1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15487) 13 сәуір, сейсенбі 2010

Қырғызстан «демократия аралынан» – әлемдiк державалардың полигон алаңына айналып бара жатыр. Билiк басына күш арқылы келген Құрманбек Бакиев арада бес жыл өткен соң дәл сондай, бiрақ одан гөрi қаталдау сценарий бойынша тағынан ауып, Жалалабадта бой тасалады. Төңкерiс барысында екi тараптан да қару қолданылды. Қақтығыс салдарынан 100-ге жуық адам қаза болып, 1 500 адам жарақат алды. Қырғызстанның мемлекеттiк қазынасы қаңырап бос тұр. Бары жоғы – 986 миллион сом (16 миллион еуро шамасында) қалған. Қордағы қалған ақша басқа жаққа аударылған. Елде жаппай тәртiпсiздiк жайлап, зорлық-зомбылық жасалып, үйлер мен дүкендер тоналып жатыр. Төңкерiсшiл үкiмет тонаушыларға қарсы оқ атуға бұйрық бердi.

Жексенбi күнге жоспарланған жастардың «Бiз өзгерiстi қалаймыз!» атты жалпыұлттық жиыны өткен жоқ. Себебi, одан екi күн бұрын билiк жастардың талабына орай жауап қатып, Алматы қалалық әкiмшiлiгiнде жиын өткiзген болатын. Оған қала әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов, Бiлiм және ғылым вице-министрi Айдар Жақыпов, бiрқатар жоғарғы оқу орындарының ректорлары және 11 сәуiрге жоспарланған митингiнi ұйымдастыру комиссиясының құрамына кiрген жастар қатысты. Жиын қорытындысында жастардың барлық талабы орындалып, митингiнi өткiзудiң қажетсiздiгi жөнiнде шешiм қабылданды.

ЖЕТПIС ЖЫЛДАН КЕЙIНГI КАТЫНЬ ҚАСIРЕТI ПОЛЯК ЭЛИТАСЫН ЕКIНШI ҚАЙТАРА ЖАЛМАДЫ

10 сәуiр күнi Смоленскiде Польшаның президентi Лех Качиньский ұшақ апатынан қаза болды. Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағында Польша саяси элитасының түгелге жуығы бол­ған. Қаза тапқан 97 адамның арасында президент Лех Качиньский мен оның жұбайы Мария Качиньская, Польшаның қуғындағы экс-президентi Рышрад Качоровский, ұлттық жады институтының басшысы Януш Куртыка, сеймнiң вице-спикерi Ежи Шмайдзиньский, президент кеңсесiнiң жетекшiсi Владыслав Стасяк, ұлттық қауiпсiздiк бюросының басшысы Александр Щигло, министрлер Павел Выпых пен Мариуш Хандзлик, сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Анджей Кремер, Польша әскерi бас штабының бастығы Франтишек Гонгор, ұлттық банкiнiң төрағасы Славомир Скшипек және сеймiнiң ең беделдi деген он шақты депутаты бар.

ҚАУЕСЕТ СӨЗ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Қызылағаш оқиғасынан кейiн халық қатты қорқып қалыпты. Сәуiр айы­ның 7-сiнен 8-iне қараған түнi Тараз қаласында «Iргедегi «Киров» су қоймасы жарылыпты, топан су қаптап келе жатыр» деген алыпқашты сөз тарап, нағыз дүрбелең басталды. Негiзi қорқынышты хабар тез тарайды ғой. «Самаурын қайнапты» деген сөз дастар­қанның арғы басына барғанша «Самарқандты су алыпты» болып тарайтыны сияқты бұл қауесеттен кейiн қала тұрғындары көлiгiмен, болмаса ат-арбасымен қаладан ұзап кетуге жанталасты, көлiгi жоқтары жаяу-жалпылап қырдың басына жүгiрдi

Иә, мықтысың сен, мықтысың, Манастың Ұрпағы! Мықты екенiңдi, мiне, тағы бiр дәлелдедiң! Билiк басына: “Елiм! Хал­қым!” деп келгенi елiн, халқын алдау болған, шындығында елiн тонауды, халқын қанауды көздеген екiншi президентiңдi де көкек айының 7-сi күнi тақтан төңкерiп тастағаның тарихи ерлiк болды! Бәрекелдi! Жеңiсiң құтты болсын! Ойда жоқта бұйырған тәуелсiздiгiнiң дiзгiн-шылбырын қырғыз халқы, оның ұлы перзентi Шықаң да сенiп тапсырған Ас­қар Ақаев сол қырғыз халқына тiлiн емiзiп, тәттi-тәттi сөйлеп, ақырында елдiң берекесiн кетiрiп едi.

Өзiмiзше қалам кемiрiп, қағаз шимайлайтын болған соң, жақсы-жаман бiрдеңенiтүрте жүремiз. Түрткiзетiн – сол баяғы түйсiгi түскiр. Көзiң көрiп, түйсiгiң танып тұрған соң, түртпеске амалың жоқ. Әйтпесе, темекiсi таусылған адам құсап, өз-өзiңнен мазаң кетедi. Жазғаныңды жарытып ешкiм оқымаса да, қағаз бетiне түскеннен кейiн, бойың жеңiлдеп, кешегi Оспанхан ағамызша айтсақ: «қатыныңды сабаған адамша, кәдiмгiдей iшiң босап қалады!»

ӘБДIӘКIМОВ ПЕН ДҮЙСЕТАЕВ ТЕЛЕАРНАНЫ БӨЛIСЕ АЛМАДЫ МА?

Үш аптадан асты, Қарағандының ақпарат айдынында аласапыранның басталғанына. «Қазақстан» ұлттық арнасының облыстық бөлiмшесiнiң бiр топ қызметкерi жоғарыға — ұлттық арнаның бас­қарма төрағасына және облыс әкiмiне арыз жазып, филиал директорын қызметiнен алуды талап етуде. Қорғаныс шебiн мықтап жатқан директор болса, қарсы соққы берiп те үлгердi. Шағымданушылардың бiрнешеуiн жеп отырған нанынан айырды. Сол күнi баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, шер-шемендерiн ақтарған журналистер «Қазақстан-Қарағандының» бүгiнде облыстағы рейтингiсi ең төмен телеарнаға айналғанын айтады.

Жоғарғы жақтан: «алдымызда аламан шабыс күтiп тұр. Соған дайын болыңыз. Сiз биыл президент сайлауына түсесiз» деген нұсқау келгенде, мұндай оқыс оқиғаның талайын бастан кешiрген, осы елдегi демократиямен бiрге жасасып келе жатқан кәнiгi «демократ» Баймырза, сыртқа сыр бер­мегенiмен, абыржып-ақ қалды. Шүкiр, сайлау да, демократия да бұған таңсық емес, бәрi де күнi кеше өз қо­лы­мен өткерген дүниелерi ғой. Әйтсе де, елдегi демократия дәл мынадай биiкке көтерiлдi деп ойламаған екен.

Елiмiздегi ең басты насихатталушы , сөз жоқ, президент Назарбаевтың тұлғасы, жеке басы. Екiншi нәрсе – Астананың құрылысы. Ол да бiзде тек қана президенттiң еңбегi ретiнде көрсетiледi. Бас сәулетшiсi де – президенттiң өзi. Басқа басқа, президенттiң өзi Астананың болашағына сенбейтiнiн аңғартып алды. Кейбiр құрылыстар туралы сөз бол­ғанда ол: «Менен кейiн бұл қаланы ешкiм салмайды!» деп кесiп айтты. Қоғам құлағына түрпiдей тисе де, қазiр Астана мемле­кеттiң басты идеологиясына айналып үлгердi. Президенттiң туған күнi мен қала күнi де бiрге тойланатын болды.

МҰРАЖАЙДАН КАРТИНА ҰРЛАНДЫ МА?

Қырғыздың Ғапар Әйтиев атындағы бейнелеу өнерi мұражайы – Орталық Азиядағы ең iрi, ең құнды мұражайлардың бiрi. Мұның құнды болатыны, бұл мұражайда Врубельдiң, Левитанның, Фальктiң, Айвазовскийдiң және өзге де iрi суретшiлердiң түпнұсқа-суреттерi бар. Бұлардың бағасы әлемдiк рынокта шарықтап тұрғаны да мәлiм. «Бiшкектегi қақтығысты пайдаланып, бiреулер мұражайға түсiп, құнды картиналардың бiразын ұрлап кетiптi» деген сыбыс шыққан соң, «Известия» (Ресей) газетiнiң тiлшiсi Қырғыздың

«Отбасының» хатқоржынына оқырмандарымыздан келiп түскен түрлi сауалдарға жауап алу үшiн Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтының балалар хирургиясы кафедрасының доцентi Әбдiсабыр ӨМЕШҰЛЫНА жолыққан едiк.
– Әне-мiне дегенше жаз да шығады. Жазбен бiрге балалардың ортасында неше түрлi iшек ауруларының көбейетiнi де белгiлi. Жұқпалы ауруларды алдын-алу үшiн жемiс-жидектi тазалап жуудан басқа қандай амал-тәсiлдерi бар?

Әлi есiмде... Бала кезiмiз болатын. Қыстың қақаған бiр суығында үйде шай iшiп отыр едiк, сырттан апам кiрдi. Ауылда бiр үлкен кiсi қайтыс болып, соның жаназасынан оралған бетi едi. Кiре пальтосын қағып-қағып, «мына күн қайтедi, өзi...» деп күбiрлеп жүрiп пештiң ыстығына қолын бiраз тосып тұрды да, шайға отырды. Ағайын-туғаны қайтыс болған кiсiнi соңғы сапар­ға қалай шығарып салғаны туралы сұрап жатырмыз. «Е, қайнағаның қазасы аяқ астынан болғаннан кейiн қайбiр дайындығы бар дейсiң олардың... – дедi апам шайды бiр ұрттап қойып

Өткен аптада футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды. Чемпиондар лигасының жартылай финалына Испанияның “Барселонасы” мен Италияның “Интерi” шыққанын газетiмiздiң соңғы санында жариялағанбыз. Сәрсенбiнiң кешiнде жартылай финалға шыққан тағы екi команда белгiлi болды. Сырт алаңда Англияның “Манчестер Юнайтед” клубынан 2:3 есебiмен ұтылып қалған Германияның “Бавариясы” сырт алаңда соққан добының нәтижесiнде ағылшындарды айналып өттi.

Жастар үшiн тағлымы зор, ғибраты мол кiтаптар болады. Солардың бiрi – белгiлi қоғам қайраткерi, «Парасат» орденiнiң иегерi, Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi Амантай Бiртановтың «Ұрпағыма хат» атты кiтабы. Бiз бүгiн осы кiтаптан үзiндi берiп отырмыз. ...Қыз баланың анасынан ешнәрсе жасырмай, сырлас болып сыйласулары қажет. Қызыңа мейiрiм шапағатын жасағын. Қыз деген ата-ананың мұңлығы. 

Қазақстан құрамасының боксшылары Түркия мен Қытайда өткен халықаралық турнирден оралды. Ыстамбұл мен Гуиянг қалаларында шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлерiмiз 4 алтын, 3 күмiс, 7 қола медаль жеңiп алды. Ыстамбұлда өткен турнир биыл бiрiншi рет ұйымдастырылып отыр. Түркияның премьер-министрiнiң жүлдесiн сарапқа салған әлемнiң жиырмаға жуық елiнiң боксшылары арасынан Қазақстанның ерлер құрамасы үш қола медальға ие болса, әйелдер

Алматыда грек-рим күресiнен ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Екi күнге созылған жарыста елiмiздiң он төрт облысы мен Алматы, Астана қалаларынан 170-ке жуық палуандар өз өнерлерiн ортаға салды. Алматының Достық спорт кешенiнде өткен палуандардың бәсекесiне Бейжiң олимпиадасаның қола жүлдегерлерi Нұрбақыт Теңiзбаев пен Әсет Мәмбетов, Азия чемпионы Дархан Баяхметов, Гран-при жарысы мен Иван Поддубный турнирiнiң жеңiмпазы Алмат Кебiсбаев сынды талантты әрi тәжiрибелi палуандар қатысқан жоқ.