1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15490) 22 сәуір, бейсенбі 2010

27 – 28 сәуiр күнi Алматы қаласында IX Еуразия медиа форумы өтпек. Бұл жөнiнде ұйымдастыру комитетi осыдан бiр ай бұрын хабарлаған болатын. Кезiнде айдарынан жел есiп, саяси сахнада ойқастап жүргенде Дариға Назарбаеваның PR – жобасы ретiнде дүниеге келген форумның қазiр әбден қадiрi қашты. Бұрынғыдай даңғаза жарнама мен дабыра насихат та жоқ. Дариға мен Рахаттың дәуренi жүрiп тұрған кезде Еуразия медиа форумының билбордтарынан Алматыда аяқ алып жүре алмайтынбыз. Рахат Әлиев 40 жылға бас бостандығынан айырылып, Дариға Назарбаева сая­саттан аластатылғанда, «қыруар шығын әкелетiн қа­жетсiз форум ендi өт­пейтiн болар» деп топшылаған жұрт­шылық. Бiрақ,

Құрметтi оқырмандар! Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесiнiң төрағасы Серiк Аханов «Жас Алаш» оқырмандарын толғандырған сауалдарға жауап бередi. Банк секторы, сақтандыру, зейнетақы қорлары, қаржы саласына қатысты қояр сауалдарыңыз болса, aika902007@rambler.ru немесе elnur-alimova@mail.ru электронды поштасына жолдаңыздар. Сондай-ақ сұрағыңызды 397-55-92, 397-52-17 телефондарына хабарласып та қоя аласыздар. Сұрақтар 27 сәуiр күнi кешкi сағат алтыға дейiн қабылданады.

БӘКИЕВТI НАЗАРБАЕВ КӨНДIРДI, АЛ ЛУКАШЕНКО АЙНЫТТЫ МА?

Дүйсенбi күнi қырғыздар тағы да дүрк көтерiлдi. Жүгенсiз тобыр алдымен Бiшкектiң төңiрегiндегi 700 гектарға жуық жердi басып алмаққа әрекеттенген. Милиция жергiлiктi тұрғындардың көмегiмен шерушiлердi әлгi жерден қуып шығыпты. Содан кейiн темiр кесегiмен, сойылмен, таспен қаруланған, антиорыстық ұрандарды айқайлаған бiрнеше жүз адам Бiшкектi бетке алыпты. Сол күнгi қақтығыста тағы 5 адам қаза тауып, отыздан астам адам түрлi жарақаттар алған...

Өкiнiшке қарай, дәл қазiргi таңда елiмiзде «бiлiм мен ғылым» ұғымы болғанымен, оның өзi жоқтың қасы. Соңғы 10-15 не 20 жылда Қазақстанның ғылымдағы қандай жетiстiгiн бiлесiз? Бiлiм саласында ше? Ауыз толтырарлықтай жетiстiк жоқ. Қайта керi кетушiлiк, бiлiм мен ғылымның кенжелеуi анық байқалады. Осыдан-ақ бұл салаға темiрдей тәртiп орната алатын, бiрқатар күрделi проблемаларды ауыздықтап, ауқымды реформалар жасай алатын басшының керектiгi байқалуда. Мәселенi бiр ғана министр шеше алмайды. Оған мемлекеттiң қолдауы, билiктiң ықпалы керек.

Кеше Алматы қаласында «Азат» ЖСДП жетекшiлерiнiң үстiнен әкiмшiлiк сот өттi. Естерiңiзге салсақ, оппозициялық партия белсендiлерi сәуiрдiң 17-сi күнi Республика алаңында Тәуелсiздiк ескерткiшiне гүл шоқтарын қойып, митинг өткiзуге рұқсат бермеген билiкке өзiнiң наразылығын бiлдiрген болатын. Шараға «Азат» жетекшiлерiмен қатар белгiлi ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Әубәкiров, қоғам қайраткерi Балташ Тұрсымбаев, жастар ұйымдарының жетекшiлерi мен қоғамдық белсендiлер қатысқан болатын.

Жуырда Қазақстан Ком­мунистiк партиясының бiрiн­шi хатшысы алмасты. Партия 1996 жылы қайта тiркелген күннен бастап басшылық етiп келген Серiкбол­сын Әбдiл­дин­нiң орнына жаңа басшы болып Ғазиз Алдамжаров тағайындалды. Бұл жөнiн­де партия­ның экс және жаңа басшысы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәжiлiсiн өткiзiп, ресми түрде айтты. Сонымен қатар тiркел­ме­­ген “Алға” партиясымен бiрiгiп өткiзе­тiн 1 мамыр ме­рекесiне арналған iс-шаралар жоспарымен бөлiстi. Екi партия бiрiккен “Ха­лық билiгi” саяси блогы 1 мамыр күнi Алматыда және елiмiздiң басқа да аймақтарында шеру өткiзетiндерi жөнiнде мәлiм­де­дi.

Көптеген қоғамдық бiрлес­тiктер мен саяси ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының және зиялы қауым өкiл­дерiнiң басын қосқан «Тәуелсiз­дiктi қорғау» халықтық-демокра­тия­лық қозғалысын құрушылардың ұйымдастыру комитетi қоғамымызда орын алған бiрқатар саяси проблемаларға халықтың назарын аудара бiлудi, билiктi өздерiмен санасуға мәжбүр еттi. Белгiлi ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов бастаған бұл қозғалыс бастауын «американдық ұлттан» алатын «Ел бiрлiгi» доктринасына тосқауыл қойды.

СОНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚОЛ ЖЕТКЕН ӨСIМГЕ ҮКIМЕТ АЛАҚАЙЛАП ОТЫР

Үкiметтiң сейсенбiлiк отырысында биылғы жылғы I тоқсанның әлеуметтiк-экономикалық көр­сеткiштерi қорытындыланды. Экономикалық даму және сауда министрi Жанар Айтжанованың айтуына қарағанда, I тоқсанда iшкi жалпы өнiм 6,5 пайызға өскен. “Экономиканың алты негiзгi саласында: өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, сауда айналымы, байланыс, көлiк және құрылыс саласында шығарылған өнiм мен қызметтiң көлемiне сәйкес қысқа мерзiмдi экономикалық индикатор анықталды.

Бiраз жылдардан берi ұлтымыздың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап келген “Таным” пiкiрсайыс клубы араға бiраз уақыт салып, өз жұмысын қайта жандандырды. Оның негiзiн белгiлi саясаткер Ғалымжан Жақиянов қалағаны көпшiлiкке аян. Жиынның алғы сөзiнде клуб жетекшiсi Жұмаш Кенебай “Танымның” қайта iске кiрiсуiне Ғ.Жақияновтың көмегi тигенiн айтты. Соған қарап Ғалымжанның қоғамдық-саяси ортаға орала бастағанын аңғарғандаймыз.

Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетiне 2008 жылдың сәуiр айында бас редактор болып «Егемен Қазақстан» газетiнiң облыстағы меншiктi тiлшiсi қызметiн атқарған Серiк Пiрназар тағайындалды. Бас редактор оң-солына қарап бас көтерер ешкiмнiң жоғын сезген күннен кейiн-ақ дөңайбат мiнез байқата бастады. Кадрларды жөнсiз қысқарту мен жаңа штаттар ашудан көз ашпадық. Өз командасын жасақтап жатқан болар деп түсiнiстiк таныттық.

«Қазақкоммерцбанктiң» №2 риск-менеджмент департаментiнiң қыз­меткерi Бауыржан Ақат өзiнiң атасы, Украинадағы кезектi бiр ұрыста жалғыз өзi ғана тiрi қалған Берiкқұл Ақатов (1924-1963 жыл) жайында былай деп әңгiмелейдi: – Менiң атам Берiкқұл Ақатов екi рет «Ерлiгi үшiн» медалiмен, Украинаны азат еткенi үшiн, II дүниежүзiлiк соғыста көрсеткен жанқиярлық ерлiгi мен Днепрдi кескi­лес­кен ұрыспен кешiп өткенi үшiн көптеген марапаттарға ие бол­ған. Рас, мен атамды көрген жоқпын. Маған ол туралы әжем Баулахан Ақатова айтып бердi.

Құрметтi «Жас Алаш»! Мен сiздермен өзiмнiң туған ата-анам туралы сыр бөлiссем деп едiм... Ес бiлгелi нағашы атамның қолында өстiм. Сол кiсiнiң баласы болдым. Ол кiсiлердiң менiң нағашы атам мен апам екенiн бертiнде, өзiм балалы-шағалы болғанда ғана бiлдiм.  Әкем Наурызбай Бектенұлы да, анам Бибiш Айдарбайқызы да тұл жетiм болып өсiптi. Әкем 1912 жылғы болса, анам 1913 жылы туған екен. 1930 жылы екеуi бас қосыпты. Мен соғыстан 3 жыл бұрын туылыппын. Баласы болмаған соң, менi шешемнiң әкесiнiң iнiсi Айтбай асырап алыпты.

«1941 жылы 19 жастағы бозбала болып соғысқа аттанған бауырым 1945 жылы мамыр айының соңында елге аман-есен оралды. Аунап-қунап, сағынышын басқан соң, менi үйге iздеп келдi. Сөйтiп, бауырым алғаш­қылардың бiрi болып бiздiң үйге Жеңiс тойын ала келген едi. Кедей де болса жомарттығын жасап, жездесi марқұм Мақаш қуанып, ауыл-аймақты шақырып, той жасады. Неше жылдан кейiн келiп тұрған қайнысына астындағы ақбоз атын мiнгiзiп жiбердi.

Бiздiң Үшарал ауылын отыз жылға жуық Әбдiр Сағынтаев атты асыл азамат бас­қарды. Еңбекқор, кiсiге жанашыр, алды кең аяулы жан едi. Өзi Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған ауданның тұңғыш азаматы. КСРО Жоғарғы Кеңесiне әлденеше мәрте депутат болды. Және ол кiсi бұл дәрежеге қарапайым шопандықтан жеттi. Қазiрге дейiн ауылымыздың кәрi-жасы есiмiн құрметпен атап, отбасында үлгi етiп отырады. Бұл кiсiнiң бiр ғана ерлiгiн айтайын.

Тайғанақ тағдырымыз жағада тұр,
Жақындап қалғаны ма заманақыр.
Бабалардан еншi боп қалған жерiм,
Қолдан сусып ақырын бара жатыр.

Ормандар өртке оранып, күлге айналып,
Барады кәусар бұлақ лайланып.
Жерiм тозып кеткенде елiм азып,
Жемсауы өсiп болып жүр құмай қарық.

Жалпы, iшектi аспаптарымыздың шығу тарихын, бұлардың қалай, қашан пайда болғанын бiрден «былай едi» деп, дәл айту өте қиын. Себебi, осы күнге дейiнгi iзденулер мен зерттеулер ұлттық аспаптардың пайда болуы жайлы бiрiздi, нақты пiкiрге келген жоқ. Қайсыбiр ғалымдар iшектi аспаптарды (адырна, қобыз, шертер, жетiген, домбыра) ұрмалы аспаптар (дабыл, даң­ғыра) негiзiнде пайда болды десе, ендi кейбiрi кәдiмгi садақты ғасырлар бойы жетiл­дi­рген­нен пайда болды деп есептейдi.

Кейiнгi жылдары осындай өресi биiк өлкеде өнердiң жiбi, өлеңнiң жiбi үзiлiп қалды ма деп жүргенде, Жанаргүл Қадырова атты қарындасымыз жарқ етiп шықты. Жанаргүл осы елдiң тағы да бiр мақтан тұтар перзенттерi – Жұмат Шанин мен Қошке Кемеңгеровтер дүниеге келген Күркелi ауылының (бүгiнде Жұмат Шанин ауылы) түлегi. Жанаргүл 2007 жылы Баян жерiнде өткен, «Баянауыл-2007» деп аталған жас қаламгергердiң форумында Қазақстан Жазушылар Одағының Мәшһүр-Жүсiп Көпеев атындағы сыйлығына ие болды.

Аудандық аурухананың палатасында жатқан Мыжбанның жағдайы қорғасыннан да ауыр… Медбикелер­дiң бiрi әлдебiр дәрi еккен болатын, сырқаттың көздерi алайып, кереуетте жатқан бойы бiлегiн созып, қазақша билеу үлгiсiн көрсете бастады…

— Қандай укол салдың? — деп сұрады Дәрiгүл үрей­ленiп. — Антибиотик…

ҮРЕЙГЕ ЕШУАҚЫТТА КӨНДIГУГЕ БОЛМАЙДЫ

Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында түрiк драматургы Түншер Жүншеоғлының «Қорқыныш көшкiнi» атты пъесасы бойынша қойылған спектакльдың премьерасы болып өттi. Спектакльдi қойған – Болат Атабаев.

1992 жылы мен Жамбыл облысының ат спорты түрлерi қауымдастығының президентi болып сайландым. Сондағы менiң алғашқы байқағаным – ұлттық ойындар еш жүйесiз жүргiзiлетiн едi. Ол кезде облыста қазiргiдей атшабар-ипподром болған жоқ. Белгiлi жүйе мен бекiтiлген ереже болмаған соң, ат жарыстарының соңы дау-дамай, өкпе-ренiшке ұласып жататын. Ат жарыстарында жүйесiздiктен болған ыңғайсыз жағдайлар көп кездестi. Ат спорты мен ұлттық ойындарды өркендету үшiн Алматы қаласында 1996 жылы

Сейсенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6-тур ойындары өттi. Бесiншi турдың қорытындысы бойынша көш бастаған Қостанайдың “Тобылы” премьер-лига ойындарының аут­сайдерi Оралдың “Ақжайығын” қабылдап, 3:1 есебiмен жеңiске жеттi. Осы ойында “Тобылдың” жартылай қорғаушысы Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан бiрiн­шiлiгiнiң тарихындағы (мұның iшiнде Қазақстан кубогының ойындары да бар) өзiнiң 115-добын соқ­ты. Бұл көрсеткiшiмен ол Семейдiң “Елiм-ай” клубында ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен Александр Мирошниченкомен теңестi

Әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, Азия чемпионы Ерзат Төкеев – өзiнiң қысқа ғұмырында артына көрнектi iз қалдырып кеткен бiрегей палуан. Өткен аптада Е.Төке­ев­тiң туған жерi Шымкент қаласында қазақша күрестен палуанды еске түсiруге арналған халықаралық турнир өттi. Осымен бесiншi рет жалауын көтерiп тұрған дәстүрлi жарыс өте тартыс­ты өттi. Көршiлес өзбек ағайындар да бұл турнирге кiлең мықтыларын әкептi