1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (15489) 20 сәуір, сейсенбі 2010

Жат жерде жүргенде ұлтшыл, намысқор едiк. Атажұртқа келгеннен соң тағдырдың тауқыметi, өмiрдiң бiрер қиыншылығынан халықтың өр мiнезi аздап басылып қалған жайы бар. Иә, қиын-қыстау кезеңде бiр елден екiншi бiр елге көшу былай тұрсын, бiр ауылдан – екiншi ауылға қоныс аудару оңай ма! Қазақ елiнiң тәуелсiз­дiк алғанын ести сала, атажұртқа ат басын елден бұрын тiреген Моңғолиядан көшiп келген қазақ ағайындар алғашында жаппай жұмыссыз қалды. Ресейдiң Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Новосибирск, Иркутск секiлдi қалаларындағы жоғарғы оқу орындарын бiтiрiп, жоғары бiлiм алған дипломды инженерлер, ұшқыш мамандар, Берлин, Варшава, Прага, Будапешт, София, Бухарест секiлдi Шығыс Еуропа елдерiнiң белдi университеттерi мен институттарында

Қырғызстандағы төңкерiстен кейiн қу тiлдiлер былай деп қыжыртып жүр: «Қырғыздардың бағы бар екен қайта. Оңтүстiк және солтүстiк деп екiге ғана бөлiндi. Алда-жалда бiзде төңкерiс бола қалса ше? Бiз қайтемiз? Алдымен үшке бөлiнемiз, содан кейiн тағы үш жүзге бөлiнемiз бе? Сонда немiз қалады бiздiң?..».  Белоруссияның президентi, шәлкем-шалыстау мiнезiмен әркез жұртты дүрлiктiрiп жүретiн Александр Лукашенко Қырғыз елiнiң билiктен қуылған президентi Құр­манбек Бәкиевке қатысты бүй дедi:

Желтоқсаншылар билiктен қайыр болмаса ЕҚЫҰ-мен байланысқа шығып, өздерiнiң заңды талаптарын әлемдiк ауқымда талап етпекшi. Бұл жөнiнде «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бiрлестiгi белсендiлерi кеше Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткiзiп мәлiмдедi. Естерiңiзге сала кетейiк, өткен жылдың соңында «Жел­тоқсан ақиқаты» қо­ғамдық бiрлестiгi жоғарғы билiкке бiрқатар талаптар қо­йып, ашық хат жолдаған болатын.

Большевиктердiң заңсыз тудыр­ған тоталитарлық мемлекетi құр­дымға кетердiң алдында ғана дү­ние­ге келген балалардың жасы қазiр жиырмадан асып отыр. Олар ес­терiн бiлген тұста бұл зұлымдық империясы да өмiр сүруiн тоқтатқан едi. Бұл балалар октябряттардың төсбелгiсiн кеуделе­рiне таққан жоқ, мойындарына қызыл галстук байлаған жоқ, комсомол болдық деп кеуде­лерiн де керген жоқ. Сап түзеп, «...Әрқашанда дайынбыз!» – деп айқайлаған да жоқ. Мектепте қандай бiлiм алғандарын да өте жақсы бiлемiн.

Осы жылдың басында Маңғыстау облысында “Мұнайшылар қорғаны” тәуелсiз кәсiподағы құрылып жұмыс iстей бастады. Бұл жағдай асықтары алшысынан түсiп, мамыражай күй кешiп жатқан, үлкендi-кiшiлi мекемелер басшылары арасында әбiгер туғызды. Осыған дейiн бейжай өмiр сүрген ресми кәсiподақтар да шырт ұйқыдан оянғандай, селк ете түстi. Олар кенеттен жұмысшылардың арасына барып, жағдайларын сұрап, қамқоршы болатындарын айта бастады. Бiз жаңадан құрылған “Мұнайшылар қорғаны” тәуелсiз кәсiподағының төрағасы Сұлтанғали Есбаевпен жүздесiп, әңгiмеге тарттық.

Кеше ұлттық баспасөз клубында 24-25 сәуiр күнi Алматыда қазақ құрылтайын өткiзушiлердiң баспасөз мәслихаты болды. – Қазақстанда қазақтың ұлттық, саяси, экономикалық және мәдени мәселесi жиналып қалды, – деп сөз бастады “Ұлт тағдыры” қозғалысының жетекшiсi Дос Көшiм: “Бiз қазақтарға қазақ құрылтайын дайындап берейiн деп жатқан топпыз. Ал қалған мәселенi құрылтайға жиналған азаматтар шешедi. Негiзiнен, екi мәселе қаралады.

ЭЛЕКТРОНДЫ САТЫП АЛУ ЖОЛЫМЕН ДЕ РЕТКЕ КЕЛЕР ЕМЕС

Биылғы жылдан бастап мем­лекеттiк сатып алу электронды түрде жүргiзiле бастады. Мем­лекеттiк сатып алуға қатысушы кәсiпкерлер тауарлар мен қызмет тiзбесiн тендердi ұйымдастырушы мекемелерге электронды түрде жiберетiн болды. Жүйенi ойлап табушылардың ойынша, бұл бiр жағынан бюджет қаржысын үнемдесе, екiншi жағынан тендердi өткiзушiлер мен кәсiпкерлер бетпе-бет кездеспегендiктен, тендер ашық өтiп, жемқорлыққа тұсау салынады. Бiрақ кәсiпкерлер бұл жүйенiң кемшiлiгi шаш етектен деп есептейдi.

Осыдан бiр ай бұрын Қазкоммерцбанк «Атамның жеңiсi – менiң жеңiсiм» атты акция­ның тұсауын кескен болатын. Аталған акцияның шеңберiнде банк қызметкерлерi Ұлы Отан соғысына қатысқан өз аталары мен апалары, туған бауырлары мен жақын ағайын­дары жайлы әңгiмелейдi. Егер сiздiң де акцияға қатысқыңыз келсе, schikin@kkb.kz электрондық поштасына немесе «Жас Алаш» газетiнiң редакциясына 7 мамырға дейiн өз әңгiмеңiздi жазып жiберiңiз. Акция туралы толық ақпаратты www.kkb.kz сайтынан оқи аласыз.

Даурықпа саясатшы-экономистер “Қазақстанның экономикалық астанасы” деп дәрiптеп жүрген Қарағанды қаласы соңғы жылдары рухани жүдеп бара жатқан сыңайлы. Кешегi КарЛагтың сызды аурасы өкпесiн қарыған кеншiлер қаласының қазақшасы түзелмей қойғанын газетiмiзде әредiк жазып келемiз. Оған қосымша, Қарағандыда қазақ тiлiнде шығатын басылым жалғыз ғана – онда да билiктiң астауынан жем жеп отырған облыстық газет. Ал рухани әлемiнiң айнасы – ақындарының да жайы қалай екенiн жақында ғана өтпей қалған Серiк Ақ­сұңқарұлының кешiнен байқауға болатындай...

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӨЛЕМАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРI ӨСУI МҮМКIН

«Балаларым балабақшаға барады. Кеше 1 айлық төлемақының түбiртегiн алдым. Наурыз айына қарағанда сәуiр айының төлемақысы қымбаттап кетiптi. 1000-1500 теңгеге. 1 айда төлемақының мөлшерiн неге бұлай көтерiлдi? Мән-жайды анықтап берсеңiздер», – деп қоңырау шалған Алматы қаласының тұрғыны Қуаныш ағайдың сауалына Алматы қалалық бiлiм басқармасының мамандары былай деп жауап қайтарды:

 «Қарты бар үйдiң қазынасы бар» дейдi дана халқымыз. Бүгiнде осы қазынамызды қай дәрежеде қадiрлеп, алақанға салып жүрмiз? Ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың хал-жайын, тыныс-тiршiлiгiн бiлмек болып Алматы қалалық ардагерлер үйiнiң есiгiн аштық. Табалдырығын аттадық. Үлкен дәлiз. Ары-берi жүрген қарттар есiкке үмiтпен қарап тұрғандай. Кезекшiге мән-жайды айттық. Мекеме басшысын күтiп тұр­ған кезде ардагерлер үйiнiң тұрғыны 64 жастағы Динара Адамбековамен тiлдестiк.

САЛДЫР-САЛАҚТЫҚҚА ЕСКЕРТКIШ ҚОЮҒА БОЛА МА?

«Қазақпараттың» хабарлауынша, Алматы облысы әкiмiнiң тапсырмасымен Қызылағаш ауылында су тас­қынынан қаза болғандарға арналған ескерткiштiң жобасы талқыланыпты. «Саябақта орнатылатын ескерткiште апаттан қаза болғандардың аты-жөнi жазылып, оның айналасы абаттандырылатын болады. Ол үшiн 12 гектар жердегi саябақ және су қоймасы аумағына ағаш отырғызу жұмыстары басталды», – делiнген.

Қазақстан құрамасының палуандары осыдан бiрнеше күн бұрын Алматыда өткен Қазақстан бiрiншiлiгiнен кейiн оқу-жаттығу жиындарын қайта бастады. Алматыдағы “Қарғалы” шипажайында бас қосқан палуандарды ұлттық құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов пен жаттықтырушылар Мкхитар Манукян мен Бақтияр Байсейiтов баптауда. Биылғы жылдың мамыр айында Үндiстанда құрлық бiрiншiлiгi жалауын көтередi. Мәскеуде өтетiн әлем бiрiншiлiгi мен Қытайда жалауын көтеретiн Азия ойындары да палуандарымыз үшiн үлкен сын болмақ.

Тiлi таңдайына жабысып, кене­зесi кеуiп оянды. Бiрақ, бұл жерден бiр жұтым су табылмасын бiлiп жатыр...
Төңiрек тап-тастай қап-қа­раң­ғы. Құлаққа ұрған танадай өлi тыныштықтың өзегiн тiлгiлеп, «түн­дi­гiн желпiлдетiп» тұрған жал­ғыз дыбыс — жылу жүретiн құ­быр­дың қуысында алаңсыз ұйқыны со­йып жатқан «Қортықтың» тау көшкiнiнiң гүрiлiндей қорылы ғана. Сосын жертөленiң түкпiрiнен мауыққан мысықтың ащы даусы естi­ледi. Бiр кезде ол жылаған баланың жалынышты үнiне ұқсап кет­тi...

Хоккейден Қазақстан бiрiншiлiгiнiң бас жүлдесiн Қарағандының “Сарыарқа” клубы жеңiп алды. Жартылай финалда Рудныйдың “Горняк” клубын жеңген қарағандылықтар финалда Атыраудың “Бейбарыс” клубынан үш мәрте басым түстi. Қарағанды мен Атырау хок­кей­шiлерi өзара бес кездесу өткiздi. Алдымен Атыраудың мұз айдынында өткен ойында қарағандылықтар 5:3 есебiмен жеңген-дi. Артынша, “Бейбарыс” хоккей­шiлерi Қарағандыда өткен ойында айдын иелерiн

Биылғы маусымда премьер-лига ойындарына қайта оралған алматылықтар бес ойында небәрi бiр-ақ доп соқты.  Футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан елiмiздiң командалары 5-тур ойындарын өткiздi. Қазақстанның бес қаласында өткен ойын­ның үшеуi тең аяқталса, екi ойын алаң иелерiнiң жеңiсiмен аяқталды. Равиль Сабитов баптайтын Қостанайдың “Тобылы” бесiншi турдың қорытындысы бойынша, турнир кестесiнiң бiрiншi сатысындағы орнын сақтап қалды.