1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15485) 6 сәуір, сейсенбі 2010

11 сәуiрге белгiленген жалпыұлттық жастар жиынының уақыты жақындаған сайын билiктiң дегбiрi қашуда. Жастардың бiрiгiп, жұмылған жұдырық күйiнде Алматыдағы Астана алаңына жиналуынан Ақорда сескенiп-ақ отыр. 17 наурызда бұл жиынға байланыс­ты президент әкiмшiлiгiнiң өзi бiраз шен-шекпендiнi тегiс жинап, үлкен жиын өткiзген болатын. Ендi олар тәуелсiз жастарға қарсы билiктiң айналасындағы жастарды пайдалануда.

Замандастарға хат
Бiздiң басым көпшiлiгiмiз КСРО-ның ыдырау шағында, тәуелсiз Қазақстан құрылған қиыншылығы мол, аласапыран кезеңде дүниеге келдiк. Алып өндiрiс орындары жұмысын тоқтатты, бiр кездегi қуатты державаның күл-талқаны шығып, компартия торғайдай тозды. КСРО атты қартайған, еңкейген, күнi өткен қарияның жүрек соғысы тоқтаған соң, Қазақстан тәрiздi тәуелсiз жас мемлекеттiң жаңа өмiрi басталды. Сондықтан да, бiз тәуелсiздiктi посткеңестiк елдердiң iшiнде ең соңынан жарияладық. Барар жер, басар тауы қалмаған соң ғана егемендiктi алдық.

Су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына мемлекет тарапынан берiлетiн көмектiң көлемi анықталды. Облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi таратқан мәлiметтерге жүгiнсек, үкiмет облысқа 850 миллион теңге, материал­дық құндылықтар үшiн мемлекеттiк резервтен тағы 37 миллион теңге бөлдi. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қоры – 300 миллион теңге, «ҚазАгро» холдингi – 350 миллион теңге мөлшерiнде жәрдем бередi. Су тасқынынан кiм қанша шығынға ұшырады? Кiмге қандай көмек берiледi? Ара-жiгiн ажыратсақ.

Қытай азаматы Ян Cяолянның “Жас Алаш” газетiнiң редакциясына келiп, сойқан шығарғанын газетiмiздiң өткен нөмiрiнде (1 сәуiр, №26) жазғанбыз. Араққа тойып алған ол редакцияның ауласына заңсыз кiрiп, терезелердi шаққан. Есiктi сындырған. Онымен қоймай, редакция күзетшiлерi мен учаскелiк полицияға бағынбай, күш көрсеткен. Кеше Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сотының судьясы Ақ-Нәзiк Қоразбаева қытайлық бұзақыны 5 тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарды.

ПРЕЗИДЕНТ ӘБЛЯЗОВТIҢ БТА АКЦИЯЛАРЫН ТЕГIН АЛУҒА ҰМТЫЛҒАН БА?
Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов ендi президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзiне қарсы тiкелей ақпараттық шабуылға шықты. Ол президенттiң банк акциясын тегiн беруге мәжбүрлегенiн айтады. Және Қаражамбас кенiшiнiң қытайларға қандай жолмен сатыл­ғанын әшкерелейдi. Оның пiкiрiнше, әрқайсысы 400 беттен тұратын 50 том материалдармен танысуға кем дегенде жарты жыл керек. Сондай-ақ Әблязов «БТА банкiнiң» басшысы болып тұрғанда 10 миллиард долларды шетел асырып жiбердi деген билiк таққан айыппен келiспейдi.

МОЙЫНДАЙ БIЛУ ДЕЕРЛIК

Сайлау Байбосынның «Жас Алашта» жарияланған «Зиялы қауым зиянды қауым ба?» деген мақаласына мен де өз тарапымнан пiкiр бiлдiргендi жөн көрдiм. Мәшһүр-Жүсiптiң көп томдық шығармаларының қолымызға тигенiне де бiраз болды. Осы көп томдықта Мәшһүр-Жүсiптiң «Бұл Мәшһүрдiң бiр адасқаны» деген естелiгi басылыпты (13-том, 151-бет). Мәшһүр-Жүсiп былай дейдi: «Адаспаймын!» деген жiгiттi қараңғы тұман үш рет адастырады» деген сөз бар...

Кедендiк одаққа қатысты талқылаулар толастар емес. Кәсiпкерлер де, экономистер де кедендiк одақ аясында шешiлмеген мәселе шаш етектен екенiн айтып дабыл қағуда. Және кәсiпкерлер ойынша, бұл мәселелер шешiлмейiнше, кедендiк одақтың пайдасы туралы сөз қозғаудың өзi артық. Әр саладағы бизнес өкiлдерiнiң үкiметке қояр талабы да, айтар уәжi де аз емес болып шықты. Сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсiпорындар қауымдастығының вице‑президентi Жiбек Әжiбаева өткен аптада

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетiбай елдiмекенiнде №6 ұңғыдан мұнай бұрқағы атқылағанына 49 жыл толды. Бүгiнде мұнайшылар жер қойнауындағы қара алтын мен iлеспе газды қыстың қақаған аязы мен жаздың қайнаған ыстығында жұта жүрiп күнелтуде. Бастысы – жергiлiктi халық осы мұнайдың қызығын көрiп отыр ма? Жоқ. Осынау көл-көсiр байлықтың үстiнде отырғанмен тұрғындар “ұста пышаққа жарымайды” дегеннiң кебiн киiп жүр.

Таутан жел кеттi тарғылдың үйiрiн тауға айдап,
Көшедi көктем Көктөбеңiздi баурайлап,
Алматы шәрi алақаныма сыйып тұр,
Шұңқырда өскен шұғынық гүлденаумай қап.
 
Думанды наурыз, сырнайлы-дағы,
 кернейлi, Бұл бiздiң қала, не

«ЖАҒЫМДЫ КЕЙIПКЕРЛЕР АРАҚ IШПЕЙТIН БОЛСЫН!»

Ресейдiң белгiлi жазушысы әрi публицисi Николай Варсегов «дәл қазiр маскүнемдiкке қарсы күрестi күшейту керек» дедi.
«Ресейде, – дейдi Н.Варсегов, – арақтың зардабын тартпаған отбасы кемде-кем. Сондықтан да арақ-шарапты жарнамалау мен насихаттауды мүлде доғару қажет. Тiптi оны айтасыз, кинофильмдердегi жағымды кейiпкерлер де арақ iшпейтiн болсын! Мәселен, Австралияда спирттiң литрi удай қымбат және ол тек арнайы дүкендерде ғана сатылады. Осыны неге Ресейде де iске асырмасқа?! Араққа қарсы аяусыз күрес ашуымыз керек! Әйтпесе, орыс халқы құрып бiтедi...»

«ЖАҢА ТОЛҚЫН» ҚАЗАҚ ӘНШIЛЕРIН ЖАҒАҒА ШЫҒАРЫП ТАСТАДЫ

Соңғы жылдары қазақ әншiлерiнiң Юрмаланы бағындырамыз деген әрекеттерiнен түк шықпай жүр. Биыл тiптi тоқырап қалғандай. Өйткенi, «Жаңа толқын-2010» конкурсына қатысатын әншi табылмады. Халықаралық конкурсқа iрiктеу наурыз айында-ақ бастал­ған. Алайда, қазақ продюсерлерi арбадан қайтып қалған ат құсап көткеншектей бердi. 2007 жылы Қазақстанның атынан Юрмалаға «Ринго» тобы барған. Бұл топ көрермендер көзайымы жүлдесiн алғанымен, одан әрiге шамалары жетпедi. «Рингоның» жетекшiсi

Шыңжаң өлкесiне өткен жылдың күзiнде сапарлап барғанымызда талай-талай өнерлi қыз-жiгiттермен танысқанбыз. Қазақ топырағының иiсi бойымызға әбден сiңiстi болғандықтан ба, «арғы бетте» жүрген қандастардың жiбергiсi жоқ. Құс жастықты қолтыққа қысып алып, әңгiме соғамыз. Олар тыңдаудан жалықпайды. Серi жiгiттер түннiң бiр уағына дейiн ән айтады. Қазақы бояуы қанық әндердi тыңдаудан бiз де жалықпаймыз. Осындай отырыстардың бiрiнде «Меңдiбала», «Бүлдiрген қыз», «Бала ғашық» деген әндердi құлағымыз шалды.

«Жас Алаш» газетiнiң түнеукүнгi нөмiрлерiнiң бiрiндегi «Ырғақ» музыкалық бетiнде бiр оқырман «Жас қалам» әнiне қатысты пiкiр бiлдiрiптi. «Кейбi­реулер бұл әндi Қорабай Есе­новтiкi деп жүр. Ал жазушы Қабдеш Жұмадiловтiң айтуынша, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған. Мұның қайсысына сенемiз?», — дептi оқырман. Мен бұл әннiң шығу тарихын жақсы бiлемiн. Республикалық радиодан бұл әндi Қорабай Есенов жазған деп терiс айтып жүр. Шын мәнiнде, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған.

«Ырғақтың» хат қоржынынан
Қазiр — микрофон ұстағанның бәрi әншi, қалам ұстағанның бәрi сазгер болған заман. Пәтуасыз әншiден, не сәнi, не дәмi жоқ мағынасыз әндерден аяқ алып жүре алмайсың. Бiр-екi ән айтып, көкелерiнiң арқасында әншi атанып, «мен жұлдызбын» деп жүргендерге күлкiң келедi, тiптi. Өкiнiшке қарай, мұндайлар көп бiздiң қоғамда, тым көп. Қолыма ерiктi-ерiксiз қалам ұстатқан — жұрт арасында танымал боп қалған әншi Айқын Төлепберген. Ендi оның себебiн айтайын.

Сұлтанмахмұт Шоқпытов, Алматы қалалық Азия ойындары дирекциясының директоры: Астана мен Алматыда өтетiн Қысқы Азия ойындарының басталуына бiр жылдан аз уақыт қалды. Дәлiрек айтсақ, ендi тоғыз айдан кейiн елiмiздiң басты екi қаласына сары құрлықтың саңлақ спортшылары ағылады. Жақында Алматыға Азияның Олимпиадалық Кеңесiнiң басшылары келдi. Үш күн бойы елiмiздiң басты спорттық нысандарын аралап көрген басшылар жүргiзiлiп жатқан құрылыстарға оң бағасын бердi. Бiз Алматы қалалық Азия ойындары дирекциясының директоры Сұлтанмахмұт Шоқпытовқа жолығып, әңгiмелестiк.

Өткен аптаның сенбiсiнде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 3-тур ойындары өттi. Бұл турдың ең басты кездесуi саналған “Тобыл” мен “Шахтер” арасындағы ойын 0:0 есебiмен тең аяқталды.

 Бүгiн және ертең футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар белгiлi болады. Өткен аптада алғашқы ойындарын өткiзген Еуропаның ең үздiк сегiз командасының арасынан Францияның “Лион” командасы ғана жартылай финалға жақын тұр. Француз клубы ширек финалдың алғашқы ойынын өзiнiң отандастары “Бордо” футболшыларын 3:1 есебiмен жеңдi.

Қажығұмар Шабданұлы өзiнiң алты томдық «Қылмыс» романында Жағда Бабалықұлын адал азамат, бiлiмдар тұлға, нағыз қазақ зиялысы ретiнде суреттейдi. Бiр «қызығы», кейiпкерлерiнiң аты-жөнiн түгел өзгерткен (мәселен, Бұхара Тышқанбаев­ты Халық Қасқырбаев деп өзгертедi және т.б.) автор Жағда Бабалықұлының аты-жөнiн сол қалпында, өзгерiссiз қалдырған. Шамасы, романдағы Жағда Бабалықұлының жағымды бейнесiне ешкiмнiң де дау айта алмасына сенiмдi болған секiлдi.
Қазiр бiлiп жүрмiз ғой, Қажығұмар Шабданұлы мен Жағда Бабалықұлы тек идеялас, пiкiрлес, рухтас қана емес, сонымен бiрге бiр-бiрiне туысқандық жөнiнен жақындығы да бар адамдар екен.