен сел жүру қаупi, лай көшкiнi, қар көшкiнi және де таулы аймақ болғаннан кейiнгi жер сiлкiну қаупi бар.

Жарты жылдан берi ризографтармен басылып, оқырман­ға жол тартып жүрген “Голос Республики” газетi үкiметтi, президент әкiмшiлiгiн, Бас прокуратураны және бәсекелестiктi қорғау агенттiгiн, бiрқатар баспаханаларды сотқа беретiнiн мәлiмдедi. “Олар “Республиканы” неге баспайды? Бұған қандай себеп бар? Мұны баспахана басшылары түсiндiрмейдi. “Республика” деген сөзден қорқады. Оны басудан ат-тонын ала қашады. Бұл – заңсыз. Басқа газеттердi басса, бiзге де

2003 жылдың наурыз айы. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында гострольдiк сапарда жүрмiз. Бiздiң жақта қар ұзақ жатады. Жол бойы қасқырлар жайлы талай-талай әңгiменiң басын қайырып тастадық. Сол жылы, шынында да, қасқырлар көп болды. Түз тағысының адамдарға шапқаны туралы қорқынышты оқиғаларды жарыса әңгiмелеп келемiз. Бiр кезде көлiк кiлт тоқтады. Жүргiзушi: «Жанармай түгесiлiп қалды», – дедi. Бара жатқан ауылға дейiн 15 шақырымдай бар.

Грузин оппозициясы жуырда «Имеди» телеарнасы таратқан жалған ақпаратты өздерiне қарсы соққы ретiнде бағалап, телеарна басшылығын сотқа бермекшi. «Имеди» арқылы таратылған елдегi оппозицияның Ресейге кетiп, Грузия президентi Михаил Саакашвилидiң қазасы жөнiндегi ақпарат жұрт арасында дүрбелең туғызды. Грузиялықтар Тбилиси шекарасына Ресей танкiлерi басып кiрiп, Грузия президентi Михаил Саакашвилидiң қаза тапқаны жайлы өтiрiк хабарды көргенде үрейленiп, байбалам салған.

“Қазақтың ырым-сырымдары бiт­пейдi екен, осы, – дедi жақында бiр танысым. – “Айға қарап түкiрме...” дегендi естiдiң бе? Түнде кiм айға қарап түкiредi?” “Бар. Тойдан шыққан мас адам түкiредi, – деймiн танысыммен келiспей. – Кiм не ойласа өз еркi, ал мен ырым-тыйымдарға сенемiн”. Сөйтiп, өз басымнан өткен жайтты әлгi танысыма басынан аяғына дейiн әңгiмелеп бердiм. Сiз де тыңдаңыз, оқырман!

Демограф Мақаш Тәтiмов Central Asia Monitor басылымына берген сұхбатында Қазақстанның 10, 20 жылдан кейiнгi демографиясына қатысты қызық болжам жасапты. Оған сенсек, Қазақстанда бэби-бум ендi ғана басталып келедi. Қазақстанда күрделi демографиялық толқындар болып өткен: бiрiншiсi демографиялық жарылыс – Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi 60 жылдары, екiншiсi – ашаршылықтың орнын толтыр­ған 1985 жылы, үшiншiсi – биыл өтуге тиiс. Бiрақ бүгiнде жас­тардың кеш үйленетiнiн ескерсек, бұл жолғы демографиялық жарылыс 2-4 жылға кешiгуi ықтимал.

La Repubblika газетi алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде тiрi қалуға көмектескен адам қабiлет­терi қазiр адам үшiн қатерге айналғанына назар аударыпты. “Егерде бiздi бөгде ғаламшарлық ақыл-ой иесi мұқият зерт­тей­тiн болса, адамдардың анатомиясы өте оғаш екенiне көз жеткiзер едi. Мыңдаған жыл бойы тропикалық саваннада тiрi қалуға көмектескен адамның дене бiтi­мiн­дегi ерекшелiктер қазiргi заманда, автокөлiкке жазу үстелiн­де, теледидар немесе компьютер алдында отыруға көп қолайсыздық тудыруда”, – деп жазады басылым.

АДАМ IШЕГIНДЕ КҮРДЕЛI ЭКОЖҮЙЕ ӨМIР СҮРЕДI

Ғалымдар адам iшегiнде кездесетiн барлық бактериялардың ДНҚ-сын зерттеп анықтады. Сөйтсе, iшегiмiзде мыңнан аса бактериялардың түрлерi бар болып шықты. 160-тан аса түрi бiр мезгiлде қатар өмiр сүре бередi екен. Және де бактериялардың бұл түрлерi барлық адамда кезде­седi. Көптеген бактериялар тек қана адам ағзасында ғана тiршiлiк етуге бейiмделген. Басқа ортада өмiр сүре алмайды.

Бұдан 65 миллион жыл бұрын динозаврлардың тұқым-тұяғымен жер бетiнен жойылып кетуiне алып астероидтың Жермен соқтығысуы себеп болған деп ғалымдар нақты қорытындыға келдi. Қорытынды жасаған – Еуропа, Канада, Мексика, АҚШ және Жапония елдерiнiң ғалымдары. Осы ғылыми топтың құрамында 41 ғалым – палеонтолог, геохимик, геофизик, климатты үлгiлеу жөнiндегi мамандар бар.

Футболдан Қазақстан құрама командасының бас бапкерi Бернд Шторк Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары кезiнде үш ұпайға қол жеткiзе алмаса ғана қызметiнен кетедi. Осы аптаның басында Қазақстан футбол федерациясының басшылары осылай деп мәлiмдедi. Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары кезiнде Қазақстан құрамасының футболшылары Германия, Австрия, Түркия, Бельгия және Әзiрбайжан құрамаларымен бiр топта ойнайтынын жанкүйерлер жақсы бiледi

Астанада Қазақстан бокс қауымдастығы мен Астана қалалық бокс қауымдастығының ұйымдастыруымен Өзбекстан, Әзiрбайжан, Украина және Қазақстан құрама командалары арасында матчтық жекпе-жек өтуде. Наурыздың 16-сы күнi жалауын көтерген жарыстың алғашқы күнi Қазақстанның былғары қолғап шеберлерi Украина боксшыларымен кездесiп, он бiр салмақтың онында жеңiске жеттi

Сәуiрдiң 3-10 аралығында Қытайда бокстан ересектер арасында халықаралық турнир жалауын көтередi. Бұл сынға қатысатын елiмiздiң былғары қолғап шеберлерiн ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов пен команданың жаттықтырушылары Нұрлан Ақүрпеков және Кәрiм Махмудов бастап барады. Әлем­нiң

Сейсенбi күнi Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екi команда белгiлi болды. Лондонның “Стэмфорд Бридж” стадионында “Челсимен” айқасқан Италияның “Интерi” қарсыластарын 1:0 есебiмен ұтып, үздiк сегiз команданың арасынан орын алса, Испанияда “Севильяның” осал жерiн дәл тапқан Ресейдiң ЦСКА-сы да Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды.

Белгiлi фотожурналист Сиез Бәсiбек (1936–2000жж) еңбек жолын “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш) газетiнде корректорлықтан бастаған. Қазақ Мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн бiтiрген. Сиез 20 жылдай уақыт “Лениншiл жас” газетiнде фотожурналист қызметiн атқарған. Одан кейiнгi еңбек жолы “Социалистiк Қазақстан” газетiнде жалғасты. Республикадағы фототiлшiлер арасында тұңғыш “Құрмет белгiсi” орденiмен марапатталған. Биыл С.Бәсiбектiң дүниеден қайтқанына 10 жыл толады. Асыл азаматтың естелiгiнен үзiндiнi және түсiрген суреттерiн жариялап отырмыз.

Андрей Поповтың “Фотоаппаратты қалай таңдау керек және суретке түсiрудi қалай үйренген жөн?” деп аталатын кiтабы бар. Фотоөнер саласына ден қойған әуесқойлар үшiн таптырмайтын оқулық. Мәселен, сiз фотоаппарат сатып алуды ұйғардыңыз. Оны қалай таңдайсыз? А.Попов осыған толымды жауап бередi. Ең алдымен “арзанның жiлiк майы татымас” дегендi есте сақтағаныңыз жөн. Фотоаппарат қаншалықты қымбат болса, оның оптикасы да соншалықты сапалы немесе қосымша мүмкiндiктерi көп деген сөз.

Бәйге жеңiмпаздары 2011 жылдың наурызында яғни “ЖА” газетiнiң 90 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланып, ақшалай және заттай сыйлықтар табыс етiледi. Жеңiмпаздарды редакция алқасы анықтайды.