1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15492) 29 сәуір, бейсенбі 2010

Сейсенбi күнi Алматыда IX Еуразиялық медиа форумның жұмысы басталды. Басталмай жатып-ақ «сенсациялық» мәлiмдемелер, дау-дамай мен қарсылық акциялары қарша борады. Белгiлi суретшi әрi қоғам қайраткерi Қанат Ибрагимов бас аяғы бiр минуттың iшiнде «Көп сөз – боқ сөз» атты флеш-моб өткiздi. Сүт пiсiрiм уақыттан соң «Голос Республики» және «Взгляд» газетiнiң журналистерi «ЕҚЫҰ, қызғылт көзәйнектi шешiңiз!» атты акциясын ұйымдастырды. Оларды форум өтiп жатқан «Анкара» қонақүйiнен күштеп шығармақ болған күзетшiлердi шетелдiк БАҚ өкiлдерi мен форум қонақтары тоқтатты.

Осыдан бiр жыл бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi көшi-қон комитетiнiң төрағасы Хабылсаят Әбiшев дәл былай деген-дi: «Квота туралы заңды өзгертемiз («Халықтық көшi-қон туралы»). 15 қаулыны өзгертемiз. Квотаға зиялы адамдарды енгiзуiмiз керек. Кезiнде байқамай еңбек ресурсы деп елiмiзге зиян келтiретiн түрлi көзқарастағы адамдарды квотаға кiргiзiп жiбердiк. Бiзге Моңғолия мамандарының түкке керегi жоқ. Бұл мәселенi қазiр қарап жатырмыз. Екiншi мәселе – қазаққа қазақтай көмектесiп жатқан мемлекет жоқ. Бiзге қазақпен саудаласатын, қазақты тонауға келген қазақтың керегi жоқ. Ондай қазақтың бәрiн жабамыз»

ОНЫ ҰЛТТЫҚ АЛАУЫЗДЫҚТАН, ДIНИ ЖIКТЕЛУШIЛIКТЕН, КӨРШIГЕ ДЕГЕН ҚАПЕРСIЗДIКТЕН БАЙҚАЙМЫЗ

«Алаш» тарихи зерттеу орталығының жетекшiсi Хайролла Ғабжалиловпен болған әңгiмемiзден түйер қорытынды осындай. Қоғам қайраткерi ұлт тұтастығындағы дiннiң атқарар рөлiн ерекше атап өттi.
– Кейiнгi кездерi дiн төңiрегiнде мәселе көбейiп кеттi. Астанада биыл үшiншi мәрте өткен «Әлем дiндерi және конфессиялары басшыларының құрылтайы» төңiрегiнде де сөз көп. Сiз тарихшы ретiнде елiмiздегi дiни ахуалға қатысты не айтар едiңiз?

«Қазақстанды бүкiл дүниежүзi тегiс таныды» деп мақтанып жатамыз, ол да осы мұнайдың әсерi. Ауыздарын айға бiлеген АҚШ, Қытай, Ресей секiлдi мемлекеттер мұнайымыз үшiн ғана бiзбен санасып жүр. Кәрi құрлық Еуропаның өзi экономикалық мүддесiн көздеп мемлекетiмiздi ЕЫҚҰ-ға төраға қылды. Осының бәрi – киелi топырақтан шыққан мұнайдың, сол қара алтынды өндiрiп отырған қарапайым мұнайшылардың өлшеусiз маңдай терiнiң арқасы.

Қазақстан бюджетiнiң тапшылығы I тоқсанның қорытындысы бойынша 22,7 миллиард теңгеге жеттi. Қаржы министрлiгiнiң мәлiметiне сенсек, қаңтар-ақпан айындағы республикалық бюджеттiң тапшылығы – 109,3 миллиард теңге. 2010-12 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сүйенсек, биылғы жылы республикалық бюджеттiң тапшылығы 803,6 миллиард теңгеден аспауы тиiс. Үкiмет бюджет тапшылығының орнын толтыра ала ма? Осы сауалдарды сарапшыларға қойып көрдiк. Қазақстан даму институтының президентi Мағбат Спановтың ойынша, бюджетте үлкен тапшылық болмауы тиiс. “Өйткенi, – дейдi ол, – Қазiр мұнай бағасы жоғары. Бюджетте көрсетiлген мұнай баррелiнiң ең жоғары бағасы – 65 доллар. 

Дана халқымызда “Бiр жоқтың iзi екiншi жоқты табады” дейтiн нақыл сөз бар. Сол сөз расқа айналып, Қызылорда облыс­тық “Сыр бойы” газетiнде жарық көрген Ұлы Отан соғысы ардагерi Меңеев Төлепбай ақсақал жайлы мақаладан екi бiрдей нағашымыздың аты-жөнiн оқып, көп ұзамай мақала авторын да, ол арқылы Төлепбай қартты да iздеп таптық. Тағдыр айдаса не шара, 1939 жылы Финляндия соғысына кеткен Алпысбай мен 1940 жылы әскер қатарына алынған iнiсi Транай Тiлеубаевтар немiс фа­шистерiнiң тұтқынында кездеседi деп кiм ойлаған.

Әкем Нұрқали Жаңатоған – Қаратоған ауылының дәл жанындағы Үкiршi мекенiнде тiрлiгiн жасаған момын ғана шаруа кiсi екен. 1920 жылдардың соңында «банды» деген дүрбелең басталғанда, әкемiз соларға қарсы күресетiн «комотрядтың» командирi болған. Ер-азамат тегiс атқа қонып, соғысқа аттанып жатқанда әкемiздiң денсаулығы жарамапты. Бiрақ, аяғы кемтар әкем артында шиеттей бес баласын шешемiз Күлжәмилаға тапсырып, еңбек армиясына алынған. Содан кейiн оны көрген жоқпыз.

Казкоммерцбанктiң атқарушы директоры Әлен Шаяхметов өзiнiң арғы атасы – соғыс жылдарында Қазақстан Коммунистiк партиясы орталық коми­те­тiнiң екiншi хатшысы қызметiн атқарған Жұмабай Шаяхметов (1902-1966жж) жөнiнде әңгiмелейдi. Жұмабай Шаяхметов 1946-54 жылдар аралығында, соғыстан кейiнгi ең ауыр жылдарда ҚазССР-iнiң бiрiншi хатшысы қызметiн атқарды. Соғыс жылдарында Шаяхметов Қазақстан бойынша мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiн бас­қарған.

Менiң әкем Ғабдуллин Сағи 1912 жылы Шыңғырлау ауданының Қызылкөл ауылында дүние­ге келген. 7-сынып бiтiрген соң Орынбор медициналық (фельдшер) училищесiне оқуға түседi. Ал 1937 жылдың 10 желтоқсанында әскер қатарына шақырылып, әскери мiндетiн өтеп жүрiп, 1941 жылдың 23 маусымында Белорусь майданына жiберiледi (Могилев қаласы). Сол жерде әкем бөлiмше командирi ретiнде ұрысқа кiрiседi. Маусым айында сол аяғынан жарақат алған оны (Могилевтан 18 шақырым жерде) белорусьтiң бiр кемпiрi мен шалы тауып алып, үйiне әкеледi.

Талантты жазушы Асқар Алтайдың «Көзiмнiң қарасы» деген әңгiмесi бар. Әлгi шығармада «Менiң аяғым ауыр... Сiз «қытай» десеңiз де, дүңген жiгiтiнiң қолынан ұстадым» – деп, парықсыз қыз әкесiн тойына шақырады. Ашуға мiнген қаһарлы әке Рамазан өзiнiң жар дегенде жалғыз қызын, көзiнiң қарашығындай Самалын атып өлтiредi. Көркем шығармадан сырт, өмiрде де мұндай оқиғаның болғаны жөнiнде өз құлағымызбен естiген едiк. Қытайдағы қазақтармен бiрге аз ұлттар мекен ететiн ШҰАР-ды басқарған Жәнәбiл Смағұлұлы есiмдi азамат қытай ұлтына тұрмысқа шықпақ болған қызын «күйеу баласының» көзiнше атып тастаған екен.

«КСРО-НЫҢ ТАРИХЫН» ҚАЙТА ОҚИТЫН БОЛДЫҚ ПА?

Астанада осыдан екi күн бұрын өткен ТМД елдерi мұғалiмдерiнiң бiрiншi құрылтайына Ресей, Әзiрбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдованың 500-ден астам мұғалiмдерi қатысты. Әрине, мұндай құрылтайды ұйымдастырып отырған Кремль екенi де белгiлi. Ал ендi қалған елдердiң басшыларының да, қосшыларының да Кремльден аса алмайтыны тағы белгiлi. Сонымен, ТМД елдерi мұғалiмдерiнiң бұл құрылтайы не шештi?

Мақатаев - 22 – «Жас Ал­аш»­ газетiнiң мекен-жайы. Бұл мекен-жайға күнiне талай адам келiп-кетiп жатады. «Алматыға емделуге келiп едiм, амандасып кетейiн...» деп келетiндер де, «шағымданып келдiк» дейтiндер де жетерлiк.«Кентау қалалық «Ардагер» қоғамдық бiрлестiгiнiң атынан хат әкелдiм. Бiздер қоғамымызда болып жатқан күн­делiктi жаңалықтарды ортаға салып, талқылап отырамыз», – дейдi байырғы оқырманымыз А.Сапаров. Өз ұжымы мен өз ортасының жаңалығын, жақсылығын редакциямызға дер кезiнде жеткiзетiн осындай оқырмандарымыз да аз емес.

Асхаттың жарық дүниеге келмей жатып мүгедек болып қалуы ата-анасына да өте ауыр соқты. Кейiн өсе келе өздiгiнен бiрден жүре алмады. Бастапқыда бiр орында өз бетiмен отыруды былай қойғанда, басын да ұстай алмайтын. Ұлы жайлы сөз болғанда анасы Нұрия көз жасына ерiк берiп қояды. Бәлкiм, перзентiнiң қазiргi жай-күйiне қамығатын да шығар. Бұл үйде үш бала өстi. Тұңғыштары Әсел мен одан кейiнгi Әлина – тұрмыста. Қазiр отағасы Жаңабай екеуi қос қызынан сүп-сүйкiмдi екi немере сүйiп отыр.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНДАҒЫ 260-ҚА ТАРТА ФУТБОЛШЫНЫҢ 70-КЕ ЖУЫҒЫ ҒАНА ҚАЗАҚ. НЕГЕ?

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындары тұсауын кескенiне көп уақыт өте қойған жоқ. Өткен аптаның жексенбiсiнде елiмiздiң он екi командасы бiрiншiлiктiң 7-тур ойындарын ендi ғана өткiздi. Әзiрге Қостанай футболшыларының қарқыны күштi. Одан кейiнгi орында Қарағандының “Шахтерi” келедi. Дәл қазiр аламан бәйгеде кiмнiң аты озатынын дөп басып айту қиын. Бiздiң айтпағымыз да бұл емес. Мүлде басқа мәселе...

Кеше 48 келi салмақта шаршы алаңға шыққан Әнуар Мұзапаров алғашқы жекпе-жегiн Белорусь боксшысы Вадим Кириленкоға қарсы өткiзiп, 2:6 есебiмен ұтылып қалып, жарыстан шығып қалды. 54 келi салмақта өнер көрсеткен Руслан Мәдиев те кубалық боксшыдан жеңiлуге мәжбүр болды. 81 келiде жұдырықтасқан Арбек Әбдiғалиев те Бостандық аралынан келген боксшыға қарсы тұра алмады.

Астанада футболдан жас­өспiрiмдер арасында ҚР президентiнiң кубогы жалауын көтердi. Биыл тұңғыш рет Астанада өткiзiлiп тұрған дәс­түрлi халықаралық турнирде Алматының “Цесна-94” клубынан басқа әлемнiң жетi елiнiң жасөспiрiмдер командасы бақ сынауда. Төрт-төрттен екi топқа бөлiнген командалар бүгiн финалдық кезеңге жолдама алған командаларды анықтайды.

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм әлемдегi ең бай футболшылардың тiзiмiнде бiрiншi орында тұр. Ағылшын футболшысының жылдық табысы 40 миллион долларға тең. Әлемдегi аяқдоп шеберлерiнiң әмияндарын ақтаруды әдетке айналдырып алған “Форбес” журналы Англия құрамасының футболшысын ең бай футболшы ретiнде таныпты. Д.Бекхэм жылдық табысының бiраз бөлiгiн аладоптың емес, көбiне жарнамадан тапқан көрiнедi.