1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15491) 27 сәуір, сейсенбі 2010

МАРЧЕНКОНЫҢ ТҮПКI ОЙЫН ҚАЛАЙ ТҮСIНЕМIЗ?

Өткен аптада Ұлттық банктiң төрағасы Григорий Марченко Profinance.kz сайтында өткен онлайн конференцияда бiрқатар сұраққа жауап бердi. Онлайн конференцияда қойылған сұрақтардың денi бас банкир онсыз да үнемi жауап берiп жүрген, айта-айта әбден жауыр болған жайттар. Зейнетақы қорларының кемшiлiктерi қандай, қандай зейнетақы қорындасыз, дағдарыстың түбiне қашан жетемiз, оны қай уақытта еңсеремiз, теңге бағамы қандай болмақ дегендей. Жаңадан қабылданған қаржы секторын дағдарыстан кейiнгi даму тұжырымдамасына қатысты да бiрнеше сұрақ қойылыпты. Десек те Григорий Александрұлының шамына тиген сұрақтар да жоқ емес.

«МӘСКЕУ ТӨҢКЕРIС ЖАСАУЫН ЖАСАДЫ-АУ, БIРАҚ САЛДАРЫМЕН КҮРЕСЕ АЛМАЙ ОТЫР»

Қырғызстанда президент сайлауы биыл 10 қазанда өтетiн болды. Конституциялық реформалар жасау үшiн маусымның 27-сiне референдум өткiзу белгiлендi. Бұл туралы Қырғызстан уақытша өкiметi басшысының конституциялық реформалар жөнiндегi орынбасары Өмiрбек Текебаевтың мәлiмдемесiне сiлтеме жасап, ИТАР-ТАСС хабарлады.

ОЛ ӨЗ МАҚСАТЫНА ЖЕТЕ АЛДЫ МА?

Артта қалған аптаның демалыс күндерi бiр топ ұлтжанды саясаткерлердiң бастамасымен Алматыда «Қазақ құрылтайы» атауымен үлкен жиын өттi. Оны өткiзу идеясын «Ұлт тағдыры» қозғалысы көтерiп, бұл туралы 20 қыркүйек күнi «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясында тұңғыш рет айтылған болатын. «Қазақ құрылтайын» өткiзу құптарлық идея екенi де рас. Қазақ ұлтының проблемалары мен мәселелерi, оның мүддесi мен мақсаты жайында сөз қозғау, олардың шешу жолдарын ұсыну қоғам үшiн ауадай қажет екенi де ақиқат. «Ұлт тағдырын» қолдаған бiрқатар қоғамдық ұйымдардың бастамасымен өткен құрылтай осындай iзгi ниеттен туған едi.

Өткен аптада АҚШ бас елшiсiнiң мiндетiн атқарушы Роберт Лейн және АҚШ елшiлiгiнiң пресс-атташесi Томас Таннер көпшiлiкке 100 долларлық ақшаның жаңа үлгiсiн таныстырды. 100 долларлық су жаңа банк­ноттар айналымға 2011 жылдың 10 ақпанында енбек. Бiрақ ескi дизайндағы 100 доллар жаңасымен қатар қолданыла бередi. Сондықтан ескi 100 долларды жаңа купюраға айырбастаудың қажетi жоқ.

Шiлде айында Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-10 жылдарға арнал­ған мемлекеттiк бағдарламасының орындалу мерзiмi аяқталады. Бұл бағдарлама алтын бесiк ауылдың тыныс-тiршiлiгiне қандай өзгерiс алып келдi? Ресми деректерге жүгiнсек, тек қана 2000-02 жылдары елiмiзде 300-ге жуық елдiмекен өзiнен-өзi тарап кеттi. Жергiлiктi әкiмдiктердiң деректерi бойынша, 2004 жылы тұрғын халқы жоқ, бiрақ таратылмаған 136 елдiмекен болған.

Ресей Федерациясы Астрахань облысындағы “Жолдастық” қоғамында жас­тар қанатының құрылғанына 1 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт iшiнде Астрахань облысы аумағында қазақ тiлi мен мәдениетiн дамытуға шамамыз келгенше көптеген шаруалар атқардық. Қазақ тiлiн үйрету курстары, ұлт астаптарын меңгеретiн үйiрме жұмыс жасайды. Балалар әсiресе, домбыра үйiрмесiн өте жақсы ұнатады. Бұл жақтағы туыстарыңыз ата-баба тарихы мен мәдениетiн терең ұғынып, Отанымыздың қазiргi тыныс-тiршi­лiгiнен көбiрек бiлгiсi келедi. Астрахань қаласындағы қазақтар саны 60 мыңнан асады.

“Жас Алаш” әдiлдiк iздеген жұрттың жанашыры екенi баршаға белгiлi. Қазiр өздерiңiз жазып жатқандай жағымпаздар мен жантықтардың заманы болып тұр. Мен де осындай жағымсыз құбылыстың құрбандарының бiрiмiн. Бұдан үш жарым жыл бұрын болған оқиға кiршiксiз аппақ арыма кiрбiң түсiрiп, аялаған арманымды аяқасты етiп, жазықсыз жапа шегiп жүрмiн. Өзiм бiр орында тапжылмай 18 жыл еңбек еттiм. Арым таза, тәртiбiм жақсы, iсiм тиянақты болғандықтан шенiм де өсiп, осы жылдар iшiнде лейтенанттыққа дейiн көтерiлдiм.

Келе жатқан Жеңiс мерекесiнiң дүбiрi өзгеше. Өйтпегенде ше?! Осыдан тура 65 жыл бұрын аталарымыз бен әкелерiмiз дүниенi дүр сiлкiндiрген екiншi дүниежүзiлiк соғыстың соңғы нүктесiн қойып, жеңiс әнiн шырқап елге оралған екен. Ендеше, бұдан артық мереке бола ма? Өкiнiшке қарай, сол жеңiстiң жолында жастығын жалау, төзiмiн ту етiп көтерiп, Еуропаның жарымын жаяу жүрiп өткен ардагерлердiң бүгiнде арамызда бiрi бар, бiрi жоқ.

Казкомерцбанк клиентi Рүстем Мұқанов өзiнiң атасы, Кеңес одағының батыры – Малкеждар Бүкенбаев (1924-2002) жөнiнде әңгiмелейдi. Онымен қоса М.Бүкенбаев Ленин орденi, бiрiншi санаттағы Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерi және басқа да көптеген медальдар иегерi. «Атамның жеңiсi – менiң жеңiсiм!» атты бастамаға мен де қосыл­ғым келедi. Менiң нағашы атам, яғни анамның туған ағасы Малкеждар Бүкенбаев – Кеңес одағының батыры.

Рахымбай Ханалы – мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары саласында көп жылдар еңбек сiңiрген белгiлi фототiлшi. Жастайынан суретке түсiруге әуес болды. Ауылдағы жалғыз фотоаппараты бар Әжiмұрат ақсақалдан фото түсiрудi үйрендi. Тырнақ алды туындылары Оңтүстiк Қазақстан облысы, Қазығұрт аудандық «Ленин өсиетi» газетiне шыға бастады. «Жаңа базар» елдiмеке­нiнде М.Горький атындағы орта мектептi бiтiрген соң, аудандық газетке әрiп терушi болып жұмысқа орналасты.

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi журналистика факультетiнiң ұйытқы болуымен фотопублицистер клубы ашылды. Мақсат – фотопублицистика саласында еңбек еткен аға буын өкiлдерi мен жастардың басын бiр арнаға тоғыстыру, фотографияның қыр-сырын тану, тәжiрибе алмасу. Алдағы уақытта арнайы бәйге ұйымдастыру. Фототiлшiлердiң құқықтарын қорғау және әлеуметтiк жағдайын жақсартуға атсалысу. Ең бастысы – қазақтың фотошежiресiн сауатты түрде жасап, келешек ұрпаққа жеткiзу және арнайы әдiстемелiк құрал дайындау.

Итальян тiлiнен аударғанда «paparazzo» – жабысқақ, қадалған жерден қан алатын ерекше ызыңды масаның түрi.
Термин дәл осы мағынасында 1960 жылдан, Федерико Феллини­дiң «Тәттi өмiр» фильмi жарыққа шыққан күннен қолданысқа түстi. Фильмнiң бас кейiпкерiнiң досы фотограф Папараццо. Ол – Ф.Фел­линидiң Тацио Секьяроли есiмдi атақты фотограф досының прото­типi.

«Тоқта, қас қағым сәт, сен ғажапсың» – деген екен орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин. Мүмкiн бұл сөз фотосурет жөнiнде айтылған болар? Фотосурет – бiр сәтке тоқтап тұрған уақыттың, бақыттың, естелiктiң, қобалжудың бiр бөлшегi. Туған күндер, үйлену тойлары, мерекелер – мұның қайсысы фотосуретсiз өтушi едi?! Тiптi қарапайым қала көше­лерiмен қыдырудың өзi керемет фотосессияға айналуы мүмкiн. Байқайсыздар ма, бәрiмiз де өмiрi­мiз­дiң әр қас қағымынан естелiк ретiнде фотосурет қалдыруға әуеспiз.

Отырған ба
Қайраңға
Желден Кемең?
Мына жырдың
Бағасы
Нөлден төмен.
Асқақтаған
Қазақтың
Қара өлеңiн...
Түсiрдiң-ау,
Қайтейiн...
Белден төмен!

Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Италияда өткен “Джиро дель Трентино” көпкүндiгiнде топ жарды. Төрт кезеңнен тұратын доданың алғаш­қы кезеңiнде-ақ қарсылас­тарынан оқ бойы озып шыққан А.Винокуров қалған кезеңдерде жалпыкомандалық есептегi орнын сақтап қалды. Жерлесiмiз соңғы жарыс күнi итальяндық Доменико Поццовиводан мәреге 23 секундқа кешiгiп келдi. Алайда бұл көрсеткiш Александр Винокуровтың топ жаруына кедергi келтiре алмады

БОТАНИК-ҒАЛЫМНЫҢ ҚҰРМЕТIНЕ
Қазақ тiлiндегi тұңғыш ботаника оқулығын жазды. 4 томдық биологиялық терминдер сөздiгiн жарыққа шығарды. Мiне, өзгесiн атамай-ақ қойғанда, осы еңбектiң өзi-ақ Тәлiп Мұсақұловтың кiм екенiн айғақтап тұрса керек. Көрнектi ғалым, профессор Тәлiп Мұсақұловтың ботаника және биология оқулықтарын, түрлi оқу құралдарын студенттер мен мектеп мұғалiмдерi, оқушылар күнi бүгiнге дейiн қолданып жүр. Көрнектi ғалым, профессор Тәлiп Мұсақұловтың туғанына 100 жыл толуына орай ҚазҰПУ-да арнайы ғылыми-теориялық конференция өттi.

Ендi екi күннен кейiн елiмiздiң жасөспiрiм палуандары Өзбекстанның Ташкент қаласында Сингапурде өтетiн Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салады. Кiшi Азия бiрiншiлiгi деген атқа ие болған халықаралық жарыста палуандар бес салмақ дәрежесi бойынша бақ сынайды.

Феликс Стам жүлдесi сарапқа салынған халықаралық турнирге әлемнiң белдi боксшылары өнер көрсетуi керек едi. Алайда, Исландиядағы вулканның әсерiнен турнирге санаулы елдiң боксшылары ғана жиналды. Тiптi Қазақстан құрамасының боксшылары да бұл додаға қатысу-қатыспауы екiталай едi. Жарысқа небәрi бiр күн қалғанда Польшаға аттанған Мырзағали Айтжановтың шәкiрт­терi турнир қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте екiншi орынға қол жеткiздi.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар өткен жексенбi күнi 7-тур ойындарын өткiздi. Елiмiздiң алты қаласында ойналған кездесулердiң төртеуiнде қонақтардың жолы болды. Сырт алаңда Шымкенттiң “Ордабасы” клубын 2:1 есебiмен ұтқан Қостанайдың “Тобылы” жеке-дара көш бастады. Өткен турда Астананың “Локомотивiн” ұтып, турнир кестесiнiң екiншi сатысына көтерiл­ген Қарағандының “Шахтерi” өз орнын сақтап қалды. Алматыда “Қайратты” 1:0 есебiмен жеңген кеншiлер “Тобылдан” үш ұпайға қалып келедi.

Бүгiн және ертең футболдан Чемпиондар лигасының финалына шыққан қос мықты белгiлi болмақ. Өткен аптада жартылай финалға шыққан төрт ұжым алғашқы кездесулерiн өткiздi. Әзiрге, финалдық ойынға шығуға төрт команданың да мүмкiндiгi бар.

Бүгiнде шетел валютасының тұрақтылығына сенетiндер саны көп деп айту қиын. Бұрындары бiрен-саран ақшасы барлар капиталын долларда сақтаса, былтырғы күтпеген девальвациядан кейiн қауiптенiп отыр. Осындай жағдайда ақшаны сақтап қана қоймай, сондай-ақ оны көбейтудiң мәселесi алға шығады. Бұл орайда елiмiздегi қаржы ұйымдары ұсынатын қызметтер түрiнiң бiр­нешеуiн атауға болады. Бiрақ олардың көбiсi қаржылық салада базалық бiлiмi бар немесе қаржы нарығын тұрақты бақылап отыратындар

Бейсенбi күнi «Қазақстан Халық Банкi» АҚ қызметкерлерi №2 арнаулы мектеп-интернатының ауласына ағаш отырғызып, мектеп ауласының көгалдануына өз үлестерiн қосты. Банк төрайымының орынбасары Асқар Сағидоллаұлы Смағұловтың айтуынша, бұл банктiң алғашқы және соңғы қайырымдылық шарасы емес. Мекеме бүкiл Қазақстан бойынша ондаған балалар үйiне көмек көрсетiп, оларға қолдарынан келгенше жәрдем беру жұмыстарымен айналысады. Бұл мектеп-интернат директоры Сәуле Сартайқызы да балаларға бiлiм беру iсiнде демеушiлердiң көмегiн ерекше атап өттi.