1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15483) 30 наурыз, сейсенбі 2010

Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң ресми мәлiметтерiне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 7400 тұрғын қауiпсiз жерге көшiрiлдi. 1140 тұрғын үй су астында қалды. Сондай-ақ, 36 мыңнан астам тұрғыны бар 36 елдiмекенге де қауiп төнiп тұр. Қызылжұлдыз, Есiм, Қарой, Уан, Ескiсұлутал және Қабанбай ауылдары аса қауiптi жағдайда. Көкжыра, Жантiкей, Көктүбек ауылдарында су тасқыны әлi басылған жоқ. «Шығын мөлшерiн анықтау мүмкiн болмай тұр», – дейдi министрлiк.

ТАСҚЫН АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДIҢ УАЙЫМЫ КӨП

Өткен жексенбiде «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысынан Мұхтар Шаханов, Рысбек Сәрсенбай, Жанұзақ Әкiм, Алмас Көшербай және бiр топ журналистер апаттан зардап шеккен Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездестi. Су тасқыны болған ауылға қазiр мыңнан астам қызылағаштықтар көшiп келдi. Олардың көпшiлiгi арнайы құрылған шатырларда өмiр сүруде. Қызылағаштықтардың үйлерi бұзылып, қазiр жаңа үйлердiң құрылысы басталды. Бiрақ, ауыл тұрғындарын мазалайтын проблема әлi көп екенi бiрден бай­қалды.

IСIНIҢ БЕРЕКЕСI ЖОҚ БОЖКО ТАҒЫ ДА ХАЛЫҚТЫ ЖАЗҒЫРДЫ

“Өлмеген құлға келдi жаз...” деп арқаны кеңге салатын жыл болмай тұр биыл. Алдымен Қызылағашты топан су басты. Жазым болғандардың нақты саны әлi анықталған жоқ. Есепсiз қырылған малды айтпай-ақ қояйық. Ресми ақпар алғашқыда “отыз адам қаза болды” деген, кейiннен қырықтың үстiне шығып тоқтады. Жамандық шақырғанымыз емес, бiрақ адамның қолымен жасалған алапат тасқыннан қаза тапқандардың саны қасаң ресми ақпараттағыдан тым көп екенiн жүрек құрғыр сезедi...

КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕЛЕҢСIЗДIКТЕРI

Мәскеу мен Минск арасындағы мұнайға қатысты дау өршiп барады. Беларусь билiгi Ресейдiң үстiнен ТМД экономикалық сотына шағым түсiрдi. Бұл сот ЕурАзЭҚ сотының қызметiн атқармақ. Алдағы шiлде айынан бастап кеден одағының сотына айналуға тиiс. Қыруар қаржыдан қағыл­ған Беларусь Ресей тарапынан қаңтар айында енгiзiлген мұнай өнiмдерiне салынатын баж салығын алып тастауды талап етуде. Бұл халықаралық сотқа Беларусьтiң мұнай өңдеу зауыттары да жүгiнуге әзiр. Сарапшылардың

«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ 2000-нан АСТАМ ЖҰМЫСШЫСЫ ЕРЕУIЛГЕ ШЫҚПАҚШЫ

Мұндай мәлiмдеменi осы компанияға қарасты мамандандырылған көлiк басқармасының 2047 жүргiзушiсi жариялады. 10 сәуiрге дейiн талаптары орындалмаса, жұмысқа шықпайтындықтарын хабарлады. Олар жұмыс берушi қытайлық басшылыққа еңбекақыны өсiру мен өздерi жұмыс iстейтiн мамандандырылған көлiк басқармасын таратпауды талап етiп отыр. «Жетер жерiне жеттiк. Әрi қарай күшiмiз де, жүйкемiз де шыдамайды» деген Жаңажол кенiшiндегi телефон шалған жұмысшылардың жанайқайын естiген соң

Эдгар Салдузи мен Ғалым Сәдiбековтiң рейдерлiк әрекеттерi туралы “Жас Алаш” газетiнде бiрнеше рет жазылды. Тек “Жас Алаш” қана емес, елiмiздiң тәуелсiз газеттерi де бұлар жөнiнде бiрнеше рет дабыл көтердi. Бiрақ... Рас, алғашқыда Салдузи тұтқындалды, сөйтiп тергеу изоляторына отырғызылды. Оның iсiн Алматы қалалық қаржы полициясы тексердi. Салдузидiң Алматы машина жасау зауытының (АЗТМ) дүние-мүлкiн иеленiп кеткенi анықталып, мұның бәрi иелерiне қайтарылды. Бұл ретте Салдузидiң

Тiркелмеген «Алға» партиясының жетекшiсi Владимир Козлов он тәулiкке абақтыға қамалды. Не үшiн дейсiз ғой? Он төрт жылға бас бостандығынан айрылған Мұхтар Жәкiшевтiң өмiрбаяны жазылған қағаздарды «Арбатта» жүргiншiлерге таратқаны үшiн. Мұның несi заңбұзушылық сонда? Сот Пақырдинов мұны «демонстрация» ретiнде бағалап, «В.Козлов адамдардың назарын өзiне бұрды» деп тапты.

Газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде (18 наурыз, 2010 жыл) журналист, ақын, ҚР еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi Сайлау Байбосынның “Зиялы қауым зиянды қауым ба?” деген мақаласын жариялап, мақаланың соңына редакцияның арнайы пiкiрiн берiп, жұртшылықты осы мәселеге қатысты әңгiмеге шақырған едiк. Осы мақаладан кейiн қазақ зиялылары, жалпы зиялы қауым туралы редакциямызға оқырмандарымыздан көптеген мақалалар келiп түстi. Бiз бүгiн соның екеуiн назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Әлем тарихында 1968 жылдың алар орны ерекше. Батыс саясаттанушыларының мәлiмдеуiнше, дәл осы жылы Парижден басталған халықтық наразылық тек Франция мен Еуропаның ғана емес, бүкiл әлем өркениетiнiң өзгеруiне, демократияға бет бұруына ықпал еткен. Авторитаризмге қарсы тұрып, өзгерiстi бастаған – француз студенттерi. Оларды қолдаған – зиялы қауым өкiлдерi мен қарапайым халық.

“ЖАС АЛАШҚА” ШАҒЫМДАНҒАН МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ ОСЫЛАЙ ДЕЙДI

Редакцияға Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы педагогикалық институтының 4-курс студентi, Моңғолиядан келген қандасымыз Дамир Адайдан хат келдi. Студентке кеденшiлер көрсеткен құқайдан жан түршiгедi. Дамирден елу мың теңге көлемiнде пара талап еткен олар қандасымызды еш негiзсiз қамап қойған. Қоқан-лоққы көрсеткен. Төменде сол хаттың мазмұнын ұсынып отырмыз:

“Мен жастарға сенемiн!..” Ұлы Мағжан сойқанды жылдарда осылай деп дүниеге жар сал­ған едi. Көреген, асқақ ақынның үмiтi ақталды. Отты да намыскер қазақ жастары дерт шалған қоғамды, қатып-семген сананы селт еткiзiп оятып, мақсаты ай­қын, өмiршең бастама көтердi. Қалың жұртшылық жалынды өркендерiмiздiң шырқыраған ащы үнiне құлақ асып, оны барынша қолдайды деген сенiмдемiн. “Бiз келешектi ойламасақ, кейiнгi нәсiлiмiз бiздi қорғамай ма?” (Мiржақып).

Испанияның шығысындағы Каталонияда 74 кинотеатр жабылды. Бұған себеп – Испанияның жаңа қабылданған заңы. Заң бо­йынша Испанияға келетiн шетел фильмдерiнiң 50 пайызы ғана каталон тiлiне аударылуы керек. Қалған кинотеатрлардың барлығы мемлекеттiк тiл – испан тiлiнде жүруi тиiс. Каталонда 81 пайыз шетел киносы каталон тiлiне аударыл­ған. Сондықтан Испан үкiметi арнайы заң шығарып, айыппұл көлемiн бекiттi. 75 мың еуро көлемiнде.

Мемлекетiмiздiң жастар саясатын жүргiзудегi олқылықтарын санасақ, бастан асады. Жастар саясатындағы бiр ғана әлеуметтiк әдiлетсiздiктi талдап көрсек. Яғни, мемлекетiмiздiң жоғары оқу орындарындағы отбасылық жатақханалардың жетiспеуi төңiрегiнде сөз қозғайыншы. Әрбiр азамат мектептi орта есеппен алғанда 18-19 жаста бiтiредi. Одан кейiн колледждерде немесе ЖОО-да 4 жыл оқуы бар, ер азаматтардың 1 жылдық әскери борышын өтеу мiндетi тағы бар,

Бiр миллионнан аса халық тұратын Алмалы шаһарының екi тұрғыны төсекке таңылып, аурудың азабын тартып жатқалы да бiрер айдың жүзi болды. Жата-жата жамбастары тесiлiп, аурудың үстiне ауру жамағандай, удай ашып, шыдатар емес. Уақыт өткен сайын күш-қуаттары да кемiп, сөнер шамдай әлсiреп барады. Бұ фәнидегi татар дәмдерi таусылып, көп ұзамай бақи дүниеге аттанатындарын iштей сезiп, өлiмге әбден мойынсұнып, ажал сағатын асыға күтiп жатыр. Екеуi де iштерiнен бiлгенiн айтып, Жаратқаннан жандарын қинамай алуын сұрап, жалбарына түседi.

Өткен аптада футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2-тур ойындары өттi.  1-турда ауа райының қолайсыздығына байланысты алаңға шықпаған Қарағандының “Шахтерi” жексенбi күнi “Ақтөбенi” қабылдап, 2:0 есебiмен басым түстi. Алғашқы турда Астананың “Локомотивiмен” ұпай бөлiскен Алматының “Қайраты” өз алаңында Талдықорғанның “Жетiсуын” қабылдап, қонақтардан 0:3 есебiмен жеңiлiп қалды.

Қарағандыда еркiн күрестен ел бiрiншiлiгi аяқталды. Екi күнге созыл­ған жарысқа елiмiздiң он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларының палуандарының барлығы дерлiк өз өнерлерiн ортаға салды. Жарыстың алғашқы күнi 55, 66, 84 және 120 келiдегi палуандар кiлем­ге шығып, жеңiмпаздар мен жүлде­гер­лердi анықтады.

Бейжiң Олимпиадасының және Азия ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев шаршы алаңға қайта оралуы мүмкiн деген әңгiменi құлағымыз шалды. “Жел соқпаса, шөптiң басы қимылдамайды”, Бейжiң Олимпиа­дасынан кейiн былғары қолғабын шегеге iлген 29 жастағы боксшының үлкен спортқа қайта келуiнiң себебi неде? Бiз осы сұрақтың анық-қанығын бiлмек үшiн Бақыт Сәрсекбаевтың өзiне хабарласқан едiк, алайда оның телефонын ала алмадық.