1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (15486) 8 сәуір, бейсенбі 2010

Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаев мырзаға

АШЫҚ ХАТ
Құрметтi НҰРСҰЛТАН ӘБIШҰЛЫ!
Елiмiз тәуелсiз өмiр сүрiп келе жатқан 19 жылда қай-қайсысымыз да көп­теген жаңалыққа куә болдық. Замана талабына орай тiрлiгiмiз өзгердi. Саяси, әлеуметтiк құрылысы, бағыты әрқилы алыс-жақын мемлекеттермен байланыс орнап, олардан өзiмiзге керек жетiстiктердi алып, оларға өзiмiз­дiң игi iстерiмiздi көрсетiп жүрмiз. Бiрiккен Ұлттар Ұйымындағы iргелi елдiң бiрi Қазақстан екенi дүние жүзiне мәлiм, оны бiз мақтаныш етемiз.

Алматы қалалық әкiмшiлiгi бiр топ тәуелсiз жастардың 11 сәуiр күнi Алматыдағы Астана алаңында алғашқы жалпыұлттық жастар жиынын өткiзуге рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшiн қанағаттандырмайтындары жөнiнде жауап қатты. Сол күнi жастар жиынын ұйымдастырушылар ұлттық баспасөз клубындағы баспасөз маслихатында, әкiмшiлiктiң жауабына қарамастан, 11 сәуiр күнi Астана алаңында жастардың жиынын өткiзетiндерiн мәлiмдедi.

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРI К.МӘСIМОВКЕ ХАТ

Қадiрлi Кәрiм Қажымқанұлы!
Республикамыздағы 50-ден аса қоғамдық ұйымдарды, партияларды және баспасөз орындарын бiрiктiретiн “Тәуелсiздiктi қорғау” халықтық-демократиялық қозғалысының атынан өзiңiзге сенбi күнi, 03.04.2010 ж. жолығып, соңғы кездерi ел, ұлт болашағы үшiн алаңдайтын адамдарды ерекше толғандырып жүрген кедендiк одақ туралы төрт сауал қойдым. Олар мыналар:

Жаңаөзен мұнайшыларының ереуiлiне он мыңнан астам адам қатысып, ол 18 күнге созылды. Нәтижесiнде ереуiлшiлер өз талаптарын орындауға үкiметтi мәжбүр еттi. Қазақстанның тарихында мұн­дай ереуiл бұрын-соңды болған емес. Ал кәсiподақтар халықаралық ұйымы бұған: «Он мыңнан астам адамның жарты ай бойы күнi-түнi тапжылмай тұруы, тәртiптi өздерi қадағалауы, бiрде-бiр заңсыздыққа жол бермеуi – әлем тарихында сирек болатын оқиға», – деген баға бердi.

Қырғызстанда екi күн бойы оппозиция мен оның жақтастары наразылық шеруiн өткiздi. Халық республиканың вице-премьерi А.Жапаровты, Талас облысының басшысы Б.Болатбековтi және Iшкi iстер министрi М.Конгантиевтi кепiлге алды. Бейресми деректерге қарағанда, кепiлде отырған М.Конгантиев қақтығыс кезiнде жарақат алып, көз жұмған.

БIРАҚ НАҚТЫ СЕКТОРДЫ НЕСИЕЛЕУ ӘЛI ДЕ АҚСАП ТҰР

“Қайта қаржыландыру ставкасы өзгерген жоқ, бұрынғы 7 пайыздық деңгейде қалды. Сәуiр айында ол өзгермейдi де”, – деп мәлiмдедi Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко кеше БАҚ өкiлдерiне арналған дәстүрлi баспасөз мәслихатында. Бас банкир ай сайынғы баспасөз мәслихатын әдеттегi көрсеткiштердi тiзбелеуден бастады. “Статистика агенттiгiнiң мәлiметiне сүйенсек, өткен айдағы инфляция 0,7 пайызға жеткен. Ал жылдық көрсетудегi инфляция алдыңғы аймен салыстырғанда төмендеп, 7,2 пайыз болды“, – дедi ол.

Бiз үшiн шетелдiң тәжiрибесi таңсық қой. «Ойбай, Америкада ондай екен, Жапонияда мұндай екен» дегенде аузымызды ашып, көзiмiздi жұмамыз. Сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауда бiр кездерi Американың құпия қызметтерi «Шейх» операциясын iске асырған екен. Ол бойынша абақтыда жат­қан 6 арабты шығарып алып, екi жылдай өздерiн ақсүйектер сияқты ұстауға, өте бай адамдар секiлдi жүрiп-тұруға, мәнерлеп сөйлесуге үйретедi. Ол кезде Америкада казино бизнесi тiптен шарықтап тұрған, бiрақ, бiрде-бiр шетелдiк кәсiпкер бұл елдiң азаматтығын алмайынша казино бизнесiн

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан қырылған малдың нақты саны әлi күнге дейiн белгiсiз. Облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың сөзiне сенсек, топан судан қырылған малдың саны 50 мыңнан кем емес. Ал малынан айырылған тұрғындар мал шығыны 70 мыңның үстiнде екенiн айтып дабыл қағуда. «Қайткен күнде де жүз мыңға жуық малдың өлiм-жiтiмге ұшырауы ет бағасына әсер етпей қоймайды», – дейдi сарапшылар.

– Жалпы қандай елде болса да оның азаматтарының, оның iшiнде жастардың қоғам өмiрiне белсене араласқаны жақсы құбылыс. Би­лiк жастарға қоғамның маңызды мәселелерiн шешетiн белсендi деп қана емес, сонымен бiрге ертеңгi күнi елдiң тұтқасын ұстайтын буын деп қарау керек. Жастар – ертеңгi қоғамның айнасы. Оларға қарап ертеңгi қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Бiзде осы уақытқа дейiн жастардың мәселе­ле­рi­не дер кезiнде зейiн қоймауды, оған атүстi, немқұрайлы қарауды әдетке айналдырып алған.

Уай, Тәңiр!
Мен де өзгедей
Пендең едiм.
Жалғанға
Жалғандықсыз
Енген едiм.
Шыға алмай
Көп түйткiлдiң
Қоршауынан

Еңсесiн ендi-ендi түзеп, түтiнi түзу ұшып келе жатқан бiздiң Жаңатас қаласында соңғы жылдары соттасу деген ерiккеннiң ермегiне айналғандай. Қазiр қалада пәтер дауы қызып тұр. Қайбiр жылғы қысылтаяң шақта пәтерлерiн тастап, шетел асып кеткен өзге ұлттың өкiлдерi қайтадан келiп, баспаналарын даулап, сот арқылы оп-оңай ұтып алып, қаншама отбасыны қан жылатты десеңiзшi... Менiң басымда да осындай жағдай...

Бiздер – Маңғыстау-3, Маңғыстау-4 ауылдарының тұрғындарымыз. 2007 жылы Мұнайлы ауданы құрылып, аудан орталығы Маңғыс­тау кентiне қарайтын бiздiң ауылдарда осы өткен екi жарым жылдан берi бiрқатар игiлiктi жұмыстар атқарылды. Дегенмен де қазiргi таңда жасалуға тиiстi жұмыстар да баршылық. Солардың бiрi – ауылдардағы жол мәселесi. Үш жылдан берi осыған әкiмдер, депутаттар және тағы да басқа құзырлы орындар тарапынан назар аударылмай-ақ келедi.

Жақында «Жас Алаштан» (№24, 26 наурыз, 2010 жыл) М.Ораловтың «Сұлтановқа бәрiбiр болып тұр ғой» атты мақаласын оқыдым. Қазiргi кезде жастар жұмыс таппай жүр. Ал 45 пен 63 жастағыларға тiптен жұмыс жоқ. Сонда жоғары жақтағылар ер адамдарды «зейнеткерлiкке 63 жастан шықсын» деп қалай ұялмай айтады? «63 немесе 65 жастан шықсын» дейтiндер кiмдер? Майшелпек жұмыста отырғандар. Партократтар. Әне-мiне дегенше зейнетақы жасы да келедi. Орындарынан кеткiсi келмейдi.

Өткен аптаның соңында бокстан қазақтың қос батыры Ермахан Ыбраймов пен Бекзат Саттархановтың жүлдесi үшiн жастар мен ересектер арасында халықаралық турнир өттi. Қазақ боксшылары арасынан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттархановтың туған күнi қарсаңында ұйымдастырылған халықаралық жарыс Бекзаттың кiндiк қаны тамған жерi – Түркiстанда өттi. Егер Б.Саттархановтың көзi тiрi болғанда 4 сәуiрде отыз жасқа толар едi.

Биыл Шығыс Қазақстан облысына қар ерекше қалың түстi. Күн жылыған сайын тасқын қаупi күшеюде. Күн күрт жылып, Ертiс тасыса, су астында қаламыз ба деп өзен бойындағы халық та алаңдаулы. Шығыс Қазақстандағы тасқын әсiресе Тарбағатай ауданын қатты қинап отыр. Бiрiншi тасқынның өзiнде бұл ауданның 20 ауылы су астында қалып қойды. Күн жылыған сайын бұл тiзiм өсе түспек. Бұл аудандағы зор зардап шеккен Көкжыра ауылы болып тұр. Ауыл ойпаңдау жерге орналасқан,

Сейсенбi күнi түнде Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан қос команда белгiлi болды. Мәскеуде ЦСКА-ны 1:0 есебiмен ұтқан Миланның “Интерi” бiрiншi болып жартылай финалға жолдама алса, артынша Англия­ның “Арсеналын” 4:1 есебiмен тас-талқан еткен Испанияның “Барселонасы” да үздiк төрттiктiң қатарына қосылды. Каталонияның “Камп-Ноу” стадионында өткен “Барселона” мен “Арсенал” арасындағы ойыннан кейiн каталониялықтардың бас бапкерi Хосеп Гвардиола аргентиналық Лионель Мес­сидiң ойынын ауызбен айтып жеткiзу мүмкiн емес екенiн айтты.

...Ен далада омбы қарды малтығып кешiп келедi. Құтыр­ған боранның қарлы желi бетiн темiрдей қарып, тұншықтырып барады. Кенет қарсы алдынан қызыл көйлектi, көзi көк, кiшкене қыз пайда болды. Жалаң бас, жалаң аяқ осы қыз бiр көкжал қасқырды жетектеп алыпты. Әлгi қасқырдың екi көзi от боп жанып, тiстерiн ақситып, ырылдап тура өзiне қарай жақындап келедi. Қашайын десе, аяғы зiл батпан көтертпейдi, демi тарылып, тұншығып барады... Шошып оянды. Бастырылып қалыпты.
– Е, тағы не болды, даусың қатты шықты ғой, – деп кемпiрi ренжи сөйлеп, шалының көрпесiн қымтады.

Тұтас ғұмырын күрес өнерiне арнап, ұланғайыр жерi мен өршiл халқын бiрiншi болып өзге жұртқа паш еткен, боз кiлемде жауырыны жерге тимеген Қажымұ­қан бабамыздан басталатын Қазақ күрес мектебiнiң iргетасы берiк қаланған. Бүгiнде ата жолын қуған талантты жас балуандарымыз бiздi жеңiске деген ынтасымен, ерiк-жiгерiмен қуантып жүр. Осындай жас өрендерiмiздiң бiрi –  Тараз еркiн күрес мектебiнiң түлегi Ерназар Тоқсанбаев.

Ертең елiмiздiң алты қаласында футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 4-тур ойындары өтедi. Үшiншi турдың қорытындысы бо­йынша топ бастаған Қостанайдың “Тобылы” сырт алаңда Ақтөбеге қонаққа барады

“САРЫАРҚА” МЕН “ЕРТIС” БАС ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ
Хоккейден Қазақстан бiрiншiлiгiнiң аяқ­талуы­на санаулы күндер қалды. Топтық бәсекенi аяқтап, жартылай финалдық кездесулерiн өткiзген елiмiздiң төрт үздiк командасының арасынан финалға шыққан қос мықты белгiлi болды. Рудныйдың “Горняк” клубын қатарынан үш ойында ұтқан Қарағандының “Сарыарқа” клубы финалға бiрiншi болып шықса, Атыраудың “Бейбарысы” мен Павлодардың “Ертiсi” арасындағы ойында павлодарлық хоккей­шiлердiң мерейi үстем болды