1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35 (15493) 5 мамыр, сәрсенбі 2010

Бұрнағы күнi Қызылағашта қаза болғандардың қырқы берiлдi. Асқа жиналған 3000-нан астам адам бақилық болған бауырларын еске алды. Аруақтарға бағышталып Құран оқылды. Артының жақсылығын тiледi. Мiне, осыдан кейiн барып ендi жақсылық болсын деп Талдықорғанда Мұқағали сөзiне жазылған әндердi орындаушылардың республикалық байқауы өткен едi. Байқау аяқталған күннiң ертесiнде облыс жұртшылығының өкiлдерi тағы да Қызылағашта бас қосты. Азалы ауылда алғаш рет күлкiнiң үнi естiлдi. Өйткенi, 45 отбасы жаңа үйге кiрiп, ошақтарына от жақты.

ДЕПУТАТ НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ ЖЕРЛЕСТЕРIМЕН СОТТАСЫП ЖАТЫР

«Жас Алаштың» өткен жылғы 15 қазандағы №83 санында «Тарбағатайлықтар Астана жаққа емес, Өскемен жаққа елеңдейдi...» деп аталатын мақала жарияланған-ды. Онда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы тұрғындарының жай-күйi баяндалған болатын. Тарбағатайлықтар Кеңес өкiметi кезiнде де, тәуелсiздiк алғаннан кейiн де таза ауызсу iшпептi. «Сиыр сарыған су iшiп жүрмiз» деуi де сондықтан. Бiз жағдайды еш боямасыз сол қалпында газетке жарияладық.

НЕМЕСЕ ҰЛТБЕЗЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Мұхтар Мағауин былай деп жазады: «Мұндай қоңыр көз, қыр мұрын, шықшытты сары қазақтар қай ауылда болмасын ұшырасып қалар едi... Әйтсе де, негiзгi белгi – тiл. Менiң байқауымша, күнделiктi қолданыстағы әдепкi, негiзгi тiл адамның ұлттық кейпiне тiкелей әсер етпек. Өзiндiк артикуляция – бет-ауыздың сөз, дыбыс ерекшелiктерiне қарайлас қозғалысы – кiсiнiң түр-әлпетiн қалыптайтын сыпаттардың бiрi. Сондықтан да мен тумыстағы тiлiнен мүлде ма­құрым, тек орысша ғана сөйлейтiн қазақтарды көбiне-көп сырттай, бiр қарағаннан-ақ танитын едiм. Олардың қалған қазақтан басқашарақ бiтiмi қапысыз аңдалатын».

АЛЫПҚАШПА ӘҢГIМЕНIҢ РАС-ӨТIРIГI ЖАҚЫНДА АШЫЛМАҚ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атқарушы директоры әрi басқарма мүшесi Мақсат Иденов жұмыстан өз еркiмен кету жөнiнде өтiнiш жазды. Әрине, жылы, жұмсақ орынға кiм келiп, кiм кетпей жатыр дейсiң. Бiрақ, «ҚазМұнайГаз» тәрiздi майлы шелпектiң топ-менеджерi өз еркiмен жұмыстан кеткiсi келiптi дегендi осы күнге дейiн естiмеппiз. Ақпан айында ұлттық компанияның кейбiр кадрлық қызметкерлерiн орнынан қозғап, жұмыстан босата бастағаны белгiлi. Алайда, кезек топ-менеджерлерге де келiп жетедi деп кiм ойлаған.

Қоғамдық күштер мен билiк арасындағы талас-тартыстың нысанына айналған доктрина төңiрегiндегi мәселеге нүкте қойылды. Өткен аптада мемлекет басшысы ұлт жанашырлары мен билiк өкiлдерiнiң бiрлесiп жасаған “Ұлт бiрлiгi” доктринасына қол қойып, оны ресми мақұлдады. Осы оқиғаға орай жұмысшы тобының өкiлдерi Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткiздi.

Наурыз айының басында Жаңаөзеннiң 15 мыңға тарта мұнайшысы ереуiлге шығып, билiкке бiрқатар әлеуметтiк-экономикалық талаптар қойған едi. 18 күн бойы жұмысқа шығудан бас тартқан жұмысшылардың әрекетi билiк үшiн ауыр соққы болды. Қазiргi таңда ел экономикасын дағдарыстан құтқарып отырған, халықтың әлеу­меттiк жағдайын одан әрi нашарлатпауға мүмкiндiк туғызған – қазақтың қара алтыны. Мұнай бағасының арқасында билiгiн сақтап отырған Ақорда үшiн жаңа­өзендiктердiң ереуiлi қатты тигенi де сондықтан.

Тараз қалалық мәслихатының таяуғы сессиясы қызықты өттi. Әрине, қалалық мәслихаттың әр сессиясы сүреңсiз, “сен тимесең мен тимемен” өтiп жатыр деп айтуға болмайды. Бiрақ, депутаттар бас қосқан бұл жолғы жиында көптiң көкейiнде жүрген мәселелер айтылды. Сессия жұмысына арнайы қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев “Тараз қаласынан облыстық мәслихатқа 10 депутат сайланыппыз. Яғни, бұл қаланың кез келген мәселесi бiзге де ортақ. Бiрақ, бiздi қалалық мәслихаттың хатшысы Өмен Байшығашев сессияға шақырмайды, мейлiнше бұл жиынға қатыстырмауға тырысады

Қазақстандағы халықтың өмiр сүру деңгейi, тұрмыс-тiршiлiгi қандай? Тапқаны тамағына жете ме? Осы және басқа да әлеуметтiк мәселелерге жауап iздеу мақсатында “Стратегия” әлеуметтiк және саяси зерттеулер” қоғамдық қорының төрайымы Гүлмира Iлеуованы әңгiмеге тарттық.

– Көршiлес мемлекеттермен салыстырғанда қазақстандықтардың тұрмыс-тiршiлiгi қай деңгейде?

Алматыдағы №60 гимназиясының 6-сынып оқушысы Әсия Оразбаева өзiнiң арғы аталары – Қайыргелдi, Уәли, Хайролла жөнiнде әңгiмелейдi. Бұл үш кiсi де Ұлы Отан соғысындағы жеңiстiң жақындауына өз үлестерiн қосқан адамдар. Олардың ең үлкенi Қайыргелдi соғыс бас­талған жылы 42 жаста болатын. Сондықтан оны еңбек тылына, Кемеров облысына жiбередi. Ол жерде 1945 жылға дейiн еңбек еткен ол, нәтижесiнде «Ерен еңбек үшiн» медалiмен марапатталады.

Келесi жылы алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойы өтедi. Осы бiр айтулы күнге ақынның жерлестерi, Алматы облысының әкiмдiгi ерте бастан әзiрленiп жатыр. Олай дейтiн себебiмiз, ақпан айы­ның басында облыс әкiмi Серiк Үмбетовтiң өзi төраға болып, той өткiзу қызметiн атқаратын жұмысшы тобын құрды. Мерейтойдың кешендi жоспары бекiтiлдi. Қарасаздағы басқосуда оны қалың жұртқа паш етiп жариялады. Мәдени шаралардың мазмұны тиянақталды.

Бакуде бiр аптаға созылған бокстан әлем бiрiншiлiгi қазақ боксшылары үшiн ерте аяқталды. Назар Iлиясов баптайтын елiмiздiң былғары қолғап шеберлерi биыл тұңғыш рет әлем бiрiншiлiгiнен жүлдесiз қайтты. Әзiрбайжанның астанасына елiмiзден он бiр боксшы аттанған-ды. Жарыстың алғашқы екi күнiнде он бiр боксшының төртеуi жарыстан шығып қалды. 48 келi салмақта өнер көрсеткен Әнуар Мұзапаров алғашқы жекпе-жегiнде Белорусь боксшысы Вадим Кириленкодан 2:6 есебiмен ұтылып қалса

Жаман өлең жазбай кеткен жалғыз ақын болса, ол Төлеген Айбергенов едi. Жаман жыр жазуға оның уақыты да болған жоқ. Бар-жоғы отыз жыл ғана өмiр сүрдi де, “көктемнiң жазға ұласар жайсаң шағында ” (Әбiш Кекiлбаев) қыршын кеттi. Кеше сол ағамыздың соңында қалған жалғыз ұлы Дәурен Төлегенұлы Айбергеновтi ақтық сапарға шығарып салдық. Көктемнiң жазға ұласар жайсаң шағы ғой бұл да. Әкесiнен үш жасында қалған есiл боздақ өмiрден тура әкесiне ұқсап ерте кеттi. Ылғи асығып жүретiн.

Өткен аптада Чемпиондар лигасының финалына шыққан екiншi команда анықталды. Каталонияның “Камп Ноу” стадионында “Барселонадан” 0:1 есебiмен жеңiлгенiне қарамастан Италияның “Интерi” араға 38 жыл салып, Еуропаның ең беделдi турнирiнiң финалына шықты.

Ташкентте күрес түрлерiнен Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салған Қазақстанның жасөспiрiмдер құрамасы елiмiзге тоғыз медальмен оралды. Биылғы жылдың тамыз айында Сингапурде өтетiн олимпиада ойын­дарының жолдамасын сарап­қа салған жас палуандар күрестiң үш түрiнен сынға түстi. Серiк Жұмашевтан тәлiм алатын грек-рим күресiнiң шеберлерi бес салмақ дәрежесiнде белдесiп, 1 алтын, 2 күмiс, 1 қола медальға қол жеткiз­се, Қайрат Сағадиев баптайтын бойжеткендерiмiзге 1 алтын, 1 қола медаль бұйырды.

Жуырда «Қазақтелеком» АҚ мен «Қазақстан Халық банкi» АҚ жұртшылық назарына бiрлескен жоба ұсынды. Жаңа жобаға сәйкес ендi банк бөлiмшелерi сервистi кеңейту – телекоммуникация орындарында ашылмақ. Бүгiнгi күннiң өзiнде банк Алматы, Өскемен, Семей және Қызылорда қалаларындағы «Қазақтелеком» АҚ 9 сервистiк орындарында 22 кассалық терезелерiн ашып үлгердi.