1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (15488) 15 сәуір, бейсенбі 2010

 «ҚЫЗЫЛАҒАШТА» ШЕШIЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ ШАШ ЕТЕКТЕН

Ресми мәлiметтерге жүгiнсек, бүгiнде Алматы облысы, Ақсу ауданы, «Қызылағаш» ауылында су тасқынынан қайтыс болғандардың саны 45 адамға жеттi. Оның 15-i кәмелеттiк жасқа толмаған балалар. Қолдан жасалған апатқа 1 ай толды. Осы уақыттың iшiнде қандай жұмыстар атқарылды? Тұрғындардың күйi қандай? Мән-жайды бiлу үшiн аталған ауылға ат басын бұрдық. Ауыл жермен жексен болған. Төрт түлiк суға кеттi. Үй-жайы, мал-мүлкiнен айырылған тұрғындар арнайы құрылған шатырларда, киiз үйлерде тұрып жатыр. Шешiлмеген, басы ашылмаған мәселе әлi де шаш етектен екенi көрiнiп-ақ тұр.

11 сәуiрге жоспарланған алғашқы жалпыұлттық жастар митингiсiнiң дүмпуi қатты болды. Қоғамдық күштер жастардың бастамасын билiктi шын мәнiнде үркiткен, есiн шығарған әрекет ретiнде бағалады. Сондықтан болар, бiздiң дәл сол күнi алаңға шықпағанымызға кейiп, жазғырып жатқандар аз емес. Бiрақ, қалай болғанда да бұл бастаманың билiктi жастармен, қоғаммен санасуға мәжбүрлегенiн мойындауға тиiспiз. Осылайша, қоғамда өтпеген митинг жөнiнде бiр-бiрiне қарама-қайшы екi пiкiр қалыптасты. Ендi сол пiкiрлердiң шығу тегi, бiзден кеткен қателiктер мен бастаманың азаматтық қоғам дамуына қосқан үлесi жөнiнде саралап, ой өрбiтiп көрсек.

– Ассалаумағалейукум, Бошай ата!
– Уалейкумассалам, батырлар! Мынау қырғыздар екiнiшi рет ерледi ғой. Халық деген солай болуы керек. Әулетiмен билiк құрып, мемлекеттi тонайтындарға бұл – мықты сабақ. Көпшiлiктi тыңдағысы келмейтiн, даңдайсыған бiздiң Астананың дөкейлерi ойлансын. Қазақ жастары оларды әй бiр сiлкiлеп алды.
– Бошай ата, жастарды қорғап, оларды қудалауға жол бермеңiз деп президентке қарата қамқорлық сөз айтқандарыңызға көп рахмет.
– Ол хатымыз «Жас Алашта» жарияланды ма?

ОРТАҚ ВАЛЮТАҒА КӨШУ КIМГЕ ТИIМДI, КIМГЕ ЗИЯН?

Кедендiк одақ – бұл экономикалық интеграцияның алғашқы сатысы ғана. Ендi екi жылдан кейiн үштiк одақ ортақ экономикалық кеңiс­тiк­ке өтпек. Үш елдiң салық заңнамасы мен кедендiк-тарифтiк саясатын бiр iзге түсiрiп, ретке келтiру – интеграцияның келесi қада­мы болмақ. Ал ортақ экономикалық кеңiстiк аясында ортақ валютаға көшу – бұл интеграцияның ақырғы сатысы. Өткен айдың басында Ресейдiң вице-премьерi Игорь Шувалов кедендiк одаққа мүше мемлекеттер ортақ валютаға көшуi мүмкiн екенiн мәлiм­дедi

«Хюман райтс вотч» құқық қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымы бiздiң елдегi адам құқықтары мәселесiне талдау жасап, «Қазақстан ЕҚЫҰ-ны басқарған 100 күнде үмiттi ақтамады, тiптi кейбiр мәселелер бойынша керi кетушiлiк байқалды» деп мәлiмдедi. Сондай-ақ, халықаралық ұйым АҚШ президентi Барак Обамаға үмiт артыпты. «Н.Назарбаевты Қазақстанда реформалар жасауға мәжбүрлейдi, адам құқықтарының тапталмауына ықпал етедi» деп. Және де беделдi ұйым Қазақ үкiметiне арнайы кеңес те бердi.

Осыдан бiр айдан астам уақыт бұрын Алматы қаласы әкiмдiгi мәдениет басқармасының басшысы Қайрат Кульбаевтың жоғарғы бiлiм жөнiндегi дипломының жалғандығы жөнiнде ақпарат шығып, оның үстiнен қылмыстық iс қозғалған. Сол уақыттан берi Қ.Кульбаев департамент жетекшiсiнiң қызметiн уақытша атқарушы ретiнде жалғастыруда. Оның дипломының жалған немесе жалған еместiгi осы аптаның соңында арнайы тексеруден кейiн анықталуға тиiс.

Ұлттық банктiң болжамына сенсек, биыл­ғы жылғы инфляция 6-8 пайыздан аспауы тиiс. Бiрақ, өткен үш айдағы инфляцияның көрсет­кiштерiне көз жүгiртсек, инфляцияның жылдық көрсеткiшi 8 пайыз түгiл, 10 пайыздан асып түсетiнi анық. Айталық, қаңтар айындағы инфляция 1,4 па­йыз болса, ақпанда бұл көрсеткiш 0,9 па­йызға жеткен. Ал наурызда 0,7 пайызға дейiн төмендеген. Десек те, жылдық көрсетудегi инфляция қаңтарда 7,3 пайызды көрсетсе, ақпанда – 7,4 пайыз, ал нау­рызда – 7,2 пайызға жеткен

Жолығыса қалғанда екеуiмiздiң есендесуiмiз осылай болады. “Осылай” деуiм – Сапекеңнiң “Ә, Ғаббас-жан” деуден жаңылмайтыны. Ағаның олай еркелете сөйлеуi әрi құрмет, әрi қымбат екенiн iнi атаулылар бiледi деп ойлаймын.
Жылы сәлемдесуден арыда әңгiмемiз жарасып жүре бередi. Ал әңгiме шiркiннiң аясы әрқашан кең болады, кейде бiр мәселенi қаузасақ, кейде әлденешесiн кезектестiрiп жiберемiз. Соның бәрiнде де, менiң әлi күнге ғажап қалатыным, сөзiмiздiң соңы жер мәселесiне барып тiреледi.

ЖОВТИСТIҢ ӨЗI МЕ, СЫҢАРЫ МА?

Экс-депутат, саясаткер Зәуреш БАТТАЛОВА Өскеменнiң Жалғызтөбе кентiндегi жазаны ерiктi өтейтiн қамау орнында құқық қорғаушы Евгений Жовтиспен кездестi. Зәуреш Қабылбекқызының айтуынша, Евгений Александрович тағдыр тауқы­метi­не мойынсұнбаған, бұрынғы қалпынан өзгермептi. Өмiрге деген құштар, әңгiмешiл де әзiлқой сол Жовтис дедi. Рухы мұқалмаған құ­қық қорғаушымен Батталова екi сағат дидарласыпты. Евгений Александрович қоғам жаңалықтарына қызығушылық бiлдiрiп, өзiнiң өмiрi және соңғы кезде тағдыр кездесуге нәсiп еткен жандар жайлы әңгiме­леген.

«Жас Алаштың» өткен санында «Қарызға қалай қарайсыз?» деген мақаланы оқып, ойға қалдым. Қарыз алу, қарыз беру, оны қайтармау «өнерi» бiздiң тұрмысымызға әбден енгенi рас. Екi қазақтың бiрiнiң басында қарыз дауы тұр. Менiң айтайын дегенiм, қарызды қайтармауды көпшiлiгiмiз әдетке айналдырдық. Қарызды қайтару мәдениетi деген жоқ. Дағдарыс деп сылтауратамыз, қашып жүремiз, өтiрiктi судай сапырамыз, мұның бәрi қайтармаудың амалы.

«– Мен Таушық өңiрiне қарасты, «Ұсақ» жерiнiң «Қорғантөбе» ауылында 1924 жылы дүниеге келдiм, – деп бастады әңгiмесiн Мүзәй Нұрпанов. – Алғашқы еңбек жолымды 1940 жылы колхозға есепшi болудан бастадым. Көп ұзамай Таушық ауылдық кеңесiне хатшылыққа тағайындалдым. Артынан мамандардың жетiспеушiлiгiне байланысты сол кездегi «Қарасай» колхозына есепшi болып ауыстым. 1942 жылдың қараша айында маған шақыру қағазы келiп, бiр топ жiгiттермен бiрге майданға аттандым. 

Үстiмiздегi жылы ақпан айының соңғы күндерiнде жергiлiктi газеттердiң бiрiнде «Жалақыны уақтылы төлемеу көп кәсiпорынға тән болып тұр» деген мақала басылды. Келтiрiлген деректе 25 мекеме мен кәсiпкерлердiң жалақыны кешiктiрудегi заң бұзушылықтары жайлы айтылған. Департамент өткен жылы кәсiпкерлiк нысандарына 875 тексеру жүргiзiп, 4664 заң бұзушылықтың бетiн ашқан

Балам Айдос Тұрсынбайұлы Тойбаевты 1998 жылы бiр топ жiгiттер айуандықпен өлтiрiп кеттi. Оны өлтiрген жiгiттердiң бәрi бүгiнде Ақшолақ ауылында тұрады. Осы 12 жыл iшiнде бiз бұл жөнiнде кiмге арызданбадық десеңiзшi... Жергiлiктi, облыстық құқық қорғау органдары, елiмiздiң Бас прокуратурасы, тiптi президент Н.Назарбаевтың назарына да хат жаздық. Бiрақ, ешқандай нәтиже жоқ. Шынымды айтсам, соңғы кездерi жергiлiктi құқық қорғау органдарына сенуден қалдым.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетiнде 2008 жылдың қыркүйек айында «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Университет ректоры С.Ж.Пiрәлиевтiң тiкелей бастамасымен ашылған орталық ұлы Абайдың даналығын жаңа сипатта оқытуды қолға алып, көрнектi абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының жетекшiлiгiмен жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнiн оқытудың бағдарламасын, оқулығын, хрестоматиясын

Елдiң, жердiң еңсесiн тұман басты.
Ақ даланың үстiмен жылан қашты.
Ақ көбiгiн аузынан бұрқыратып,
Ақ кебегiн елеп тұр бiр албасты.

Бiр ғана телефон қоңырауы Қарағандының мәдениет басқармасының жарты жыл бойы да­йындаған үлкен кешiн өткiзбей тастап, қыруар еңбектi еш кетiрдi. Кеш — Алаш көсемi Әлиханды туғызған Ақтоғайдың ұланы ақиық ақын Серiк Ақсұңқарұлынiкi болатын. Оны тоқтатып жүрген құдiрет — кәдiмгi телефон терроршысы. Серiк Ақсұңқарұлының 60 жылдық мерейтойына арналып, «Азаттық, нет­кен ғажап ең» атты поэзиялық кеш өтетiнi жөнiнде кем дегенде жарты ай бұрын сауын айтылған едi

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза былай деп жазады: «Халық Батыры бола тұра, Бауыржан Момышұлы өзiнiң 50 жылдығын тойлай алмады.60 жылдығын қызыл диктаторлар Жуалыда жасырын өткiздi. 70 жылдығы жетiм қыздың тойындай болды. 80 жылдығын Жуалы емес, Жамбыл облысы емес, Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас ауданы жақсылап-ақ өткiздi. Бiрақ, оны Бауыржан көре алған жоқ.

Аркадий Аверченко – орыстың көрнектi сатиригi. ХХ ғасырдың басында А.Аверченконың алдына түсетiн орыс сатиригi болмаған. М.Зощенконың өзi А.Аверченконы өте жоғары бағалаған. Бiз бүгiн осыдан аттай жүз жыл бұрын жазылған А.Аверченконың бiр әңгiмесiн назарларыңызға ұсынып отырмыз. А.Аверченконың әңгiмесiн оқып отырып, ерiксiз таңданасыз: тура бiздiң бүгiнгi тiрлiгiмiз! Сонда адам баласының өзгермейтiн болғаны-ау, ә...

ХАСЕН ӨРАЛТАЙ АҚСАҚАЛ ДҮНИЕДЕН ӨТТI. 80 ЖАСҚА ҚАРАҒАН ШАҒЫНДА

Хасен Өралтай Мюнхендегi (Германия) өз үйiнде қаза болды. Ендi марқұмды Түркияға апарып, Измир қаласының iргесiндегi Салихлы ауылына, әкесi Қалибек хакiмнiң қасына жерлемек. «Хасекең осыдан үш-төрт жыл бұрын әкесiнiң қасынан өзiне орын дайындатқызып қойған-ды», – дейдi бiзге телефон соққан Хасен Өралтайдың туыстары. «Азаттық» радиосының қазақ редакциясын 28 жыл басқарған Хасекең қазақ халқының тәуелсiздiк алуына, Қазақстанның бүгiнгiдей тәуелсiз, жеке мемлекет болып отыруына үлкен үлес қосты. Неге «үлкен үлес»?

Германия құрамасының бас бапкерi Йоахим Лев ОАР-да өтетiн әлем бiрiншiлiгiнен кейiн құраманың тiзгiнiн өзгеге босатуы мүмкiн. 2008 жылғы Еуропа бiрiншiлiгiнде Германия құрамасына күмiс медаль сыйлаған бас бапкердiң орынтағын босатуының себебi неде? Германия футбол қауымдастығының басшыларының айтуынша, егер Германия футболшылары әлем бiрiншiлiгiнде кем дегенде жүлдегер атанбаса, онда Й.Левтi құрамада қалдырудың жөнi жоқ.

Италияның “Интер” клубының бас бапкерi Жозе Моуринью осы жазда Мадридтiң “Реал” клубын жаттықтыруы мүмкiн. Бұл туралы Испанияның “Марса” газетi хабарлады. Мадридтiң “Реалын” дәл қазiргi уақытта чилилiк Мануэль Луис Пельегрини жаттықтырады. Осы маусымның басында әлемдегi ең мықты футболшылардың басын қосқан корольдiк клуб биыл­ғы маусымда испан бiрiн­шiлiгiнiң бас жүлдесiнен құр қалатын сияқты. Олай дейтiнiмiз, өткен аптаның соңында “Реал” Каталонияның “Барселонасын” қабылдап

“САРЫАРҚА” “АЛТЫНҒА” ЖАҚЫН ТҰР

Хоккейден Қазақстан бiрiн­шiлiгiнiң қола медалiн Павлодардың “Ертiс” клубы жеңiп алды. Жартылай финалда “Бейбарыс” клубынан жеңiлген “Ертiс” хоккейшiлерi қола медаль үшiн болған ойында Рудныйдың “Горняк” клубынан басым түстi. Финалдық ойын Қарағандының “Сарыарқа” клубы мен Атыраудың “Бейбарысы” арасында өтуде. Бұл екi команданың арасындағы жалпы есеп 2:1 есебiмен “Сарыарқаның” пайдасында. Кеше кешкiсiн екi команда Атырауда кездестi.

Қазақстан құрамасының боксшылары өткен аптада үш бiрдей халықаралық турнирге қатысты. Түркия мен Қытайда жалауы кө­терiлген екi бiрдей iрi жарыста он төрт медаль алып қайтты. Ал осы аптаның басында былғары қолғап шеберлерiмiздiң тағы бiр шоғыры Ереваннан оралды.