1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15484) 1 сәуір, бейсенбі 2010

МӘСКЕУ МЕТРОСЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС 39 АДАМНЫҢ ӨМIРIН ҚИДЫ

Дүйсенбi күнi болған Мәскеу метросындағы екi бiрдей жарылыстан 39 адам қаза болып, 100-ге жуық адам жарақат алды. Дәрiгерлердiң айтуынша, бес адам ауыр халде жансақтау бөлiмiнде жатыр. Олардың қатарға қосылуы неғайбыл. Алдын-ала жасалған болжамға сенсек, жарылыс жасағандар – Қап тауында дайындықтан өткен өлiмге бас тiккен екi әйел-терроршы. Олардың жасы шамамен – 20-25-те. Жарылыс кезiнде бомба әйелдердiң қол сөмкесiнде болғаны анықталды. Екi жанкештi пойызға «Юго-Западная» стансасынан отырған.

Дүйсенбi күнi түнгi сағат 23.15-те Қытай азаматы Ян Щаолян (Yang Xiaoliang) мас күйiнде «Жас Алаш» редакциясына келiп сойқан шығарды. Редакция ғимаратының терезесiн шағып, есiгiн сындырды. Ертеңiне Алматы-Қытай мәдени орталығы және Қытай кәсiпкерлерiнiң Алматыдағы қауымдастығы бастығының орынбасары Чжан Цзяньчао жерлесiне араша түсiп, редакцияға бас сұқты. Кешiрiм сұрап, 100 мың теңге шамасында келтiрiлген шығынды өтедi. Ал терезе шағып, есiк сындырумен бiрге күзетшiлерге бар «өнерiн» көрсеткен Ян Щаолянның үстiнен қылмыстық iс қозғалуы мүмкiн.

Соңғы ресми мәлiметтерге жүгiн­сек, Шығыс Қазақстан облысында үй-жайын су шайып кеткен 8763 адам қауiпсiз жерге көшiрiлген. 3755 тұрғын үйлерiне оралды. 1140 тұрғын үй, 807 ауылшаруашылық құрылымы, 50 қыстақ су астында қалды. Бес мыңға жуық адам баспанасыз жүр. Барар жерi жоқ. Оның iшiнде, 800-ге жуығы мектеп жасындағы балалар. Оқушылар бiлiмiн қайда жалғастырады? Белгiсiз. Тарбағатай, Күршiм, Зайсан, Абай аудандарының тұрғындары түлiксiз қалды. 8805 iрi қара, 54 168 қой-ешкi, 2752 жылқы және 5 түйе шығын болды.

Сол халықтың iшiнде, мүмкiн жауапкершiлiк жүгiмiз әртүрлi болар, осы мақаланы жазып отыр­ған мен де, оқып отырған сiз де, ел президентi Назарбаев та бар. Бiз – “Жерiн жауға бермеген”, “Жесiрiн дауға салмаған”, “Жетiмiн жылатпаған”, ҚАЗАҚ деген халық едiк. Оған өткен тарихымыз бен ата-бабадан қалған салт-дәстүрi­мiз, дiлiмiз, дiнiмiз – куә. Ендi мiне, сол асыл қасиетте­рiмiзден уақыт өткен сайын айырылып бара жатқан сияқтымыз. Қасиеттi жердi саттық, зар еңiретiп жылатып жетiмдi саттық, халықтың несiбесi-жердiң асты-үстiндегi қазына-байлықты саттық.

11 сәуiрге жоспарланған алғашқы жалпыұлттық жастар митингiсiнiң уақыты жақындаған сайын қоғамда ол жөнiндегi талқылаулар қызып келедi. Аталмыш жиын жөнiнде қалыптасқан пiкiрлер де әр алуан. Жастардың, зиялы қауым өкiлдерiнiң, саяси партиялар мен қоғам қайраткерлерiнiң көпшiлiгi жастарды қолдап пiкiр бiлдiруде. Митинг ұйымдастырушыларын саяси күштердiң ойыншығы ретiнде ғана көрсеткiсi келiп жүргендер де жоқ емес. Сондықтан, мәселенiң мән-жайын сол жиынның ұйымдастыру iсiмен айналысып, басы-қасында жүрген жастардың өздерiнен сұрап көрудi жөн көрдiк.

Наурыздың 29-ы күнi Алматы қаласында 25 жастағы келiншек пен оның 5 жасар қызын қамап ұстап, «тұтқындар» үшiн 17 миллион теңге талап еткен қарақшылар тобы ұсталды. Оқиға былай болған: электр құрыл­ғыларын орнатумен айналысатын жеке кәсiпкер мен оның әпкесiн қарақшылар бiршама уақыттан берi аңдып жүрiптi. 29 наурыз күнi қарақшылар кәсiпкердi алдын ала дайындалған пәтерге алдап шақырып алып, соққыға жыққан. «Ине салу арқылы СПИД жұқтырамыз» деп қорқытып, сыртта көлiкте күтiп отырған оның әпкесi мен 5 жасар қызын шақыртқан.

Болмыстың қатпар-қатпар құпияларына үңiлiп, қазақтың кемеңгерлiгi мен данагөйлiгiн дәлелдеп келе жатқан сан қырлы дарын мен iлiм иесiнiң бiрi — ғылым мен бiлiмнiң марқасқалары бас бiрiктiрген ортадан аулақ, жырақтағы Жезқазғанда жатқан профессор Ғұзыхан АҚПАНБЕК. Адамның ақылы айдыннан теңiзге айналатын алпысқа былтыр ғана атбасын тiреген ол — жоғары оқу орындарында отыз жылдан артық дәрiс берген, 20 шақты ғылыми-танымдық кiтап пен 150-ге жуық ғылыми мақаланың және патенттелген 3 өнертапқыштық жаңалықтың авторы.

Сейсенбi күнi Алматыдағы терi-венерология ғылыми-зерттеу институтының бiр топ дәрiгерлерi ереуiлге шықты. Олар аурухана маңындағы Жангелдин көшесiн­дегi көлiк қозғалысын жарты сағаттан астам уақытқа тоқтатып, сол арқылы өздерiнiң жұмыс орындарына қатысты Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ұйғарымына наразылық бiлдiрдi. Полиция қызметкерлерi екi автобус жасақтың көмегiмен жолды ашып, ерекше белсендi үш медбикенiң қолын қайырып, қамауға алды.

Мен қарапайым адаммын. Жасым бiразға келдi. Денсаулығым да сыр берiп жүр. Алай-бұлай болып кетсем, көрге өзiммен бiрге ала кетпей, неше жылдан бергi қордаланып қалған шерiмдi бiр тарқатсам деп едiм... ...Қазiр қазақ тiлiнiң қыл үстiнде тұрған заманы болып тұр. Қазақ тiлi болмаса қазақ мемлекетi де болмайды. Не орыс емес, не қазақ емес, азып-тозған, дiмкәс ұрпақтарды артқа қалдыруымызға тағы болмайды. Сондықтан не iстеу керек? Әр отбасында ата-ана қазақша сөйлесуi керек.

Бiздiң Құлсарының халқы тойды тым төгiп-шашып өткiзедi. Тойда асабаға да, эстрадаға да, бейнетаспаға түсiрушiге де және тағысын тағыларына дейiн ақша төлейдi. Ал тойға келушiлер қонақтардың өлең айтқанына, билегендерге ақша таратуларына қарап, Құлсарының халқын бай деп ойлайды. Мен жақында Шетпе елдiмекенiнде тұратын туыстарымның тойында болып қайттым. Маңғыстау халқы ақжарқын, қазақтың салт-дәстүрiн ұстанатын жандар екен. Жас келiншектерi орамал тартып, ұзын, мол халат киiптi, аяқтарында – мәсi

Қай мекемеде былық жоқ дейсiз, әсiресе, бiлiм басқармаларының алды ертелi-кеш қарақұрым адамдардан бiр арылмайды. Қаптаған құжаттарды құшақтап, не бiр жапырақ қағазды ұстап, күн құрғатпай анда бiр, мында бiр бас сұғып, зыр жүгiрiп жүрген «завучтарды» көресiң. Араға күн аралатып келiп тұратын мектеп директорлары да осы жерден табылады. «Апыр-ай» дейсiң, сонда күллi уақытын «отчетқа» арнайтын мектеп әкiмшiлiгi қызметкерлерi (барлығы 10-11 адам) өздерiнiң негiзгi мiндет­терiн қашан, қалай атқарып үлгередi?

«Жас Алаш» газетiне хат жазуыма iнiм Ғалым Нысановтың белгiсiз бiреулердiң қолынан қаза болған оқиғасы түрткi болып отыр. Бұл жөнiнде бiрнеше рет құзырлы органдарға шағымдан­ғанымызбен, олар бiр жапырақ қағазбен ғана жауап берiп отыр. Iнiм Ғалым – үйдiң кенжесi, ақ жарқын, алғыр, достарының арасында беделдi және оқу үлгерiмi жақсы болатын. Әкемiз өмiрден ерте өтiп, жесiр шешем 3 ұл, 2 қызды мәпелеп өсiрдi

Мен Кеңес заманы кезiнде мал бақтым. Сол уақытта бiзге оғы алысқа бармайтын 12, 16, 20-калибрлi мылтықтар берiлушi едi. Сол мылтықтармен мемлекет малын қорғауға болатын. Ендi мiне, Ресейден бөлiнiп, арманымыз орындалды деп бөркiмiздi аспанға атқан шақта... Мен бала-шағаммен бiрiгiп, шаруа қожалығын құрып, бiр-екi қыстауды өз күшiммен жөндеп алып, мал шаруашылығымен айналыстым. Малшы қауымды қызыл жағалылар аралап жүрiп, қолдағы мылтықтарымызды түгелдей жинап алып,

– Уа, кiмсiң?

– Алдаубаймын...
– Уа, алға қойған мақсатың?..
– ... Депутат болуды армандаймын!
– Ал егер басыңа бақ қона қап,
Депутат бола қалсаң?...
-Онда, құдай бiледi!

Сiз жазушысыз. Солай ғой? Солай. Сiздiң Мемлекеттiк сыйлық алғыңыз келе ме? Әрине, алғыңыз келедi. Онда сiз былай жасаңыз. Бiзде Мемлекеттiк сыйлық кiмге берiледi? Мемлекеттiң сая­сатын өте терең әрi нәзiк түсiнетiндерге және бұл саясатты насихаттай бiлгендерге. Солай ғой. Со-л-а-ай. Ендi сiз Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынатын шығармаңызды әбден ойланып барып жазыңыз. Сонан кейiн, қалай айтсам екен, математикалық дәлдiкпен жазыңыз.

Бесiктен белi, еңбектен терi шықпай жатып, шiренген шенеу­нiктердiң ұл-қыздары, былайша айтқанда, “шикi жұмыртқалары” ми­нистрлiктерде орынбасар, әкiм­шiлiктерде бiрiншi ор­ынбасар, департамент, корпорация бастықтары болып, жалғанды жал­па­ғынан басып, мемлекет қаржысын ойланбай шашып, қылмыс жасай қалса, шетелге қашып, дым бiлмесе де еңселерiн көтерiп жүр.

Мектеп бiтiретiн уақыт таяған са­йын ата-аналардың да, түлектердiң де дегбiрi кете бастайды. Себебi, алда – Ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ)! «Картаның ойынындай» құрғыр тесттен «жоғары балға қайтсем қол жеткiзем?»

Шыңылтыр аяз. Тiзеден келетiн көбiк қар көпсiп жатыр. Қаланың ауасы да бүгiн ерекше тазарып кеткендей. Мәскеулiк студент Гарик Карапетянның осындай күндерi қар лақтырып ойнайтын жас күнi есiне түсiп кеттi де, жүрiп бара жатып жерден бiр уыс қар iлiп алды да, оны қасынан өте берген әйелдiң үстiне шашып жiбердi. Сол-ақ екен: – Ойбай! Бандиттер келiп қалды! Қапқаздың бандиттерi! Көмектесiңдер! Көме-ек-те-се көрiңдер! – деп, әлгi әйелдiң жер дүниенi көшiрiп, шыңғыра жөнелмесi бар ма. Оның үстiне әйелдiң аяғы тайып кетiп, құлап та қалды.

Наурыздың 25-28 аралығында Астанада кикбокстан Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Қазақстан кикбоксының жиырма жылдығына орай өткiзiлген додаға елiмiздiң барлық облыстарынан спортшылар қатысты. Астанаға ат басын бұрған 200-ге тарта кикбоксшылардың арасында әлем, Азия бiрiншiлiгiнде жеңiмпаз атанған спортшылар да болды. Кикбокстың лоу-кик тәсiлi мен фулл-контакт түрi бо­йынша өткен жарыста бойжеткендер бес салмақ дәрежесi бойынша жеңiмпаздар­ды анықтады.